40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



жүктеу 2,78 Mb.
бет7/14
Дата14.05.2018
өлшемі2,78 Mb.
#12940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

129. Экструзионды баспақтың машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктіліг жоғары машинистің басшылығымен экструзионды баспақты асбест-цементті панельдердің үздіксіз таспасын қалыптау процесін жүргізу. Үздіксіз таспаны панельдердің берілген ұзындығына кесу. Жаңа қалыпталған панельдерді дұрыс құрғымен тегістеу. Панельдерді қабылдау табандарына орнату. Жабдықтардың автоматты режимдегі жұмысын бақылау. Экструзионды баспақты қалыптауға дайындауға қатысу. Жабдықтарды тазалау, майлау, жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін баспақтың, қабылдау қондырғысының құрысы мен жұмыс принципі; экструзионды баспақты асбест-цементті панельдер өндірісінің технологиялық процесі; асбест-цементті панельдердің қасиеттері, асбесттің, цементтің және метилцеллюлозаның қасиеттері; сұрыбы мен маркалары; асбестті тарамдау әдістері; ақаулардың сыртқы белгілері; экструзионды баспақты іске қосу және тоқтату жөніндегі операцияларды орындау ережесі мен әдістері; баспақты пластикаланған асбест-цементті массадан тазарту тәсілдері; өндірілетін өнімдерге стандартты және техникалық шарттар.
130. Экструзионды баспақтың машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Экструзионды баспақты асбест-цементті панельдердің үздіксіз таспасын қалыптау процесін жүргізу. Экструзионды баспақты жұмысқа дайындау. Қалыптау панельдері тораптары жұмыс агрегаттарының, араластырғыштардың және суыту жүйесінің жұмысын реттеу. Мүштіктен массаның шығу жылдамдығын реттеу. Панельдер сапасын бақылау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді ретке келтіру. Технологиялық желіге қызмет көрсететін бригаданы басқару. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен ретке келтіру ережесі; массаның баспақтан шығу жылдамдығын реттеу ережесі; баспақта жұмысқа дайындау ережесі; асбест-цементті панельдердің сапасына қойылатын талаптар; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.
131. Әктас диірменшісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары диірменшінің басшылығымен әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау. Диірмендерді іске қосу, тоқтату және жүк тиеу-түсіру мен көлік құрылғыларының жұмысын басқару. Диірменге әктасты тиеу. Диірменнің жұмысын байқау. Электр энергиясын жұмсау нормасын сақтау. Механизмдерді тазалау, майлау және олардың жұмысындағы ақауларды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі; диірмендерді іске қоса мен тоқтату ережесі; әктасты диірменген тиеу ережесі; механизмдерді тазалау мен майлау әдістері; электр энергиясын жұмсау нормалары; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.
132. Әктас диірменшісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 40 тоннаға дейінгі әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау. Диірмендерге кесек әктастар мен үстемені (құмды) салу реттеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, аспирациялық қондырғылардың (циклондар, қолғапты сүзгіштер) жұмысы мен жарамдылығын байқау. Жабдықтардың профилактикалық байқауын жүргізу және оның жұмысындағы ақауларды түзеті Диірмендердің жұмыс істеу және бос тұры журналын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; кесек әктастар мен үсртемелердің сапалық сипаттамалары; ұнтақталған әктастың сапасына қойылатын талаптар; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі; әртүрлі сұрыптағы кесек әктастарға мемлекуеттік стантарттар.
133. Әктас диірменшісі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 20 тоннадан асатын әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау. Әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығын сақтау. Борлы денелерді уақытылы толық тиеумен қайталап тиеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндегенне кейін қабылдап алуға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен ретке келтіру ережесі; борлы денелерді толық тиеумен қайталапт тиеу әдістері, әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығы; ұнтақталған әктас өндірісінң технологиялық сұлбасы; ұнтақталған әктасқа мемлекеттік стандарттар.
134. Минералды шикізат диірменшісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дірілдегіш диірмендерде әктасты, гипсті тасты, көмірді, борды және басқа да материалдарды ұнтақтау. Дірілдегіш диірмендерді, мөлшерлегіштерді, желдеткіштерді іске қосу, тоқтату, және олардың жұмысын байқау. Дірілдегіш диірмендерге материалдарды және пневможүйеге ауаны беруді реттеу. Өңделетін массаның сапасын және ұнтақтау жұқалығын анықтау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету.

Білуге тиіс: дірілдегіш диірмендермен олармен байланысқан жабдықтардың құрылысы және жұмыс принципі; материалдарды ұнтақтау сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар.
135. Минералды шикізат диірменшісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахталық, аэробильдік, шарлы жәнебасқа да диірмендерде әктасты, гипсті тасты, көмірді, борды, кептірілген балшықты, әктасты-құмды, массаны және басқа да материалдарды ұнтақтау. Материалдардың біркелкі түсуін реттеу. Материалдарды уатудың технологиялық режимін сақтау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау. Газдың талап етілетін температурасын, қозғалыс жылдамдығын сақтау. Уатудың сапасын анықтау және өндірілген өнімдерді есептеу. Механизмдерді майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; материалдарды ұнтақтау сапасына қойылатын талаптар; борлы материалдарды тиеу және ауыстыру ережесі.
136. Өрнектеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта күрделіліктегі өрнекті бұйымдарды әзірлеу кезінде жұмыстарды орындау. Қалыпқа плита сынықтарын түстері мен ттүрлері бойынша іріктеумен салу, қалыптың немесе сыныптар арасындағы бос кеңстікті сәндік қиыршық тастармен толтыру. Цементті-құмды ерітіндімен бетонды стендке дірілдегіш алаңшаға немес баспаққа тығыздау. Қалыпталған бұйымды оларды бетонды жылумен өңдеу камерасына орналастырумен түсіріп алу. Қоспаның құрамдаушыларын мөлшерлеу, цементті-құмды ерітіндіні және бетонды қоспаны әзірлеу. Қалыпты тазалау және майлау. Арматуралы торкөзді, цементті-бетонды ерітіндіні және бетонды қоспаны қалыпқа салу. Жылумен өңдеу аяқталған соң бұйымды қалыптан алу, қатпардан тазарту және қырнап өңдеуге беру үшін конвейерге салу. Тельферді, кран-көлбеуді басқару. Қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларын түзету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, машиналардың, қондырғылардың әрекет принципі; бетон қоспасы мен цементті-бетонды ерітіндісінің негізгі қасиеттері; дайындалатын бұйымдарға техникалық талаптар; бұйымдарды әзірлеу ережесі мен режимдері бойынша технологиялық нормалар талаптары; арматуралық торкөздерді тасымалдау және қатарлап салу ережесі; өрнектелген бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптар; бұйымдарды маркалау; бұйымдарды ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, әдістері; бетонды жылумен өңдеу ережесі мен режимдері.

Жұмыс үлгілері

  1. Тұтқыр бетонда өрнектелген жентек тасты плиталар - әзірлеу.

  2. Мраморлы қиыршық тастан ірі толтырушылармен өрнектелген плиталар - әзірлеу.



137. Өрнектеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі өрнектелген плиталарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындау. Берілген суретпен мәнерге сәйкес кесек материалды т.сі, мөлшері бойынша оларды қалыпғқа салумен реттеу. Тұтқыр құраммен қалыпты құю, қиыршық тас салу және тығыздау. Ұсталымнан кейін қалыпты бөлшектеу, плитаны контейнерге салумен түсіріп алу. Қолданылатын жабдықтарға: плиткаларды жинақтау жөніндегі конвейерге, мөлшерлеу мен байланыстырушының әзірлеу жөніндегі жабдықтарды жылумен өңдеу конвейерлеріне, дірілдегіш баспаққа қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қондырғылардың, машиналар мен жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; әзірленетін бұйымдарға техникалық талаптар; бұйымдарды әзірлеу режимі бойынша технологиялық карталар талаптары.

Жұмыс үлгілері

1. Синтетикалық тұтқырғышта жентек тасты көп түсті плиткалар - әзірлеу.

2. Цементті немесе синтетикалық тұтқырғышта түрлі-түсті суретпен бедерленген плиталар - әзірлеу.
138. Бетон араластыру қондырғысының моторшысы
Жұмыс сипаттамасы. Циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларымен құрылыс ерітінділерін әзірлеу. Қабылған рецептураға сійкес араластыру қондырғыларына құрауыштарды жүйелі салу. Қызмет көрсететін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару. Дайын қоспалар мен ерітінділерді тасымалдағы құрылғыларға немесе басқа да орнын ауыстыру аспаптарына салу. Қызмет көрсететін жабдықтарды күтіп-ұстау. Жұмысты есептеудің ауысымдық журналын жүргізу.

Білуге тиіс: бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерінің маркалары, олардың міндеті; араластыру қондырғыларына құрауыштарды салу реттілігі; пластиктеу немесе қатуды жеделдету үшін қолданылатын үстемелердің түрлері мен міндеті; қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларын және көмекші жабдықтарды пайдалану ережесі мен жұмыс режимі.

Қосынды сыйымдылығы 400 тоннаға дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 2-разряд.

Қосынды сыйымдылығы 400 тоннадан асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 3-разряд.

Қосынды сыйымдылығы 1200-ден жоғары және 2000 литрге дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрге дейінгі үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 4 –разряд.



Қосынды сыйымдылығы 2000 литрден асатын циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және өнімділігі сағатына 40 текше метрден асатын үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде- 5 –разряд.
139. Табыстау арбасының моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табыстау арбасының механизмдерін басқару; керамикалық, силикаттық кірпіштер, жабынғыштар, жылу оқшаулағыш және басқа да бұйымдар тиелген вагонеткаларды табыстау арбасына жеткізу; табыстау арбасының орнын ауыстыру және вагонетканы кептіру, күйдіру камераларына, автоклавқа тиеу. Вагонетканы тиеу және оларды қоймаға тапсыру, вагонетканы тиеуге әкелу. Вагонетканы түсіргішке және көтергішке орнату. Механизмдерге қарау, тазалау және майлау. Вагонетканы қосалқы жолға апару, қозғалыс кезінде дабыл беру.

Білуге тиіс: табыстау арбасының, вагонеткалардың, итергіштердің, түсіргіштерді және көтергіштердің құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі; вагонеткаларды қозғалту, тиеу, түсіру тәрті мен ережесі, блокадалау жүйесі.
140. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесінділерді бұлғауыштың моторлары мен сорғысына қызмет көрсету. Бұлғауышқа кеппеген кесінділерді және ақаулары бар асбест-цементті плиталарды салу. Бұлғауышқа су құю. Кесінділер мен ақауларды асбест-цементті массаға өңделуін байқау. Дайын массаны астаулы бұлғауышқа ауыстырып құю. Бұлғауышпен май құбырын тазарту, Жабдықтарды майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; асбестті-цементті массаға қойылатын талаптар.
141. Араластырғыш пен бұлғауыштың моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асбест-цементті массаны әзірлеу жөніндегі түйіспелі араластырғышқа қызмет көрсету. Асбестті суспензияның араластырғыштарға біркелкі түсуін байқау. Цементті автоматты мөлшерлегіштің жұмысын басқару. Асбестті суспензия мен цементті араластыру процесін байқау. Асбест-цементті масаны астаулы бұлғауышқа құю. Цементті салмақтық мөлшерлегіштің және араластырғыштың ұсақ ақауларын түзету.

Білуге тиіс: түйіспелі араластырғыштар мен автоматты мөлшерлегіштердің құрылысы және жұмыс принципі; технологиялық картаға сәйкес асбест пен цементті араластыру уақыты; өндірілетін асбест-цементті бұйымдар үшін шикізаттық қоспадағы асбест пен цементтің шамаластығы; асбест-цементті массаның дайындық белгілері.
142. Тасымалдағыш механизмдердің моторшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гипсті темір-бетонды панельдердің, гипсті –картонды табақтардың, табандардың, кәсектердің, кесектердің орнын ауыстыру жөніндегі рольгандарға және көтергіштерге қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтарды іске қсоатын және тоқтататын қалыпты жұмысын байқау. Көтергішке табандарды, кәсектерді және т.б. орнату, оларға құм немес үгінділер себу. Көтергішке кірпіш-шиткізатты және басқа да бұйымдарды тиеуді байқау және реттеу. Шектеуші кесектерді алумен тазалау. Панельдер мен гипсті картонды табақтарды маркалау, механизмдерді майлау. Жұмыс орнын тазалау.

Білуге тиіс: Рольгандар мен көтергіштердің құрылысы; тасымалдаушы құралдарға бұйымдарды тиеу мен түсіру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтарды іске қосу, тоқтату, және күтіп ұстау ережесі. Панельдерді және гипсокартондарды, маркалау жүйесі.
143. Тасымалдағыш механизмдердің моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гипстің орнын ауыстыру жөніндегі пневматикалық қөондырғыға және оны кептіру жөніндегі агрегаттарға қызмет көрсету. Гипсті қабылдау бункерінен қордағы сүрлемге беру жөніндегі жабдықтаудың жұмысын байқау. Гипсті сүрлемнен қалыптау цехының бункеріне беру. Гипстің түсуіне және жұмсалуына есеп жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтарды майлау, оның жұмысындағы ақауды түзету

Білуге тиіс: Гипсті кептіретін пневматикалық қондырғылардың, агрегаттардың, көмекші жабдықтар мен механизмдердің жұмысы; пневматикалық құбырлардың сұлбасы; бақылау-өлшеу құралдарының орналасу міндеті; гипстің түсуі мен жұмсалуын есептеу ережесі.
144. Триердің моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Триерге және көмекші жабдықтарға қызмет көрсету. Триердің біркелкі қоректенуін және белгіленген белгілі сұрыпьтағы құмның шығуын реттеу . Қызмет көрсететін жабдықтардың үздіксіз жұмысын және жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету. Майлау жүйесін бақылау және жабдықтарды майлау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

Білуге тиіс: Триер мен көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; триердің қоректенуін реттеудің тәсілдері мен әдістері; құмның қасиеттері мен сипаттамалары; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзетудің әдістері; қызмет көрсететін жабдықтарды майлау карталары.
145. Битумды айдап қотару жабдығының моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқытылған битумды айдап қотару жөніндегі сорғыларға және олардың құбырларына қызмет көрсету. Битум қоймасында битумның болуын, битум және бу құбырларының жағдайын сорғыларды тексеру. Битум қоймаларындағы битумның температурасын реттеу. Сорғыларды іске қосу және тоқтату. Ваннада судың болуын және суды сорып алуды, сорғының жұмысыны және битумның салқындауын байқау. Балқыту қазанымен сыйымдылықты битуммен қамтамасыз ету. Сыйымдылықты бумен қыздыру және битумды бойлерден битум қоймасына құю. Бу құбырларынан консатты жүйелі шығару. Сорғыларды, моторларды, су ағызу магистралын таза және жарамды жағдайда ұстау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

Білуге тиіс: құрастырмалы бактар мен тұндырғаштардың көлемі, торкөздерді тазалау ережесі және оларды ауыстыру тәртібі; сорғылық жабдықтарды майлаудың ережесі мен мерзімдері; битум қоймаларының құрылысы; битумды қыздыру мен айдап қотару ережесі.
146. Тоңазытқыш қондырғыларының моторшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі тоңазытқыш қондырғыларын, әктасты, керамзитті және басқа материалдарды күйдіруден кейін суыту кезінде айналмалы тоңазытқыш барабандарына қызмет көрсету. Тоңазытқыш агрегаттарына материалдарыдың біркелкі берілуін байқау, оларды суытудың белгіленген режимін сақтау. Орталықтандырылған майлауды және тоңазытқыштарды автосорғымен байқау. Май станциясы мен редукторға май құю. Тасымалдаушы жабдықтарға қызмет көрсету. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

Білуге тиіс: тоңазытқыш агрегаттарының және онымен байланысты механизмдердің құрылымын; материалдардың сапасына, всуыту режиміне, тоңазытқыш агрегаттарын майлау жүйесіне талаптар; майлау материалдарының түрлері; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтаумен түзету тәсілдері.

Өнімділігі сағатына 35 тоннадан асатын тоңазытқыш агрегаттарына қызмет көрсеткен кезде - 4-разряд.


147. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматты құбыр кесу, жалғастырғыш кесу және құбырды қайырып жұмырлау станоктарын реттеу. Кесу құрал-саймандарын ауыстыру және құбыр кесу станоктарындағы біліктерді орнату. Қуаты 5 000 тоннаға дейінгі гидравликалық баспақтарды баспақталатын бұйымдарға және олардың өндіріс технологиясына қойылатын талаптарға қоладнабалы баспақтаудың әртүрлі режиміне келтіру. Ашық кеніштің, силикатты кірпіш зауыттарының балшықты және цементті–құмды жабылғыштиарды, керамзиттік қиыршық тасты, аглопоритті, әктасты және гипс кептіру, күйдіру цехтарының және май дайындау бөлімшесінің технологиялық, күштік және көліктік жабдықтарын жөндеу, реттеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Механизмдердің тозған бөліктерімен тораптарын ауыстыру. Ұсақ қосалқы бөлшектерді дайындау және ауыстыру. Механизмдердің жұмысындағы ақауларды түзету. Механизмдердің үйкелетін бөліктерін майлау. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдап алуға қатысу. Жабдықтардың жұмыс журанлын жүргізу. Жүк тиеу машиналырының, тасымалдаушы құралдардың, ұсақтау, ұнтақтау бетон араластыру агрегаттарының және аппараттардың, дайындау –арматуралық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қаматамасы ету және реттеу. Механизмдердің жұмысын бақылау және байқау, олардың жұмыс режимін бейімдеу және реттеу. Тозған бөліктер мен тораптарды алдын ала дайындау және ауыстыру. Қызмет көрсететін жұмысшыларға жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану бойынша нұсқамалар беру. Сорғылардың дөңгелек аралардың, бұрғылау станоктарының және басқа да осы тектес жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Тас аралау станоктардың касегіне араларды орнату, тарту және бекіту.

Білуге тиіс: Асбест-цементті құбырлар мен жалғастырғыштарды өңдеу жөніндегі құбыр кесу, құбырды қайрап жұмырлау; оларды икемдеу ережесі; гидравликалық баспақтаудың құрылысы және баспақтаудың әртүрлі режиміне икемдеудің ережесі; өндірілетін өнімдердің стандарттары (техникалық шарттары); құралдардың тозуының мүмкін мөлшерлері; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы мен икемдеу тәсілдері, қызмет көрсететін механизмдердің барлық тораптарын бөлшектеу және құрастыру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтарды майлау жүйесі; қолданылатын жұмыс және өлшеу құрал-саймандарының құрылысы; қызмет көрсететін жабьдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының техникалық пайдалану ережесі; электр сұлбасы; жекелеген бөлшектердің жұмыс мерзімі және оларды ауыстыру тәртібі.
148. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты құбыр кесу, құбырды қайыра жұмырлау және жалғастырғыш кескіш станоктарын реттеу. Қуаты 5 000-нан жоғары 10 000 тоннаға дейінгі гидравликалық баспақ салатын бұйымға және олардың өндіріс технологиясына қойылатын талаптарға қолданбалы баспақитардың әртүрлі режимдеріне бейімдеу. Тіркеуші және басқарушы құралдарын ретке келтіруге байланысты есептерді орындау. Табақ қалыптау және құбыр қалыптау машиналарының гидравликалық және пневматикалық жүйелерін қалыптаудың әртүрлі режиміне бейімдеу, оларды тексеру және пайдалануға тапсыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеулерге қатысу. Керамикалық кірпіш өндірісі технологиялық желісінің, силикатты кірпіш өндірісі баспағының вакуум, сорғысы бар кірпіш жасау баспағының, автомат-төсеушісі бар баспақтың және пеш вагонеткасына автомат тапсырушының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және бейімдеу, реттеу. Механизмдердің жұмысын бақылау, көтеру-көлік, арматуралық-дәнекерлеу және қалыптау жабдықтарыңы, фрезерлік, қырнау не тегістеу және тас кесу станоктарының, жентек тасты плиталарды шығару жөніндегі дірілдегіш баспақтың еріту пештері көлбеу механизмдерінің және басқа да осы тектес жабдықтарын механикалық және электрлік бөлектерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және бейімдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; асбест-цементті құбырлар мен жалғастырғыштардың өңднуге арналған әртүрлі құралдар мен аппаратураларды, автоматты станоктардың гидрожүйесін бейімдеу әдістері; гидропневмоавтоматиканың теориялық негіздері; гидрожүйелерде қолданылатын жұмыс сұйықтықтарының сипаттамалары; бақылау-өлшеу құралдарын және құрал-саймандарын ретке келтіру, пайдалану және реттеу ережесі; ақауларды болдырмауды тәсілдері.
149. Құрылыс материалдарының өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 10 000 тоннадан асатын ерекше гидравликалық баспақтарды технологиялық процестің талабына сәйкес қолданылатын жұмыстың әртүрлі режиміне реттеу. Автоматтандырылған технологиялық режимді реттеу. Асбест-цементті құбырлар мен жалғастырңыштарды өңдеудің талап ететін режимі мен циклдерін орнату және реттеу. Гидрожүйенің бөлу және қорғану органдарын реттеу. Желдеткіш жұмысының технологиялық режиміне сәйкес асбест-цементті табақтың әрлеу қабатын қатыру үшін жеделдету қондырғысын реттеу. Бақылау-өлшеу құралдары мен қоектендіру көздері бар реттелетін аппаратураларды жөнге келтіру және қосу сұлбаларының тәсмілдерін жасау. Жеделдеткіштің вакуумдық жүйесін реттеу. Керамикалық крпіш өндірісіндегі автоматты технологиялық желінің бетон қоспасын әзірлеу жөніндегі цех-автоматтардың, автоматты электрдәнекерлегіш машиналардың, бағдарламамен басқарылатын машиналар мен қондырғыларды, автоматты конвейерлік желілердің басқа да осы тектес күрделіліктегі жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, реттеу жәнежүйеге келтіру. Жабдықтардың жұмысын белгіленген режимге (бағдарламаға( қайта бейімдеу. Тасты өңдеу жөніндегі автоматтандырылған тасқынды желіні және басқа бағдарламамен басқарылатын станоктарды, сондай-ақ манипуляторлар мен роботтарды берілген режимге (бағдарламаға) реттеу, қайта жөндеу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: гидро-пневмоавтоматиканың теориялық негіздері; әмбебап және арнаулы тетіктер мен жабдықтардың құрылымы; басқару пунктерінің құрылысы; технологиялық операцияларды орындаудың реттілігі мен ұзақтылығы; даубыл беру жүйесі; жабдықтарды басқарудың электронды сұлбасын принципті құрылысы.
150. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісіндегі жабдықтардың реттеушісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. кран-балкаларды тасымалдаушыларды, элеваторларды, қоректендірушілерді, мөлшерлеушілерді, үгітушілерді, сұрыптаушыларды, сорғыларды, желдеткіштерді, араластырғыштарды, жүгіргіштерді, иірліктерді, станоктарды және жылу оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар өндірісі кезінде қолданылатын басқа да үгіту-сұрыптау, сатноктық және көліктік жабдықтар мен механизмдерді реттеу, дайындау, байқау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жабдықтардың тозған бөліктері мен тораптарын ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылдысы мен әрекет принципі, қызмет көрсетілетін жабдықтардың тораптары мен механизмдреін құрастыру және бөлшектеу ережесі; механизмдерді жөндеу мен жұмысын реттеу ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың себептері мен белгілері; оларды түзеу тәсілдері.
жүктеу 2,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау