40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



жүктеу 2,78 Mb.
бет5/14
Дата14.05.2018
өлшемі2,78 Mb.
#12940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін кептіру барабандары (қондырғылары) мен көмекші жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; жұмыс режимін реттеу әдістері мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері; отынды үнемді жағудың сыпаттамасы, қасиеттері мен шарттары; шығатын газдың температурасы мен жалындауы; кептірілуі тиіс материалдардың құрамы мен қасиеттері; бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика, блокадалау және дабыл беру аспаптарының міндеті мен әрекет принципі; майлау карталары, майлау материалдарының қасиеттері мен сұрыптары.

Кептірілген материалдар бойынша өнімділігі сағатына 15 тоннадан астам кептіру барабандарына қызмет көрсеткен кезде - 4-разряд.


91. Құрылыс материалдары өндірісінің зертханашысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізаттық материалдардың, отынның, жинақтаушы бұйымдардың сапасына кіріс бақылауын жүргізу. Шикізаттық материалдардың, шихталардың, силикаттық және керамикалық қалыптық массалардың, қождардың, кірпіш – шикізаттардың және басқалардың ылғалдылығын бақылау. Материалдарды шихталау процесін жүргізу. Ұнтақтау жіңішкелігін, ірілік модулін, астықтық құрамды, ұстасу мерзімін, көлемнің біркелкі өзгеруін, кету мен келу деңгейін, көлемдік массаны, материалдарды елеу кезінде елеуіште қалдықтарды, судың сіңуін анықтау. Талдау үшін сынамалар дайындау. Қалыптық қоспалар мен шихталардың сапасын тексеру. Белгіленген технологиялық параметрлердің сақталуын бақылау. Сыналатын сынамалар мен үлгілердің нормативтік құжаттар мен технологиялық регламенттердің талаптарына сәйкестігін анықтау. Белгіленген үлгі бойынша журналдарда жұмыс жазбасын жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; сынауға жататын материалдардың, шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің рецептурасы, түрлері, міндеті мен ерекшеліктері; зертханалық сынауды жүргізу ережесі; қолданыстағы мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар мен технологиялық регламенттер; бақылау - өлшеу құралдарының, құрал-саймандардың міндеті мен олардыпайдалану ережесі; сынау нәтижелерін жазу жүйесі.
92. Құрылыс материалдары өндірісінің зертханашысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісі үшін шихталар мен қалыптық қоспалар дайындауға рецептер жасау. Шихталар мен қалыптық қоспалардың талдауын жүргізу. Сынамалар үшін қолданылатын құралдар мен автоматтардыикемдеу. Әктегі, силикатты массадағы және әкті – құмды байланыстырушыдағы белсенді тотықтардың құрамын анықтау. Ұнтақтаудың жіңішкелігін, байланыстырушының, құмның, қождың үлестік беттерін, қождың ағылуын анықтау. Бетоннан бұйымдарды қалыптастыру кезінде қоспаның бастапқы және түпкілікті температурасын бақылау, керамикалық плиткалар өндірісінде қалыптық масса мен әйнекенің құрамын бақылау. Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісінде нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарымен шикізаттық компоненттердің, сіңдіру материалдары мен себелеу көрсеткіштерін анықтау. Шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді беріктілікке, тартылуға, сыюға, қысуға, алу мен өткізу күшіне, бөлінуге, тұтқырлыққа физикалық – механикалық сынау. Сынауды жүргізу көрсеткіштерін өңдеу және жинақтап қорыту. Сапа көрсеткіштерін анықтау бойынша есептерді орындау. Үлгілердің мөлшерлері бойынша жүктеме мөлшерін есептеу. Үлгілердің жылуға төзімділігін сынау. Ұзындығы бойынша арматуралық өзектердің біркелкі қызуын реттеу, қыздыру температурасын бақылау. Бұйымдарда, жартылай фабрикаттарда және өндіріс қалдықтарында бағалы металдардың болуына талдама жасау. Өндіріс қалдықтарын күйдіруден алынған күлді талдау. Бағалы металдарды өлшеу. Зертханалық және қыздыру құралдарына қызмет көрсету. Талдау нәтижелерін жұмыс журналдарына жазу. Талдау нәтижелерін ресімдеу және есептеу. Өндірістік телімдерден (улау, қуыру, сілтілі) алынған ерітінділерге бақылау талдауын жүргізу. Сынауларға сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу және дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін зертханалық жабдықтардың жұмыс принципі және сынау мен талдау өткізу кезінде олармен жұмыс істеу ережесі; сынауға жататын шикізаттық материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің қасиеттері; сынамалар мен өткізілетін талдаулардың сапасына талаптар; сынау әдістері; сынау нәтижелерін жинақтап қорыту әдістемесі; өндірілетін өнімдерді әзірлеу технологиясы; технологиялық регламенттермен белгіленген бақыланатын параметрлер; пайдаланылатын материалдар мен дайын өнімдерге қолданылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар.
93. Лак дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзіне біліктілігі жоғары лак дайындаушының басшылығымен алимофосты және басқа да лактар мен көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Лактарды тұтқырлыққа тексеру. Лактарды технологиялық нұсқамаға сәйкес керосинмен, спиртпен, ацетонмен және басқа да еріткіштермен қажетті қоюлыққа дейін еріту. Лактарды қажетті түске бояу. Жабдықтардың және бақылау - өлшеу құралдарының жұмысын байқау. Ерітілген лактарды тұндырғышқа немесе жұмыс орнына айдау.

Білуге тиіс: қолданылатын лактардың негізгі сипаттамалары мен оларды еріту әдістері; тұтқырлықты анықтау тәсілдері; қолданылатын жабдықтар мен бақылау - өлшеу құралдарының құрылысы, міндеті мен пайдалану ережесі; еріткіштермен жұмыс істеу ережесі.
94. Лак дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алимофосты және басқа да лактар мен көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты ерітуге дайындау. Аппаратқа шикізатты салу, еріткішті беру және ерітіндіні араластыру. Араластырғышта лактарды талап етілетін тұтқырлыққа, үлестік салмаққа және қойылтылуға дейін еріту. Қажет болған жағдайда лактарды пигменттермен бояу. Шикізатты мөлшерлеу және тиеу процесін реттеу. Жабдықтар мен бақылау - өлшеу құралдарының жұмысын байқау. Лак құбыры жүйесі бойынша ерітілген лактарды тұндырғышқа айдау. Шайырлар мен лактарды зертханалық сынау деректерін пайдалану, лактардың, шайырлардың үлестік салмағын және олардың жармадылығын анықтау. Өндірістік журналға және шикізат шығыстарын есептеу журнадлға жазулар жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; қызмет көрсетілетін телімдегі коммуникацияның және бақылау - өлшеу құралдарының міндеті; лактар мен ерітінділердің физикалық – химиялық және технологиялық қасиеттері; лактар мен шайырларды қолдану ережесі; лактар мен шайырлардың тұтқырлығы, қоюлануы, олардың міндетіне тәуелді үлестік салмағы; лакты еріту процесі; сынаманы іріктеп алу ережесі; лактар мен шайырларға техникалық шарттар.
95. Кальцинаторлар машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қысымды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі конвейерлік кальцинаторларда түйіршіктелген шикізат қоспасын декарбонизация процесін жүргізу. Конвейерлік кальцинаторларға, қоректендіру құрылғыларына және көмекші жабдықтарға қызмет көрсету. Кальцинаторлардың камераларында жылу техникалық режимді реттеу. Кальцинаторлардың торкөздері бойынша материалдардың қабатының біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету. Пештің жұмыс режиміне сәйкес торкөздердің қысым жылдамдығын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтар жұмысында ақаулардың алдын алу және түзету, жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: конвейерлік кальцинаторлардың, қоректендіру құрылғылары мен басқа да көмекші жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен сипаттамасы; кальцинаторлардың торкөздеріне түйіршіктелген шикізат қоспасын беруді реттеу тәсілдері; пешті жылу алмастырғышта жүретін жылу техникалық процестердің мәні; түйіршіктелген шикізат қоспасына қойылатын талаптар, бақылау әдістері; бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика, дабыл беру және блокадалау аспаптарының міндеті мен әрекет принципі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.

Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннадан астам кальцинаторларға қызмет көрсеткенде -5-разряд.


96. Тас жару машинасының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кеспелі, көмкермелі, дойбылы тастарды әзірлеу жөніндегі тас жару машинасын басқару. Тасымалдаушы жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың тиімді жұмыс режимін таңдау және қамтамасыз ету. Жаратын пышақтарды ауыстыру. Май станцияларына, гидрожүйелерге, гидроитергіштерде, дірілдеткіштерге қызмет көрсету. Бұйымдарды сұрыптау. Дайын өнімдерді буып – түю. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды күтіп-ұастау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тас жару машиналары мен тасымалдағыштардың, жүрыс және жару тораптарының құрылысы мен жұмыс принципі; тасты дайындаудың технологиялық процесі; өңделетін тас жыныстары мен қолданылатын жару пышақтарының физикалық – механикалық қасиеттері; дайын өнімдерге қойылатын талаптар; ақаулардың түрлері мен оларды түзету тәсілдері.

Манипуляторлардың көмегімен тасты орнату арқылы тас жару машинасын басқарған кезде - 5-разряд


97. Лак жағатын машинаның машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белдікті лак жағатын машиналарда асбест – цементті плиталардың бет жағына несепнәрформальдегинді негізде баспа, фонын енгізудің технологиялық процесін жүргізу. Машинаның қысымдық сыйымдылығына сіңдіруді, фондық балшықты бояма қабатпен және еріткішті салу. Машинаның лак жағатын тораптарын еріткішті сіңдіру (жағу). Плиталардың фондық бояма қабатын біркелкі жабылуын және қысымды кішкентай күбішеде жабу материалдарының деңгейін байқау және оны жаңа бөліктермен толтыру. Вискозиметрдің көмегімен жабу материалдарының тұтқырлығын бақылау. Лак жағатын машиналарды баспа фонын енгізудің технологиялық режиміне икемдеу. Машинаның тораптарын тазалау және жуып-шаю. Қызмет көрсетілетін машиналардың ақауын түзету. Лак жағатын машиналарды тазалауға, бөлшектеуге, жөндеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: лак жағатын машиналардың құрылысы мен икемдеу ережесі; асбест – цементті плиталардың үстіне баспа фонын енгізу тәсілдері; жұмыс орнында және цехта өрт жарылысы қауіпсіздігінің ережесі; бақылау - өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының құрылысы, қолдану ережесі.
98. Лак жағатын машинаның машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белдікті лак жағатын машиналарда асбест – цементті плиталардың және басқа да асбест – цементті бұйымдардың бет жақтарына басылған суреттерге әрлеу құйма толтырғыштарды енгізудің технологиялық процесін жүргізу. Плиталарды және басқа да асбест – цементті бұйымдарды толтырғыштармен біркелкі жабуды, қысымды кішкентай күбішедегі толтырғыштардың деңгейін байқау және оны жаңа бөліктермен мерзімді толтыру. Вискозиметрдің көмегімен толтырғыштың тұтқырлығын бақылау. Лак жағатын машинаны толтырғышты енгізудің технологиялық режиміне икемдеу. Лак жағатын машинаны тазалауға, жөндеуге, бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі лак жағатын машиналардың құрылысы мен әрекет принципі; қолданылатын толтырғыштардың рецептурасы; бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен құралдарының қолдану ережесі; өндірілетін өнімдерге технологиялық шарттар; енгізу кезінде қолданылатын толтырғыштарға мемлекеттік стандарттар; лак жағатын машиналарды жөндеу, бөлшектеу және құрастыру, жабдықтарды тазалау ережесі мен тәсілдері.
99. Табақ қалыптау машинаның машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақ қалыптау машинасымен асбест – цементті бұйымдарды және асбест – силитті плиталарды қалыатастыру процесін жүргізу. Табақ қалыптау машинасын іске қосу және тоқтату. Асбест – перлит - әктасты массаны мөлшерлегішке және табақ қалыптау машинасына беруді байқау. Араластырғыштар мен торкөзді цилиндрдің ваннасына асбест – цементті масса мен судың келуін реттеу. Араластырылатын массаны байқау. Табақ қалыптау машинасын іске қосуға дайындау. Асбест – силитті плиталарды қалыптау кезінде табақтардың біркелкі қалыңдығын сақтау. Табақ қалыптау машинасының форматты барабанынан қалыпталған табақты кесіп алу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге, тазалауға және майлауға, техникалық шұға мен торкөзді цилиндрлерді ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; қалыптау массасы компоненттерінің сұрыптары мен қасиеттері; оларды әзірлеу тәсілдері; қалыптасқан асбест – цементті парақты кесіп алу әдісі; табақ қалыптау машинасына массаның түсуін реттеу тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазалау мен майлау ережесі; шұғалар мен торкөзді цилиндрлерді ауыстыру және жуып-шаю ережесі; қолданылатын материалдар мен дайын өнімдерге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың қоятын талаптары.

Табақ қалыптау машинасына екі жұмысшы қызмет көрсеткен кезде олардың біреуі бір разряд төмен тарифтеледі.


100. Табақ қалыптау машинасының машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Табақ қалыптау машинасында табақты асбест – цементті бұйымдарды қалыптау процесін жүргізу. Асбест – цементті массаның қоюлануын және оның торкөзді цилиндрлер ванналарындағы деңгейін реттеу. Асбест – цементті табақты қалыптау процесінде асбест – цементті қабыршықтың біркелі қалыңдығын сақтау, табақ қалыптау машинасында шұғаның тартылуын реттеу. Машина тораптарының жұмысын және өндірілетін өнімдердің сапасын байқау. Торкөзді цилиндерлерді ауыстыруға және жууға, сондай-ақ техникалық шұғаларды жамауға, ауыстыруға және жууға қатысу. Табақ қалыптау машиналарын тазалауға, бөлшектеуге, жөндеу мен құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; шихтаның құрамы; массаның қоюлануын реттеу әдістері; торкөзді цилиндрлер мен техникалық шұғаны жабу және төсеме кенепті ауыстыру және жуу ережесі; қолданылатын материалдар мен дайын өнімдерге қолданылатын талаптар; жабдықтардың ақауларын анықтау мен түзету тәсілдері.

Табақ қалыптау машинаға қызмет көрсететін бригадаға басшылық жасаған кезде-7-разряд


101. Орау және шырмау машинаның машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арматуралық – орау машинасында темір – бетон немесе металл өзекті құбырларды кернеудің электротермомеханикалық әдіспен шиыршықты орау. Шиыршықтың белгіленген қадамын сақтай отырып арнаулы орау машиналарында дірілдеу – гидро – баспақтауыш құбырлар үшін арматуралық қаңқалар әзірлеу. Орау – дәнекерлеу машиналарында қысымсыз құбырлар, сүрлемдер, құдықтардың мойыны; діңгектер, Ригельдер мен басқа да тектес бөлшектер үшін көлемдік арматуралық қаңқалар әзірлеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысын; әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі; арматуралық болат пен қаңқаларды ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі; дайындалатын өнімдерге номенклатура, стандарттар мен техникалық шарттар.
102. Орау және шырмау машинаның машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Айналмалы үстелі, айналмалы траверсі, қайталама – үдемелі қозғалыс күймешесі, бұйымды үздіксіз кернеулі арматуралау бойынша бойлық және ендік қозғалыстағы орау қондырғысыбар арнаулы орау машиналары мен қондырғыларының жұмысын басқару. Жұмыстың белгіленген режимі бойынша машиналар мен құрылғыларды икемдеу, реттеу.

Білуге тиіс: машиналар мен қондырғылардың құрылысы, қызмет көрсетудің принципті сызбасы және техникалық пайдалану ережесі; өндірілетін өнімдерге номенклатура, стандарттар мен техникалық талаптар.
103. Айналмалы және шахталық пештердің машинисі (күйдірушісі)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі (ақ клинкер бойынша – сағатына 15 тоннаға) дейінгі айналмалы пештерде клинерді күйдіру, жалпы өнімділігі сағатына 25 тоннаға дейінгі шахталық пештерде күйдіру процесін жүргізу. Тоңазытқыштардың, пештік жылу алмастырғыштардың үздіксіз жұмысын және жарамдылық жағдайын қамтамасыз ету. Пеш жетегінің, бақылау және шығыршықты тіреулердің, тығыздаушы құрылғының, майлау жүйесінің жұмысын бақылау. Пештік жылу алмастырғыш құрылғыларда шикізат қоспасын декарбонизациялау процесін реттеу. Шілтер мен бу жылытушының жұмысын бақылау. Пешке шикізат пен отын салуға қатысу. Шикізат пен отынды беруді реттеу. Тиеу механизмдеріне, шаң ұстағыш қондырғылар мен басқа да көмекші жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету. Тораптар мен механизмдерді майлау. Тұтандыруға дайындалу, пештерді тазалау мен жөндеуге қатысу. Футеровкалық жұмысқа дайындалуға және өткізуге қатысу.

Білуге тиіс: айналмалы, шахталық пештердің және жинақтаушы жабдықтардың құрылысы, құрылымы және әрекет принципі; клинкерді күйдіру және суыту технологиясы; шикізат қоспасы мен отынның құрамы және сапалық сипаттамасы; пеш газдары мен клинкерді күйдіру және суытупроцесіне ықпал ететін негізгі факторлар; өртке төзімді материалдардың түрлері, футеровканың негізгі тәсілдері; бақылау-есептеу құралдарының, автоматты реттеу жабдықтарының, дабыл беру мен блокадалау жүйелерінің міндеті мен әрекет принципі; қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау карталары; майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері; пеш агрегаттарының жылу техникалық және технологиялдық режимдерін реттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері; пештің өнімділігін арттыру, футеровка беріктігі мен клинкердің сапасын көтеру тәсілдері.
104. Айналмалы және шахталық пештердің машинисі (күйдірушісі)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннаға дейінгі (ақ клинкер бойынша – сағатына 15 тоннаға дейінгі) айналмалы пештерде клинкерді күйдіру, жалпы өнімділігі сағатына 25 тоннаға дейінгі шахталық пештерде күйдіру процесін жүргізу. Пеш агрегаттарының технологиялық және жылу техникалық режимдерін, механизмдерді шикізат қоспасымен және отынмен қоректендіру механизмдерінің, жылу алмастырғыш құрылғылары мен басқа да көмекші жабдықтардың жұмысын реттеу. Негізгі және көмекші жабдықтардың технологиялық параметрлерін және жылу техникалық режимдерін бақылау мен реттеу. Пеш агрегаттары мен жинақтаушы жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды басқару. Пештердің тиімді өнімділігін, клинкердің сапасын, отын мен электр энергиясының үлестік шығысын қамтамасыз ету. Футеровка мен пеш агрегаттарын майлау жағдайын бақылау. Пештерді жөндеуге дайындау, футеровкалық жұмыстардың көлемін анықтауға қатысу. Профилактикалық байқауды және пештің тораптары мен механизмдерін майлауды өткізуді бақылау. Жөндеу және футеровкалық жұмыстардан пештерді қабылдауға және жөндеу жұмыстарына қатысу. Пештерге шикізаттарды дұрыс салуды және тиеу механизмдерін реттеуді бақылау.

Білуге тиіс: пештер мен көмекші жабдықтардың құрылымы, әрекет принципі және кинематикалық сұлбасы; клинкерді күйдіру кезінде болатын физикалық – химиялық процестің мағынасы; клинкердің минералогиялық құрамы; шикізат қоспасының құрамы мен қасиеттері, оларға қойылатын талаптар; пеш агрегаттары жұмыстарының жылу техникалық және технологиялық режимін реттеу әдістері; пештердің өнімділігін арттырудың футеровка беріктігін көтерудің, клинкердің сапасын жақсартудың, отын мен электр энергиясын үнемді жұмсаудың тәсілдері; қолданылатын отындардың құрамы, қасиеттері, сипаттамалары; отынды берудің кестесі; отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттері; футеровканы қатарлап салудың әдістері; клинкер сапасын зертханалық бақылаудың тәсілдері мен әдістері; пештің жұмыс режимін автоматты реттеудің сұлбасы.

Қосынды өнімділігі сағатына 35 тоннадан астам (ақ клинкер бойыншща – сағатына 15 тоннадан астам) айналмалы пештерге, қосынды өнімділігі сағатына 25 тоннадан астам шахталық пештерге қызмет көрсеткен кезде - 6-разряд.


105. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір – бетон, бетон бұйымдары мен құрылғыларының өндірісі жөніндегі, майлауды, қалып пен қалып – вагонетканы тазалау мен майлау әзірлеу, қалыпталған немесе дайын бұйымдарды өңдеу жөніндегі күрделі емес машиналарды, конвейерлік қондырғыларды, үздіксіз – агрегаттық желілерді, сондай-ақ бетон салушыларды, дірілдеу алаңшаларын, аспалы арбашаларды, ауыстырғыштарды, қабаттаушыларды және басқа да тектес жабдықтарды басқару. Ернеулі жабдықтарды орнатудың, арматураны қалаудың және бөлшектерді салудың дұрыстығын бақылау. Бетон қоспасын жайып салу процесін бақылау және реттеу. Қызмет көрсетілетін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау және майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Желіге қызмет көрсететін бригадамен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі басқа да жұмыстарды орындауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі; бұйымдарды әзірлеу технологиясы мен олардың сапасына техникалық талаптар; бұйымдар мен қалыптарды ілмектеу мен орнын ауыстыру ережесі.
106. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темір – бетон, бетон бұйымдары мен құрылғылары: дірілдеткіш қалыптар, дірілдеткіш баспақтауы, штангалы конвейерлер, беріліс көпір өндірісі жөніндегі жекелеген күрделі машиналарын, конвейерлік қондырғыларды, үздіксіз – агрегаттық желілерді басқару. Бір және одан көп күрделі емес машиналарды, бетон, темір – бетон бұйымдары мен құрылғылары: қалып пен қалып – вагонетканы тазалау және майлау жөніндегі өнімдерді өндіретін желілер қондырғылары, бетон үлестіргішті, бетон төсегішті, дірілдеткіш алаңшаны, дірілдеткіш саптаманы, қалқанды дірілдеткіш тиеушілерді, тегістеуші, сүртуші өңдеу машиналарын, тұрақты аударғыштарды, түсірушілерді, айырғыштарды, қабаттаушыларды басқару. Қызмет көрсетілетін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау, майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Желіге қызмет көрсететін бригадамен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі басқа да жұмыстарды орындауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен пайдалану ережесі; бұйымдарды әзірлеу технологиясы мен олардың сапасына техникалық талаптар; бұйым мен қалыпты ілмектеу, орнын ауыстыру ережесі; жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
107. Конвейерлік және үздіксіз желілер жабдықтарының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі технологиялық қондырғылармен конвейерлік және үздіксіз – агрегаттық желілерді: автоматты реттегішпен сыртқа тебушілерді, өздігінен жүретін аударғыштарды басқару. Қызмет көрсететін механизмдерді реттеу, икемдеу, тазалау және майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Қалыптаушы – жұмысшылармен бірлесіп бұйымды қалыптау жөніндегі басқа жұмыстарды орындауға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі және пайдалану ережесі; бұйымдарды әзірлеу технологиясы және олардың сапасына техникалық талаптар, бұйымдар мен қалыптарды ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.

108. Баспа машинасының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен баспа машинасында басудың офсеттік тәсілімен асбест – цементті табақтардың үстіне суреттерді, ағаштардың әртүрлі жыныстарына, қаланған кірпішке және басқаларға ұқсайтын текстураны салу процесін жүргізу. Офсеттің білігін жақсартылатын табақтың қажетті қалыңдығына орнату. Офсеттік білікті дымқылдау үшін ваннаға ерітіндіні және лакты – бояулы табанға бояу құю. Шығыршықты конвейерге асбест – цементті табақтарды орнату. Бояуды жұмсау нормасын сақтау. Көлік құрылғыларымен көмекші механизмдерінің жағдайын байқау. Қызмет көрсетілетін баспа машинасы мен оның механизмдерін икемдеу, жуу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; суреттер салудың технологиялық процесі; офсеттік білікті орнату ережесі; қолданылатын еріткіштер мен бояулардың сипаттамасы; бояуды жұмсау нормасы; баспа машинасын икемдеу мен жуу ережесі.
жүктеу 2,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау