Техникалық жабдықтау. Мемлекеттік қызметті басқару және көрсету үрдістерін автоматизациялау және информатизациялауды қамтамасыз ету саласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жағдайы төмендегідей: 2005-2010 жылдарда облыстық басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру және дамытудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру шеңберінде басқару органдарын компьютерлік техникалармен, серверлік құралдармен жабдықтау жүргізілді.
Жақын арадағы міндет әкімдіктің құрылымдық бөлімдерін біріктіретін локальді желі құру болып табылады.
Байланыс каналдары. 2005-2010 жылдарда облыстық басқарудың бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құру және дамытудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ-ның қатысуымен БҚО ММ мәліметтерін жіберудің Корпоративтік жүйесі құру жұмысы жүргізілді және жүргізуді жалғастыруда. БҚО ММ МЖКЖ IP VPN базасында құрылған, қатысушылардың қосылу жылдамдығы 512Кбит/сек. Қалалық басқармаларының локальді желісі «звезда» топологиясы бойынша құрылған, өткізу мүмкіндігі 100 Мбит/с-тен аз емес.
Қаладағы орын алған ақпараттық жүйелер. Қазіргі уақытта электронды құжат алмасу жүйесі, сайлаушылардың тізімін құру, әлеуметтік-экономикалық дамудың мәлімет базасы, қала салу кадастры сияқты ақпараттық жүйелері бар.
Көрсетілген жүйелерден басқа қалада қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы жұмыс жасайды. Интернет-ресурс арқылы ақпараттық және интерактивтік қызметтер көрсетіледі.
Е-үкімет базалық компоненттерін қолдану. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының деңгейінде жүргізілетін е-үкімет базалық компонентеріне мыналар жатады:
ҚР электрондық құжат алмасуының бірыңғай жүйесі.
«Адрестік тіркеу» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
Қоғамдық қол жетімділік пунктері: 6 ақпараттық киоск, 2 компьютер.
«Адрестік тіркеу ақпараттық жүйесі» жобасы шеңберінде 2009 жылы ономастика және архитектура мен қала салу бойынша өкілетті органдарға АТ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жұмыстары жүргізілді. Жылжымайтын мүлік нысандары бойынша адрестік инвентаризация жүргізілді. АТ АЖ мәлімет базаларына 100% мекен-жай енгізілді.
Қазақстан республикасында «электронды үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасын орындау кезінде қоғамдық қол жетімділік бөлімшелерінің желісі орнатылды. Бұл халықтың көп қабатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға баулыды. Қоғамдық қол жетімділік бөлімшелерінің желісін құру бірінші кезекте «халыққа қызмет көрсету орталығын», қала және Деркөл ауылының әкімдігін, «кітапханаларды, ҚІІБ-ын, ҚазГазТрансАймақ кәсіпорнын, Орал қаласының салық инспекциясын қамтыды.
Бұдан басқа, 2007-2008 жылдары «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету» Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама шеңберінде компьтерлік кластар, халықтың түрлі таптарын – мемлекеттік қызметкерлерді; балалар үйінің, мектеп-интернаттарының, жасөспірім үйлерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін; бюжеттік және бюджеттік емес салалары ұйымдарының қызметкерлерін, жұмыссыз халық пен азаматтардың басқа да категорияларын тегін оқыту үрдісі жүргізілді. Барлығы 25 мың адам оқытылып, 11 млн.11 мың теңге игерілді.
Инфроқұрылымдық кешен
Бекітілген шараларға сәйкес қала кәсіпорындары энергия үнемдеуге байланысты жұмыстар жүргізуде.
«Жайықжылуэнерго» АҚ мен «Батыс Қазақстан ЭБК» АҚ негізгі энергия беру кәсіпорындары болып табылады.
Энергия үнемдеу технологияларын жүзеге асыру арқылы шамамен жылына 40 млн. куб.м. газ бен 400 млн. теңге шамасында қаражат үнемделеді. Сонымен қатар енгізілген ГТҚ 200 млн. кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл осы мөлшердегі электр энергиясын Ресейден импорттауды қысқаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Орал қаласын электрмен және электр желілерін пайдаланумен қамтамасыз ететін негізгі комапания – «Батыс Қазақстан Электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ. Оның құрамында қалалық филиал және 12 әкімшілік аудандар көлемінде орналасқан аймақтық электр желілерімен қамтамасыз етуге арналған 16 қызмет орындары бар.
Қала және облыстың электрмен қамтамасыз ету нысандарына қызмет ету мен өндірудің негізгі көзі Орал ЖЭО «Жайықжылуэнерго» АҚ болып табылады.
Орал ЖЭО-мен белгіленген қуаты 58,52 МВт-ты құрайды. 2008 жылға электрэнергиясын өндіру 342460 МВт/сағ шамасын, жылдың тұтыну кезінде - 380369,6 мВт/сағ құрады. Электрэнергиясы жартылай Балаков АЭС, Кинели (Саратов облысы), «Саратовэнерго» және ҚР Атырау облысынан сатып алынып, инпортталынып отырады.
Қала шаруашылығы субъектілері бойынша электроэнергияны бөлу келесідей көрсеткіштерді құрайды: өнеркәсіп – 51,6%, халық – 40, 8%, комуналды-тұрмыстық және әкімшілік нысандар – 7,6%.
«БҚ ЭБК» АҚ қалалық филиалының балансында мыналар бар:
- 1200 км 04,-10 кВ ауа желісі, оның 847 км-і 100 % істен шыққан,
- 506 км 0,4 -10кВ кабельдік желінің 346 км-і,
-35-11010\10кВ-тық 13 дана трансформаторлық подстанция, оның ішінде 4 данасы 100% істен шыққан,
- 10/0,4кВ-ты 451 дана трансформаторлық подстанция, оның ішінде 136 данасы 100% істен шыққан. Қалалық филиалдың тапсырысы бойынша барлығы 3834 млн. теңгеге модернизациялау жүргізу қажет.
Қаланың энергияны тұтынуында 10%-дық қуаты жеткіліксіз, осы жеткіліксіздік Ресейден импортталады. Орал қаласында 35 кВ және одан жоғары 18 подстанция, қала территориясымен өтетін 35 кВ және одан жоғары 19 электр жіберу тізбегі бар.
Қала тұтынушылар арасында электр энергиясын бөлу 10кВ БҚ-нан (бөлу құрылғысы) 10кВ ББ (бөлу бөлімшелері) және ТП10/0,4 тұтынушылық трансформаторлық подстанциясынан кабельді және әуе желілері арқылы жүзеге асырылады.
Қала территориясында барлығы 23 дана 10кВ ББ, 1065 10/0,4кВ ТП, 2,5 мың км 10кВ ӘЖ және 274 км 10кВ КЛ бар.
Қала бойынша жағдайдың даму тендендециясы сол, соңғы жылдарда өнідірістік сала мен халық санының өсуімен бірге электроэнергияны өндіру мен бөлу артып келеді. Бұл «Батыс Қазақстан ЭБК» АҚ қалалық филиялының желісі мен құрылғыларына қосымша жүктеме әкеледі.
Жоғарыда аталған желілер мен құрылғылар 1960-1980 жылдары салынды. Қазір ол реконструкцияны немесе жаңамен ауыстыруды талап етеді. Электроэнергетиканың әлсіз жағы - 80 %-ды құрайтын құралдардың ескіруі. Бұл жиі электр көздерін айыруына әкеледі. Есептеу анализі 110/10 кВ және 35/10 белгіленген қуат өсіп келе жатқан жүктемені толықтай жаба алмайды.
Мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы: табиғи газды жеткізушілері мен газ бөлі желісінің бар болуы ГТЭС құру арқылы генераторлық қуатты көбейтуге және қазіргі жүйелерді модернизациялау арқылы қаланың электрмен қамтамасыз етілуінің тұрақты дамуын жасауға мүмкіндік береді.
Жылымен қамту. Қазіргі кезде тұрғын үй секторларын, өндірісті, әлеуметтік және коммуналды нысандарды жылумен қамту Орал ЖЭО-мен және орталықтандырылмаған өндірістік және коммуналды жылу беру жерлерімен жүргізіледі. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылыстары жылудың автономды жүйесін қолданады.
Электр сақтау технологиясын енгізудің моделдік жобасы шеңберінде 2006 жылдың қазан айында Орал ЖЭО «Жайықжылуэнерго» АҚ-ның алаңында ТОХОКУ жапон компаниясымен бірге 48 тонна/сағ бу шығару котел-утилизаторы бар қуаты 28,5 МВт газотурбиналық құрылғы қолданысқа енді. Жылу желілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау төмендегі жағдайларға мүмкіндік берді:
- 6,2 мың Гкал/жыл көлеміндегі жылу энергиясын жоғалтуды қысқартуға;
- жанармайдың шығындық үлесін қысқартуға;
- су қайнату котелдарының ПІК көтеруге;
- атмосфераға лайтасытын заттарды тастау төлемін азайтуға;
- элетр энергия өндірісін көбейтуге;
Орал ЖЭО-мен белгіленген қуат - 603,0 Гкал/сағ немесе су бойынша - 701,29 МВт, бу бойынша 375 т/сағ, электрэнергия бойынша 58,52 Мвт-ты құрайды. Өндірістік және коммуналды жылу беру орындарының белгіленген қуаты - 320 Гкал/сағ немесе 521,6 МВт құрайды.
30 жылдан астам уақыт бұрын қондырылған Орал ЖЭО-ның құрылғылары ескірді, жаңа және жетілдірілген үлгідегіге асыртыруды талап етеді. Орталықтандырылған жылумен қамту желілері болып саналатын жылу желілері қазіргі уақытта бұл жүйедегі сенімді буын. Магистральді жылу желілері ауыр жағдайда.
Экологиялық таза жағармайға, яғни табиғи газга қол жетімділік, қалаға жойылған құрылысты жылумен қамту мәселесін шешуге көмектесті.
Сонымен қатар жаңа кәсіпорындар, шағын бизнес нысандары, қайтадан тұрызылған тұрғын үйлер, өз ісіне қайта оралған кәсіпорындар жоғарғы технологиялық және көп энергияны қажет етпейтін автономды жылумен қамту жүйесіне ауысты.
Осыған орай Орал қаласынын жылумен қамтудың орталықтандырылмаған жүйесі белсенді жүруде және бұл тенденция таяу жылдарға дейін сақталмақ. Жылумен жабдықтаудың салаланған және өзара қорға алынған желісі бар ОЖЭО-ның орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үй қорларын жылумен қамтамасыз ету үшін жақын болашаққа дейін сақталады.
«Жайықжылуэнерго» АҚ тапсырысы бойынша орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің жұмысын қолдау үшін 2011-2015 жылдар аралығында 7,8 млрд.теңгеге ЖЭО мен жылу желісін қайта жасақтау қажет.
Альтернативті энергетика. Энергияны сақтау мақсатында «Омега құрал жасау зауыты» мен «Микрография ҒЗИ» РМК бірлесіп, қайта қалпына келетін энергия көздерін – желдік құрылғыны енгізу жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі кезде қуаты 1,5 кВт тәжірибелі үлгілер қондырылды.
Сондай-ақ «Гидроприбор» ҒЗИ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетімен бірге жоғары БІК-мен ерекшеленетін вертикальді қалағы бар желдік құрылғыға зерттеу жүргізіп жатыр.
Тұтынушылардың тапсырысы бойынша кәпіорын 3-10 млн. теңге тұратын, қуаты 2-ден 5 кВт/сағ-қа дейінгі желдік-күн құрылғысын Қазақстан нарығына шығаруға дайын.
Тұрғын үй секторы. 2009 жылдың 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының статистика агенттілігі мәлеметтеріне сәйкес қала бойынша тұрғын үй қоры 4569,6 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 4409,9 мың шаршы метр немесе 45,4% жеке меншік иелігінде.
Орал қаласында 90656 үй шаруашылығы, 19861 үй (1091 көп қабатты үйлер), оның ішінде 15412 жеке және 4449 көп пәтерлі үйлер бар. Тұрғын үй қорларын басқарумен 803 көп пәтерлі тұрғын үйлерге (54474 пәтер) қызмет көрсететін 105 ғимарат (пәтер) меншігі кооперативтері айналысады. ПМК-нің жалпы санының 24-і 10-нан астам үйлерге қызмет көрсететін ірі коопетативтер, 15-і 3-9 үйге қызмет көрсететін орташа коопетативтер және 66-ы 1-2 үйге қызмет көрсететін шағын коопетативтер. ПМК-не кірмейтін үйлер саны – 288 (негізінен 2-3 қабатты үйлер). Шығынның көптігінен ПМК бұл үйлерге қызмет көрсетуден бас тартып отыр, мұндай үйлерде кооператив құру тұрғындардың өздеріне тиімсіз, себебі ол үлкен қаражат шығынын талап етеді. Инженерлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайы коммуналды қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді.
Пайдаланылатын тұрғын үй қорларын тиімді басқару, тұрғын үй-коммуналдық саласында қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасаумен байланысты жүйелі өзгерістерді енгізу мақсатында қалада нақты жұмыс жүргізіледі.
Орал қаласын сумен қамтамасыз ету және онда су жүргізуді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасы, «Орал Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қамтамасыз етеді. Кәсіпорын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып саналады. Ол сумен қамтамасыз ету және ағын суларды жүргізу қызметтерін көрсететін мекеме ретінде монополистер кәсіпорнының тізіміне енген.
Қала халқы мен өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету екі қойнаумен жүзеге асырылады: Жайық өзені ашық жерүсті су қақпасы және жерасты су қақпасы – Орал жерасты су көзінің скважиналары.
Қаладағы су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 352 км құрайды, тұрбалар диаметрі 100-ден 1000 мм-ге дейін, тұрба материалы – болат, шойын, темір-бетон, пластик.
Су құбырлары желісінің техникалық жағдайы – қанағаттанарлық деңгейде, дегенмен 30%-дан астам су құбырлар желісінің амортизациялау мерзімі аяқталды (30 жылдан астам).
2010 жылдың 1 қаңтарына қаланың тұрғын үй қорының 70,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған.
Канализациялық желілер, әсіресе тұғын үйлердің, қала кварталдарының абаттанған бөліктері мен өндірістік кәсіпорындарының көп бөлігі толық қамтылмаған. 50 мың м3/тәулік өндірісіне есептелген канализациялық тазалау құрылысы Орал-Саратов жолынан 4,5 км жерде орналасқан. «Орал Су Арнасы» есептік мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылы арна суын механикалық тазару құрылысымен, соның ішінде биологиялық таза жолмен жіберу 26,6 мың. м3/тәулікті құрады.
Механикалық тазарту құрылысы пайдалануға 1987 жылы енгізілді, жасанды биологиялық тазарту құрылысы 1996 жылдан пайдаланылды. БҚО әкімінің өкімімен 1997 жылдан бастап жасанды биологиялық жолмен тазалау құрылысы консервациялауға қойылды. 69,7% орталықтандырылған су жүргізумен қамтамасыз етілген.
111 км су құбыры желісі мен 55 км канализацияны жөндеу үшін 4,5 млрд. теңге қажет.
Орал қаласын газбен қамту табиғи газбен іске асады. Орал қаласынан солтүстіктеу орналасқан «Оренбург- Новопсковск» магистральдық газ құбыры газды қосу нүктесі болып табылады.
01.01. 2009 жылға қаланың табиғи газбен тұтынуы 378,0 млн.м3/жыл көрсеткішін құрады, соның ішінде: - халық - 92,5 млн.м3/жыл; - коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар -37,1 млн.м3/жыл; - өндірістік кәсіпорындар - 284,4 млн.м3/жыл.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен ұсынылған газбен қамтамасыз ету жүйесінің толық сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.
18-кесте
Орал қаласының газбен қамтамасыз ету жүйесі
Көрсеткіштер атаулары
|
Өлшем бірлігі
|
01.01. 2009 жылға арналған саны
|
Газ жүргізілген пәтер саны
|
Пәтер
|
80318
|
Тұтынуға кеткен газ шығыны
|
млн. м3/жыл
|
|
Табиғи газ, барлығы, соның ішінде:
|
|
377,993
|
а) халық
|
-/-
|
|
б) коммуналды тұрмыстық кәсіпорындар
|
-/-
|
92.503
|
в) ЖЭО және өндірістік кәсіпорындар
|
-/-
|
37,050
|
Халықты қамту деңгейі
|
%
|
248.440
|
Табиғи газбен
|
|
91,2
|
Газ құбырларының ұзындығы:
|
км
|
874,68
|
- жоғарғы қысым
|
|
125,237
|
- орташа қысым
|
|
99,119
|
- төменгі қысым
|
|
650,324
|
Газды пайдалану базасы
|
дана
|
2
|
ГРС саны
|
дана
|
2
|
ГРС қуаты
|
мың. мЗ/сағ
|
100 000 (әрбірі)
|
ГРП саны
|
дана
|
18
|
ШРП саны
|
дана
|
457
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
2002 жылы халықтың, өнеркәсіптің және энергетиканың табиғи газды тұтынуы 326,0 мың.м3/жыл құраса, 2008 жылы 378,0 мың.м3/жылды құрайды. Осыған орай, өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі, халықтың санының жоспардан аз өсуі және локальды жылу беру орындарының азаюына байланысты табиғи газды тұтынудың өсуі болжамға қарағанда төмендеді (2005 жылы жоба бойынша тұтыну көлемі 396,0 мың.м3/жыл болып қарастырылды).
Тұрғын үй қорын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету деңгейі 97,8%-ды құрайды.
Табиғи газбен барлық тұрғын үй серторлары газдандырылған, Орал ЖЭО мен сақталып қалынған ірі өнеркәсіп және коммунальды жылу беру орындары, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың автономды көздері, шағын бизнес нысандары мен әлеуметтік салалар сияқты барлық жылудың ірі көздерінде газ жүргізілген.
Лифтілік шаруашылық. Қазіргі таңда Орал қаласында 345 бірлік лифт бар, оның 279-ы 2000 жылдан бұрын қондырылған.
Лифттің техникалық қызметімен екі ұйым айналысады. Олар – жалпы нарықтағы лифт қызметін көрсету үлесі 50%-дан төмен, ал тұрғын үй секторларындағы үлесі - 20% құрайтын «Орал лифт» ЖШС және жалпы нарық пен тұрғын үй секторларындағы үлесі - 50%-дан астам көрсеткішті құрайтын «Горлифт» МКК.
Лифттің жалпы санының 232-і қалалқ тұрғын үй секторларындағы лифттер. Оның ішінде 179-ы қаланың коммуналды меншігіне тиесілі және «Горлифт» балансына кіреді. Бұл лифттер нормативтік қызмет көрсету мерзімін өтеді (25 жылдан астам) және модернизацияны немесе жаңамен ауыстыруды талап етеді.
«Горлифт» МКК-мен қызмет көрсететін лифттер өз нормативтік мерзімін өтеген өткен 100 жылдықтың қондырғылары. Жұмыс істейтін лифттер – 230, иесіз қалғандары – 48 бірлікті құрайд.
2010 жылға қарай 61 лифт ескірген, нормативтік мерзімін өтеген, оның ішінде 44-і коммуналдық меншікке, 17-і жеке меншікке тиесі лифттер. 2015 жылға қарай ескірген және модернизациялауды қажет ететін лифт саны 97 бірлікке жетеді.
2002-2010 жылдар аралығында «Горлифт» МКК 179 лифтке 221 млн.теңге құрайтын күрделі жөндеу және модернизациялау жұмысын жүргізді, 120 лифтке 9,2 млн. теңге құрайтын жүру ақысының электронды карта жүйесін енгізді.
Көлік. Қала жолының ұзындығы – 525 км, оның ішінде 200 км-де немесе 38%-ында қатты жамылғы төселген.
Көлік және байланыс саласының тұрақты дамуы аймақтың халық санының өсуімен, қаланың инфрақұлымының дамуымен, жолаушы және жүк тасымалдау көлемінің өсуімен, телекоммуникациялық техникалардың дамуымен, сондай-ақ қалыптасу жағдайының жасқару қажеттілігемен байланысты.
Көлік қозғалысымен және көлікке қол жетімділікпен қамтамасыз ету қаладағы халықтың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қалалардың интенсивті дамуы көше-жол желілерінің жүктемесінің толығуына, жылдамдықтың азаюына және жүк пен жолаушыны жеткізудің жиілігіне әкелді.
Халықтың көп дәрежеде көліктерді иеленуі соңғы бес жылда көлік ағынының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көлік тығындарының қалыптасуы қарапайым құбылысқа айналды. Тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2005 жылғы 26,4 мың бірліктен 2009 жылы 71,9 мың бірлікке жетті. Көше желісінде қоғамдық автокөліктердің ағынынан гөрі жеңіл автокөліктер ағыны жиіледі.
Өнеркәсіп аудандарын автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі қала орталығы бағытына тасымалдауды қамтасыз ету мәселесіне және орталық іскерлік ауданындағы тұрақ мәселесіне жол берді.
Жоғарғы дәрежедегі автомобилизациялаумен қатар көлік қызметін көресту салалары белсенді дамып келеді. Қаланың маршруттық желісіне 7 кәсіпорындармен қызмет көрсетілетін 35 қалалық және 14 саяжайлық автобус маршруттары кіреді. Қалалық жолаушы тасымалдаудың негізгі көлемін автобустық тасымалдаулар құрайды. Күн сайын желіге 320 бірлік автобус пен 176 шағын автобустар шығады.
15-сурет
Меншік формасы бойынша Орал қаласының маршруттарындағы автобустар
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Қаланың көптеген маршруттарында 12 орындық шағын автобустар саны өсіп келеді. Қызмет көрсетілген адамдар саны жылдан жылға өсуде, 2008 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы жолаушыларды тасымалдау көлемінің көрсеткіші 104,1 %-ды құрады.
16-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |