Екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес кәсіпорындарына берген несиелерінің динамикасы
2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Жалпы алғанда, кәсіпкерліктің дамуы шағын және орта бизнестің индустриализация дамуындағы рөлін күшейтуге, жұмыспен қамтылу жағдайын жоғарлатуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өндірісін көтеруге, дайын (шикізаттық емес) экспорт үлесін көбейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың маңызды бөлігі қызмет көрсету саласына бет бұрғандығын атап өткен жөн.
Кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын бір қатар факторлар бар. Олардың ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің іс-әрекетін реттейтін заңнамалық базаның жетілмегендігін, өзіндік қаражат пен айналымдық құралдардың жеткіліксіздігін, банктік несиелерді алуда туындайтын қиындықтарды, білікті мамандардың жеткіліксіздігін, әкімшілік кедергілерді атауға болады.
Қалада облыстағы іске асып жатқан, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы аймақтық кәсіпкерліктердің тұрақты және теңестіріліп дамуына, сонымен қатар қалыптасқан жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңасын құруға бағытталған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда.
Талдау келесідей мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, іс-әрекеттің дәстүрлі формасы қамтылып болды. Өсу жаңа бағыттарда ғана болуы мүмкін, дегенмен олардағы өңдеу мен мүмкіндіктер көп емес. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кәсіпорындар шағын бизнеске айтарлықтай қуат пен орын ұсынбайды, яғни шағын бизнес үшін инновациялық идеялар мен технологиялар нарығы жоқ.
Екіншіден, әлемдік қаржы дағдарысынан кейін екінші деңгейлі банктер барлық клиенттерді, соның ішінде шағын бизнесті несиелеуді лезде қысқартты.
Сауда
Қалада 1282 сауда нысандары (дүкендер, сауда үйлері және дүңгіршіктер) және 31 базар қызмет етеді. 2009 жылы сауда саласнда 15770 адам жұмыспен қамтылды.
Соңғы бес жылда халықтың төлеу қабілеттілік сұранысының өсуі мен құрылымының өзгеруі, көтерме буынның жалпы тауар қорына енуіндегі үлесінің біртіндеп өсуі кезіндегі бөлшекті және көтерме сауданың тауар қорларымен қамтамасыз етілу деңгейінің жақсаруы қаладағы тұтыну нарығының дамуына әсер етті.
Меншік формалары бойынша бөлшекті және көтерме тауар айналымының құрылымында жеке меншік формасы басымдылыққа ие. Осыған орай 2009 жылы бөлшекті тауар айналымының құрылымының 98,3%-ы жеке меншік формасына тиесілі болса, оның ішінде 53,5%-ы азаматтардың меншігінде, 0,2%-ы басқа мемлекеттер меншігінде, ал 1,7% -ы мемлекеттік коммуналды мекшікте болды.
Тұтыну нарығына қызмет көрсету қала шаруашылығындағы сауда мен қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтудың негізгі көздері болды. Батыс Қазақстан облысы бойынша қаланың бөлшектік сауда көлемі жалпы көлемнің 83%-ын немесе 64,8 млрд.теңгені құрады. Ол 2005 жыл деңгейінен 33,1%-ға өсті.
Бөлшектік тауар айналымында ірі кәсіпорындарының үлесі азғантай. Ол бөлшектік саудадағы жалпы тауар айналымының 4,9%-ын құраса, 18,4%-ын орташа кәсіпорындар, 57,5%-ын шағын кәсіпорындар, 19,6%-ын жеке кәсіпорындар, 19,2%-ын базар құрайды.
2009 жылы көтерме тауар айналымының көлемі 158,4 млрд. теңгені құрады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Бес жыл ішінде қаладағы көтерме нарығының айналымы 528,7 млрд. теңгені құрады. БҚО облысы бойынша барлық көтерме айналымның 92,9%-ы қалаға тиесілі.
9-кесте
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы бөлшекті және көтерме тауар айналымының көлемі
млрд. теңге
|
Общий объем розничного товарооборота
|
Объем оптового товарооборота
|
2005 ж.
|
2009 ж.
|
Жалпы көлем үлесі,2009 ж., %
|
Орташа 2005-2009 жж. өсу (кему) қарқыны, %
|
2005 ж.
|
2009 ж.
|
Жалпы көлем үлесі,2009 ж., %
|
Орташа 2005-2009 жж. өсу (кему) қарқыны, %
|
БҚО
|
55,8
|
79,5
|
3,25
|
109,2%
|
74,7
|
162,0
|
2,4
|
121,3%
|
Орал қ.
|
48,7
|
64,8
|
81,5
|
133,1
|
79,2
|
120,8
|
92,9
|
2 есе
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Кәсіпорындардың мөлшерлігі бойынша 2009 жылы көтерме тауар айналымы құрылымында шағын кәсіпкерліктің үлесі басым, яғни - 85,3% болса, ал ірі кәсіпорынның үлесі - 0,5%, орташа кәсіпорынның үлесі – 14,8%.
Қызмет көрсету саласында 988 кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсетеді немесе облыс бойынша жалпы санының 46,9%-ын құрайды. Жалпы көрсетілген қызмет көлемінің (экономиканың бақыланбайтын секторларын есептемегенде) 14,1%-ы – жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу, жалға беруге, машина мен құралдарды жалдауға байланысты қызметтер, 6,0%-ы – демалыс, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру қызметтері, 2,1%-ы – компьютерлік, сонымен қатар облыстағы зерттеу және өңдеу қызметтері, 77,8%-ы тұтынушыларға көрсетілетін басқа да қызметтер (шаштараз, сұлулық салоны, киім, аяқ киім өңдеу шеберханалары және т.б.).
Қоғамдық тамақтану. 2005-2009 жылдар аралығында қоғамдық тамақтану қызметінің динамикасы жаймен көтерілді де, 2005 жылмен салыстырғанда 4 есе көп болып, 981,9 млн. теңгені құрады. Дегенмен қаланың қоғамдық тамақтану саласындағы қызметтің жалпы облыстық көлемдегі үлесі азғантай, ол тек 18,7%-ды ғана құрады.
10-кесте
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі
млн. теңге
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2005 жылға қар-ғы 2009 жылғы %
|
Қоры-тынды %
|
Қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі:
Орал қ.
|
244,3
|
235,8
|
604,7
|
712,5
|
981,9
|
4 есе
|
13,3
|
БҚО
|
2 472,7
|
4211,7
|
4215,9
|
5249,6
|
7362,7
|
3 есе
|
100,0
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Кәсіпкерлік субъектісінің түрлері бойынша шағын кәсіпорындар 97,3%-дық негізгі қызметті көрсетеді, оның ішінде 82,5%-ын жеке кәсіпкерлер атқарады. Ал жалпы көлемнің 2,7%-ы орташа кәсіпорындар үлесінде болса, қалада аталған қызметті көрсететін ірі кәсіпорындар кездеспейді.
Сыртқы экономикалық қызмет саласында қала әлемнің 105 елімен ынтымақтасады. Жалпы облыс көрсеткіштеріндегі қала бойынша сыртқы сауда статистикасының бөлінуінің болмауы қаланың сыртқы сауда айналымын, оның сапалық сипаттамасын бағалауға мүмкіндік бермейді.
Үлес көрсеткіші жоғары болып келетін машина мен құрылғыларды импорттаудың көлемі мен құрылымы ең маңызды параметрлер болып табылады.
8-сурет
2009 жылғы Орал қаласының импорт құрылымы
*БҚО-ның тауар топтары шеңберіндегі импорт көлемінің мәліметтері бойынша құрылды
11-кестеде көрсетілгендей, жалпы алғанда, импорттың тез өсуі байқалады.
11-кесте
Орал қаласындағы азық-түлікті импорттау қарқыны *
млн. АҚШ долл.
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2005 жылға қар-ғы 2009 жылғы %
|
Азық-түлік тауарлары
|
33,7
|
59,2
|
87,6
|
119,0
|
119,9
|
3,6 есе
|
Орал қ. бойынша жалпы импорт көлемінің %
|
19,6
|
17,3
|
10,6
|
11,4
|
12,1
|
-
|
*БҚО-ның тауар топтары шеңберіндегі импорт көлемінің мәліметтері бойынша құрылды
Экспорт құрылымында (минералды жағармай эскпортынан) қара және түсті металдар экспорты басымдылыққа ие (2009 жылы - 46,2% экспорт, азық-түлік пен оны дайындауға арналған шикізат – 17,6%).
9-сурет
Структура экспорта г. Уральск в 2009 г.
*БҚО-ның тауар топтары шеңберіндегі импорт көлемінің мәліметтері бойынша құрылды
Бәсекелестіктің дамуы
Орал қаласындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік қызметті дамыту мен бәсекелестік ортаны жақсарту бойынша қажетті инфрақұрылымды құруға байланысты шаралар іске асырылып жатыр.
Облыс орталығының ішкі нарығында жеміс-көкөніс өнімдерін толтыру мақсатында, сонымен бірге көтерме делдалдарының сауда орындарын жаппай сатып алуларын болдырмау үшін жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге базар территориясынан тегін және жеңілдетілген бағамен сауда орындары беріледі, көлік үстіндегі және жол бойындағы сауда ұйымдастырылып отыр, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі жиі өткізіледі. Ағымдағы жылдың басынан облыс орталығында нарық бағасынан төмен баға бойынша қала мен облыстағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер өнімінің жәрмеңкесі үнемі өткізіліп тұрады. Өз өнімдерін арнайы бөлінген жерлерде сатуға рұқсат берілді, осыған орай бұл делдал саудалары үшін тосқауыл қояды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңындағы тауардың шекті үстемесін белгілеу бөліміндегі нормаларды орындауға байланысты мәселелер қарастырылып жатыр.
Ішкі нарықты толтыру мақсатында ай сайын облыс аудандарынан, Қазақстанның басқа облыстарынан, жақын және алыс шетелдерден жеміс-көкөніс өнімдері (картор, пияз, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустік жемістер) әкелінеді.
Ауылшаруашылық малдарын союды жүзеге асырудың рұқсатын 15 нарық субъектілері алды. Бұл қызмет нарығындағы бәсекелестіктің дамуының алғы шарттарын туғызады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік тосқауылдарды төмендету мақсатында Батыс Қазақстан облыс әкімінің жанындағы рұқсат беру жүйесін оптимизациялау бойынша Сараптау Кеңесі (консультативті-кеңесші орган) жұмыс жасайды.
Бұдан басқа, адал бәсекелестіктің артықшылықтарын түсіндіру мақсатында өкілетті органдардың, бизнес, «Атамекен» қоғамының өкілдерінің және БАҚ-ның қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Бұл тақырып бойынша материалдар газет беттерінде жарияланады.
Сонымен қатар қала экономикасының кейбір салаларында мәселелер туындап отыр.
Мұнай өнімдерін бөлшектеп жүзеге асыру нарығындағы бесекелестіктің дамуы бойынша негізгі мәселелер республикалық нарықта бәсекелестіктің дамымағандығының жаплы деңгейіне байланысты.
Электр энергиясның (энергиямен қамтамасыз ету) көтерме және бөлшекті сауда нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін құрылғылардың ескіру дәрежесінің жоғарылығы, электр энергиясын есепсіз тұтынудың жоғарғ деңгейі, салада алдыңғы қатарлы энергия сақтау технологияларын енгізу жүйесінің, жағармай-энергия балансындағы дәстүрлі емес энергия көздерінің үлесін көбейтуге ықпал ететін жігерлендіру шараларының дамымағандығы; энергия ресурстарын өндіру, тарату және тұтыну саласындағы технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға кететін энергия шығындарын азайтуға бағытталған шаралардың жоқтығы, энергия сақтау саласында білікті мамандардың жоқтығы үлкен проблема болып табылады.
Қаладағы дәрілік құралдардың көтерме және бөлшектік сауда нарығының дамымауының негізгі себептеріне фармацевтикалық қызмет көрсету үшін алғашқы маңызды капиталдық қаржы бөлуді талап ететін сәйкес материалдық-техникалық базаның (құралдардың, орынның), сонымен қатар бұл саладағы негізгі білімді игерген мамандардың болмауы жатады. Сондай-ақ фармацевтикалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қиын әрі ұзақ лицензиялау үрдісінен өту қажет.
Азық-түлік тауарларын бөлшектеп жүзеге асыру нарығы жеткілікті дамыған. Оның одан әрі дамуы нақты мәселелерді шешумен байланысты. Олардың ішінде сауда нысандарының құрылысына байланысты қаражат шығыны мен көп көлемдегі алғашқы инвестицияның қажеттілігі ең маңызды проблемалар болып табылады.
Газбен қамтамасыз ету нарығы. Бұл нарықтың дамуын баяулататын фактор – қаланың негізгі тұрғын үй массиві газбен қамтылғандықтан, өнім сұранысы көлемінің аз болуы, сондай-ақ білікті жұмысшылардың болмауы. Осы фактор нарықтың инвестициялық тартымдылығына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар қаржы салымын талап ететін арнайы саутау орны, қойма, арайы көлікті иелену қажеттілігі сияқты мәселелер де туындайды.
Бәсекелестікке қабілеттіліктің жаһандық көрсеткіштері (БЖК) шеңберінде қала әкімдігі Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, жергілікті бәсекелестікті дамытуға байланысты әрекетті шараларды, соның ішінде әкімшілік тосқауылдарды қысқарту, бәсекелестік қатынастардағы жайлы жағдайды қалптастыру шараларын үнемі қабылдап отырады. Осы жұмыс жүру турасындағы ақпараттар тоқсан сайын ҚР-ның Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттілікке (Монополияға қарсы агенттілік)жіберіліп отырады.
Қала экологиясы
Облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жоғары концентрацияда мұнай-газ өндіру себебінен, автокөліктің салдарынан, тазарту құрылыстарының қанағаттанарлықсыз жағдайынан және т.б. себептерден Орал қаласында қоршаған ортаның ластану қаупінің жоғарғы дәрежесі сақталып отыр. Ресми статистика мәліметтері бойынша ластану көздерінің саны жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы, қала атмосферасын ластайтын заттардың қалдық көздерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 85%-ға ұлғайды.
Аса маңызды экологиялық мәселелер:
Орал қаласының канализациялық тазарту құрылыстарының ескіруі, ағынды суларды тазартудың тиімділігін арттыру;
Жайық, Деркөл, Шаған өзендерінің экожүйесінің сақталуы;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және пайдалану, жер ресурстарының ластануын алдын алу.
12-кесте
Орал қаласының атмосфераны ластайтын заттардың қалдық көздері
бірлік
Көрсеткіштер
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж
|
2009 ж.
|
Барлығы
|
2094
|
2398
|
2759
|
3368
|
3872
|
Оның ішінде ұйымдастырылған көздермен
|
1418
|
1444
|
1567
|
1660
|
1790
|
Жабдықталған тазарту құрылыстары
|
299
|
300
|
315
|
311
|
357
|
ҚШМ- нің нормативтерімен белгіленген
|
3871
|
3360
|
2755
|
2390
|
2072
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Атмосфералық ауаның ластануы. Стационарлық көздердің мәліметтеріне сәйкес, атмосфераға облыс бойынша көлемі 2005 жылы 87,7 мың тоннаны, 2009 жылы 53,2 мың тоннаны құраған зиянды заттарды тарататын, мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары, ошақ шаруашылығы, автокөлік, элеваторлар ауа бассейнінің негізгі ластаушылары болып табылады.
13-кесте
Атмосфераға ластайтын заттарды тарату, оларды тазарту және пайдалану
мың тонна
Көрсеткіштер
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Атмосфераға таралған ластайтын заттар, барлығы
|
87,7
|
61,6
|
59,7
|
43,3
|
53,2
|
Оның ішінде тазартусыз тасталғандар
|
22,3
|
2,8
|
3,0
|
3,4
|
4,2
|
пайдаланылғаны және залалсыздандырылғаны
|
11,3
|
9,3
|
12,4
|
1,3
|
1,1
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Атмосфераға таралатын көмірсутек қышқылдары (1,4 мың тонна немесе 21,5%) мен (0,6 мың тонна немесе 9,3%)азоттың мөлшері жоғары.
10-сурет
2009 ж. ластайтын заттардың таралу көлемі, тонна
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
Су ресурстарының ластануы, ағынды суды тастау көлемі. Қалада ағын суларды тазартатын құрылысы бар кәсіпорындар қызмет етеді. Олар қалдықтарын жергілікті рельефтерге, су жинақтағыштарына, фильтрлеу алаңдарына тастайды.
Жайық өзенінде суды шартты түрде тазартып шығарудың 2 құрылысы бар: «Орал Су Арнасы» МКК-ның ауыз су дайындау станциясы және Орал ЖЭО-ның №2 ПР-10/35 турбинасының салқындату жүйесі.
Орал қаласында 2 ағын су жинағыштары, сонымен қатар екі ағын су аккумуляциясы бар.
Орал қаласындағы ағын сулар (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік) канализациялық тазарту құрылыстарында механикалық тазартудан, жасанды тоғандардан био тазалаудан өтіп, № 2 су жинағышына тасталады.
Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы. Орал қаласында қоқыстарды жинау коммуналды қызметтердің контейнерлерімен жүзеге асырылады, қалдықтар Орал-Саратов трассасынан 18 км қашықтықта «Фрунзенский» жерінде орналасқан ТТҚ полигонында сақталынады.
Полигон жерінің жалпы ауданы 33 га-ды құрайды және периметрі бойынша дамбамен қазылған.
Полигонды қолдану санитарлық ережелерға сай келмейді. Жобада қаралған ішкі алаңдық жолдар мен темірбетоннан жасалатын кіреберістер толық көлемде салынып болмаған. Қазіргі уақытта күзгі-көктемгі мезгілдерде ҚТҚ қою орнына кіру, полигон сыртына бару мүмкін емес. Онда дезинфекциялық кедергілер мен мал мәйіті жоқ. Артезиандық скважина құрылғылары, автокөлік жуу орындары, электрлік подстанция, электр өткізу желісі 90-жылдардың аяғында қираған, 2000 басынды жартылай қалпына келтірілген. Қойма орындары мен әкімшілік ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.
Егер 2008 жылы ҚТҚ түсуінің орташа жылдық көлемі 83,0 мың тоннаны, орташа тәулік көлемі 227,2 тонна құраса, 2009 жылы сәйкесінше - 100 мың тоннаны және 274 тоннаны құрады. Жергілікті кәсіпорындардың экономикалық қызығушылықтарының әлсіз болуына, техникалық дәреженің төмендігіне, қажетті құралдардың жоқтығына байланысты қалдықтардың 4%-дан азы ғана өңделеді және екінші рет қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда күл-қоқыстарды іріктеу мен қайта өңдеу кешендерінің құрылысы өзекті мәселе болып отыр.
2005-2009 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорғау шараларына 3855,9 млн. теңге, оның ішінде 2009 жылы – 3294,2 млн. теңге бөлінді.
14-кесте
Орал қаласының қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдық шығыны, млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж
|
2009 ж
|
Орал қ. бойынша барлық шығын
|
74,4
|
114,9
|
153,8
|
218,7
|
3294,2
|
Су ресурстарын қорғау және рациональді пайдалануға кететін шығын
|
53,3
|
94,3
|
91,1
|
111,0
|
108,8
|
Ауа атмосферасын қорғауға кететін шығын
|
4,6
|
5,5
|
6,6
|
6,6
|
5,2
|
Жерді өндіріс және тұтыну қалдықтарынан ластанудан қорғауға кететін шығын
|
8,2
|
15,1
|
24,5
|
87,7
|
70,0
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009 жылдан бастап Орал қаласының канализациялық тазарту құрылыстарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде (1-кезекте).
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Орал қаласының №1 және №2 ағын су жинағыштарының арасында салынатын №2 био тоған құрылысына қаражат бөлінді.
Туризм
Орал қаласында туризмнің эстримальді бағыттан басқа барлық бағыттары дамыған. Әсіресе, мәдени-ағартушылық, көпшілік спорт және тарихи-өлкетану істерін біріктірудегі спорттық туризм мен өлкетану туризмі белсенді дамып келеді. Бұл бағытта Облыстық балалар және жасөспірімдер туризм станциясы, «Атмекен» туристік орталығы, «Дарын» мәдени-оқыту орталығы, бірнеше мектептердегі туристік-өлкетану үйірмелері қызмет атқарады. Спорт туризмі оқушы жастардың демалысын ұйымдастыру саласында жақсы дамып келеді.
Соңғы кезде экологиялық туризм белсенді дамып келе жатыр, бірақ ол да мәдени-оқыту бағыты мен балалар және жасөспірім қатысушылары құрамына ие.
Қалада коммерциялық туризм белсенді дамып келеді. 2006-2009 жыл аралығында қаладағы туристік фирмалардың саны 10-на 20-ға дейін өсті. «Атамекен» туристік ортылығы, «Мечта» кемпингі, екі спорт-туристік база, қаладағы бар 16 қонақ үй мен отельдер ақылы туристік қызмет көрсетеді. Бұл қызметтер орналастырумен, тамақтанумен, тұрмыстық қызмет көрсетумен, инвентарьді жалға берумен, нұсқаушылардың қызмет көсетуімен шектеледі.
Ақша жағынан алғанда, қызметтің негізгі көлемі сыртқы туризмге кетеді (шамамен 60-65%). 20 туристік фирмалардың ішінде тек 2 фирма сыртқы туризмнен гөрі ішкі туримге бағытталған. Қалада толық көлемде қала немесе аймақ ішінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін ешқандай мекеме, қызмет, фирма жоқ.
Қалада облыста кездесетін минералды су, ем лайлары, қымызбен емдеу тәжірибесі есебінде емдеу-оңалту туризмі дамып келеді. Көлемі мен мұндай аулан түрлі туристік қызметті көрсету материалдық-техникалық және маман базасына қарамастан, бүгінгі күнгі көрсеткіштерді біршама басып озады. Самара, Саратов, Орынбор сияқты Ресей қалаларының жақындылығы, материалды-техникалық және маман базаларын нығайту мақсатында тартылған Батыс Қазақстан облыстарындағы дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсіптік өндіріс орталықтарындағы, Қарашығанақтағы шетел жұмысшылары мен мамандары қалада туризмнің ең перстективті бағыттарының бірі – туристік-рекреациялық бизнесті дамытып отыр.
2005-2009 жылдары аймақта туристік ұйымдардың 5 бірліктен 19 бірлікке (3,8 есе) дейін, туристік ағынның 1,1 есеге (9,5 мың адамнан 10,1 мың адамға) көбею тенденциясы белгіленді.
15-кесте
Орал қаласындағы туризмнің даму көрсеткіші
|
2005ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2005 жылға қар-ғы 2009 жылғы % -дық көрсеткіш
|
Туристік фирмалар саны, бірл.
|
5
|
10
|
17
|
19
|
19
|
в 3,8 раза
|
Қызмет көрсетілген туристер, мың адам
|
9504
|
9324
|
9608
|
8575
|
10037
|
105,6
|
Орындалған жұмыстар мен қызметтің көлемі, млн. тг
|
73,3
|
17,8
|
4,8
|
9,0
|
41,7
|
56,9
|
Орналасу нысандарының саны, бірл.
|
4
|
14
|
16
|
27
|
24
|
в 6 раз
|
Сыйымдылығы, мың орын.
|
258
|
442
|
597
|
825
|
886
|
в 3,4 раз
|
Қызмет көрсетілген келушілер саны, мың адам
|
18366
|
32580
|
41159
|
37608
|
33426
|
182,0
|
Қайнар көздері: Батыс Қазақстан облыстық статистика департаменті, Интернет ресурсы: www.stat.kz
2009 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 82%-ға өссе, ал орындалған жұмыс көлемі 43,1%-ға кеміді.
Туризм саласында оң тенденцияларға қол жекізгенге қарамастан, білікті басқару мен қызмет көрсету персоналдарының жеткіліксіздігі, туризм инфрақұрылымының дамымағандығы, бұқаралық ақпарат құралдарында және шетел туристік операторларында қала мен аймақтың туристік тартымдылығы туралы ақпараттың жоқтығына байланысты шешілмеген мәселелер әлі де қалып отыр.
Туризмді одан әрі дамыту мақсатында 2010-2012 жылдарға арналған туристік кластер дамуының шебер жоспары іске асырылып жатыр. Ондағы негізгі мақсат – отандық нарықта бәсекелестікке қабілетті туристік индустрия қызметін құру, сондай-ақ қаланың туристік келбетін қалыптастыру.
Туристік саланың дамуының артықшылықтары – халықаралық туристік көрмеден бастап спорттық жарыстар мен фестивальдерге дейінгі барлық мүмкін бағыттар мен құралдарды қолдана отырып, Орал қаласының тартымды келбетін, сонымен қатар Орал қаласының кең және алуан түрлі туристік-экскурсиялық ортасын құру, яғни тақырыптық этнографиялық саябақтар, архитектуралық музейді, сафари филиалы бар қазіргі заманғы хайуанаттар бағын, туристік кемпингтер желісін салу.
Сыртқы және ішкі қалалық және аймақтық туризм дамып келеді. Егер қала облыс бойынша туристік маршрут орталығы болса, бұл сала одан әрі дамыр еді. Оралда коммерциялық туризмнің барлық түрлерінің дамуына арналған бастапқы жағдайдың бәрі бар.
Сыртқы және ішкі қалалық және аймақтық туризм дамып келеді. Егер қала облыс бойынша туристік маршрут орталығы болса, бұл сала одан әрі дамыр еді. Оралда коммерциялық туризмнің барлық түрлерінің дамуына арналған бастапқы жағдайдың бәрі бар.
2.2.2. Орал қаласындағы әлеуметтік саласының анализі
Достарыңызбен бөлісу: |