4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте
3. Радиациялық қатерлі және экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін қосылатын үстемеақылар әлеуметтік төлемдер болып саналады, еңбекақыны есептегенде жаңа тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны) құрамайды және аудандық коэффициентті есептеуге арналған сомаға қосылмайды. Еңбекақыға қосылатын үстемеақылар және экологиялық қасірет аймақтарында жеңілдіктер ретінде қарастырылған қосымша демалыстар тек осы өңірлерде тұратын қызметкерлерге ғана белгіленеді. ____________________________________________ «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың 3-қосымшасы ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
__________________________________ «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың 4-қосымшасы Борыштың ауысуы туралы келісім Астана қаласы «___» ___________ 20___ жыл Бірінші жақтан бұдан әрі «1-Тарап» деп аталатын _____________ (еңбек міндеттерін орындау барысында денсаулығына келтірілген зиянды өтетіп алуға құқылы тұлғаның аты-жөні, жеке куәлігінің № және берілген күні), екінші жақтан Жарғы негізінде әрекет ететін бұдан әрі «2-Тарап» деп аталатын «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы атынан Қоғам Басқармасының төрағасы және үшінші жақтан _____________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «3-Тарап» деп аталатын _____________ (еңбек міндеттерін орындау барысында денсаулығына келтірілген зиянды өтетіп алуға құқылы тұлғаға протез жасау қызметін көрсететін субъектінің аталуы), барлығы бірігіп Тараптар деп аталып, төмендегілер жайында осы борыштың ауысуы туралы келісімді жасасты. Осы Келісімнің талаптарына сәйкес 1-Тарап _____________ үшін 1-Тарап пен 3-Тарап арасында _____ жылдың ____ _____________ жасалған келісімшартта көзделген _____________ сома көлеміндегі борышын (бұдан әрі – төлем сомасы) 2-Тарапқа ауыстыруға және 2-Тарап төлем сомасын 3-Тарапқа толық көлемде төлеуге міндеттенеді. 1-Тарап осы Келісімнің талаптарын жүзеге асыру мақсатында 2-Тарапқа келесі құжаттардың: 1) Жазатайым оқиға туралы актінің немесе жазатайым оқиға немесе қызметкердің денсаулығына Н-1 формасы бойынша еңбек қызметімен байланысты келтірілген басқа зиян туралы актінің; Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының; Келісімшарттың; 3-Тараптың протезді дайындау бойынша фактура-шотының; Жеке куәліктің көшірмелерін ұсынуға міндетті. 2-Тарап пен 3-Тарап өзара есеп айырысудың салыстырмалы актілеріне қол қоя отырып, тиісті есеп айырысуларды Келісімге қол қойылғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзара жүргізуге міндеттенеді. Тараптар 3-Тарап төлем сомасын 2-Тараптан 1-Тараптың Келісімшартта көзделген төлемдері бойынша міндеттемелерінің сомасы ретінде қабылдауға келісті. 1-Тарап 2-Тараптың Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапты емес. Осы Келісімнің кез келген өзгертулері мен толықтырулары жазбаша түрде жасалса және Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын тиісті түрде мөр бедерін қоя отырып қойса жарамды болып саналады (заңды тұлғалар үшін). Тараптар осы Келісімде көзделмеген басқа мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың осы Келісім бойынша өз мойындарына алған міндеттемелерді орындағандарына дейін әрекет етеді. Келісім заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарапқа 1 (біреуден) 3 (үш) данада жасалған. Егер Келісім мәтініне байланысты түсініспеушілік туындап жатса Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басымдыққа ие болады. 1. Тараптардың реквизиттері мен қолдары
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың 5-қосымшасы Кәсіби одақ органының уәжді пікірді ұсыну тәртібі Жұмыс беруші кәсіби одақ органына кәсіподақ мүшесімен еңбек келісімшартын Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында қарастырылған жағдайларға байланысты бұзуға, сонымен қатар еңбек келісімшартын Еңбек кодексінің 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тоқтатуға уәжді пікірді ұсынуға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша арыз ұсынады. Кәсіподақ органы арызды тіркейді, отырыс күнін белгілейді. Арыз жеті жұмыс күні ішінде қарастырылуы керек. Кәсіподақ органының отырысына кәсіподақ мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде заңды болып саналады. Арызды қарастыруға Жұмыс берушінің өкілі мен материалдар ұсынылған қызметкер-кәсіподақ мүшесі қатысады. Қызметкер кәсіподақ органының отырысына дәлелді себепсіз келмесе, мәселе қарастырылмайды. Шешім дауыстардың басым бөлігі бойынша қабылданады. Кәсіподақ органының қаулысына отырысқа қатысып отырған мүшелері қол қояды. Хаттаманың үзіндісіне кәсіподақ төрағасы қол қояды да қызметкер мен Жұмыс берушінің өкіліне шешім қабылданған күннен кейін үш күн ішінде береді.
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың 6-қосымшасы
2. Келістіру комиссиясы жеке еңбек дауларын қарайды. 3. Келістіру комиссиясы «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-та (бұдан әрі – Қоғам), оның филиалдарында басымдық бастамада Қоғам (жұмыс беруші) мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. 4. Келістіру комиссиясының өкілеттік мерзімі – 3 жыл. 5. Келістіру комиссиясының ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді (жабдықталған бөлмені, ұйымдастыру техникаларын, қажетті әдебиетті беруді, іс жүргізуді ұйымдастыруды, қызметкерлердің өтініштері мен істерін есепке алу мен сақтауды, шешімдердің көшірмелерін дайындауды және беруді және басқа) жұмыс беруші жүзеге асырады. 2. Келістіру комиссиясын құру тәртібі, жұмысы, оның қабылдайтын шешімдерінің мазмұны мен тәртібі 6. Келістіру комиссиясын құру туралы шешім Жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілі арасындағы келісімде белгіленеді. 7. Келістіру комиссиясындағы Жұмыс берушінің өкілі филиалдың бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұйрығымен, Қоғамның орталық аппаратында Қоғамның бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұйрығымен белгіленеді. 8. Филиалда құрылатын келістіру комиссиясына қызметкерлердің өкілі кәсіподақ жиналыстарында (конференцияларында) сайланады, қажет болған жағдайда оларды ротациялау (ауыстыру) кәсіподақ комитетінің отырысында жүргізілуі мүмкін.
10. Келістіру комиссиясының мүшелері құрылғаннан кейінгі бірінші отырыста өз құрамдары ішінен төрағаны, төрағаның орынбасарын сайлайды. 11. Келістіру комиссиясын осы Ережеге сәйкес келістіру комиссиясының қызметін жалпы басқаратын төраға басқарады, келістіру комиссиясының төрағасы болмаған кезде комиссияның қызметін келістіру комиссиясы төрағасының орынбасары басқарады. 12. Келістіру комиссиясының хатшысы келістіру комиссиясының отырыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізеді, келістіру комиссиясына келіп түскен өтініштерді тіркейді, комиссия қызметіне байланысты қажетті құжаттарды жинайды, келістіру комиссиясы отырыстарының хаттамаларын ресімдейді. Хатшы келістіру комиссиясының құрамына кірмейді, Қоғамның орталық аппаратының/филиалдарының қызметкерлері арасынан тағайындалады және оның отырыстырына дауыс беру құқығынсыз қатысады. 13. Келістіру комиссиясына келіп түскен өтінішті келістіру комиссиясының хатшысы міндетті түрде жазылған күні тіркейді. 14. Келістіру комиссиясы өтінішті қараған кезде өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 160-бабы талаптарының сақтауын тексереді. 15. Дау өтініш берушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттік берілуі шеңберінде қаралады. 16. Келістіру комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және даудың тараптарына шешімнің көшірмелерін ол қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті. 17. Келістіру комиссиясының жұмысқа қайта алу туралы даудан басқа шешімдері онда белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. 18. Келістіру комиссиясының шешімдері белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайларда қызметкер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. 19. Келістіру комиссиясының отырыстары тараптар өкілдерінің тең пайыздық қатынастағы мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі. 20. Келістіру комиссиясының шешімдері келістіру комиссиясының отырыстарында басым дауыспен қабылданады және келістіру комиссиясының төрағасы (ол ауруына, іссапарына, демалысына байланысты болмаған кезде келістіру комиссиясы төрағасының орынбасары) мен хатшы қол қоятын хаттамада ресімделеді. 21. Келістіру комиссиясы мүшелерінің айрықша пікірі болған жағдайда отырыстың хаттамасына келістіру комиссиясы мүшесінің айрықша пікірі қоса ресімделеді. 22. Келістіру комиссиясының шешімінде қызметкердің талаптары қанағаттандырылды ма немесе бас тартылды ма, ішінара қанағаттандырылса қай бөлігі бойынша және қандай себептер бойынша екені анық көрсетілуі тиіс. 23. Шешімнің көшірмелері қызметкер мен жұмыс берушіге үшкүндік мерзімде беріледі. 24. Қызметкер немесе жұмыс беруші келістіру комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы. 25. Келістіру комиссиясының қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы жеке еңбек дауын қарау бойынша шешімі дереу орындалуы тиіс. 26. Жұмыс беруші қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімінің орындалуын кешіктірген кезде келістіру комиссиясы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 161-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа еңбекақысын немесе еңбекақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады. 27. Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті. _________________________________________ жүктеу 0,67 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |