4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте


VІІ тарау Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,67 Mb.
#12873
1   2   3   4   5

VІІ тарау

Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті



13. Жұмыс беруші:

1) қызметкерлерге:

а) І, ІІ топ мүгедектігіне байланысты жұмыстан босатылған, Қоғам ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 және одан да көп жыл қызметкерлерге лауазымдық қызметақысы (тарифтік мөлшерлемесі) көлемінде біржолғы жәрдемақы төлеуге;

б) еңбек келісімшарты Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көздерлен негіздер бойынша бұзылған кезде бір лауазымдық қызметақысы (тарифтік мөлшерлеме) көлемінде өтемақы төлеуге;

2) біржолғы материалдық көмек көрсетуге (отбасының материалдық көмек алуға құқылы мүшелері Қоғам қызметкерлері болатын болса, онда материалдық көмек тек біреуіне ғана көрсетіледі):

а) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің, сондай-ақ қызметкердің туған ағалары және туған апалары қайтыс болуына байланысты, оларға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген қорғаншылық ресімделсе 35 АЕК көлемінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке қайтыс болғаны туралы куәлік қоса берілуі тиіс). Қоғамның қызметкері қайтыс болған жағдайда қызметкермен бірге туу туралы растаушы құжатты ұсынған кезде отбасы мүшелерінің біреуіне төленеді. Қызметкер және оның отбасының барлық мүшесі қайтыс болған жағдайда растаушы құжатты ұсынған кезде жақын туысқанына Қоғамның қызметкері мен отбасының қайтыс болған мүшелерінің біреуіне ғана төленеді;

б) Қоғам қызметкерлеріне отбасы құруына байланысты бір ең төмен еңбекақы көлемінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке неке қию туралы куәлік қоса берілуі тиіс);

в) бала тууына, асырап алуына байланысты – екі еселенген ең төмен еңбекақы көлемінде, ал қызметкерде екі не одан көп бала туылған кезде үш еселенген ең төмен еңбекақы көлемінде (материалдық көмек көрсетуге негіз болып табылатын өтінішке баланың туу туралы куәлігі қоса берілуі тиіс);

г) Қоғам қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамаларында беекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулармен науқастануына байланысты медицина органының қорытындысы негізінде біржолғы науқастану фактісі бойынша жылына бір рет 20 АЕК көлемінде;

д) кәсіподақтың келісімі бойынша жұмыс берушінің актісіне сәйкес Қоғамның


18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар қызметкерлеріне жылына бір рет 10 еселенген АЕК көлемінде жәрдемақы төлеуге;

а), б), в) тармақшаларында сипатталған оқиғалар бойынша материалдық көмек көрсету туралы өтініш оқиға орын алғаннан кейін 90 күннен кешіктірілмей берілуі керек;

Материалдық көмек оқиға орын алған күнгі АЕК/ ЕЕТК белгіленген көрсеткіштері көлемінде төленеді.

3) Қоғамның қызметкеріне кезекті төленетін еңбек демалысын берген кезде Қоғамдағы жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл және лауазымдық қызметақысының көлемі


50 еселенген АЕК-тен төмен, сондай-ақ медициналық көрсеткіштері, санаториялық карталары толтырылған, жолдама үшін шот төленген болса санаториялық курорттық емделу жолдамасын сатып алуға кем дегенде 3 (үш) еселенген ең төменгі еңбекақы көлемінде материалдық көмек көрсетуге;

4) әйелдерді 8 наурыз әйелдердің халықаралық күніне орай 2 АЕК көлемінде біржолғы ынталандыруды осы мақсаттарға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізуге;

5) теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл қызметкерлерге тістерін протездеуге (қымбат металдарды қоспағанда) жиырма төрт айда бір рет төлем жасауға;

Материалдық көмек тістерді протездеу бойынша қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар (шот фактуралар, атқарылған жұмыстар актісі және фискалды чек) негізінде, бірақ 20 еселенген АЕК-тен артық емес;

6) 1 және 2-топ мүгедектігін алған Қоғам қызметкерлерін мүгедектігіне байланысты еңбек келісімшартын бұзу кезінде жұмыс істемейтін зейнеткер ретінде жеңілдіктер беріп, Қоғам филиалдарына есепке қоюға;

7) кәсіподақ органдарымен қызметкерлерді үкіметтік және салалық марапаттармен марапаттау туралы ұсыныстарды, сондай-ақ Жұмыс берушінің осы мәселелер бойынша әзірленген актілерін келісуге;

8) қызметкерге мерейтой жасына толуына байланысты: әйелдер 50 жас, ерлер 60 жас, адал еңбегі үшін айлық тарифтік мөлшерлеме (қызметақы) көлемінде біржолғы сыйақы төлеуге;

9) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамындағы мемлекеттерінің темір жол көлігіне жолаушылар/жүрдек пойыздардың, сондай-ақ «Бизнес» класты «Тальго» вагондарынан құралған пойыздарының купелік вагондарында тура бағыт бойынша (екі бағытқа да, сонымен қатар, жөнелту станциясынан жолда жүру құжатын (билетті) сатып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда жолақысын сол жол бойынша басқа станциялардан сатып алынған жолда жүру құжаты (билетті) негізінде жүзеге асыруға болады) біржолғы билетпен жылына бір рет жол жүру ақысын төлеуге;

10) мектеп демалысы кезінде Қоғамның бюджетінен бөлінген қаражат шеңберінде:

а) балаларды сауықтыру орталықтарында Компания қызметкерлері балаларының жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға;

б) Компания қызметкерлерінің балаларын демалу орнына және қайту жолында медициналық қызметкермен бірге алып жүруге қаражат бөлуге;

Балалардың сауықтыру орталықтарында болған кезеңге жолдамалардың құнының есебінен жазатайым жағдайлардан ерікті түрде сақтандыруды қамтамасыз етуге;

11) бюджетте бір балаға кем дегенде АЕК-тің 50 пайызы көлемі есебінен балалардың жаңажылдық ертеңгілігін ұйымдастыруға және Қоғамның орталық аппараты мен филиалдары қызметкерлердің 10 жасқа дейінгі балаларына бір сыйлықтың құны кем дегенде 1 АЕК-тен кем емес көлемдеде жаңажылдық сыйлықтарды сатып алуға қаражат қарастыруға;

12) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қан беру үшін қан тапсырған күндері жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларына сәйкес өзге де кепілдіктерді ұсынуға;

13) Қоғамның Чернобыль апатын жоюға қатысқан қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге;

14) Ауғанстаннан әскер шығару күніне орай, сондай-ақ Тәжік – Ауған шекарасындағы әскери қимылдарға және әскери шиеленістерге қатысқан Қоғамның интернационал – жауынгерлері қатарындағы қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК көлемінде;

15) Қоғамның бюджетінде Қоғамның Компанияның спорт мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерімен келісілген спорттық бұқаралық іс-шаралар мен жарыстардың бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес спорт шараларын өткізуге, спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға, Қоғам қызметкерлерінің дене шынықтыру сабақтарына қатысулары үшін залдарды жалға алуға байланысты шығындарды қарастыруға;

16) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес 50 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетуге;

17) кәмелетке толмаған 3 және одан да көп баласы (мектеп жасындағы бір баладан кем емес) бар қызметкерлерге жылына бір рет 1 қыркүйек қарсаңында 10 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетуге;

18) қызметкерлердің Компания, Қоғам ұйымдастырған спорттық, әлеуметтік мәдени шараларға, жастар форумына, конференцияларға, тренингілерге және Қоғамның құрама командасының республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуларын олардың жұмыс орындары (лауазымы) мен еңбекақыларын сақтай отырып қамтамасыз етуге;

19) шақыру хаты болса және шақырушы тарап іссапар шығындарын растаса және/немесе бюджетте аталған шығындарға қаражат қарастырылған болса қызметкерлердің еңбекақыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтай отырып, Қоғам ұйымдастырған спорттық, әлеуметтік мәдени шараларға, жастар форумына, конференцияларға, тренингілерге, сонымен қатар республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы үшін іссапарға жіберуге;

20) қызметкерлерді Жұмыс берушінің кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру түрлерін қолдануға;

21) Қоғам бюджетінде қаражат болған кезде барлық қызметкерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

22) еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны:

а) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кiнәлi екендiгi анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезiнде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;

б) соттың ұйғарымы бойынша қызметкердi мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшiн;

в) заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен қызметкердiң кiнәлi екенi анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшiн және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшiн;

г) қызметкердiң iшiмдiк, есiрткi және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде;



д) жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы кезіндеге еңбекке уақытша жарамсыздық уақыты үшін төленбейдi.

23) әлеуметтік сипаттағы жалпышаруашылық баптары бойынша шығындарды тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде қаржыландыруға;

24) Қоғамның өндірістік қаржылық көрсеткіштері нашарлаған жағдайда Қоғамның қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жеңілдіктердің шығыстар сметасын қарай қайта қарауға міндетті.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау