«Әскерилендірілген темір жол күзеті»
акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы
арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған
Ұжымдық шарт
І тарау. Жалпы түсініктер
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің өкілдері арқылы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша түрдегі келісім формасындағы құқықтық акт.
Жұмыс беруші – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам);
Компания – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Қызметкерлердің өкілі, Кәсіподақ – «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ӘТЖК» филиалы;
Қызметкерлер – жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұрған және еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға;
Қызметкердің отбасы мүшелері – қызметкердің жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары, мүгедек балалары, ата-анасы;
Жұмыс істемейтін зейнеткерлер - зейнеткерлік жасқа толуы бойынша, жұмысқа байланысты жарақат алуына, кәсіби аурумен науқастануына немесе Қызметкердің кінәсінсіз денсаулығына залал келуіне байланысты мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған қызметкерлер;
Балалар – Қоғам қызметкерлерінің балалары;
Балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған қызметкерлер – баланы/балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған тұлға (некеге тұрмаған әйел/еркек, ажырасқан әйел/еркек, жесір, асыраушы);
Асыраудағы тұлғалар – Қоғам қызметкерлерінің еңбекке жарамсыз туысқандары (қызметкердің кәмелеттік 18 жасқа толмаған балалары, жас кезінен І және ІІ топтағы мүгедек деп танылған кәмелеттік жасқа толған үйленбеген балалары немесе І топтағы мүгедектер; кәмелеттік 18 жасқа толмаған мүгедек баласы, 3 жасқа толмаған баласының күтімі бойынша демалыстағы жұбайы/ері, еңбекке жарамсыз ата-анасы, қызметкердің жеңілдіктерді алуға құқығы бар, асырауындағы немесе қамқорлығындағы және онымен бірге тұратын тұлға);
Әлеуметтік пакет – Қоғамның қызметкерлер мен зейнеткерлерге еңбек тиімділігін уәждеу, ұстау және арттыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қорғау мақсаттарында ұсынатын кепілдіктері, жеңілдіктері және өтемақылары.
ІІ тарау. Жалпы ережелері
1. Жұмыс берушінің атынан «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы мен Қоғам қызметкерлерінің атынан Кәсіподақ өкілі, бірлесе отырып Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы ұжымдық шартты жасасты.
2. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шарт (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы» Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Әлеуметтік экономикалық мәселелер бойынша 2018 – 2020 жылдарға арналған салалық келісім негізінде жасалды.
3. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып саналады, Тараптардың тең құқықтары мен мүдделерін сыйлау қағидаттарын негізге ала отырып жасалды, Қоғамның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Шарт 2018 – 2020 жылдарға арналып жасалды және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
5. Шарттың күші:
а) Жұмыс берушіге;
б) Қоғам қызметкерлеріне – Ұжымдық шартты жасаған кәсіподақ мүшелеріне және оның құрамына жазбаша өтініш негізінде кірген қызметкерлерге;
в) кәсіподақтың босатылған, сайланбалы және штаттық қызметкерлеріне қолданылады.
Қосылу тәртібі Шарттың 1-қосымшасында қарастырылған.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған, сондай-ақ «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін осы Шартта жеке әлеуметтік пакет қарастырылған.
6. Осы Шарттың Қоғамның қызметкерлеріне VI тарауы 12-тармағының 8) – 15), 18), 20) – 21) тармақшаларынан, VIІ тарауы 13-тармағы 1) тармақшасының б) тармақшасы мен
9), 11) – 16), 18) – 22) тармақшаларынан басқа еңбекақы және әлеуметтік пакетті төлеу бойынша ережелері Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлеріне қолданылмайды.
7. Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуы мен орындауы үшін міндетті болып саналады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез келген тармағын бір жақты өзгертуге немесе іс-әрекетін уақытша тоқтатуға құқығы жоқ.
Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың ортақ келісімі бойынша енгізіледі. Екі Тараптың бірінің келіссөздерді бастау туралы талабы екінші Тарап үшін міндетті. Шартқа енгізілген барлық өзгерту мен толықтыруды Жұмыс берушінің және Кәсіподақтың өкілдері бірігіп қарастырады, қосымша келісім етіп ресімдейді де оған Тараптар қол қояды, аталған қосымша келісім Шарттың ажырамас бөлігі болып саналады және Шартқа тең заңды күшке ие болады.
Шарт ережелерін талқылау Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Қоғам қайтадан құрылған жағдайда жаңа Шарт жасалғанға дейін өз күшінде болады.
ІІІ тарау
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,
еңбекақы, қосымша ақы және үстемеақы
9. Жұмыс беруші:
бірінші разрядты қызметкердің айлық тарифтік мөлшермесінің төменгі мөлшерін Қазақстан Республикасының сәйкес қаржы жылының республикалық бюджеті туралы Заңында белгіленген, ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен белгілемеуге;
қызметкердің айлық тарифтік мөлшерлемесін Қоғам филиалдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша тарифтік торға сәйкес 1-разрядты қызметкердің тарифтік торға сәйкес айлық тарифтік мөлшерлемесін біліктілік разряды бар қызметкерге тағайындалып белгіленген тарифтік (разрядаралық) коэффицентіне көбейту арқылы анықтауға;
негізгі еңбекақының үлесін қызметкерлердің біржолғы ынталандыру төлемақыларын есепке алмағандағы еңбекақыларының 75 пайыздан кем емес мөлшерде қамтамасыз етуге; Қоғам қызметкерлеріне арналған еңбек ақы төлеудің ең төменгі кепілдігі ретінде – еңбекақы төлеу бойынша тарифтік тордың негізінде белгіленген, тарифтік мөлшерлемелер мен қызметақыларды қолдануға;
мамандығы мен жұмыс өтілі жоқ қызметкерге мамандықты игеру кезеңінде еңбекақыны ол мамандық үшін арнайы білім талап етілмеген жағдайда ол қабылданған мамандық бойынша ең төменгі разряд бойынша белгілеуге;
Қызметшілердің еңбекақы төлеу бойынша разрядтарын тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамаларының талаптарына және лауазымдық қызметақыларының белгіленген схемасына сәйкес белгілеуге;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жағдайлармен байланысты жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге өндірістік объектілерді жұмыс жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша тарифтік мөлшерлемелердің (лауазымдық қызметақылардың) қосымша ақысын белгілеуге;
4) еңбек нормаларын (уақыт өндірімі, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін техника, технология, еңбекті ұйымдастыруда, жұмыс орындарын ұтымды етуде, жаңа техниканы, технологияларды енгізуде және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларда қол жеткізген деңгейді ескере отырып жүргізуге. Еңбек нормалары өзгертілетін қызметкерлерді өзгертулер қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабардар етуге. Қолданылатын нормативтік материалдарды (салааралық, ведомстволық, салалық, жергілікті), сондай-ақ оларды енгізу, әзірлеу және қайтадан қарау мерзімін тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша белгілеуге;
5) тарифтік мөлшерлемелердің (лауазымдық қызметақылардың) мөлшерін көбейту/азайту туралы шешімдерді Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, Қоғамның қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне қарай қабылдауға;
6) Қоғамның қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді есептік кезеңнен кейінгі айдың
10-ына дейін қамтамасыз етуге;
Еңбек келісімшартын бұзу кезінде қызметкерге тиесілі барлық соманың төленуін оны тоқтатқаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;
7) міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
8) еңбекақыны есептеген кезде экологиялық қатерлі және радиациялық тәуекелді аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қосымша ақыларын (2-қосымша) қолдануға;
Арал маңындағы экологиялық аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы қызметкердің сағатты тарифтік мөлшерлемесіне (лауазымдық қызмет ақысына) сәйкес есептеледі;
9) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік мөлшерлемелердің (қызметақылардың) қосымша ақылары мен үстемеақылары:
а) қосымша ақылар:
кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін – 30 пайызға дейін;
қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе жұмыс көлемін ұлғайтқаны үшін –
30 пайызға дейін;
уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі қызметімен қоса тақарғаны үшін – 30 пайызға дейін төлеуге. Басшылардың штаттық орынбасарларына жұмыс орнында уақытша болмаған басшылардың міндеттерін атқарғандары үшін қосымша ақы төлеуді жүргізбеуге;
Қызметкерлерге уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғандары үшін қосымша ақыны уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру ауыстырған қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірген жағдайларда төлемеуге;
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, уақытша болмаған қызметтерін атқарғаны үшін қосымша ақы негізгі жұмысы бойынша кем дегенде тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 30 пайызы көлемінде атқарған жұмысының көлеміне қарай қызметкердің келісімі бойынша белгіленеді.
пойыздарда жүктерді алып жүру мен күзетумен тікелей байланысты күзетшілерге тарифтік мөлшерлемеге (қызметақыға) 12 пайыз мөлшерінде төлеуге;
б) үстемеақылар:
аса маңызды жұмысты орындағаны үшін оны өткізу мерзімінде (басшыларға, мамандар мен қызметшілерге) – 30 пайызға дейін;
«Құрметті теміржолшы» және «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталған қызметкерлерге тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының)10 пайызын;
өндірістік персонал қызметкерлеріне жұмыс тәжірибесі, жеке іскерлік сапасы, даярлыққа қабілеттілігі, жұмыста оңтайлы шешімдерді негіздей және қабылдай алғаны үшін негізгі қызметі бойынша тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 30 %-ы көлемінде, сонымен қатар, аталған үстемеақылар Қоғам филиалдарының өндірістік персоналының (атқыштар командалары) Қоғамда 15 және одан да көп жыл жұмыс өтілісі (2012 жылғы
01 шілдедегі жағдай бойынша) бар, қызметкерлеріне Қоғам филиалы директорының қызметтік хатына сәйкес Қоғам президентінің бұйрығы негізінде төленсін.
Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарды және күзетшінің қызметіне қатысты басқа да қағидаларды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда, сондай-ақ қызметкер басқа лауазымға ауысқан немесе қызметкерді сол лауазымға қайта қабылдаған сәттен бастап үстемеақы төлеу тоқтатылады;
в) өтемдік қосымша ақыны «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ филиалдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережесіне сәйкес еңбекақыға белгіленген шығындар жоспары шеңберінде және Қоғам филиалдары қызметкерлерінің нақты жұмыс істеген уақытына арналған сағаттары нормаларының шеңберінде жүргізеді;
г) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұсынған кезде жылына бір рет демалысқа бір айлық тарифтік мөлшерлемеден аспайтын (лауазымдық қызмет ақыдан) көлемде үстемеақы төленеді.
Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерге, ұзақтығы 6 ай және одан да ұзақ еңбекақысы сақталмайтын демалыстан шыққан қызметкерге, бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге берілетін демалыстан шыққан қызметкерге демалысқа үстемеақы демалыстан жұмысқа қабылданған/шыққан күннен бастап 6 айдан кейін төленеді. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлініп берілген жағдайда үстемеақы қызметкерге аударылған демалыс сомасымен бір уақытта, толыққанды төленеді.
10) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру түрлерін қолдануға;
11) Қоғамның барлық санатты қызметкеріне еңбекақы төлеуге бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен күнтізбелік кезең үшін сыйлықақының келесі түрлерін қарастыруға:
- тоқсандық жұмыс қорытындысы бойынша;
- жылдық.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, сондай-ақ «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған республикалық бюджеті туралы заңында белгіленген он еңбекақының ең төменгі көлемінен (бұдан әрі – ЕЕТК) аспайтын, тиянақталған көлемде біржолғы сыйлықақы төлеуге. Сыйлықақы сыйлықақы беру туралы бұйрық шыққан күні штатта болған, келесі санатты қызметкерлерден басқа қызметкерлерге беріледі:
а) жүктілікке және босануға, сонымен қатар нәрестені перзентханадан тікелей асырап алуға байланысты демалыста жүрген қызметкерлерге;
б) бала Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жасқа толғанға дейін еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
в) қызметкердің өтініші бойынша еңбек келісімшарты тараптарының келісімдері бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
12) сыйлықақы төлеу үшін кезекті еңбек демалысында (жұмыс күндері), қызметтік іссапарда (оның ішінде біліктілікті арттыру курстарында), оқу демалысында болған кезеңдерді жұмыс істеген уақыт деп есептеуге;
13) еңбекақыны есептеу кезінде сыныптылық, кәсіби шеберлік, еңбектің зиянды жағдайлары, кәсіптерді қоса атқару, түнгі және жұмыс уақытынан тыс уақытта атқарылған жұмыс үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар есептеуге:
14) 9-а және 9-б-формаларындағы провизиялық билеттердің, 5-формадағы билеттердің – карточкалардың, 10-формадағы консультативтік билеттердің жойылуына байланысты мына станцияларда тұратын және жұмыс істейтін қызметкерлерге:
5-сыныпты станцияларда, жолайрықтар мен озу пунктілерінде – Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған республикалық бюджеті туралы заңында белгіленген 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бұдан әрі – АЕК);
4-сыныпты станцияларда – 1,5 АЕК;
3-сыныпты станцияларда – 1 айлық АЕК ай сайынғы қосымша ақы белгілеуге.
Егер қызметкер жоғарыда аталған станциялардың біреуінде тұрып, екіншісінде жұмыс істесе, үстемеақыны оның тұратын жері бойынша белгілеуге;
15) қызметкерлерге жұмыс уақытынан тыс уақытта атқарған жұмысы үшін, оның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде кем дегенде бір жарым мөлшерде төлеуге;
Тараптардың келісімдері бойынша жұмыс уақытынан тыс жұмысы үшін қызметкерге демалыс сағатын бір сағат жұмыстан тыс уақытқа кем дегенде бір сағат демалыс сағаты есебінен беруге рұқсат етіледі.
Жұмыстан тыс сағаттарды есептеу үшін жұмыс уақытының нормаларын болмаған сағаттарға (уақытша еңбекке жарамсыздық, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы,, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы) қарай түзету жүргізіледі.
16) қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз болған уақытына орташа айлық еңбекақының 50 пайызы көлемінде төлеуге. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде (мұндай жағдайда Қоғамның еңбекті қорғау жөніндегі арнайы қызметтері, даулы жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясы растаған кезде) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз болған уақытқа төлем жасалмайды);
17) еңбек келісімшартында белгіленген, қызмет көрсететін учаскелерден тыс жерлерде тұрақты түрде орындалатын, ауысып отыруына немесе жұмысты сапар желісі бойында орындауына байланысты, жүріп-тұратын жұмыстарды орындауда Қазақстан Республикасы бойынша АЕК-тің 35 пайызынан кем емес мөлшерде үстемеақы төлеуге;
18) негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімі бойынша Қоғам филиалдары директорларының бұйрығымен басқа қызметкерлерді оқытуға жұмылдырылған білікті қызметкерлерге қабылданған немесе ауыстырылған бір қызметкерді оқытқаны үшін (әр ай сайын) тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 10 пайызы көлемінде төлеуге;
19) ауысым немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерді мейрам күндері, сондай-ақ Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағында көзделген демалыс күндері қызметкерлердің жазбаша түрдегі келісімдерінсіз және жұмыс берушінің актілерін шығармай жұмылдыруға.
Ауысым кестесі (вахта кестесі) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді мейрам және демалыс күндері Еңбек кодексінің 86-тармағында көзделген жағдайдардан басқа жағдайларда жұмыс берушінің актілері негізінде қызметкердің жазбаша түрдегі келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмылдыруға.
Қызметкерге демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін екі есе мөлшерде төлеуге немесе қызметкердің қалауы бойынша қосымша демалыс күнін беруге міндетті.
IV тарау. Жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек және басқа да демалыстар
10. Жұмыс беруші:
1) жұмыс уақытының ұзақтығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге (жұмыстың нақты режімдері кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ішкі еңбек тәртібі қағидасында белгіленеді);
Жұмыс уақытын есепке алу және төлеу Кәсіподақтың келісімі бойынша Жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді;
2) өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беруге мүмкіндігі жоқ жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкердің жұмыс уақытында тамақтануына мүмкіндік беруге.
Көрсетілген уақыт (тамақтану уақыты) жұмыс уақытына есептеледі. Мұндай жұмыстардың түрлері, осындай үзіліс беру тәртібі мен ұзақтығы Жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.
3) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне толық еңбекақысы сақталған, 6 күндік жұмыс аптасында отыз алты сағаттан, 5 күндік жұмыс аптасында отыз бес сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге;
4) үздіксіз тасымалдау процесіне, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне, ауысымда тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге, объектілерді күзетуге және күзет қызметіне қатысты жұмыстарда жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды бір жыл есептілік кезеңімен қолдануға;
5) ауысымды жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір ауысымнан екіншісіне ауысу ауысым кестесінде белгіленеді. Ауысым кестесі оны қолданысқа енгізуден кем дегенде бір ай бұрын қызметкерлерге жариялануы тиіс;
6) ауысымды жұмыста істейтін қызметкерлер үшін жұмыс кезінде мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні, православиялық Рождество 7 қаңтар күндері Шарттың 9-тармағының 29) тармақшасына сәйкес еңбекақы төлеуге немесе бір еселенген төлемді төлей отырып, қызметкердің қалауы бойынша басқа күні демалыс ұсынуға;
7) толық емес жұмыс уақыты режімін енгізген кезде демалысты төлеу үшін (қолданылмаған демалыс үшін өтемақы) нақты жұмыс істеген уақыттың есебінен орташа күндік (орташа сағаттық) еңбекақы есептеледі.
8) қызметкерлерге ұзақтығы:
басшылар мен мамандарға – 30 күнтізбелік күн, қызметшілер мен өндіріс персоналына – 24 күнтізбелік күн (3-қосымша) деп белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігін Жұмыс беруші қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып бекіткен демалыс кестесінде немесе тараптардың келісімдері бойынша демалыс кестесінен тыс белгілеуге.
Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесін өзгерткен жағдайда Жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлауы тиіс.
Қызметкерге жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы алғашқы және кейінгі жұмыс жылдарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы (оның бөлігі) қызметкердің жазбаша түрдегі келісімі бойынша немесе оның өтініші бойынша ғана тоқтатылуы, ауыстырылуы, бөліктерге бөлінуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта берілуі мүмкін.
Пайданылмаған жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын немесе оның бөлігін екі жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады.
Қызметкерді жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, оның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосып беруге не болмаса өтемақы төлеуге. Шақыртуды еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыстың күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізуге.
Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеуді оның басталуынан бұрын үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге, еңбек демалысы демалыс кестесінен тыс берілген жағдайда оның берілетін күнінен үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;
9) қосымша жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын:
а) кем дегенде күнтізбелік алты күн ауыр жұмыстарда, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Өндірістер, цехтар, мамандықтар мен лауазымдар тізіміне, Ауыр жұмыстар, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстар, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін жұмыстар тізбесіне сәйкес қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген, еңбекақының көбейтілген көлемін төлеуге;
Қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы еңбегінің ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттаестациялау нәтижелерімен расталған қызметкерлерге беріледі.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары, сондай-ақ аттестациялауға кірмейтін жұмыс орындары бойынша аттестациялау жүргізбеген жағдайларда қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы Өндірістер, цехтар, мамандықтар мен лауазымдар тізіміне, Ауыр жұмыстар, еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмыстар, жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін жұмыстар тізбесіне сәйкес қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген, еңбекақының көбейтілген көлемін толыққанды төлеуге;
б) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кем дегенде күнтізбелік алты күн;
в) экологиялық апат аймақтарында (Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеңілдіктер мен өтемақыларға құқықты растайтын құжаттары болған кезде радиациялық тәуекелдері бар аймақтар үшін) жұмыс істейтін және тұратын қызметкерлерге;
Қосымша демалыстар ақысы төленетін кезекті төленетін еңбек демалысына кірмейді, олар бойынша есептеуді және ақы төлеу жыл сайынғы еңбек демалысын төлеуді есептеу тәртібінде жүргізіледі;
10) оқытуға, біліктілікті арттыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге де жіберген кезде қызметкерге купелік вагонда жол жүруге, тұруға (егер тұру құны оқыту құнына енгізілмесе) қатысты шығыстарын және оқу орнына жету және кері қайту уақытына белгіленген мөлшерде тәуліктік ақы төлеуге.
Оқыту, біліктілікті арттыру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жұмыс орнын (лауазымын) және еңбекақысын сақтауға.
Қызметкер оқыту, біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін Жұмыс берушіге, Тараптардың оқу келісімшартында келіскен мерзімде жұмыс істеуге міндетті.
Оқыту (біліктілікті арттыру) туралы келісімшартта көрсетілген мерзімде жұмыс істемеген қызметкермен жасалған еңбек келісімшартын бұзу кезінде Жұмыс берушіге оның оқытуына (біліктілігін арттыруына) байланысты шығындарды Еңбек кодексінің
51-бабында, 52-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 6), 20), 23), 24) тармақшаларында, 55-бабында, 57-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында 58, 59-баптарында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда еңбек келісімшарты бұзылған күннен бастап оқыту (біліктілікті арттыру) туралы келісімшартта көрсетілген мерзім ішінде жұмыс істемеген мерзімге бара-бар өтейді;
11) қызметкерге оның жазбаша өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге;
12) зейнеткерлік жасқа үш жыл қалған қызметкерге толық жұмыс күні (толық жұмыс аптасы) режімін сақтауға;
13) жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа, үстеме жұмысқа жұмылдырмауға және оларды іссапарға жібермеуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысынан шақыртып алмауға;
Жүкті әйелдерді іссапарға жіберуге егер мұндай жұмыс медициналық көрсеткіштері бойынша оларға тыйым салынбаса жол беріледі, сонымен қатар, аталған қызметкерлер іссапарға жіберуден бас тартуға құқылы.
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі белгіленбеген жағдайларда әйелдерге босануға дейін ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін ұзақтығы күнтізбелік елу алты (босануы ауыр болған немесе екі не одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік жетпіс) күн жүктілік пен босануға байланысты демалыс беруге.
Демалыстарды есептеу жиынтық түрде жүргізіледі және әйелге демалыс босануға дейін пайдаланылған нақты күндер санына және Жұмыс берушінің қол астында жұмыс істеген уақытының ұзақтығына қарамай беріледі.
Жүктілік пен босануға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін, не бала күтіміне байланысты демалыс аяқталғаннан кейін әйелге оның өтінуі бойынша жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын беруге.
Нәрестені (нәрестелерді) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) нәрестені асырап алған күннен және бала туған күннен кейін елу алты күн өткенге дейін демалыс беруге;
15) еңбектің аса қауіпті және аса зиянды жағдайлары бар жұмыстарда жұмыстан тыс сағаттарға жол бермеуге міндетті.
V тарау.
Жұмыстан босатылатын қызметкерлерді жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, кәсіби даярлау және қайта даярлау
11. Жұмыс беруші:
1) жұмысқа қабылдауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек жағдайларымен, Жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек міндеттеріне) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және осы Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы жүзеге асыруға;
2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек келісімшарттарының олардың мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы (еңбек міндеттері) бойынша жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа қабылдаған кезде Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшартқа отыруды қарастыруға;
4) қызметкерлермен еңбек келісімшарттарын жасаған кезде:
а) еңбек жағдайының сипатына, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлар тізбесіне;
б) белгілі бір жұмысты істеу үшін қажетті арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен, жеке қорғаныс құралдарымен, жуу құралдарымен қамтамасыз ету нормаларына;
в) пайдаланылмаған демалыс үшін демалыс беру немесе өтеу тәртібін;
г) материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру ережесін;
д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары, мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін мынадай жұмыс режімдерін қолдануға: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы шегіндегі кезекшілік; жұмыстың икемді кестесі, толық емес жұмыс күнін қарауға;
6) қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқартқан кезде еңбек келісімшарттарын бірінші кезекте:
а) сынақ мерзімінен өтуші;
б) Қоғамдағы жұмыс өтілі ең аз;
в) қолданылу мерзімдері аяқталмаған тәртіптік жазалары бар;
г) осы мамандық бойынша тиісті білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлермен бұзуға;
7) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 1), 4) – 25) тармақшаларында көзделген жағдайларан басқа жағдайларда жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (мүгедек баланы он сегіз жасқа дейін) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған санатты балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа тұлғалармен жасалған еңбек келісімшартын бұзбауға;
8) Қоғамның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штаты немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:
а) қызметкерді, онымен жеке еңбек келісімшартын бұзғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын жазбаша ескертуге;
б) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеуі үшін аптасына бір күн немесе әрбір жұмыс күнінің екі сағатын беруге;
в) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмысынан айрылған қызметкерге Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлеуге.
г) қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырған өндірістің, атқарылатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыс беруші – заңды тұлғаның немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның ісін тоқтатуына байланысты жұмыстан босатылатын қызметкерлер, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылатыны, жұмыстан босатылатын қызметкерлер саны мен санаттары туралы толыққанды ақпаратты олардың лауазымдарын, кәсіптері мен мамандықтарын және олар босатылатын мерзімдерін көрсете отырып жұмыстан босату басталардан кем дегенде бір ай бұрын жұмыспен қамту орталықтарына беруге;
9) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жұмысқа:
- еңбек келісімшарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы
1-тармағының 4), 8) – 16), 18, 23, 25 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерден басқа, теміржол көлігінде кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген, жасына байланысты зейнеткерлік демалысқа шығу құқығының басталуына дейін үш жыл қалған қызметкерлерге;
- «Құрметті теміржолшы», «Үздік күзетші» белгілерімен марапатталғандарға кепілдік беруге;
10) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа үш жыл қалған қызметкерлермен Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қажеттілікке байланысты жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құралған комиссияның оң шешімінсіз еңбек келісімшартын бұзуға жол бермеуге.
11) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда, қызметкерлер саны бірінші кезекте:
а) кадрлардың табиғи кемуі және оларды қабылдауды уақытша шектеу;
б) жұмыстан босатылатын қызметкерлерді Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шаралар;
в) кадрларды бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауыстыру;
г) қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;
д) жұмыстан босатуға баламалы, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану;
е) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ішінде ауыстыру;
ё) қызметкерді жаңа жұмыс орнына межеленген жеріне дейінгі жүру жолын (автокөліктен басқасына) төлей отырып ауыстыру;
ж) қызметкердің келісімі бойынша (штат саны қысқарған кезде) еңбекақысы төмен басқа тұрақты жұмысқа оның бұрынғы жұмысы бойынша орташа еңбекақысын оны ауыстырған кезден бастап бір ай төлей отырып ауыстыру есебінен реттеуге;
12) қызметкерлер штаты ұлғайған кезде, соңғы алты ай ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге бос жұмыс орындары туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға, бұл ретте аталған қызметкердің бос тұрған лауазымның біліктілік талаптарына сай келуін ескеру қажет (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін он күн ішінде Жұмыс берушіге жауабын бермесе, ол жұмысқа орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);
13) жұмыстан босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз етуге. Қызметкерлердің қайта мамандануын Қоғамның қаражаты есебінен олардың орташа табысының 75 пайызын төлеу арқылы жүзеге асыруға;
14) кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек келісімшартын Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында, сондай-ақ Еңбек кодексінің
58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатуды Шарттың 5-қосымшасында қарастырылған тәртіп бойынша кәсіподақ комитетінің уәжді пікірін ескеріп жүргізуге;
15) жұмыс орындарының қысқаруына немесе еңбек жағдайларының нашарлауына алып келетін, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерін тарату, меншік иесі формасын өзгерту, өндірісті толық немесе ішінара тоқтата тұру ниеті туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге. Бұл ретте Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге;
16) жұмыс берушінің аталуы, ведомостволық тәуелділігі өзгерген, заңды тұлғаның меншік акцияларының (қатысу үлесі) ауысымы, жұмыс беруші – заңды тұлға қайта құрылуы жағдайларында қызметкерлермен еңбек қатынастары өзгертусіз жалғастыруға;
17) әскери қызметке шұғыл шақырылғанға дейін Қоғамда жұмыс істеген қызметкерлер әскери қызметін шұғыл өтегеннен кейін оларды екі ай ішінде Қоғамға жұмысқа қабылдауға;
18) Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің атқарып отырған лауазымына немесе біліктілігі жетіспеушілігі салдарынан орындап отырған жұмысына сай келмеуіне байланысты еңбек келісімшарты бұзылған жағдайда құрамында қызметкердің өкілі болуы тиіс аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуі керек. Қызметкерлерді аттестациялаудың тәртібі, талаптары және оны жүргізудің кезеңділігі Қоғамның ішкі құжатымен бекітілген, Аттестация өткізу қағидасында белгіленеді;
19) кызметкердің, Кәсіподақ мүшесінің еңбек тәртібін бұзу (лауазымдық міндеттерін орындамау/тиісті түрде орындамау) бойынша талдау жұмыстарын жүргізген кезде комиссияның құрамына кәсіби одақ органының өкілін қосуға;
20) жеке еңбек дауларын қарау үшін Қоғамның орталық аппараты мен филиалдарында жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан тұратын келістіру комиссияларын құруға.
Келістіру комиссиясы мүшелерінің санды құрамы, оның жұмысының тәртібі, келістіру комиссиясының шешімдерінің мазмұны мен қабылдау тәртібі, келістіру комиссиясының өкілеттік мерзімі Келістіру комиссиясы туралы ережеде белгіленеді (осы Шарттың 6-қосымшасы);
21) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа келген ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлермен жасалған еңбек келісімшартын ұзартуға жол бермеуге міндеттенеді.
VІ бөлім
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
12. Жұмыс беруші:
1) еңбекті қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге:
2) жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жыл сайын мақсатты түрде арнаулы киім, арнаулы аяқкиім, жеке қорғану құралдары (дәрі-дәрмек немесе алғашқы медициналық көмек қобдишалары, жуғыш заттар) шығындарын есептемегенде, еңбекақы төлеу қорынан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге;
3) тұрақты жұмыс орындарын еңбек жағдайы бойынша аттестациялауды кем дегенде бес жылда бір рет өткізуге;
4) аттаестациялау комиссиясының ұсыныстары негізінде еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жатқызған кезде жұмыс орындарын қайта жабдықтау немесе жою бойынша шаралар қабылдауға;
5) жұмыс орындарында санитариялық нормаларға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, еңбекті қорғау жағдайларына бақылау жасауға, еңбек ұжымын оның жұмыс нәтижелері туралы дер кезінде хабарлауға. Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмегенде, қызметкерлерді міндеттерін орындауға жұмылдырмауға.
Әйелдер мен жасы 18-ге толмаған тұлғалардың ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға қабылдануына жол бермеуге;
6) қызметкерлердің жуғыш, дезинфекциялаушы құралдармен, басқа да жеке қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етуге.
Жеке қорғаныс құралдары уақытынан бұрын тозған, өнім сапасыз болған жағдайда оларды мерзімінен бұрын ауыстыруға.
Кәсіптерді қоса атқарғанда, негізгі жұмысты орындауға қатысы жоқ технологиялық, жөндеу құрылыс және басқа да қосалқы көмекші жұмыстарға жұмылдырылған кезде, сол жұмыстарды орындау үшін нормалармен көзделген қосымша жеке қорғаныс құралдарын беруге;
7) жұмыс уақытында Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес киюі міндетті болып табылатын белгіленген үлгідегі арнаулы (формалық) киімді (көзделген айырым белгілерімен және акссесуарларымен) қызметкерлерге ақысыз беруге немесе жүкқұжаты, шот-фактурасы мен фискальдік чегі болған кезде қызметкердің шығыстарын өтеуге;
Еңбек келісімшарты қызметкердің бастамасы бойынша бұзылған кезде (сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауысқан кезде, оның ішінде оған берілген арнайы киім нормаларда қарастылылмаған, басқа заңды тұлғаға ауысқан кезде) қызметкердің келісімі бойынша оған берілген арнайы киімнің қалдық құнын өтей отырып қызметкерге қалдыруға;
Еңбек келісімшарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған кезде Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес қызметкердің келісімі бойынша оған берілген арнайы киімді қызметкерге қалдыруға, бұл ретте қызметкер Еңбек кодексінің 52- бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 20), 24) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда Жұмыс берушіге оған берілген арнайы киімнің қалдық құнын өтеуге міндетті.
8) берілген арнайы киімді, арнайы аяқкиімді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбайтын тұлғаларды жұмысқа жібермеуге;
9) еңбек міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына келтірілген залалды өндіріп алу құқығы берілген адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына келтірілген залалға, сондай-ақ денсаулығының өндірісте зақымдануынан туындаған емдеуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмектерді сатып алуға, протездеуге, басқа адамның қарауына, санаториялық курорттық емделуге, арнаулы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына келтірілген залалды өтеп алу құқығы берілген адамдардың емделуге, санаториялық курорттық емделуге жұмсалған шығындары іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар бойынша төлеуге.
Қазақстан Республикасы аумағында, сонымен қатар зардап шегуші денсаулығына байланысты Қазақстан Республикасында жоқ санаториялық курорттық емделуге мұқтаж болса, онда Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан санаторийлерде жолдама бойынша санаториялық курорттық емделуге жұмсалған шығындарды Қоғам бюджетінде бөлінген қаражат шеңберінде өтеуге,
Еңбек міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына келтірілген залалды өтеп алу құқығы берілген қызметкерлердің протездеуге жұмсалған шығындарын төлеу үшін осы Шарттың 4-қосымшасында белгіленген форма бойынша Келісім жасалады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаның немесе кәсіби аурудың нәтижесінде зардап шеккен қызметкерлерге, егер зардап шеккен қызметкерлер оларға мұқтаж деп танылса, емделуге, протездеуге және медициналық және әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне байланысты шығындарын өтеуге;
Қоғам қызметкерінің өндірісте қайтыс болуына байланысты жұмыс беруші жерлеуге жәрдемақы төлеуден басқа, қайтыс болған қызметкердің отбасына жерлеуге байланысты шығындарын төлеуге және 3 (үш) орташа айлық еңбекақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төлеуге;
11) өндірістік жарақат алған 3-топ мүгедектерінің жұмысқа орналастырылуын, қажет болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге;
12) қызметкерде медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби ауру анықталған кезде жұмыс істеу қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектігі тағайындалғанға дейін орташа еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға;
13) еңбек міндеттемелерін орындаған кезде қызметкердің мертігуіне, кәсіби ауруға шалдығуына немесе денсаулығының басқаша зақымдалуына байланысты келтірілген залалды өтеу есебіне төленетін сомалардың қайта есептелуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жүргізуге;
14) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша жұмыс тоқтатылған жағдайда, қызметкерді орташа еңбекақысын сақтай отырып басқа жұмыс орнына ауыстыруға;
15) зардап шегуші немесе оның туысқаны өз өкілін белгілеген жағдайдан басқа кезде кәсіподақ қызметкерін Кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шегуші қызметкердің уәкілетті өкілі деп санауға;
16) жаңадан ұйымдастырылған өндірістерде олардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, арнайы киім мен арнайы аяқкиім беру нормаларын тағайындауға;
17) еңбек қауіпсіздігі туралы қағидалар мен типтік нұсқаулықтардың қайта өңделуін кәсіподақ органымен келісе отырып қамтамасыз етуге;
18) қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыруға;
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгертусіз басқа жұмысқа ауыстырған немесе кәсіби аурулардың белгілері пайда болған кезде қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі кезінде) медициналық тексеруден және ауысым алды, ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен жүргізуге;
Қызметкерлерді Қазақстан республикасының заңнамаларында және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жағдайларда Қоғамның қаражаты есебінен профилактикалық медициналық тексерулерге жіберуге.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте Қоғамның қаражаты есебінен кезеңдік медициналық тексеруді және тексерілуді жүргізуді ұйымдастыруға;
20) жылдың суық кезінде ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерлерге әрбір сағат сайын жылынуға он минут беруге, бұл уақытты жұмыс уақытына кіргізуге, аталған қызметкерлерді жылыну мен демалу үшін жабдықталған бөлмемен қамтамасыз етуге;
21) мүгедектердің еңбекақыларын уәкілетті органдарда қайта куәландырудан өту кезіндегі кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту күндері сақтауға, сонымен қатар төлемді екі жұмыс күнінен бұрын жүргізуге;
21) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға негізгі жұмыс орны бойынша орташа табысын сақтау арқылы еңбекті қорғаудың сақталуына қоғамдық бақылау жасау үшін айына 8 сағат беруге.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың арасынан ерекше көзге түскендерін құрылымдық бөлімше басшысының және кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұсынуы бойынша ақшалай сыйақымен ынталандыруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |