«Әскерилендірілген темір жол күзеті»
акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы
арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған
Ұжымдық шарт
І тарау. Жалпы түсініктер
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін,
қызметкерлердің өкілдері арқылы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын
жазбаша түрдегі келісім формасындағы құқықтық акт.
Жұмыс беруші – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы (бұдан
әрі – Қоғам);
Компания – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Қызметкерлердің өкілі, Кәсіподақ – «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,
әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «ӘТЖК»
филиалы;
Қызметкерлер –
жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұрған және еңбек
келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға;
Қызметкердің отбасы мүшелері –
қызметкердің жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған
балалары, мүгедек балалары, ата-анасы;
Жұмыс істемейтін зейнеткерлер -
зейнеткерлік жасқа толуы бойынша, жұмысқа
байланысты жарақат алуына, кәсіби аурумен науқастануына немесе Қызметкердің кінәсінсіз
денсаулығына залал келуіне байланысты мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына
байланысты жұмыстан босатылған, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған
қызметкерлер;
Балалар – Қоғам қызметкерлерінің балалары;
Балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған қызметкерлер
– баланы/балаларды
жалғыз өзі тәрбиелеп отырған тұлға
(некеге тұрмаған әйел/еркек, ажырасқан әйел/еркек,
жесір, асыраушы);
Асыраудағы тұлғалар – Қоғам қызметкерлерінің еңбекке жарамсыз туысқандары
(қызметкердің кәмелеттік 18 жасқа толмаған балалары, жас кезінен І және ІІ топтағы мүгедек
деп танылған кәмелеттік жасқа толған үйленбеген балалары немесе І топтағы мүгедектер;
кәмелеттік 18 жасқа толмаған мүгедек баласы, 3 жасқа толмаған баласының күтімі бойынша
демалыстағы жұбайы/ері, еңбекке жарамсыз ата-анасы, қызметкердің жеңілдіктерді алуға
құқығы бар, асырауындағы немесе қамқорлығындағы және онымен бірге тұратын тұлға);
Әлеуметтік пакет – Қоғамның қызметкерлер мен зейнеткерлерге еңбек тиімділігін
уәждеу, ұстау және арттыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қорғау мақсаттарында
ұсынатын кепілдіктері, жеңілдіктері және өтемақылары.
ІІ тарау. Жалпы ережелері
1. Жұмыс берушінің атынан «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік
қоғамы Басқармасының төрағасы мен Қоғам қызметкерлерінің атынан Кәсіподақ өкілі,
бірлесе отырып Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы ұжымдық шартты жасасты.
2. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы
арасында жасалған ұжымдық шарт (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), Қазақстан Республикасының «Кәсіби одақтар туралы»
Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Әлеуметтік экономикалық мәселелер
бойынша 2018 – 2020 жылдарға арналған салалық келісім негізінде жасалды.
2
3. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып саналады,
Тараптардың тең құқықтары мен мүдделерін сыйлау қағидаттарын негізге ала отырып
жасалды, Қоғамның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Шарт 2018 – 2020 жылдарға арналып жасалды және 2018 жылдың 01 қаңтарынан
бастап күшіне енеді.
5. Шарттың күші:
а) Жұмыс берушіге;
б) Қоғам қызметкерлеріне – Ұжымдық шартты жасаған кәсіподақ мүшелеріне және
оның құрамына жазбаша өтініш негізінде кірген қызметкерлерге;
в) кәсіподақтың босатылған, сайланбалы және штаттық қызметкерлеріне
қолданылады.
Қосылу тәртібі Шарттың 1-қосымшасында қарастырылған.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған, сондай-ақ «Құрметті
теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін осы Шартта
жеке әлеуметтік пакет қарастырылған.
6. Осы Шарттың Қоғамның қызметкерлеріне VI тарауы 12-тармағының 8) – 15), 18),
20) – 21) тармақшаларынан, VIІ тарауы 13-тармағы 1) тармақшасының б) тармақшасы мен
9), 11) – 16), 18) – 22) тармақшаларынан басқа еңбекақы және әлеуметтік пакетті төлеу
бойынша ережелері Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлеріне қолданылмайды.
7. Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуы мен орындауы үшін міндетті
болып саналады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез келген тармағын бір жақты
өзгертуге немесе іс-әрекетін уақытша тоқтатуға құқығы жоқ.
Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың ортақ келісімі бойынша
енгізіледі. Екі Тараптың бірінің келіссөздерді бастау туралы талабы екінші Тарап үшін
міндетті. Шартқа енгізілген барлық өзгерту мен толықтыруды Жұмыс берушінің және
Кәсіподақтың өкілдері бірігіп қарастырады, қосымша келісім етіп ресімдейді де оған
Тараптар қол қояды, аталған қосымша келісім Шарттың ажырамас бөлігі болып саналады
және Шартқа тең заңды күшке ие болады.
Шарт ережелерін талқылау Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Қоғам қайтадан құрылған жағдайда жаңа Шарт жасалғанға дейін өз күшінде
болады.
ІІІ тарау
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,
еңбекақы, қосымша ақы және үстемеақы
9. Жұмыс беруші:
1) бірінші разрядты қызметкердің айлық тарифтік мөлшермесінің төменгі мөлшерін
Қазақстан Республикасының сәйкес қаржы жылының республикалық бюджеті туралы
Заңында белгіленген, ең төменгі айлық еңбекақыдан төмен белгілемеуге;
қызметкердің
айлық
тарифтік
мөлшерлемесін
Қоғам
филиалдарының
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша тарифтік торға сәйкес 1-разрядты қызметкердің
тарифтік торға сәйкес айлық тарифтік мөлшерлемесін біліктілік разряды бар қызметкерге
тағайындалып белгіленген тарифтік (разрядаралық) коэффицентіне көбейту арқылы
анықтауға;
негізгі еңбекақының үлесін қызметкерлердің біржолғы ынталандыру төлемақыларын
есепке алмағандағы еңбекақыларының 75 пайыздан кем емес мөлшерде қамтамасыз етуге;
Қоғам қызметкерлеріне арналған еңбек ақы төлеудің ең төменгі кепілдігі ретінде – еңбекақы
төлеу бойынша тарифтік тордың негізінде белгіленген, тарифтік мөлшерлемелер мен
қызметақыларды қолдануға;