4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

11 


Келістіру  комиссиясы  мүшелерінің  санды  құрамы,  оның  жұмысының  тәртібі, 

келістіру  комиссиясының  шешімдерінің  мазмұны  мен  қабылдау  тәртібі,  келістіру 

комиссиясының  өкілеттік  мерзімі  Келістіру  комиссиясы  туралы  ережеде  белгіленеді  (осы 

Шарттың 6-қосымшасы); 

21)  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасында  зейнеткерлікпен 

қамтамасыз  ету  туралы»  Заңы  11-бабының  1-тармағына  сәйкес  зейнеткерлік  жасқа  келген 

ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  жұмыстарда  істейтін 

қызметкерлермен жасалған еңбек келісімшартын ұзартуға жол бермеуге міндеттенеді.   

 

VІ бөлім 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

 

12. Жұмыс беруші: 

1)  еңбекті  қорғау  жағдайын  жақсарту  жөніндегі  іс-шаралардың  орындалуын 

қамтамасыз етуге: 

2)  жұмыс  орындарында  еңбек  жағдайларын  жақсартуға  жыл  сайын  мақсатты  түрде 

арнаулы  киім,  арнаулы  аяқкиім,  жеке  қорғану  құралдары  (дәрі-дәрмек  немесе  алғашқы 

медициналық  көмек  қобдишалары,  жуғыш  заттар)  шығындарын  есептемегенде,  еңбекақы 

төлеу қорынан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге; 

3) тұрақты жұмыс орындарын еңбек жағдайы бойынша аттестациялауды кем дегенде 

бес жылда бір рет өткізуге;  

4)  аттаестациялау  комиссиясының  ұсыныстары  негізінде  еңбек  жағдайлары  зиянды 

және  қауіпті  өндірістік  факторларға  жатқызған  кезде  жұмыс  орындарын  қайта  жабдықтау 

немесе жою бойынша шаралар қабылдауға; 

5)  жұмыс  орындарында  санитариялық  нормаларға  сәйкес  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  етуге,  еңбекті  қорғау  жағдайларына  бақылау  жасауға,  еңбек  ұжымын  оның 

жұмыс  нәтижелері  туралы  дер  кезінде  хабарлауға.  Жұмыс  орнында  еңбектің  қауіпсіз 

жағдайлары 

қамтамасыз 

етілмегенде, 

қызметкерлерді 

міндеттерін 

орындауға 

жұмылдырмауға. 

Әйелдер  мен  жасы  18-ге  толмаған  тұлғалардың  ауыр  жұмыстарға  және  еңбек 

жағдайлары зиянды жұмыстарға қабылдануына жол бермеуге; 

6) қызметкерлердің жуғыш, дезинфекциялаушы құралдармен, басқа да жеке қорғаныс 

құралдарымен,  сондай-ақ  арнайы  киіммен,  арнайы  аяқкиіммен  белгіленген  нормалар 

бойынша қамтамасыз етуге. 

Жеке  қорғаныс  құралдары  уақытынан  бұрын  тозған,  өнім  сапасыз  болған  жағдайда 

оларды мерзімінен бұрын ауыстыруға. 

Кәсіптерді  қоса  атқарғанда,  негізгі  жұмысты  орындауға  қатысы  жоқ  технологиялық, 

жөндеу  құрылыс  және  басқа  да  қосалқы  көмекші  жұмыстарға  жұмылдырылған  кезде,  сол 

жұмыстарды  орындау  үшін  нормалармен  көзделген  қосымша  жеке  қорғаныс  құралдарын 

беруге; 


7)  жұмыс  уақытында  Жұмыс  берушінің  актілеріне  сәйкес  киюі  міндетті  болып 

табылатын белгіленген үлгідегі арнаулы (формалық) киімді (көзделген айырым белгілерімен 

және акссесуарларымен) қызметкерлерге ақысыз беруге немесе жүкқұжаты, шот-фактурасы 

мен фискальдік чегі болған кезде қызметкердің шығыстарын өтеуге; 

Еңбек  келісімшарты  қызметкердің  бастамасы  бойынша  бұзылған  кезде  (сол 

ұйымдағы  басқа  жұмысқа  ауысқан  кезде,  оның  ішінде  оған  берілген  арнайы  киім 

нормаларда  қарастылылмаған,  басқа  заңды  тұлғаға  ауысқан  кезде)  қызметкердің  келісімі 

бойынша  оған  берілген  арнайы  киімнің  қалдық  құнын  өтей  отырып  қызметкерге 

қалдыруға; 



 

12 


Еңбек  келісімшарты  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  бұзылған  кезде  Еңбек 

кодексінің  52-бабына  сәйкес  қызметкердің  келісімі  бойынша  оған  берілген  арнайы  киімді 

қызметкерге қалдыруға, бұл ретте қызметкер Еңбек кодексінің 52- бабы 1-тармағының 1), 2), 

3),  20),  24)  тармақшаларында  көзделген  жағдайлардан  басқа  жағдайларда  Жұмыс  берушіге 

оған берілген арнайы киімнің қалдық құнын өтеуге міндетті. 

 

8)  берілген  арнайы  киімді,  арнайы  аяқкиімді  және  басқа  да  жеке  қорғаныс 



құралдарын пайдаланбайтын тұлғаларды жұмысқа жібермеуге; 

9)  еңбек  міндеттерін  орындау  кезінде  өмірлері  мен  денсаулықтарына  келтірілген 

залалды өндіріп алу құқығы берілген адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына келтірілген 

залалға,  сондай-ақ  денсаулығының  өндірісте  зақымдануынан  туындаған  емдеуге,  қосымша 

тамақтануға,  дәрі-дәрмектерді  сатып  алуға,  протездеуге,  басқа  адамның  қарауына, 

санаториялық  курорттық  емделуге,  арнаулы  көлік  құралдарын  сатып  алуға,  басқа  кәсіпке 

дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге. 

Еңбек  міндеттерін  орындау  кезінде  өмірлері  мен  денсаулықтарына  келтірілген 

залалды өтеп алу құқығы берілген адамдардың емделуге, санаториялық курорттық емделуге 

жұмсалған шығындары іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар бойынша төлеуге.  

Қазақстан  Республикасы  аумағында,  сонымен  қатар  зардап  шегуші  денсаулығына 

байланысты  Қазақстан  Республикасында  жоқ  санаториялық  курорттық  емделуге  мұқтаж 

болса,  онда  Қазақстан  Республикасы  аумағынан  тыс  орналасқан  санаторийлерде  жолдама 

бойынша  санаториялық  курорттық  емделуге  жұмсалған  шығындарды  Қоғам  бюджетінде 

бөлінген қаражат шеңберінде өтеуге,      

Еңбек  міндеттерін  орындау  кезінде  өмірлері  мен  денсаулықтарына  келтірілген 

залалды  өтеп  алу  құқығы  берілген  қызметкерлердің  протездеуге  жұмсалған  шығындарын 

төлеу үшін осы Шарттың 4-қосымшасында белгіленген форма бойынша Келісім жасалады; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаның 

немесе  кәсіби  аурудың  нәтижесінде  зардап  шеккен  қызметкерлерге,  егер  зардап  шеккен 

қызметкерлер  оларға  мұқтаж  деп  танылса,  емделуге,  протездеуге  және  медициналық  және 

әлеуметтік көмектің басқа түрлеріне байланысты шығындарын өтеуге;  

Қоғам қызметкерінің өндірісте қайтыс болуына байланысты жұмыс беруші жерлеуге 

жәрдемақы  төлеуден  басқа,  қайтыс  болған  қызметкердің  отбасына  жерлеуге  байланысты 

шығындарын  төлеуге  және  3  (үш)  орташа  айлық  еңбекақы  мөлшерінде  біржолғы 

материалдық көмек төлеуге;  

11) өндірістік жарақат алған 3-топ мүгедектерінің жұмысқа орналастырылуын, қажет 

болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге; 

12)  қызметкерде  медициналық  қорытындыға  сәйкес  кәсіби  ауру  анықталған  кезде 

жұмыс  істеу  қабілеті  қалпына  келгенге  немесе  мүгедектігі  тағайындалғанға  дейін  орташа 

еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға; 

13)  еңбек  міндеттемелерін  орындаған  кезде  қызметкердің  мертігуіне,  кәсіби  ауруға 

шалдығуына  немесе  денсаулығының  басқаша  зақымдалуына  байланысты  келтірілген 

залалды  өтеу  есебіне  төленетін  сомалардың  қайта  есептелуін  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгілеген тәртіппен жүргізуге; 

14)  мемлекеттік  қадағалау  және  бақылау  органдарының  талабы  бойынша  жұмыс 

тоқтатылған  жағдайда,  қызметкерді  орташа  еңбекақысын  сақтай  отырып  басқа  жұмыс 

орнына ауыстыруға; 

15) зардап шегуші немесе оның туысқаны өз өкілін белгілеген жағдайдан басқа кезде 

кәсіподақ  қызметкерін  Кәсіподақ  мүшесі  болып  табылатын  зардап  шегуші  қызметкердің 

уәкілетті өкілі деп санауға;   

16)  жаңадан  ұйымдастырылған  өндірістерде  олардың  жұмыс  ерекшелігін  ескере 

отырып, арнайы киім мен арнайы аяқкиім беру нормаларын тағайындауға; 



жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау