87.Перифериялық қан айналымының бұзылуы: стаз, трамбоз, эмболия. Этиологиясы, белгілері және ықтимал нәтижелері
Тромбоз
Тромбоз – қан тіршілікте тамырдың саңылауында немесе жүректің қуысында қан жасушаларынан тұратын қатпалардың пайда болуын айтады.; ол қанның ағысына кедергі жасайды. Қан тамырында тромбының түзілуіне себеп болатын үштік (триада) белгілі.
Қан тамыры зақымдалып, қабырғасының өзгеруі. Оған облитерациялы артеросклероз, жарақат, инфекциялық және аллергиялық факторлар себеп болады.
Коагуляцияға қолайлы факторлардың әсерінен қан сапасының өзгеруі. Бұл факторлардың қатарына қан аурулары (мысалы, лейкоздар), ішкі органдардың аурулары (артеросклероз, ЖГА, қатерлі ісіктер) жатады.
Қанның тамырлардағы бір қалыпты ағысы турбулентті әрі баяу ағысқа айналып өзгеруі. Қан ағысының өзгеруіне қан тамырлары спазмының немесе сыртқы қысымның (компрессия) аневризма және қан айналымының жеткіліксіздігі әсер етеді.
Тромбыны түзетін механизм
1. Тромбоциттердің агглютинациясы. Қан тамырларының қабырғасы зақымдалып, қанның ағысы баяуласа – тромбоциттер өзгеріске ұшырайды. Олар қан тамырларының қабырғасына жабысып, қирап, плазмаға нәруызды ұйытатын фактор бөледі.
2. Фибриногеннің коагуляциясы. Плазмалық фактор мен тромбиннің әсерінен фибриноген фибринге айналып, жентек (тромб) түзіледі.
3. Эритроциттердің аглютинациясы.
4. Нәруыздардың препитациясы. Құрамындағы фибрин полимерлене келе, тромб қатайып, қан тамырының зақымды жеріне бекиді. Тромбының құрамына фибрин мерн қанның жасушалары кіреді. Макробейнесіне қарай, тромб құрамында лейкоциттер мен тромбоциттер басым – ақ түрі, фибринннің арасында эритроциттер көп – қызыл түрі, қызыл және ақ түсті қатпарлардан құрылған аралас түрі болады. Аралас тромбыны ақ тромбыдан түзілген басы деп аталатын, аралас тромбыдан құрылған денесі және қызыл тромбыдан қалыптасқан құйрығы деп аталатын бөлімдері құрайды. Тромбы мен өлгеннен кейін ұйыған қан жентегінің арасында айырмашылықтар бар. Тромб құрғақ, оңай үгітіледі және қан тамырының қабырғасымен жалғасып бекиді. Ал өлгеннен кейінгі қан жентегі қан тамырының қабырғасына бекімей бос жатады, іркілдек келеді. Тромбоздың органдар әрекетіне әсері оның әрі қарай даму ерекшеліктеріне байланысты. Тромбоздың ең қолайсыз зардабы – тромбының тамырдан толық немесе бөлшектеніп үзіліп, тромбылы эмболға айналуында.
Эмболия – қан ағысына қалыпты жағдайда болмайтын зат түсіп, қан тамырының саңылауын бітейтін үдеріс. Ол зат эмбол деп аталады. Эмболды түзген затына қарай, эмболияның: тромбылы, майлы, ауалы, газды, микробты, тіндік және бөгде заттық деп аталатын түрлерін ажыратады.Тромбылы эмболия. Эмболға толық үзілген тромб немесе оның бөлшектері айналады. Әдетте, тромбылы эмболия аяқтағы немесе кіші жамбас қуысының клетчаткасындағы немесе жүректің оң жақ қуыстарындағы тромбыдан басталады. Кенеттен болатын өлім жүрек қызметі жеткіліксіз науқастарда операциядан кейінгі кезеңде жиі байқалады. Артериялық тромбылы эмболияның көбі жүректің оң жақ бөлімінде (жүрек кемістігі, миокард инфарктісі, артеросклероз кезінде) қалыптасқан тромбылардан басталады.Газды эмболия барометрлік қысымы жоғары ортадан (сүңгуірлер жұмыс істейтін) қысымы қалыпты ортаға күрт ауысқанда дамиды. Өйткені қандағы еріген азот босап газ көпіршіктеріне (эмболға) айналып, капиллярларды бітейді.Ауалы эмболия. Қан арнасына ауа өтеді (жарақаттанғанда, инъекция жасаған шприцтен).Тіндік эмболия. Қан арнасына жарақаттанған кезде зақымдалған тін немесе қатерлі ісіктің жасушалары түседі.Микробтық эмболия. Капиллярлардың саңылауын қан айналымындағы қарапайымдылар, бактериялар, саңырауқұлақтар немесе жануарлық паразиттер бітейді.Бөгде денелік эмболия (оқ, снаряд жарықшағы, т.б.)Майлы эмболия. Капиллярларды жарақаттанған кезде жаншылған жіліктің майлы кемігінен қан арнасына өткен май тамшылары бітейді. Бітелген кезде қабырғасындағы рецепторлар тітіркенгендіктен, қан тамырларында спазм дамиды.Бұл рефлекс басқа қан тамырларына да әсер етеді. Сөйтіп, эмбол өкпенің артерияларын бітеген сәтте өкпе – коронарлық рефлекс дамып, жүрек күрт тоқтайды.
Егер эмбол өз салмағының әсерінен қан ағысына қарсы, төмен қарай жылжыса, ондай эмболия – ретроградтық эмболия деп аталады.Егер оң жақ пен сол жақ жүрекшелер арасындағы перде бітелмегендіктен, қанның көктамырлық арнасындағы эмболартериялық арнаға өтіп кетсе, ондай эмболияны – парадокстық эмболия деп атайды.
Эмболияның ақыры төмендегідей.
Артериялық эмболия солэмболия дамыған артерияның қанмен қамтамасыз ететін орнын ишемияға ұшыратады.
Көктамырлық эмболия кезінде эмболмен бітелген көктамырлардың құрамында қан іркіледі.
Микроқан айналымның бұзылуы
Микроқан айналым – капиллярлар, артериолалар мен венулалар жүйесіндегі қан айналым. Микроциркуляциялық арнаның соңғы буыны – капилляр. Капиллярлардағы заттар мен газдардың қан мен организм тіндерінің жасушалары арасында алмасуы тін аралық сұйықтық арқылы жүзеге асады. Микроқан айналымды тұқымқуалайтын және жүре болатын аурулар бұзады. Микроқан айналымның тұқымқуалайтын патологиясына қан плазмасына, жасушалық элементтерге, қан тамырларының қабырғасына тән қасиеттерді бұза алатын гендік аппараттың тұрақты өзгерістері себеп болады. Микроқан айналымның жүре болатын өзгерістерін экстремал жағдайлар,қабыну үдерістері, гипертония мен қантты диабет, тағы басқа да аурулар дамытады. Микроқан айналымдық өзгерістер қан тамыр ішілік, қан тамырлық және қан тамырынан тысқы түрлерге бөлінеді.Микроқан айналымның қан тамыр ішілік өзгерістері кезінде қанның капиллярдағы ағысы өзгереді, яғни микротамырлардағы ағысының жылдамдығы артады (артериялық гиперемия, қабыну, қызба кездерінде) немесе баяулайды. Микроқан айналымның қан тамыр ішілік өзгерістеріне көктамырлық гиперемия мен ишемия да себеп болады.
Капиллярлардағы стаз – қан ағысының тоқтауы; ол жергілікті үдеріс.Стаз – қан тамырларының қабырғасы немесе қанның өзі өзгергенде дамиды.Ондай өзгерістерге микроорганизм токсиндерінің немесе әр түрлі тітіркендіргіш заттардың әсері себеп болады. Өйткені эритроциттер ағыста қалқып, шоғырлар (агрегат) түзе алмайтын болады. Ми капиллярларында дамыған стаз өте қауіпті, өйткені бір-біріне жабысып, тиын тәрізді тізбектелген эритроциттер қан тамырларын кернеп, кеңейтеді. Нәтижесінде мидың тіні суланып ісінеді.Сладж эритроциттер агрегациясының (бір-біріне жабысуының) ең жоғары дәрежеге жеткен кезі. Бұл кезде эритроциттер бір-біріне жабысқандықтан, қанның плазмасының тұтқырлығы тым артып, ұсақ тамырларда ағысы бәсеңдейді. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі де артады, қан кетіп, қанды дақтар қалыптасады, плазма ағады (плазморрагия).
Қан кету (ағу)
Қан кету – қанның қан тамыры саңылауынан немесе жүректің қуысынан сыртқы ортаға (сыртқа қан кету) немесе ішкі қуыстарға (ішке қан кету) кетуі.
Этиологиялық тұрғыдан қан кету – жарақаттық және бейжарақаттық топтарға бөлінеді.Тамыр қабырғасының жарақаттан немесе қабыну, некроз, аневризма, сияқты патологиялық үдерістерден жыртылуы.Тамыр қабырғасының біртіндеп зақымдалуы. Тамырдың қабырғасы біртіндеп жұқарады (мысалы, қабынғада, ісік өскенде, ойық жара қалыптасқанда).Тамыр қабырғасы өткізгіштігінің артуы, әдетте миукроқан айналымдық арнадан эритроциттер диапедездік жолмен шығады.
Қан құйылу Қан құйылу – қан кетудің бір түрі; қан тіндерге жиналады.
Қан құйылу түрлері қанның кеткен жеріне қарай аталады:
Гемоторакс (қанды өкпеқап қуысы); Гемоперикардиум (қанды үлпершек); Метроррагия (жатыр қуысына); Гемоптоэ (қанды қақырық). Қан құйылған жер кистаға айналуы, қабықпен шектелуі (инкапсуляция), гематома болса, орнын дәнекер тін басуы (организация) немесе инфекция түсіп, іріңдеуі мүмкін. Гематома – қанды ісік; зақымдалған жұмсақ тіндерге қан жиналып, қуыс қалыптастырады. Қанталау (экхимоз) – терінің шел майына, бұлшықеттерге жайыла құйылған қан. Петехия – терідегі немесе кілегейлі қабықшадағы қанды ұсақ дақтар. Плазмаррагия – тамыр қабырғасының өткізгіштігі артқанда плазманың қан арасынан шығуы. Қан кетудің зардабы қанның жоғалған көлеміне, кету жылдамдығына және кеткен жеріне (органына) байланысты болады. Қанның кетуінің алдымен зақымдалған жердегі тітіркендірудің әсерінен тамырлардың рефлекторлық түйілуі тоқтата бастайды. Қан тым тез кетпесе, оны зақымдалған тамырда тромб түзіліп, тоқтатады. Қан тым тез кетсе, қанды ұйытатын жүйенің белсенділігі артып, ұсақ тамырларда тромбылар түзіледі. Оның зардабынан қанның плазмасында фибриноген тапшылығы қалыптасып, ұю қабілеті кеміп, кетуі үдей түседі. Бұл жағдай ҚДҰ-синдром (ҚДҰ – қанның тамырда диссемнациялы ұюы) деп аталады. Геморрагияның ақыры: анемия, гипотония, коллапс, өлім.
Достарыңызбен бөлісу: |