31. Физиология ұғымы,бөлімдері


Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі



жүктеу 223,32 Kb.
бет14/57
Дата16.05.2020
өлшемі223,32 Kb.
#30475
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Физиология жауаптар экзамен

Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі: Ащы ішекте тағам толығымен қорытылып, сіңіріледі, химус тоқ ішекте гидролизге ұшырайды. Гидролиз химус ферменттерімен, микроогрганизмнен және тоқ ішек сөлімен іске асырылады. Тоқ ішек сөлінде энтерокиназа, сахараза, сілтілік фосфатаза мөлшері ащы ішекке қарағанда аз. Көмірсу және май ыдырауымен салыстырғанда, белоктың ыдырауы қарқынды түрде жүреді. Тоқ ішекте белоктардың шіру нәтижесінде NH3, СО2, Н2S және уытты аминдер: крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл заттар қанға өтіп, қан арқылы бауырға өтеді де, бауырда залалсызданады.

52.Ағзадағы зат алмасу түсінік.Ассимиляция диссимилияция ұғымы.Зат алмасуы ағза тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі үрдістен тұрады: ассимиляция – жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия жасушада жаңа заттар түзілуіне, жасушалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Жасушалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі – тағам(тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың ара-қатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы ағза олардан уақытында арылып отырады. Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл – жалпы зат алмасуы. Ал жасуша ішінде өтетін зат алмасуы (аралық алмасу) – негізінен химиялық үрдіс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.

53.Ақуыз алмасу. Функциялары,түрлері, қажеттілігі,биологиялық құндылығы.Азот балансы ұғымы оның түрлері.

Белок – денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Қанда газдар (О2, СО2) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын ангиденелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де – белок. Дене қызметін қан арқылы реттейтін гормондардың көбі белок. Белок – қуат қоры. 1 г белок тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок – тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін көретеді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары – орны толар, соңғылары – орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышқылдары аста жеткіліксіз болса, жас ағза өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан тұратын белоктар аса бағалы, құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнарсыздау деп аталады. Адамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30% - тен кем болмағаны жөн. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы белок құнарлы болады. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жолында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды.



Азотты баланс деп организмге тағаммен түсіп, одан шығарыл-ған азот мөлшерін атаймыз. Адам организмі үшін азот көзі белок болып табылады. Азотты тепе-теңдік түскен және организмнен шыққан белоктардың арақатынасына қарап анықтайды. Белоктың 16% азоттан тұрады, яғни 1г азотта 6,25г белок кездеседі. Осыған сәйкес анықталған азот көлемін 6,25 көбейту арқылы организмде қанша белок сіңірілгенін табуға болады. Азотты құрамды белоктар (мочевина, зәр қышқылы, креатинин) көбіне несеп және тер арқылы шығады. Зәрдегі азот мөлшерін 6,25 көбейтеді. 

54. Майлардың алмасу. Функциялары,түрлері, қажеттілігі,биологиялық құндылығы.Көптеген ауру-сырқаулар, патологиялық үрдістер май алмасуының бұзылуынан болады. Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май – негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70-100 г мал майы (тоң май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. Май жасуша протоплазмасының ядросы мен мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлеріне жиналған май бірқатар ағзаларды (бүйрек, өкпе т.б) ұрылу-соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу өткізбейді) қорғайды. Шелінде майы қор болып жиналатын жануралар (тюлень, кит т.б) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, F), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді.Май – су қоры.Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланады.Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте өттің қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышқылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізінен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналған май тамшыларының (диаметрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ақ ішек қабырғасынан өте береді. Моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен ішек эпителиіне өтеді. Өт құрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфотидтер май қышқылдары мен моноглицеридтерді қоршап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Жеке мицелла ең ұсақ эмульсия тамшысынан 106 есе кіші. Мицеллалар судағы ертінді күйінде жай, диффузия жолымен энергия жұмсамай-ақ не пиноцитоз арқылы ішек эпителиіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт қышқылдары тәулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70-100 г) майдың сіңуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдары, ондағы ретикулумдар (торлы құрылымдар) аз уақыт кідіреді де олардан адамға тән майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок молекулалары хиломикрон құрып, эпителий түбіндегі мембранадан өтеді де лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болған суда еритін глицерин мен құрамында өзара қысқа байланысқан көміртегі бар май қышқылдары қанға сіңеді де қақпа венасымен бірге бауырға өтеді.Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тініндегі шелде қор болып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге кокос майын көбірек жесе, оның шелінде жиналған май, құрамы мен қасиеті жағынан кокос жаңғағы майына ұқсайды.Май энергия қоры ретінде жасушада да сақталады.

55. Көмірсулар алмасу. Функциялары,түрлері, қажеттілігі,биологиялық құндылығы.Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады.Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек - қарында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйқы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің бастапқы бөлігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителиінің апикальды жағынан ішіне қарай Na+ ионының қатысуымен жасуша энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150-200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда бауырдан шығып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гипергликемия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10 ммоль-ге жетсе, несепте қант пайда болады (глюкозурия). Қанда қант деңгейі 2,8-2,2 ммоль-ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен-өзі құрысып, тырысады.Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант тұрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес, дене еттерінде де қор (1-2) болып гликоген күйінде сақталады. Жасушалардың көбі қандағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады.Көмірсу жасушада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына (анаэробтық фаза), одан әрі оттегінің қатысуымен (аэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар артық болса, өкпе арқылы сыртқа шығарылады.Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуын реттеуде жүйке жүйесінің мәнін 1849 жылы К.Бернар анықтады. Ол сопақша мидың төртінші қарыншасының түбін инемен тітіркендірсе, гипергликемия пайда болатынын дәлелдеді. Мұның механизмі симпатикалық жүйке жүйесінің қозуына байланысты екені анықталды. Симпатикалық жүйке бүйрекүсті безінің ми қабатына әсер етіп, адреналин гормонының қанға өтуін күшейтеді де, бауырдағы гликогенолиз үрдісін үдетеді. Адреналин бауыр мен дене еттеріндегі гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қанда қан мөлшерін арттырады (гипергликемия). Қалқанша без гормоны - тироксин глюкозаның тіндерге өтіп, денеге сіңуін тездетеді. Бүйрекүсті безінің қыртысындағы глюкокортикоид гормондары да белок пен майдан глюкоза түзілуін күшейтіп, оның қандағы деңгейін арттырады. Мұнымен бірге глюкокортикоидтар тіндерді инсулин әсеріне тұрақты етіп жасушаға қанттың сіңуін төмендетеді.

56. Бүйрек физиологиясы, құрылысыБүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты. Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мл(орта есеппен 1500 мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі, анурия – несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер – энурез "шыжың" немесе түнде несебін ұстай алмау, никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зәр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының құрамдарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қарау керек, өйткені бүйрек арқылы зат алмасу үрдісінің ақырғы қалдықтары шығарылады.

Несеп қаннан түзіледі, оның құрамы және қасиеті биохимия пәнінде толық қарастырылады. Біз тек қана, оның кейбіреулеріне ғана тоқтап өтеміз. Ол – гипертониялық (қаныққан) сұйық зат. Оның қату температурасы 1,5 – 2,2 ° (қан 0,56-0,58° қатады), тығыздығы 1,012 – 1,025, түсі сарғылт. Түсі несеп құрамындағы уробилин және урозром бояуларына байланысты. Несеп құрамында 2-4% құрғақ зат бар.

Қан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар (А. Кешни)


Зат аттары

Көлемі процент есебімен қан плазмасында

Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы




Алғашқы несепте

Соңғы несепте

Мочевина

Несеп қыщқылы

Глюкоза
Калий

Фосфаттар

Сульфаттар

Белок
Креатинин



0,03

0,004


0,1-1,15
0,02

0,009


0,002

7,0-8,0
0,001



2,0-3,0

0,05


-
0,15

0,15


0,18

-
0,075



67-70 есе көп

12 есе көп

несепте болмайды

7 есе көп

16 есе көп

90 есе көп

Несепте болмайды
75 есе көп


Несептің негізгі органикалық құрамы мочевинадан тұратынын кетеден байқауға болды.

Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г – нан 36 г-ға дейін)шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белокқа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды(мысалы, гипертиреоз, дене температурасы өзгергенде т.б. ) Қалыпты жағдайда есеппен глюкоза, белок шығарылмайды.

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесәнде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы – өте күрделі. Ол Шумлянский- Боу-мен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түктеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл құрамында (проксимал ) және (дистал)ирек түтіктер бар, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.

Бүйрекке ағып келетін қанның 85% - ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында.

57. Нейронның қызметі мен құрамы Жүйке тіңі жүйке жүйесін құрайды. Жүйке жүйесі электро – химиялық импульстер түзуі арқылы сыртқы ортамен хабар алмасып, бүкіл ағзаның жұмысын басқарып реттеп тұрады. Жүйке тіңі жүйке жасушалары – нейрондардан және нейроглиядан құралады.


жүктеу 223,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау