30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет46/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63

184 
қызметкерлеріне ұсынылған мониторинг әдіснамасы қолданбалы сипатқа ие.  
МЖББС  апробациялау  мониторингінің  әдіснамасын  әзірлеу  барысында 
нақты  мақсат  қойылды,  оған  жету  жолдары  анықталды,  мониторингтің 
механизмі мен аспаптары ұсынылды, педагогикалық және оқу ортысда болып 
жатқан  кешенді  жүйелі  ұзартылған  процестерді  бақылау  мәселелерін  шешу 
жолдары көрсетілген.  
Жүйелік  жіне  тұтастық  тәсілдеме  негізінде  әзірленген  МЖББС 
апробациялау  мониторингінің  жалпыланған  моделі  және  жаңартылған  білім 
мазмұнының  оқу  бағдарламаларын,  оқу  жоспарларын,  ОӘК  бағалаудың 
теориялық-әдіснамалық  және  технологиялық  тәсілі  30  пилоттық  мектепте 
қолданылып, барлық мектепте жаңартылған білім мазмұнының негізі қызметін 
атқарады.  
Әзірленген  және  ұсынылған  МЖББС  апробациялау  мониторингінің 
әдіснамасы  мектептішілік  басқару  жүйесінде  тәжірибелік  маңызға  ие  және 
білім беру қызметкерлерін қайта даяралау және біліктіліктерін арттыру процесі, 
сонымен қатар мектепішілік басқару жүйесін оңтайландыру процесі барысында 
қолданылуы мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


185 
Қосымша  1 
Мектепті аралау бойынша нұсқаулық  
 
Жалпы ережелер  
Пилоттық  мектептерді  аралау  жаңа  білім  беру  бағдарламасын 
апробациялау мониторингісінің бір бөлігі болып болады.  
Мектептерді  аралаудың  мақсаты:  алғашқы  мәліметтерді  талдау 
нәтижесінде айқындалған мәселелі сұрақтарды бағалау және тексеру.  
Міндеттері:  
− 
білім беру бағдарламасын апробациялау сәтті өтуіне жағдай жасайтын 
факторларды анықтау;  
− 
білім беру бағдарламасын апробациялау сәтті өтуіне кедергі жасайтын 
факторларды анықтау;  
− 
білім  беру  бағдарламасына  қажетті  өзгерістерді  енгізу  бойынша 
ұсыныстарды әзірлеу.  
Мектептерді  аралау  сабақтарға  қатысуды,  мектептің  басшыларымен, 
мұғалімдермен, ата-аналармен және оқушылармен кездесуді қамтиды.  
Топтың мүшелері:  
− 
ҰБА және ДБҰҰ қызметкерлерінен;  
− 
облыстық, Алматы, Астана ққ. Білім басқармасының әдіскерлерінен;  
− 
аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлерінен;  
− 
жаңа  білім  беру  бағдарламаларын  енгізуді  жетекшілік  ететін  пилоттық 
мектеп диреткорының орынбасарларынан тұрады.  
Мектептерді аралау алдында топтың мүшелері:  
− 
мектепті аралау бағдарламасымен келісу (2.1-қосымша);  
− 
барлық қажетті құжаттарды (сабақтарды бақылау парағы (2.2-қосымша), 
сұхбаттасу  сұрақтарын  (2.3-қосымша),  сабақ  кестелерін)  және  құрал-
жабдықтарды (ноутбук, фотоаппарат, диктофон) дайындау;  
− 
өздерінің арасында міндеттер мен ролдерді бөлісу қажет.  
Мектепке барар алдында ҚР БҒМ мектептерді хабарлайды. Ол үшін ҰБА 
баратын күні, мерзімі, мақсатын көрсетіп ақпараттық хат дайындайды.  
Мектепті аралау тәртібі бойынша қысқаша нұсқаулық.  
1.  Мұғалімдерге  байқау  олардың  сабақты  қалай  өткізгендерін  анықтау 
үшін  емес,  білім  беру  бағдарламасын  енгізу  үдерісі  байқалатытын  және 
байқаушылар толық бір сабаққа қатыспаулары мүмкін екенін түсіндіру қажет.  
2.  Мектепте  келгеннен  кейін  топ  мүшелеріне  кездесу  кестесі  ұсынылады 
және  топ  мүшелері  қандай  сабаққа  қатысатыны  туралы  өздері  шешім 
қабылдайды.  Мұғалімдерге  кімнің  сабағына  қатысатындары  туралы  айтпауға 
назар  аудару  қажет,  себебі  барлық  мұғалімдер  байқауға  дайын  болу  керек. 
Мектептің  басшылығына  мектепте  қысқа  экскурсия  жүргізу  және  мектептің 
маңызды қызметкерлерімен таныстыру қажет екенін хабарлау қажет.  
3.  Мектептерде  әр  сыныпқа  әрбір  пән  бойынша  қатысқан  дұрыс  болады. 
Әрбір топта қатысатын негізгі пәндердің минималды саны болу қажет.  
4.  Мектепке  барған  кезде  әрбір  топ  өнімді  кездесулер  мен  байқау 


186 
өткізетіндей  етіп  өзінің  уақытын  ұйымдастыру  қажет.  Оқушылармен 
кездесулерді  сабақта  емес  сабақтар  арасындағы  үзілістерде  өткізу  керек. 
Мұғалімдермен кездесуді сабақтардан бос уақытта өткізуді жоспарлау қажет.  
5.  Топ  мүшелері  Мектептерді  аралау  бағдарламасымен  келісу  үшін 
мектепке барардан бір күн бұрын кездескен дұрыс.  
6.  Әр  мектепті  аралауды  мектептің  басшылықтарымен  кездесуден, 
қышқаша  экскурсиядан,  мектептің  маңызды  қызметкерлерімен  танысудан 
бастау қажет.  
7. 
Әрбір жұмыс күнінің басында және соңында топ мүшелерінің арасында 
кездесу  өткізу  үшін  уақыт  қалдыру  қажет.  Таңертеңгі  кездесу  кім  қандай 
сабақтарға  қатысатынын,  әртүрлі  кездесулерге  кім  қатысатынын  бөлуге  және 
неге  көңіл  аудару  керектігіне  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  күннің 
соңындағы  кездесу  (мектепте,  немесе  топ  тоқтаған  қонақ  үйде)  сол  күні 
өткізілген  байқауға  рефлекция,  жазбаларды  тексеруге  және  олардың  жазу 
тізбектерін тексеруге, нәтижелермен бөлісіп талқылауға және келесі күні неге 
көңіл аудару қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.  
8.  Мектептен  кетер  алдында  топ  мүшелері  мектеп  қызметкерлеріне 
өздерінің  алғыстарын  білдіру  қажет  және  кездесу  кезіндегі  бақылау  нәтижесі 
білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу  бағдарламаларына  қатысты  шешімдерге 
қалайша әсер ететінін сипаттау керек.  
9.  Топтың  мүшелері  мүдделі  тараптардан  мәліметті  қабылдауға  ашық 
болуға  тиісті.  Мүдделі  тараптың  барлық  тілектерін  орындауға  қандай  да  бір 
жауапкершілікті  алмаған  дұрыс,  бірақ  барлық  ескертулер  мен  ұсыныстар 
міндетті түрде ескерілетінін жеткізу керек. Сәйкесінше, егер мүдделі тараптар 
туған мәселе жөнінде маманның құзыреті шегінен шығатындай өз көзқарасын 
білдірсе,  бұл  мәліметтер  жазылып  лайықты  мекемеге  берілетінін 
түсіндіру қажет.  
10. Топтың мүшелері уақыттың көп бөлігін мұғалімдер және оқушылармен 
қарым-қатынас  жасауға  жұмсау  керек.  Мектептің  басшыларын  тереңдетіп 
сұрастыру керек, бірақ толық жете сұрастырмай жалпы ақпарат жинау қажет. 
Білім беру бағдарламасын енгізуге тікелей қатыспайтындарға қарапайым және 
тікелей сұрақ қоюға болады.  
11. Мектеп әкімшілігінен алынған ақпарат мектепте мониторинг үдерісіне 
(мысалы, есептілік, кездесулер) көмек көрсету мен оны енгізуге қолдау жасау 
(мысалы,  ресурстар,  мұғалімдерге  қолдау  көрсету)  үшін  құрылған 
құрылымдардың  тиімділігі  туралы  мәліметтерге  назар  аударатындай 
болу керек.  
12.  Мұғалімдер  білім  беру  бағдарламасын  енгізудің  құнды  дереккөздері 
болып  табылады.  Мұғалімдерден  алынған  мәліметтер  білім  бағдарламасын 
енгізудегі  тәжірибелерінің  барлық  аспектілерін  қамту  керек.  Өздерінің 
күнделікті  іс-тәжірибе  аясында  мұғалімдер  педагогикалық  практикада  іс-
тәжірибені  қалай  қолданғандары  туралы  құжаттарды  әзірлейді, өз  алдына бұл 
құжаттар  мониторинг  үшін  құнды  мәліметтері  болып  табылады  (мысалы, 
сабақтарды  бақылау  парақтары,  отырыстар  хаттамасы  (2.4-қосымша)).  Бұл 
құжаттар  жаңа  педагогикалық  тәсілдерді  мұғалімдер  қалай  енгізді  деген 


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау