3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет22/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Экон.кылм Word

Барлық қылмыстар


Экономикалық қылмыстар

206-бап

2002

135151

13593

871

2003

118485

12687

866

2004

143550

10032

639

2005

146347

8832

590

2006

141082

8178

797

2007

185252

8199

844

2008

185661

9155

837

2009

195440

9211

855

Кесте 2- ҚР жалпы, экономикалық және ҚР ҚК 206 – бабы бойынша аяқталған қылмыстық істер саны




Жылдар

Барлық қылмыстар


Экономикалық қылмыстар

206-бап

2002

94 832

2 296

119

2003

103 041

2 119

252

2004

111 922

3 223

214

2005

118 383

4 256

163

2006

10 737

4 093

160

2007

9 972

2 485

105

2008

9 868

2 925

110

2009

10121

3265

145

Кесте 3-ҚР банк қызметі саласындағы қылмыстардың 2005 жылғы күйі




ҚР ҚК қылмыстар

Тіркелген қылмыстық істер саны

Сотқа жіберілген

Есеп уақытында аяқталған

191-бап

5

2

2

193-бап

17

4

5

194-бап

39

10

18

195-бап

14

5

8

202-бап

1

0

0

206-бап

639

205

214

207-бап

37

16

19

2.2 ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРI МЕН ШАРТТАРЫ

Кез келген құбылыстың пайда болуын сипаттайтын жалпы категория «детерминация» (латын сөзі, «determіnare», «анықтау» деген мағынаны береді) деп аталады. «Детерминация» - бұл құбылыстар, процестер мен жағдайлардың объективті тәуелдігі. Айналамызды қоршаған түрлі құбылыстар бір-бірімен байланысты, олар барлық уақытта диалектика заңына сәйкес қозғалыста болады. Детерминация төмендегідей өзіндік ерекшеліктерге ие: жағдай, қызметтердің байланысы, коффеляция, себептілік және басқалар[34].

Қылмыстылықтың детерминация процесі байланыстардың әр түрлі нысандарының күрделі өзара әрекеттесуі болып табылады: ол күйдің және өзгелердің тек себептік қана емес, сонымен қатар функционалдық, статистикалық байланыстары. Олардың саны отыздан асады.

Қылмыстылықтың қандай да бір басқа құбылыспен немесе процеспен өзара байланыстық фактісін айқындауды жеткілікті деп санауға болмайды. Одан кейін өзара байланыстың сипатын анықтап тұру керек.

Себептілік - әмбебап өзара әрекеттестік нысандарының бірі ретінде, детерминацияның генетикалық байланысын ғана білдіретін түрлерінің бірі ретінде қаралады.

Орыс тілінде «келтіру (причинять)» сөзі бірдемені «өндіру» мағынасында қолданылды. «Себептілік» - бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл - өндіруші, немесе басқаша айтқанда «генетикалық» байланыс , яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда «себеп және салдар», «себептік-салдарлық байланыстар», «себептік тізбектер», «себептік кешендер» және басқа да санаттар пайдаланылады.

Себептік байланыстың айрықша ерекшелігі мынада: біріншіден, себеп әрекетке апарады, одан салдар туындайды. Себептен әрекет туындауы үшін қандай да бір жағдайлар болуы тиіс, бірақ бұл жағдайлар өздігінен салдар әкелмейді.

Қылмысты көзімен көргендердің енжарлығы – қылмыс нәтижесінің ойдағыдай болуының жағдайы, бірақ қылмыстың себебі емес.

Себептің әрекет ету аймағы, ол, бәрінен бұрын, сылтаурату және шешім қабылдау кезеңдері. Нақты тәсілді таңдау (қорқытып талап ету немесе алаяқтық), қылмыстық қастандық жасаудың нақты объектісін таңдау және іс-әрекеттің өзге де бірқатар сипаттамалары едәуір шамада жағдайлармен анықталады (әр түрлі объектілердің күзетілу жағдайы, криминалдық дағдының бар-жоғы және т.б.).

Екіншіден, себептер мен салдарда уақыт бойынша кезектілік бар. Себеп бойынша уақыт әрқашанда салдардан ерте келеді, бірақ ол уақыт аралығы кейде аз болуы мүмкін. Сондықтан да қылмыстылықтің әлеуметтік салдарын оның себебі мен оның өзгеруінің себебі деп қабылдамау керек.

Үшіншіден, салдар сол себептің себебі бола алмайды. Мысалы, қылмыстылықтің жаңа күйі қоғамның жаңа күйін тудырады, ал қоғамның мұндай жаңа күйі өз кезегінде, бұранғы қылмыстылықті емес, жаңа сипаттамасы бар басқа қылмыстылықті тудырады. Төртіншіден, себеп пен салдардың бір мағыналы қатынасы бар: бірдей себептің бірдей жағдайдағы әрекеті бірдей салдар әкеледі.

Бесіншіден, себепті салдармен біріктіруге болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол – объектінің қайта құрылуының, өзгеруінің нәтижесі. Егер, мысалы, мекемеде іс-қағаздарын жүргізу нашар болса, кадрлар бетімен кетсе және олардың біліктілігі төмен болса, онда бұл мекемеде парақорлық жаппай сиапт алғанға дейінгі жағдай осындай болған деп санау керек. Жағдайдың нашарлауына парақорлар өз үлесін қосқан, олар жоғары білікті және тәртіпті қызметкерлерді жұмысқа алмаған немесе ұстап қалмаған.

Қылмыстылық себептері мен шарттары әр алуан және олар әр түрлі деңгейде болады. Осыған байланысты оларды ғылыми және практикалық тұрғыдан танып білу үшін тиісті бір дәрежеде жіктеу қажет. Ол былайша жүзеге асады: а) әрекет ету деңгейі бойынша (субординация), б) мазмұны бойынша, в) табиғаты және басқа да өлшемдері бойынша.

Қылмыстылық іс-жүзіндегі детерминация процесіне сәйкес осы жөнінде айтылған көзқарастардың бәрін пайдалана отырып кешенді талдау жүргізуі қажет.

Әрекет ету деңгейі (субординация) бойынша себептер мен шарттар былайша ажыратылады: а) тұтастай қылмыс бойынша (кейде жалпы себеп деп айтылатын), б) қылмыстың түрлері бойынша (санаты, тобы), в) жекелеген қылмыстар бойынша.

Өзінің мазмұны жағынан криминогенді детерминанттар әлеуметтік-экономикалық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, тәрбиелік, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық болып бөлінеді.

60 жылдары криминология тек қылмыстылықтың күйі, жолдары мен құралдары жөніндегі ғылым ретінде қарастырылды[35]. Қылмыстылықтың нақты бейнесін, оның дамуын анықтау, қылмыспен күресте не істеу керек деген сауалға жауап бермейді. Кез келген қылмыстылықтың пайда болуына қоғамдағы қайшылықтар себеп болады. Қылмыстылықты танып, баға беру мен күресу барысында қылмыстылықтың детерминациясы, себептері мен қылмысқа жол беретін жағдайларды міндетті түрде анықтау қажет болғандықтан, кейінгі оқулықтарда криминология қылмыстылықтың себептері мен қылмыстылықтың шарттарын зерттейтін болған[35].

Ғалымдар қылмыстылықтың әмбебап себептерін анықтауға тырысқан. Түрлі жағдайларға қарамастан қылмыстылықтың пайда болуының нақты жолы, негізгі, дәлме-дәл себептері жоқ. Барлық халыққа, уақытқа ортақ қылмыстылықтың да бейнесі болған емес, бұл өзгермелі, тұрақсыз құбылыс. Кудрявцев В.Н., Эминов В.Е.: «Кез келген қоғамдағы қылмыстылықтың жалпы себебі – жалпы әлеуметтік қайшылықтар» - дей келе, қылмыстылықтың себептерін қоғамның түрлі салаларына қатысты қарастыруды ұсынған[36].

Қылмыстылықтың себептері әлеуметтік әдебиеттерде екі бағытта түсіндіріледі: әлеуметтік және биологиялық.

Қылмыстылықтың себептері ұғымына қатысты түрлі көзқарастар бар. Бір ғалымдар қылмысқа әсер ететін құбылыстарды себеп пен қылмысқа жол беретін жағдайларға айыру «фактор теориясын» жоққа шығарады,- дей келе, бұл құбылыстарды «фактор» деп атаған. Бір жағдайда фактор - бұл қандай да бір процестің сипаты мен белгілерін анықтайтын, оның қозғаушы күші, себебі болып табылады. Екіншіде фактор - ол құбылыстың өзгеріп, дамуы кезінде басшылыққа алатын белгілердің жиынтығы, себептедің тобы. «Фактор» – «себеп», «шарттары», «жол беретін жағдай», «мән-жайлар» ұғымдарын алмастырушы категория[37]. Курганов С.И. қылмыстардың себебі мен жол беретін жағдайлар, қылмыстылықтың шарттарына ортақ «мән жайлар» деген атау беруді ұсынған. Кузнецова Н.Ф. қылмыстылықтың себептері мен шарттарын «криминогенді детерминант» ұғымына жатқызды[38].

Ғылыми еңбектерде «қылмыстардың себептері» мен «қылмысқа жол беретін жағдайлар, шарттар» ұғымдарының арақатынасы зерттеледі. Қайыржанов Е.І., себеп пен жол беретін жағдай ұғымдары арасында салыстармалы ерекшеліктер бар екенін айта келе, себеп генетикалық сипатқа ие болғандықтан нәтиже тудырады, итермелейді, ал жол беретін жағдай - нәтиженің болуына жағдай жасайды, мүмкіндік береді, деп есептейді[39].

Қылмыстылық себептері мәселесін дұрыс, нақты шешудің жолы оны ғылыми топтау болып табылады. Криминологияда қылмыстылық себептері, кеңес дәуірі тұсында логикалық жүйеге келтірілді. Қылмыстылықтың себептері қамтылу деңгейіне, әлеуметтік құбылыстардың мазмұны мен сипатына, мақсатына, әлеуметтік факторлардың қылмыстылыққа әсер ету механизміне, қоғамдағы әлеуметтік формациялардың ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Профессор Қайыржанов Е.І. қылмыстардың себептерін екі топқа бөледі: макродәрежедегі мән-жайлар (әлеуметтік-экономикалық формацияның, идеологиялық, әлеуметтік құндылықтардың және т.б. өзгеруімен), екіншісі - нақты қоғамға қауіпті әрекеттердің жасалуына әсер ететін микродәрежедегі мән-жайлар[40].

Құқық қорғау органдарына кадрлар даярлау мәселесі ертеден-ақ айтылып келе жатқан күрделі сұрақ. Құқық қорғау органдарында қызметшілер жиі ауысып, арнайы білімі бар мамандар іс жүргізуге қатыстырыла бермейді. Қылмыспен күресте мамандандырылған полиция қызметкерлерінің тұрақты ядросының болмауы бүгінгі таңда қылмыстың өсуіне басты жол ашып беріп отыр. Мамандандырылған полиция қызметшілерінен айырылудың себебін еңбек қатынасындағы олқылықтар мен әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес, материалдық қамсыздандыру мәселесінің нашар болуымен де түсіндіруге болады. Білікті мамандарды қызметке тарту, жас мамандарды тәрбиелеу, еңбекке баулу сынды қасиеттер сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалса екен.

Қылмыстардың өсуіне құқық қорғау органы қызметшілерінің тиісті дәрежеде құқықтық қорғалынбауы да себепші. Ұйымдасқан қылмыскерлер жауапкершіліктен қашып, түрлі жолдармен құқық қорғау органы қызметшілеріне қарсы әрекеттер ұйымдастырады, компроматтар жинауы да ғажап емес. Қылмыскер мұндай әрекеттерді қызметшіні уәкілеттігінен босату үшін жасайды. Кінәсіз құқық қорғау органы қызметшісіне қиянат жасаған мұндай тұлғалар тиісті дәрежеде жазасын алғаны жөн.

Экономикалық сипаттағы факторлар И.И.Карпецтің ойынша, қоғамдағы кез келген өзекті мәселенің түбінде экономикалық қатынастар жатады[41]. Дер кезіндегі емес және экономикалық балансыланбаған құнынын либеризациялау (жүйелеу) механизімінің болмауы, сондай – ақ отандық нарық құнынң әлемдік құнға жақындауы – тек экономикалық көрсеткіштерді төмендетіп қана қоймай, қылмыстық санның да өсуіне алып келеді.

Әлемдік даму дәрежесіне жетпеген елдердің ішкі нарықтық құны әлемдік құнға жетпегені абзал. Құн өндірістің тежелуінің, өнім сапасын, еңбек өндірісінің дәрежесін және басқа да шаруашылық инструменттері мен қозғаушы күштердің көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, ақша – несие саясатындағы есепсіздік халықтың тұрмыс дәрежесін төмендеуі, сондай – ақ құқық қорғау органдарының қаржыландыруын қысқартады, ал бұл өздігінен – ақ қылмыстық әрекеттердің өсуіне себепші. Шаруашылық айналымда қолма – қол және қолма қол емес есеп айырысудың арақатынасын пропорционалды сәйкестендіру мәселесінің шешілмеуі ақша көлемі тым көбейгенде қолма қол ақшаның дефицит болуына және заңсыз банктік операциялардың жасалуына әсер етеді.

Қаржы рыногында тауырлы – материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілмеген несие құралдары көбейді. Іс жүзінде қолма қол емес ақша құралдарын эмиссиялауды бақыламау ақшаның девальвациялануына және банк қызметі саласына заңсыз қолсұғушылықтың өсуіне әкеледі.

Аталған мән – жайлар заңсыз банктік мәліметтердің жасалуына толық мүмкіндік туғызады, криминалды кірістерді легализациялайды.

Құқықтық сипаттағы факторларға маналарды жатқызуға болады:



  • банк саласындағы кәсіпкерлік қызметтерді реттейтін нормативті базаның жетілмеуі;

  • құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативті базалардың жетілмеуі;

  • банк қызметі саласына құқық қорғау органдарының жеткілікті дәрежеде әсер ете алмауы;

  • қылмыстық нормалардың (аталған қылмыс бойынша) жетілмеуі.

Банк қызметі саласына құқық қорғау органдарының жеткілікті дәрежеде әсер ете алмау криминалды жағдайларды бақылау дәрежесін төмендігі, жасалынатын қылмыстар туралы олардың хабардар болмауы, қылмыскердің түзілмеуі және сотталушының қолданылатын жаза жүйесінің тиімсіздігі түрінде көрініс табады.

Мұның себебі банк қызметі саласындағы қазіргі криминалды жағдайдың жаңғыруы мен күрделенуі. Құқық қорғау органдарының жас қызметшілерінің кәсіби маман болмау және тәжірибелі жұмысшылардың бұл жұмыстан кетіп қалу, құқық қорғаушылардың әсерін реттеітін құқықтық нормативтік актілердің болуында.

Әлеуметтік – психологиялық сипаттағы факторларға мыналар кіреді:


  • банк қызметі салысының криминализациялануы;

  • қазақстандықтардың мүмкіндігі мен қазіргі психологиялық – физиологиялық жағдайларының сәйкес келмеу.

Соңғы жалдардағы қоғам мүшесінің жаңаша көзқарастың рухани баға беруі сынды қасиеттердің пайда болуы белгілі дәрежеді қоғамның криминализациялана түсуіне ықпал ете бастады.

Сарапшылардың айтуынша, жалпы халықтың 98% заңсыз күй кешсе, 85% - заңсыз әрекеттерді тікелей жасайды. 15 пен 25 жас аралығындағылардың әрбір 5 –сі криминалды құрылымдар қызмет етеді. Банк қызметшілерінің материалдық құндылықтарды жоғары бағалауы, рухини критерийлерді ескермеуі сындық қасиеттер қылмыстылықтың өсуіне әсер етеді.

Соңғы жылдардағы адамның психофизиологиялық адаптацилануына байланысты қиындықтар туындауда. Заңгерлердің алдында жаңа мәселе қауіпті қиын жағдайды кешіп жүрген адамның жүріс – тұрысын, қасиетін, ерекшеліктерін психолог, физиологтармен бірлесе отырып шешу, зерттеу тұр[42].

Банк қызметі саласындағы қылмыстардың қатарындағы 206 және 207 баптары қылмыстардың болуына құжаттардың қорғау белгілерінің жетілмеуі себепші болады.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау