3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ҚЫЛМЫСТАР



жүктеу 0,71 Mb.
бет20/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Экон.кылм Word

1.4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚА ДА ҚЫЛМЫСТАР
209-бап. Экономикалық контрабанда. «Кеден ісі туралы» Заңның сәйкес бөлімі кеден ісі саласындағы қылмыстар, анықтама және жедел іздестіру, кеден органдарының «бақылау жасалатын жеткізілімдер» деп аталатын халықаралық әдісін пайдалану мәселелерін регламенттейді.

Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы камтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (1-бап) көрсетілгендей, қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, тек қана осы Қылмыстық Кодекс пен басқа заңдардан тұратын қылмыстық заң, олардың осы Кодекске енгізілгенінен кейін ғана қолданылуға жатады.

Бұл ереженің «Кеден ісі туралы» Заңға тікелей қатысы бар, өйткені онда кеден ісі саласындағы қылмыстарға арналған бөлім бар.

1998 жылдың 1 каңтарына дейін Қазақстан Республикасынын қылмыстық заңында кедендік қылмыстың тек екі ғана түрі бар болды: контрабанда (64-бап) және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару (81-бап), сол кезде 1994 жылғы Ресейдің қылмыстық заңында осы қылмыстардың бес түрі қарастырылған. Кеден ісіне зиян келтіретін қылмыстарға: контрабанда (78-бап); мемлекеттің және шет ел халықтарының көркемөнер, тарихи жәнс археологиялық құндылықтарын мемлекеттің аумағыңа қайтармау (78-2 бап), кеден төлемдерін төлеуден жалтару; валюталық құндылықтармен заңсыз мәміле жасау (162-7 б.); мемлекетінің кеден зандарын бұзу (161-1 б.).

Қазақстанның кеден органдарының анықтама жүргiзу органдарының құзырына жататын қылмыстардың құрамында экономикалық контрабанда үстемдiк жағдайды алып отыр. Қазақстан заңгерлердiң жүргiзген көптеген зерттеулерi, экономикалық контрабандалық заттарды жасырудың тәсiлдерiн таңдауда қылмыстық әрекеттiң мынадай элементтерi бойынша анықталады, олар:

а) Қолсұғушылық қылмысының заты темiр жолдарын, пошта байланыстарын пайдалана отырып, экономикалық контрабанданың өзiмен

б) экономикалық контрабандашының жеке қасиетi.

Экономикалық контрабанда - мемлекеттiк кедендiк шекарасы арқылы өтетiн, кедендiк бақылаусыз, оның қатысуымен немесе жалған құжаттарды пайдалану арқылы, болмаса тауарлар мен бағалы заттардың декларациясын көрсетпеуi немесе жалған ақпарат беру.

Экономикалық контрабандаларды жасау объективтi түрде кеден органдары алатын төлемдер мен салықтардан бас тарту. Құқықтық мемлекет құру процесiнде және барлық шаруашылық қызметiнде еркiн кәсiпкерлiкпен нарықтық экономикаға өтерде Қазақстан сыртқы экономикалық қызметке монополиялықтан бас тартты. Осындай жағдайларда мемлекет пен оның институттарының өзiнiң экономикалық қызығушылықтары мемлекеттiк ерiксiз көндiру құралдары арқылы қамтамасыз етуге дайын еместiгiн байқатады. Жаңадан сыртқы экономикалық қатынастарға өту практикасы көптеген жағымсыз құбылыстарды анықтап бердi.

Нәтижесiнде кедендiк және қылмыстық заңнамаларының бұзылуы едәуiр өстi, мемлекетке экономикалық шығындар мен саяси залал келтiруде.

Егер де бұдан бұрынырақ экономикалық контрабандистер ұлттық мәдениетiмiздi тонаумен ғана /шектелетiн/ болса, сыртқы экономикалық қызметiн ықшамдалуына орай елiмiздiң экономикалық ресурстарын тасмалдаудағы иек артуда.

Қазақстан Республикасы мен таяу және алыс шетелдердiң арасындағы көлiк тасымалының тасқынының артуы қылмыстық жағдайға айтарлықтай ықпал етуде.

Соның iшiнде сыртқы экономикалық тұлғалардың айтарлықтай бөлiгi, кеден шекарасынан тауарларын заңсыз алып өтуге немесе жалған құжаттарды пайдалану арқылы кеден бақылауынан өтiп кетуге тырысады.

Соңғы кездегi экономика саласындағы экономикалық контрабанданың ашылуы және болдырмаушылық деректерi көрсеткiштерiнiң төмендеп кеткенi байқалады, ол коммерциялық құрылымдар мен заңды тұлғалардың жаңа тәсiлдер мен әдiстерi қолданыларының нәтижесi.

Темiржол көлiгiмен келiп түскен акцизделген тауарларды темiржол станцияларының қызметкерлерi кеден органдарына хабардар етпейдi, бос вагон ретiнде жүкке құжат қайта толтырылады, болмаса басқа акциздi тауар деп көрсетiледi;

Станцияда жүктердi оларды көлiк құжаттарына жалған мөртабандар көрсетiлген қосымша тауарлар артылады;

Адамдар жоқ жерлерде темiржол құрамын тоқтатып экономикалық контрабандалық тауарларды автокөлiктерге артылады;

Қазақстан Республикасына баратын жолаушы поездарының бригада мүшелерi кеден бақылауының жоқтығын кеңiнен пайдаланып экономикалық контрабандалық әрекет жасау үшiн басқа құрамдарға қосылады;

Автокөлiк кеден арқылы өтерде құжаттары мен кепiлдiк мiндеттерi толтырылады, бiрақ тiркеу журналына жазылмайды;

Автокөлiктер өтетiн жерден тауарларды қалаға дейiн кеден немесе басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерi шығарып салады. Жүктi тексерген жағдайда, жүк тұтқынға алынған, тиiстi жерге анықтау үшiн алып бара жатырмыз дейдi.

Қазақстан Республикасының шекарасында 1500 жуық автокөлiктер өтетiн жер бар, соның iшiнде 47 ғана кеден постылары мен көлiк инспекциялары қойылған.

Шекара арқылы өтетiн экономикалық контрабандалық жүктер кеден бақылауынан өтерде көбiне жасырын түрде жемiс-жидектер артылған деп, спирт, есiрткiлер және қаруларды өткiзедi.

Гуманитарлық көмек ретiнде келiп түсетiн экономикалық контрабандалық тауарлар негiзiнде халықтың аз қамтылған бөлiгiнде берiлуi тиiстi, соған байланысты тауар салықсыз өткiзiледi де кейiннен коммерциялық рыноктар арқылы сатылуға жiберiледi.

Республика аумағында балапан—сұңқарлар аулайтын тұрақты қылмысты топ бар. Олардың мақсаты заңсыз жолмен балапан сұңқарды аулап, соңынан шекарадан ары асыру. Қылмыстық топтардың арасында құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлерi де болады. Азербайжаннан теңiз суларының жолдары арқылы Қазақстандағы экономикалық контрабандалық жүктер бiрнеше рет әкелiнiп, түнде түсiрiлiп, автокөлiктерге қайтадан артылғаны жөнiндегi деректер белгiлi.

Кәсiпкерлер мен автокөлiк жүргiзушiлердiң кәсiпорын басшылары мен кеден органдарының лауазымды тұлғасымен қылмыстың ымыраға келгендерi жайында деректер бар. Мысалы: Оңтүстiк Қазақстан облысының Шымкент қаласында бiр ЖШС директорына қатысты iс қозғалды, онда лауазымды тұлғаның ықпалымен көлiктiк кеден декларациясында Тәжiкстанға реэкспортпен жiберiлгенде жалған толтырылған, ал спирттi облыстың аумағында сақтап, нәтижесiнде мемлекетке 1 млрд. 369 млн. теңге зиян келтiрген.

Сонымен қатар, көлiктiк кеден декларацияларын жалған жолмен жасау арқылы экономикалық контрабандалық тасымалдауда кеден шекарасынан импорттық автокөлiктердi алып өту фактiлерi де жиi кездеседi.

Жүктердi тасымалдауда қажеттi құжатарды толтыру және бақылауға өкiлеттi лауазымды тұлғалардың жемқорлыққа сыбайластығы экономикалық контрабандасының каналдардың жабылуына бiрден-бiр кедергi болып отыр.

Мысалы, Алматы авиация көлiктерiнiң прокуратурасы ҚР Қк 209 бабының 1 бөлiгi және 308 бабының 1 бөлiгiнде сәйкес Астана кеденiнiң экспорттық-импорттық операциялар бақылау бөлiмiнiң бас инспекторына қатысты қылмысты iс қозғады. Ол өзiнiң мiндетiн атқаруда Сеулден 4178 рейспен келген 20 тонна жүктi жүк тасымалдау құжаттарымен қабылдап, кеден процедураларын дайындау үшiн қоймаға өткiзбеген және тiркеуге алмаған, Алсел КО ЛТД БК мееджерiмен және вице президентiмен қылмыстық ымыраға келiп, АҚШ 10 мың доллары соның салдарынан мемлекетке 3 414 000 теңге зиян келтiрдi.

ТМД-ның көлемiнде экономика саласындағы қылмыстармен күресуде құқық қорғау органдарымен бақылаушы органдардың арасында өзара iс-әрекеттерiн бекiту және стратегиясын жасау мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерiнiң аумағында ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауiптi қылмыстың түрлерiмен күресу жөнiндегi бiрлескен шаралары, сонымен қатар экономика саласындағы қылмыстармен күресуде ынтымақтасу туралы Келiсiм қабылданды[4- С.Т. Алибеков ҚР Кеден iсi туралы].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн Республика аумағына шетелдердiң және Қазақстан халықтарының тарихи-археологиялық көркемдiк игiлiктерi болып табылатын заттарының қайтарылмағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi қарастыратын баптармен толықтыру қажет, сонымен қатар қылмыстық iс-жүргiзу Кодексiне тиiстi өзгертулер енгiзу керек.

Жоғарыда көрсетiлген ұсыныстар кеден саласын халықаралық қызмет тәжiрибесiне сәйкес келтiруден туындап отыр.

Кеден органдарын басқа құқық қорғау органдарымен теңестiру қажет. Сонда ғана мемлекеттiк органдардың аралық iс-әрекетiне елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгiне және азаматтардың құқығы мен мүддесiнiң қорғалуына жағымды әсерi бар.

1998-2000 жылдар мемлекеттiк органдардың жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықпен күресудiң өзектi мәселелерiне қайта оралумен сипатталады. 1992 жылдың 17 наурызында Елбасының «Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстың ұйымдасқан түрлерiмен күресудi күшейту шаралары туралы» Жарлығы шыққаны белгiлi. Онда қылмыстық топтардың халықаралық деңгейiне шығып, иелерiмен сыбайластық байланыстары бары айтылған болатын.

Сондықтан Қазақстан Республикасының 1998 жылы 2 маусымында қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңының қазiргi жағдайда қажеттiлiгi айқын. Кеден саясатының мақсаттарының бiрi Қазақстан Республикасының кеден саласындағы сыбайлас жемқорлықпен, лауазымдық қылмыстармен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу болып табылады. Кеден iсi туралы Заңның Бақылау жасалатын жеткiзiлiмдер жөнiндегi 38 тарауы осы көрсетiлген бақылау жасалатын жеткiзiлiмдердiң халықаралық әдiсi бойынша, яғни өз бақылауымен есiрткi заттар мен жүйке улағыш заттардың Қазақстан Республикасына әкелуiне, Республикадан әкетуiне немесе оның аумғаы арқылы транзитпен өткiзуiне жол берде.

Бақылау жасалатын жеткiзiлімдер әдiсiнiң негiзгi ережелерi БҰҰ 1998ж. Есiрткiлiк және улағыш заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Вена конвенциясында баяндалған.

Қазiргi кезде әлемдiк Қазақстанның халықаралық заңсыз айналымды құрайтын есiрткi және жүйке улағыш заттардың таралуы бойынша транзиттi мемлекеттердiң қатарына енуi алаңдатушылық тудыруда.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сатының Пленумы 1998 жылы 14 мамырды Улы және күштi әсер ететiн заттарға, жүйке улағыштарға, есiрткi құралдарының заңсыз айналымына байланысты iстер бойынша заңдылықтарды қолдану туралы қаулысын қабылдады.

Экономикалық ынтымақтастықтың ұйымдарының елдерi Азиялық аумақ құрайды және олар да Қазақстанмен бiрге экономикалық контрабандамен және коррупциялық көз бояушылықпен күресуге мүдделi.

Кеден саласындағы қылмыспен күресудiң iшкi өзектi мәселелерi мен халықаралық-құқықтық аспектiлерi қойылған өзектi мәселелердiң маңыздылығын ұғынуға және оны ықпалды түрде шешуге әкелуi тиiс.

Осы тақырыпты қарағанда кеден органдарының құқық қорғау қызметiне ықпалы бар басқа да себептердi айналып өтуге болмайды. Үкiметтiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасының кеден органдарының атқарған жұмыстарының жағдайы және олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн жұмыстарының жағдайы және олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру шаралары туралы мәселесi қаралғаннан соң кеден қызметiнiң атқарған жұмыстары қанағаттанарлықсыз деп танылды.

Тауарларды және көлiк құралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдауда рұқсат беру тәртiбi, экономикалық қауiпсiздiктiң қорғалуы, анықталған негiзгi мiндеттер ретiнде толық қамтамасыз етiлмейтiндiгi, соған байланысты мемлекетке едәуiр көлемде материалды нұқсан келетiнi атап өтiлдi. Кедендiк бақылауды ұйымдастырудың нашарлығы, кейбiр жағдайда кеден қызметкерлерiнiң тiкелей аш көздiкке ұмтылысы тарихи құндылықтардың және шикiзаттардың шекарадан заңсыз тасымалдануына әкелiп соғуда. Жүктер мен багаждарды қарауды ұйымдастырудың жоқтығынан мемлекет мүддесiне айтарлықтай нұқсан келуде.

БҰҰ-ның және мамандардың бағасы бойынша Шу жабағында өсетiн қара сорадан 5 мың тоннаға дейiн марихуана дайындауға болады екен. Қазақстанның есiрткi тасымалдау жөнiндегi транзиттi мемлекет болу дерегi айрықша алаңдатушылық туғызуда.

Қазақстан Республикасы 1996 жылдың 14 қыркүйегiнде ТМД мемлекеттерiмен кеден iсiнде өзара көмек және ынтымақтастық туралы Келiсiмдi бекiттi.

Кеден қызметi есiрткi құралдары және жүйке улағыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесу тексеру және ескерту бойынша бiр-бiрiне қысқа мерзiмде хабарлау мүмкiндiгi жайында белсендiлiктi арттыру мақсатында мәлiмдейдi:


  • есiрткi құралдарымен және жүйке улағыш заттардың заңсыз айналымымен айналысатын белгiсi болған немесе осы жөнiнде күдiктi тұлғалар туралы;

  • контейнердi қоса есептегендегi көлiк құралдары және пошта аудармалары, олардың есiрткi құралдарымен жүйке улағыш заттарды немесе қолдану күдiгiн туғызатын заттардың заңсыз айналымы туралы;

  • осындай заңсыз айналымның тәсiлдерi мен оларды бақылаудың жаңа әдiстерi туралы;

  • бақылау жасалатын жеткiзiлiмдер әдiсiн қолдану және заңсыз айналымға қатысты тұлғаны анықтау мақсаты туралы.

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк кеңесiндегi 1999 жылдың қарашада ұлттық қауiпсiздiктiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ, онда Қазақстан өзiнiң географиялық жағдайына орай әлемдiк есiрткi қолданушыылардың нағыз қызған жол айрғыныда екендiгi айтылады, шетел азаматтарының республикасының аумағы арқылы есiрткiнi экономикалық контрабандалық жолмен тасымалдауды арта түсуде, қоса алғанда заңсыз есiтркi айналымына байланысты қылмыс 1991 жылдан бастап 3,5 есеге өскен.

Экономикалық контрабанда соңғы жылдары Қазақстанға экономикалық нұқсан келтiретiн экономикалық қылмыстың тараған түрiнiң бiрi болып отыр. 1989 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстарға мемлекеттiк монополяның алынуына байланысты, сала тез көбейiп кеттi және соған сәйкес заңсыз экспорттық операция жасаушылардың саны да артты. Заң шығарушы экономикалық контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi белгiлейдi.

Экономикалық контрабанда дегенiмiз, кеден бақылауынан жасырын түрде немесе кедендiк идентификациялау құралдарын немесе жасалған құжаттар арқылы, декларация жарияламай, болмаса кеден шекарасы арқылы өткiзуге болмайтын, шектелген декларациясы дұрыс емес тауарларды, құндылықтар мен заттарды кеден шекарасы арқылы өткiзуге арнайы ережесi белгiленгендердi айтады.

Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы кодекстiң 250-шi бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тиым салынған немесе, өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу-200-ден 500 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыруға жазаланады.

Нақ сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш

қолдана отырып жасалса, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер-мүлкi тәркiленiп, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткiзiлген тауарлардың құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.

Қылмыспен күресте қылмыстық жауапкершілікті нығайту үшін қылмыстық құқықтық институттарды толық игеру қажет. Қылмыстық құқтықта қылмыскерге жасаған қылмысы үшін жаза тағайындаумен қатар қылмысты дұрыс бағалау басты мәселе болып табылады. Осы мақсатта экономикалық контрабанда жөніндегі қылмыстардың субъективтік және объективтік белгілерін ашсақ.

Қылмыс объектісі - бұл қылмыс құрамының міндетті элементі, «объектісіз» қылмыстар болмайды да. Қылмыстық құқық теориясында, қылмыс объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым қатынас, деген жалпылама ереже бар. Бұл ұғымды жалпылама ережемен түсіндіру жеткіліксіз. Қоғамдық қатынас адамдар арасында рухани, тану қызметтері барысында пайда болады. Объектінің көмегімен қылмыстық емес әрекет-әрекетсіздікті қылмыстық әрекеттен, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады. Кез келген қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрсетілген әрекет-әрекетсіздік объектіге қол сұғады. Қылмыстық қолсұғудың нәтижесінде объектіге нақты немесе елеулі дәрежеде зиян-шығын келеді, не шығынның келу қаупі туындайды. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыс қолсұққан объектінің қай түріне әсер еткеніне де байланысты. Ол бір қылмыстың немесе біртектес қылмыстар тобының жекеленген белгілерін түсіндіру үшін қажет. Іс-тәжірибеде объект нақты қылмыстық әрекет бағытталған қолсұғушылықты анықтаудың негізгі фундаменті болмақ.

Кеңес уақытында қылмыс объектісінің жүйесі нақты қалыптастырылып болды, деп есептелген. Сол кезде-ақ объектіні үш топқа бөлген: жалпы, топтық және тікелей. Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстық жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қарым қатынастардың жиынтығын айтқан. Ал, арнайы, не топтық объект - бұл белгілі бір салада кездесетін немесе қасиеттеріне қарай біртектес қоғамдық қарым қатынастың тобы немесе оның белгілі бөлігі.

Тікелей объектіні кейде нақты мүлік, мысалы, зат, ақша,жануарлар және т.б., деп түсінушілер де кездеседі. Бұл түсінік, әрине, қате. Егер жалпы және топтық объект қоғамдық қатынас болып табылса, «жалпы» және «жеке»категориялардыңарқатынасы түсінігіне орай, тікелей объектінің те қоғамдық қатынас болуы шарт.

Бұл мәселе жөнінде профессор Қайыржанов Е.И.: «Қоғамдық қатынастар» деген жалпы категорияны «тікелей объектіге» қатысты айтқанда түсінбеушілік туындайды. Көптеген оқулықтарда «тікелей объект» деп жеке қылмыс бағытталған нақты қоғамдық қатынасты айтады. Бұны формальды түрде бір, не бірнеше қылмыс бағытталған, заңмен қорғалынатын нақты қоғамдық қатынас деп түсінетін жайлар бар,-дейді. Демек, «тікелей» объект дегеніміз нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастың жиынтығы болған. Сонда топтық, не арнайы және «тікелей» объект ұғымдары арасында қандай айырмашылық бар? Мұндай сұрақ оқу құралдарында да, ғылыми еңбектерде де жауабын таппай келеді.

Бұл сұрақты шешу үшін профессор Қайыржанов Е.І. қылмыс объектісін топтауда қоғамдық қатынастың нақты бейнесі - мүддені қолдануды ұсынады. Мүддесіз қоғамдық қатынас та жоқ. Қоғамдық қатынас адамдардың арасындағы сан қырлы байланыстардың жиынтығын білдіреді. Бұл байланыстар кластың, әлеуметтік топтың мүдделерін білдіретін материалдық, рухани, эстетикалық, құқықтық және басқа да сипатқа ие. Жеке тұлға бұл қатынастардың жекеленген материалды субстраты болады. Мүддені иеленуші (субъект) ғана емес, оның объектісі - мүддесі бар субъектілерді байланыстыратын әлеуметтік игілік те болады.

Мүдде - қоғамдық қатынастың нақты бейнесі, ол құқықтық нысанда нақты көріне алады. Барлық қылмыстар қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық, мемлекет, жеке тұлғаның мүдделеріне шығын келтіреді. Арнайы, не топтық объект белгілі топтың мүддесі болады. Топтың мүддесі бір, қатысушылары ұқсас болуы шарт. Бұл ереже ҚР ҚК ерекше бөліміндегі ұқсас қылмыстар сынды жекеленген баптардың тобында көрініс табуы тиіс. Тікелей объект нақты әрекетпен кімнің, қандай мүддесі бұзылады, қайсысы маңыздырақ деген сұраққа жауап береді. Ол нақты объектінің жеке белгілерін сипаттайды.

Заң теориясында формальды түрде қылмыс объектісі ретінде құқық нормасын алады. Профессор Таганцев Н.С. былай дейді: «Егер де норма бұзылмаса, ол қандай болмасын шығын алып келгенімен қылмыс деп есептелінбейді. Сондықтан қылмыстың объектісі құқық нормасы болып табылады».

Қылмыстық заң қоғам мүшелерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды. Оның міндеті: «Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасынының конституциялық құрылымы мен аумақтың тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады».

Ал, Кудрявцев В.Н. қылмыс объектісін мына кешен құрайды дейді: «а) адамдар арасындағы нақты қоғамдық қатынас; ә) олардың құқықтық нысаны, не «қабы»; б) осы қоғамдық қатынастың материалдық нысаны, алғы шарты және пайда болу шарты. «Материалдық» құрамда объект зиянмен, кейде қолсұғушылықтың заты арқылы анықталады». Бұл жағдайда Кудрявцев В. Н. логикалық жүйенің бұзылуына жол береді, тұжырымдарда ішкі қарама-қайшылықтар аңғарылады. Бір жағынан, ол объектіні - қоғамдық қатынас десе, екіншіден - объектіні «құқықтық нысан», үшіншіден, қоғамдық қатынасты алғы шарт, шарт, материалдық нысан ретінде қарайды.

Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттiң экономикалық мүддесiне нұқсан келтiредi, себебi, бiрiншiден-әкелетiн және шығарылатын тауарларға белгiленген алымдар мемлекеттiк бюджетке түспейдi.

Екiншiден, елдiң экономикасы үшiн өте қажеттi болғандықтан сыртқа шығаруға тиым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикiзат) әкетiледi.

Экономикалық контрабанданың негiзгi тiкелей объектiсi мемлекеттiң қаржылық қызметi.

«Қаржы жүйесі»,»несие жүйесі» мен «ақша жүйесі» ұғымдары күрделі түсініктер, оларды тұтас бір ұғым деп түсінуге болмайды. «Қоғамның қаржысына барлық ақша қатынастары емес, тек мемлекеттің тікелей нұсқауымен ақша құралдарын мобилизациялайтын материалдық өндіріс саласындағы ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде қолданылатындары ғана кіреді». Мемлекеттегі ақша қаражатының қоры орталықтанған және орталықтанбаған қорлардан тұрады. Орталықтанған және орталықтанбаған қорларға келесі төлемдер жатады: бұл біріншіден, салық, алым, баж; екіншіден, несие (мемлекеттік және банктік); үшіншіден, сақтандыру; төртіншіден, ақшаны эмиссиялау. Қаржы жүйесі - бұл ақша құралдары мен экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен пайдалануымен байланысты қорлардың жиынтығы. Оларға мемлекеттік бюджет, мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру, мемлекеттік-мүліктік және мүліктік емес сақтандыру, банктік және мемлекеттік несие мекемелер мен шаруашылық саладағы қаржылар кіреді.

Қосымша объектiсi, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын кесiп өту ережесi. Экономикалық контрабанданың затына және субъектiсiне байланысты оның факультативi объектiлерiне мемлекеттiк органдардың қызметi, ҚР-ның саяси мүддесi, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұралары жатады.

Қылмыс затын анықтаудың қылмысты саралауда орны зор. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер ететін мүлік. Қылмыстың заты дегеніміз қылмыскер объектіге қол сұққан кезде оның әсеріне ұшыраған сыртқы ортадағы материалдық зат. Қылмыс затын зерттеу қылмыстың объектісін шын мәнінде терең және дұрыс анықтап, нақтылау үшін және өзара ұқсас қылмыстардан ажырата алу үшін қажет. Қылмыстың заты жөнінде бірыңғай пікірлер жоқ. Объект пен қылмыстың заты арасындағы байланыс олардың әрқайсысының даралығын терістемейді, бірақ та ажырата алу да керек. Объект пен қылмыс заты ұғымдарын бөлу бір жағынан қылмыстың объектісі тұрғысынан қарағандықтан, ал екіншіден - қоғамдық қатынас ұғымының мазмұны жеткіліксіз дәрежеде анықталғандықтан туындайды. Қылмыс затын түсіндіруде екі түрлі бағыт қалыптасқан: бірі - кең мағынада, екіншісі - тар мағынада. Қылмыс затын кең мағынада түсінетін болсақ, тұлғалар арасында қоғамдық қатынас нақты құндылықтарға байланысты туындайды. Ол нақты әрекет нысанында кездесуі мүмкін. Қоғамдық қатынастың элементі субъект те бола алады. Зат пен мүлік категориялары сапалық және мүліктік қасиеттермен сипатталады. Мүлік, қасиет және қатынас бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір-бірін толықтырады. Мұнан затсыз қылмыс жоқ, ол мүліктік, материалдық, материалдық емес нысанда кездеседі деген тұжырым туындайды. Тар мағынада қылмыс заты тек материалдық нысанда кездеседі. Пионтковский А.А., қылмыс объектісін қоғамдық қатынас ретінде қарап, қылмыс затын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігіне жатқызады. Қоғамдық қатынас мүлікке қатысты да, байланыссыз да туындайды. Сондықтан да құрамында қылмыс заты кездесетін де, кездеспейтін де қылмыстар болады.

Трайнин А.Н.: «Қылмыс заты - қылмысқа қатысты қылмыс жасалынатын мүлік. Объект қылмыстан зиян шегеді, не оған қауіптің келуі мүмкін. Ал қылмыстың затына қауіп келмейді»,-деп түсінеді. Мұндай пікірмен келісу, әрине қиындау, қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде қылмыстың заты да зақымданады/5/. Коржанский Н.А.: «Мүлік қылмыстық қолсұғушылықтың объектісі бола алмайды, себебі қоғамдық қатынас адам мен мүліктің арасында емес, қатынас адам мен адам арасында мүлікке байланысты туындайды»,- деген. Қоғамдық қарым-қатынас тірі тіршіліктің қозғалысы ұғымына тән нәрсе. Философтар қоғамдық қарым-қатынастың адамзат пен табиғат, не тірі организм мен өлі зат арасындағы байланыстарды дәлелдейді.

Қылмыс құралын қылмыс заты ұғымынан ажырата алу керек. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер еткен мүлік болса, қылмыстың құралы - бұл субъектінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыруына көмекші себепші болатын мүлік, не олардың комплексі. Түсіндірме сөздікте «құрал»ұғымы екі мағынаны береді: 1) құрал - мақсатқа жетудің жолы, 2) құрал-жабдық - қызметті жүзеге асыруда қолданылатын зат. Филологияда «құрал» термині кең және тар мағынада пайдаланады. Көпшілік криминологтар бұл ұғымды қылмыс жасау үшін қолданылатын мүлік (құжат, механизм, сондай-ақ қандай-ақ қандай да материалдық дүние) деп түсінеді.

Қылмыстық заттары - тауарлар мен басқадай заттар.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 20-шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» заң күшi бар Жарлығының 18-бабының 18-тармағына сәйкес, тауар дегенiмiз-материалдық дүниенiң кез келген материалдық заты, оның iшiнде валюта, валюталық құндылық, қуаттық электр, жылу немесе басқа түрлерi осы баптың 21-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарынан басқа көлiк құралдары, ал осы баптың 21-тармағына сәйкес көлiк құралдарына «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшiн пайдаланылатын кез келген құрал, оған контейнер мен басқа да көлiктi құрал-жабдықтар жатады».

Сонымен қатар, кедендiк шекара арқылы алып өтуге тиым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен құндылықтарда бұл қылмыстың заты бола алады.

Кедендiк шекара арқылы алып өтуге тиым салынған заттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтеудi декларациялау және оның тәртiбi туралы» қаулысының N5 тiркемесiнде берiлген. Оған мемлекеттiк және қоғамдық құрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, терроррды зорлықты нәсiлшiлдiлiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнаграфиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуiр көркемдiк тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кiрген/[6].

Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тiзбесi сол қаулының N6 тiркемесiнде берiлген. Оған ғылыми, көркемдiк, табиғи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есiрткi затына жатпайтын дәрi-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиiлiктi құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгiлерi, авто, мото көлiк құралдары және басқалар кiрген.

Қылмыс құрамының келесі элементі - қылмыстық объективтік жағы. Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілерге қолсұғатын, заңмен көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық құқық оқулықтарында қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

- қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік;

- қоғамға қауіпті зардап;

- әрекет, әрекетсіздік пен зардап арасындағы себепті байланыс;

- уақыт, орын, жағдай, әдісі, құралы.

Кудрявцев В.Н.: «Кез-келген қылмыстың объективті жағы сырттай қарағанда субъектінің қылмыстық әрекетімен басталып, қылмыстық нәтиже берумен аяқталынатын, оқиғалар мен құбылыстардың кезектілігінен тұратын, заңмен қорғалынатын мүддемен байланысты қоғамға қауіпті заңсыз қолсұғушылық процес болып табылады», дейді.

Қылмыстың объективтiк жағы-осы кодекстiң 250 бабына көрсетiлгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды iрi мөлшерде кедендiк шекара арқылы алып өтуге белсендi бағытталған белсендi әрекетпен сипатталады.

Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы алып өту дегенiмiз - тауарларды және көлiк құралдарын кез-келген тәсiлмен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына алып кiрумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жiберулермен өткiзу, құбыр мен тасымалдау көлiгiн және электр жүйесiнiң пайдалану да кiредi. Көрсетiлген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының қалған бөлiгiне алып кiру, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын iс жүзiнде кесiп өту; басқа жағдайларда -Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жаққа не еркiн кеден зоналар аумағына, немесе еркiн қоймаларға тауарлар мен көлiк құралдарын алып шығу ниетiн жүзеге асыруға тiкелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда – кедендiк декларация беру.

Сонымен қатар, тауарларды немесе басқа заттарды алып кiргенде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы iс жүзiнде кесiп өтiледi, ал алып шыққанда-кедендiк декларация берiледi.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына алып кiргенде оның iшiнде еркiн кедендiк зоналар аумағы мен еркiн қоймадан кедендiк аумақтың басқа бөлiгiне алып кiргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендiк шекараны iс жүзiнде кесiп өткен кезiнен бастап, ал тауарларды кедендiк аймақтан алып шыққанға, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының қалған бөлiгiне еркiн кедендiк зоналар аумағына және еркiн қоймаларға алып кiргенде – кедендiк декларация берген кезден бастап экономикалық контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады.

Алып өту мына тәсiлдердiң бiреуi арқылы жасалуы мүмкiн:

а) кедендiк бақылауды айналып өту;

б) кедендiк бақылаудан жасыру;

в) кедендiк ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану;

г) декларация жасамау;

д) кедендiк шекара арқылы алып өтуге тиым салынған немесе шектеу салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Экономикалық контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысының 5-тармағына сәйкес, экономикалық контрабанда жасаудың жоғарыдағы бiрiншi тәсiлiнде экономикалық контрабанда заттарын кеден бекеттерiн, өткiзу пунктерiн және кедендiк рәсiмдеу жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгiленген басқа органдарды айналып өтiп немесе рәсiмдеу жүргiзiлетiн уақыттан басқа кезде жiбередi немесе алып өтедi.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективті жағын сипаттайтын негізгі белгіге кінә, ал факультативті белгіге ниет пен мақсат жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі белгісі. Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективті жағына эмоцияны да жатқызады. Утевский Б.С. сезімді (эмоция) кінәнің элементі деп қарастырған. Ғалым бұл пікірді психологиялық ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болған. Адам психикасын, адам санасын, сезімі мен еркінен бөлек алып қарауға болмайды, сотталушының кінәсінің дәрежесін анықтағанда қылмысқа итермелеген сезім туралы сөз қозғамауға болмайды деп тұжырымдайды. Қылмыстық құқық (МГУ 1993) оқулығының авторлары да осы пікірді ұстайды. Эмоция - бұл ниетпен байланысты, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, қылмысқа дайындық және оны жасау процесінде кездесетін сезім. 1948 жылы Исаев М.М. эмоциялық кінәнің құрамындағы психологиялық процесс элементі болатындығын алғаш рет терістеген.

Кінә - бұл қасақаналық, абайсыздық нысанында кездесетін, қылмыскердің өзінің жасаған әрекеттеріне психикалық қатынасы. Макашвили В.Г. кейініректе кінә ұғымын бұл момент толық сипаттамайды, -деп, оның мазмұнына қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекетке қоғамның сөге отырып беретін бағасын жатқызады. Адамның психикалық жағдайы тұлғаны тәжірибелік қызметтерге бағыттайды және объективті әрекеттерді, ниет, мақсаты, сезімімен байланыстырушы және ерік (ықтиярлық) пен интеллектуалдық кезеңдерді қамтиды. Ол әр уақытта әлеуметтік жағдайларға толы. Дагель П.С. пен Котов Д.П. кінә ұғымына нақты сипаттама беру үшін келесі категорияларға жүгінеді: кінәнің мазмұны, кінәнің мәнісі, кінәнің нысаны, кінәнің дәрежесі[7].

Кінәнің мазмұны дегеніміз қылмыстың белгілерін бейнелеген, сондай-ақ кінәнің сол белгілерге психикалық көзқарасын анықтайтын психикалық элемент. Кінә мазмұны – бұл нақты қылмыстың қасақаналық пен абайсыздықтың мазмұны.

Кінәнің мәнісі - субъектінің психикалық ерекшелігі, қылмысқа көзқарасы - оның қоғамға қауіптілігі.

Кінә нысаны - бұл мазмұнның ішкі құрылымы, белгілердің арақатынасы. Кінә нысанын анықтауда екі психиологиялық элемент қолданылады: интелектуалдық, ықтиярлық.

Кінәнің дәрежесі - кінәнің салыстырмалы түрде ауырлылығын сипаттайтын сандық сипаттама. Дәрежені мына мән-жайлар сипаттайды:

- кінәлінің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;

- қылмыстардың себептері мен жол беретін жағдайлар;

- ниет пен мақсат;

- әрекеттің қоғамға қауіптілігі.

Аталған қылмыстың субъективтiк жағы – тiкелей қасақаналық түрiндегi кiнә.

Айыпты адам тиiстi тауарларды немесе басқа заттарды кедендiк шекара арқылы iрi мөлшерде өткiзiп отырғанын түсiнедi, осы iс-әрекеттi жасағанды қалайды.

Бұл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезiнде ескерiлуi мүмкiн себеппен мақсат қалып қойған.

Экономикалық контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципiн жүзеге асыру кезiнде сот практикасында ескерiледi.

Қылмыстың міндетті элементтерінің бірі - қылмыс субъектісі. Субъектіні мына белгілер сипаттайды: жеке тұлға, тұлғаның есінің дұрыстығы, қылмыстық жауаптылық жасқа толуы. Қылмыс субъектісін негізгі және қосымша белгілер сипаттайды. Қосымша белгілердің жиынтығы жөнінде бірыңғай көзқарас жоқ. Орынбаев Р.О. арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерді төмендегідей топтайды:

- құқықтық жағдайын сипаттайтын белгі (шетел азаматы, ҚР азаматы);

- мамандығы мен қызметін сипаттайтын белгілер;

- жәбірленуші мен кінәлінің байланысын сипаттайтын белгілер (ата-анасы, қамқоршысы, баласы);

- физикалық жағдайын сипаттайтын белгілер (ер, әйел, жасөспірім).

Фролов Э.Ф. Галиакпаров Р.Р. арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерге рецидивистікті де жатқызады.

Қылмыс субъектiсi –жасы 16-ға толған, есi дұрыс адам.

Осы баптың 2-бөлiмiне сәйкес экономикалық контрабанданы сараланған нышандарына экономикалық контрабанданы бiрнеше рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның жасауы, кеден бақылауын жүргiзушiге күш қолдану жатады.

Экономикалық контрабанда бiрнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екi немесе одан көп рет жасалынса, бұл жағдайда экономикалық контрабанда үшiн бұрынғы соттылығының алынбағаны немесе жойылмағаны. Не бұрын жасаған экономикалық контрабандасы үшiн адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықтауға тиiс.

Өз қызмет бабын пайдаланып осындай адамдар жасаған экономикалық контрабанда лауазымдық қылмыстар заңының баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейдi.

Қызмет бабын пайдаланып экономикалық контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негiзде жауапқа тартылады, яғни лауазымды қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нышанға сiлтемесiз қылмыстық кодекстiң экономикалық контрабанда туралы бабының тиiстi бөлiгiмен жауапқа тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысының 9-тармағы).

Экономикалық контрабанданы кеден бақылауын жүргiзушi адамға күш қолдану арқылы жасау дегенiмiз- күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңiл, орташа немесе ауыр) залал келтiру, тағы басқа жатады.

Егер кеден бақылауын жүргiзетiн адамын өлтiрсе, қылмыстық кодекстiң 209 және 96 баптарының жиынтығы бойынша саралануға тиiс.

Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым кетiремiн немесе өлтiремiн деп қорқытады.

Экономикалық контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3-бөлiгiне сәйкес, экономикалық контрабанданы ұйымдасқан топтың, яғни экономикалық контрабанда жасау үшiн алдын-ала бiрлескен тұрақты бiр топ адамның жасауы (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысының 10-тармағы) /ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулысының 10-тармағы/

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлетiн тауарлардың кеден құны шот-фактурада көрсетiлген тауардың бағасы, сондай-ақ егер олар шот-фактураға енгiзiлмесе, мынадай нақты шығыстардың негiзiнде анықталады:

Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарды әуе жайға, кеме жайға дейiн жеткiзу немесе тауарды басқа жерге әкету шығыстары;



  • тасымалдау құны;

  • тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу мен басқа көлiкке ауыстыру шығыстары;

  • сақтандыру сомасы;

  • сатушы шеккен шығыстар;

  • комиссиялық және делдалдық сый ақылар;

егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлар мен бiртұтас қаралатын болса, контейнерлердiң немесе басқа көп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;

Орама материалдары мен орап-тию жұмыстары құнын қосқанда, орап-қаттаудың құны.

Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың құны Тариф және сауда туралы бас келiсiмнiң (ТСБК) кедендiк бағалауына жалпы қағидаттарына негiзделедi.

Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды бағалау жүйесiн қолдану тәртiбi осы жарлық ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.

Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының орталық кеден органының лицензиясыз «кеден делдалы» атауын өз атауында, жарнамасында немесе өзгеде хабарда пайдалануда, егер мұндай лицензия қайтарылынып алынса немесе оның қолданылуы тоқтата тұрылса, не штатта Қазақстан Республикасы орталық кеден органының бiлiктiлiк аттестаты бар кеден құжаттарын рәсiмдеу жөнiндегi маман болмаса не бiлiктiлiк аттестаты жоқ адамның немесе мұндай аттестаттың айрылған, немесе бiлiктiлiк аттестаты қайтарып алынған немесе мұндай аттестаттың қолданылуы тоқтата тұрылған адамның кеден делдалы атынан кеден құжаттарын рәсiмдеу жөнiнде iс-әрекет жасауы немесе Қазақстан Республикасы орталық кеден органына күмәндi мәлiметтерден тұратын құжаттарды ұсынуы нәтижесiнде алынған лицензияны кеден делдалының пайдалану, сондай-ақ осы баптың 2-бөлiгiнде көзделген әрекеттерден басқа әрi қылмыс белгiлерi болмаған жағдайда осындай қызметтiң өзге де шарттарын бұзу, құқық бұзушылыққа жол бермеген адамға ең төменгi бес жалақыдан он жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыс белгiлерi болмаған жағдайда, кеден делдалының немесе оның қызметкерлерiнiң заңмен қорғалатын құпиядан не жасырын хабардан тұратын мағлұматтарды өз мақсаттарына пайдалануы, жария етуi осындай мағлұматтарды үшiншi бiр тұлғаға, оның iшiнде бұған уәкiлдiгi жоқ мемлекеттiк органдарға беруi, лизензияның немесе бiлiктiлiк аттестатының қолданылуын тоқтаттыру арқылы кеден делдалына ең төменгi он жалақыдан жиырма жалақыға дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыстың әдісі - қылмыстың объективті жағын сипаттайтын белгі. Қылмысты жасаудың әдісі мен құралы бір-бірінен бөлек, бірақ тығыз байланысты ұғымдар. Қылмыстың әдісі деп қылмысты жасау кезінде сүйенетін жоспарланған әрекеттердің бағдарламасын (әдісін) айтады. Қылмыстық құқық нормасы диспозициясында қылмыстық әрекетті жасаудың әдісі туралы сөз қозғалмайды. Әдіс түрлі қылмыстық істерде анықтауға тиісті мән-жайлар болып табылады.

Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, экономикалық контрабандалық кеден бекеттерiнен, өткiзу нүктелерiнен және кедендiк дайындауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы деген органдары мен заң арқылы белгiленген өзге жерлерден тыс немесе кеден жұмысы үшiн белгiленген уақыттан тыс мерзiмде жөнелтуден немесе өтуден тұрады.

Экономикалық контрабанданың екiншi жолы заттарды алып өту кезiнде құпия орындарды немесе iздеп-табудың қиындата түсетiн басқа тәсiлдердi пайдаланудан немесе бiр затты екiншii заттың түрiне келтiруден тұрады.

Кедендiк бақылауда заттарды жасырып қалу үшiн тұлғалар неше түрлi айлаларды қолданып бағады. Заттар, мысалы: киiмге, аяқ киiмге, бас киiмге, сөмкенiң астарының астына, чемоданның қосарланған түбiне жасырылуы мүмкiн.

Үшiншi әдiс бойынша кеден органдарына, сол сияқты шекаралық бақылау жүргiзу тұлғаларға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, сонымен қатар, жалған мәлiметтерден тұратын құжаттар ұсынылуы, қолдан жасалған мөрлер, пломбылар, штамптар не кедендiк теңдестiрудiң өзге құралдары пайдалануды немесе шын теңестiру құралы ұсынылып, бiрақ ол бөтен объектелерге қатысты болуы мүмкiн.

Бұл әдiс арқылы экономикалық контрабанда жасау кезiнде айыптының әрекетiн құжаттардың қолдан жасалғандығы немесе жалғандығы үшiн қосымша бақылаудың қажеттiлiгi жоқ, себебi бұл әрекеттер экономикалық контрабанда жасаудың аталған тәсiлiнiң мiндеттi белгелерi болып табылады.

Контрабанда жасаудың төртiншi және бесiншi тәсiлдерi айналыстан алынған немесе өткiзуге тиым салынған не шек қойылған заттарға қатысты белгiленген ережелерiне сәйкес кедендiк декларация ұсыну мiндетiн орындамаудан не тиiстi дәрежеде орындамаудан тұрады.

Экономикалық контрабанданы ұйымдасқан топтың, яғни экономикалық контрабанда жасау үшiн алдын ала бiрiккен тұлғалардың тұрақты тобының жасауы осы баптың 3-бөлiмiне сәйкес экономикалық контрабанданың ерекше бағалаушы белгiсi болып табылады.

Экономикалық контрабанданың бiлiктiлiк белгiлерi болып табылатындар: лауазым иесiнiң өзiнiң қызметiн пайдаланып, кедендiк бақылау жүргiзушiсiне күш көрсету арқылы қылмысты бiрнеше қайтара жасауы.

Экономикалық контрабандалар мынадай элементтердi өзiнiң криминалистикалық сипаттамасына енгiзген:



  • субъектiлердiң типтiк жеке қасиеттерiн;

  • экономикалық контрабанда жасаудың тәсiлдерiн;

  • контрабанданың типтiк iздерi мен басқа материалдық салдарын;

  • контрабанданың басқа қылмыс әлемiмен байланыстарын.

Әлеуметтiк жағдайлары да түрлiнше; кiшкентай жүлiктен бастап жоғары орындағы дипламантқа дейiн. Ресейдiң құқық қорғау тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, соңғы 5 жылдың iшiнде 53 мемлекеттiң шетелдiк өкiлдiктерiнiң қызметкерлерiнiң экономикалық контрабандалық жолмен тасымалдауға 800-ден астам деректемесi анықталып, құжаттандырылған. Бұлар бизнесмендер, әртүрлi делегациялардың мүшелерi, халықаралық тасымалдаудағы көлiктiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметкерлер болуы мүмкiн. Бұндай жағдай Қазақстанға да бiрдей.

Контрабанданың негiзгi бөлiгiн ұйымдасқан қылмысты топтар жасайды. Контрабанда жасаудың тәсiлдерi өзiне кедендiк шекара арқылы контрабандашы өткiзуде, сақтаудың өзiне алудың, және сонымен қатар контрабанданы өткiзудiң тәсiлдерiн игерген. Бұдан басқа, бұған жасырыну тәсiлдерi, контрабандалық әрекеттерiн жасыру кiредi.

Кедендiк шекара деп кеден аумағының шегi, сонымен қатар ерiктi қоймалар мен ерiктi экономикалық аймақтардың периметрлерiн атайды.

Құрлықты аумақтар, аумақтық және iшкi сулар, соның үстiндегi әуе қатынастары шегi мемлекеттiк шекара болып табылатындар кедендiк аумақты құрайды. Көпшiлiгiнде, ерiктi қоймаларды алмағанда, себебi олар кеден мәртебесiне ие бола тұрып, мемлекеттiк шекарадан бiршама алысырақ орналасуы мүмкiн, мемлекеттiк және кедендiк шекаралар сәйкес келедi.

Контрабандалық тауарларды алу заңды түрде жүргiзiлуi мүмкiн, сатып алу, айырбастай арқылы, кен қазу арқылы, заңсыз түрде, негiзiнде, ұрлықты жолмен. Тауарлардың түрiне, көлемiне және алыну заңдылығына орай ашық түрде қоймаларда болмаса соған бейiмделген жайларда сақталуы мүмкiн немесе жабық түрде ұрлықты қоймаларда.

Кедендiк шекара арқылы өткiзу деп кеден аумағы арқылы немесе басқа заттарды берi қарай не ары қарап өткiзудi айтады.

Жүктi берi қарай өткiзу ол Қазақстанның кедендiк шекарасынан өту деген сөз, ал өткiзерде – тауарларды өткiзу үшiн декларацияларын беру.

Экономикалық контрабандаларды өткiзу мынадай тәсiлдермен жүргiзiледi:



  • контрабандистiң өзiнiң белгiленген жерден шекарадан ашық түрде өтуi;

  • контрабандистiң мемлекеттiк шекарадан жасырын түрде өтуi;

  • контрабандистiң өзiнiң қатысуынсыз.

Көпшiлiгiнде экономикалық контрабанданы өткiзу, кедендiк бақылаудан жасырын түрде жүргiзiлуi (мысалы, кедендiк органдардың белгiлеген жерiнен басқа жерден, жабдықталған және арнайы дайындалған жасырын орындарды пайдалану, бiр тауарға басқа тауарлардың түрiн беру арқыл). Қазақстанның темiржол составтармен тасымалдау кезiнде пошта вагондарында, арнайы байланыстың көлiктiк құралдарына тасымалдаудың анықтамасынсыз жеке жолдама құжаттарынсыз заңсыз шикiзаттарды тасымалдаудың көптеген деректерi анықталды.

Жасырын орындар темiржол вагондарында, әуе, теңiз және су кемелерiнде, автобустар мен халықаралық қатынастағы машиналарда жасалынады. Көп жағдайларда автокөлiк жүргiзушiлерi, поездағы бригада мүшелерi, кеме экипажының мүшелерi де экономикалық контрабандаға қатысты болып жатады. Кей жағдайларда жасырын орындарды көлiк иесi бiлмеуi де мүмкiн. Тауарлар жасырын орындарға алдын-ала қойылады, ал шетелдегi байланысшысы жасырын орынды бiлмейтiндiктен, тауарды жiберушiнiң тұлғасының бармауы да мүмкiн.

Көп жағдайларда контрабандалық заттар шетелге туристер арқылы және эмигранттар арқылы заңды түрде силықтар, сувенирлер ретiнде таныстары немесе туысқандары арқылы жiберiледi. Алып барушы оның шын бағасын бiлмеуi де ықтимал.

Қылмыскерлер көп жағдайда кедендiк идентификацияларының жасанды түрiн пайдаланады немесе өзiн басқа тауарларға арналған түрлерiн пайдалануы мүмкiн. Олар пломбылар, мөрлер, идентификациялық белгiлердiң сандық, әрiптiк немесе басқа маркировкалары. Кеден Кодексiне сәйкес идентификация құралдары тек ҚР кедендiк органдарының рұқсатымен ғана ауыстырылуы немесе жойылуы керек.

Көп ретте экономикалық контрабандалық тасымалдау транзит түрiнде жүргiзiледi (тиiстi құжаттарды пайдалану арқылы). Бұндай жағдайда тауралар декларациядан өтедi, кейде декларациялары дұрыс толтырылмайды, былайша айтқанда олардың саны едәуiр кем көрсетiледi немесе тауарлар мен заттардың басқа түрлерi декларацияда көрсетiледi.

Бұндай жағдай көбiнесе кедендiк бақылау жүргiзушi тұлғаға күш қолданумен аяқталады.

Қандай болмасын күш қолданудың нәтижесiнде тұлғаның денсаулығына нұқсан келмеген жағдайда күш қолданған болып есептеледi.

Экономикалық контрабанданың өзiндiк бiр түрi ретiнде қызметтiк жағдайын пайдаланған лауазым иесiн атауға болады. Бұл жерде ҚР кеден органдарының қызметкерлерi жөнiнде болып отыр.

Экономикалық контрабандалық тауарларды өткiзу көп жағдайда нақты тұлғалардың келiсiмi арқылы жүргiзiледi, олардың өзiнiң сатуышлары болады. Көркем өнер туындылары коллекционерлер арқылы антиквар дүниелерiне өткiзiледi.

Мысалы, өнер туындысын аларда экономикалық контрабандистер өздерiн мұражайдың қызметкерiмiз дейдi.

Басқа да перделену тәсiлдерiнiң арнайы түрлерi қолданылады; қарым-қатынаста шартты белгiлермен; жалған есiмдермен атауларды пайдалану; заттарды сақтау үшiн жасырын орындарды дайындау және т.б.

Шекара арқылы стратегиялық маңызды шикiзат тауарларына ҚР Үкiметi бекiткен тiзiмдер бойынша арнаулы ереже бекiтiлген. Стратегиялық маңызды шикiзат тауарларға азық-түлiк тауарларының кейбiр түрлерi (осетра уылдырығы, қатты бидайдың сорттары, этил спиртi және т.б.) дәрiлiк шикiзаттар (женьшень, маралдың мүйiзi және т.б.), энергия қуатын тасушылар, қыымбат бағалы тастар және т.б. жатады.

Кедендiк шекарадан тасымалдауға жататын мәдени құндылықтарға арнайы ереже бекiтiлген – олар көркемдiк, тарихи, Қазақстан халқының байлығы болып табылатын және шет елдердiң, ҚР заңдарында көрсетiлген заттары жатады.

Экономикалық контрабанданы тергеудегi криминалистикалық маңызды ақпараттардың көзi болып табылатын құжаттар:

шекара арқылы тасымалдауда экономикалық контрабандалық заттарды (немесе осы мақсатқа дайындаған) пайдалануы;

кейбiр тұлғалардың лауазымдық жағдайын айқындайтын және олардың белгiлi орындарға келуi (бұйрықтар, iс-сапар куәлiктерi, шетелдiк төлқұжаты, визалары, жол билеттерi, қонақ үйде тұрғаны жөнiндегi есебi т.б.);

Экономикалық контрабандистердiң әрекеттерiн айқындайтын ақпараттары бар құжаттар;

Кеден ережесiн, санкцияны бұзғандығы жөнiндегi құжаттар.

Бiрiншi топтағы құжаттарға жататындар: кедендiк декларациялар; тасымалдау қызметiне лицензия; кедендiк брокер; уақытша сақталатын қоймалардың иелерiмен келiсiм-шарттар, тауарлар келгенi жөнiндегi және көлiктiк құралдарды хабардар ету; кедендiк төлемдердi төлегенi жөнiндегi түбiртектер; тауар тасымалдаушылардың банкiдегi есеп-шоттары мен жасаған операциялары жөнiндегi аынқтамалар т.б.

Екiншi топтағы құжаттарға жататындар: жеке өзiнiң хат алмасуы, онда экономикалық контрабандистердiң операциялары немесе сондай пиғылы бар екендiгi жөнiнде байланыстылығы жөнiнде деректер, фотосуретi, тергеуге қажеттi басқа да ақпараттар болады; есептескенi туралы жазбалары; сыбайластықтарының телефон номерi жазылған кiтапшалары және басқа да байланыстары.

Үшiншi топтағы құжаттарға жататындар: кеден ережесi бұзғаныдығы жөнiнде хаттама; алғаны жөнiнде хаттаама; кедендiк тергеудiң хаттамасы; осы ереженi бұзғандығы туралы куәлер мен тәртiп бұзушының түсiнiктемелерi; қылмысты iс қозғалмайтыны туралы қаулы немесе тергеуде екендiгi жөнiнде материалдарды қайтып беру, алынған тауарлардың тұрағы жөнiнде анықтамалар; тауаралардың тiркелгенi жөнiндегi қаулылар т.б.

Кедендiк органдар құжаттарды толтыру процесiнде сараптама жасау мақсатында тауарлардың үлгiсi мен пробасын жиi алады. Алынған проба мен үлгiсi үшiн белгiленген формада акт жасалынады. Бұндай пробалар мен үлгiлер қажеттi жағдайда және тексеру жүргiзiлгенде пайдаланылады. Тауарларда, құжаттарда экономикалық контрабандыға қатысты тұлғалардың саусақтарының iзi және басқа да iздер қалуы мүмкiн. Егер де тауарларды тасымалдауда тауарларды идентификациялау құралдары пайдалынылған болса, олардың жалған екендiгi деректелсе ол маңызды айыптау болып табылады.

Материалды iздер ретiнде шекара арқылы тасымалданатын көлiктер мен басқа да заттардың жасырын орындарын қарау керек. Бұндай орындарда қолдың iздерi, микробөлшектер, жасырын орындары жасағанда пайдаланаған құралдардың iздерi қалуы мүмкiн.

Жоғарыда айтылған iздер және басқа материалдар экономикалық контрабандистердi ұстағанда байқалуы мүмкiн.

Экономикалық контрабандалық әрекеттер кейде басқа да қылмыстармен ұштасып жатады: шетелдiк валюта түрiнде қаржылардың шекарадан келмеуi (ҚК 210 бабы), жарылғыш заттар мен құрылғыларды, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды алып жүруге немесе тасымалдауға, сақтауға, өткiiзуге, беруге заңсыз жолмен берiлуi (ҚК 251 бабы); жүйкеге әсер ететiн және есiрткi заттарын заңсыз жолмен дайындауы, алуы, сақтауы, тасымалдауы немесе өткiзуi (ҚК 259 бабы), айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың экономикалық контрабандасы (ҚР ҚК 250-бабы).т.б.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау