3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама



жүктеу 0,71 Mb.
бет25/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Экон.кылм Word

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.

Экономикалық қызмет саласындағы бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны-ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы,) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есел ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда матриалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК-тің осы, қарастылырып отырған қылмыстардың бірқатар баптарында бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚК-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары).

Экономикалық кызмет саласындағы қылмыстардың субьектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің баптары), банк қызметкерлері ғана (189,202 -баптары) болады.

Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы,) заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап) , монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын- сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-бап), мәліме жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға тәжбүр ету (ҚК-тің 226-бабы);

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және


мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы), несиелік берешекті өтуден әдейі жалтыру (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы зағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207-бапы);

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстары: акциздік алым


маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222-бабы);

4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар:


көпшілік сауда-саттықтар мен аукцияндардағы өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тің 224-бабы);

5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227-бабы).

Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншiк құқығынан қауiптiрек болады да, қылмыстың объектiсi ретiнде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандырылған қызметтiң болуы мiндеттi емес.

Жаңа қылмыстық кодекстiң қабылдануымен экономикалық қызметтегi қылмыстық құқықпен қорғалынатын мүдделер, сәйкесiнше олардан туындайтын қатынастардың қатары да (ҚР ҚК 189- 227 баптар) толықтырылды. Мемлекеттiң тиiстi дәрежеде ақша – несие жүйесiне, құнға, банктерге өз бақылауының төмендеуiне ақшамен есептесу, несие жүйесiнде түрлi криминалды нысандағы қылмыстар күшейдi.



экономикалық қызмет саласындағы қылмыскерлерге келетін болсақ, оларды келесі типтерге бөлуге болады:

  • пайдакүнем – тұрақты;

  • пайдакүнем – қарама – қайшы;

  • падакүнем – ситуацияны.

Біз қылмыстың әрекеттері баға беру нәтижесінде, қылмыстылықтың алдын алуды келесі 3 блокқа бөлеміз:

  • экономикалық және ұйымдастыру және басқару сипатындағы шаралар;

  • құқықтық сипаттағы;

  • әлеуметтік – психологиялық сипаттағы шаралар;

Экономикалық және ұйымдастырушылық пен басқару сипатындағы қылмыстылықтың алдын алу шараларына мыналарды жатқызамыз:

  • экономикалық күйзелісті зерттеу;

  • криминологиялық емес шараларды қолданумен байланысты емес шараларды қолданумен байланысты емес экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • азаматтар мен ұйымдардың қызметтеріне қойылатын жағдай жасау;

  • несие қатынастары мен банк жүйесіне қолсұғушылықтан қорғау, азаматтық құқықтық сипаттағы шараларды тиімді ету.

Банк қызметі саласындағы қылмыстардың барысында мына алдын алу шараларын іске асыру барысында мына міндеттемелерді орындау қажет:

  • легалды банктік бизнесті жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстардың әсерінен қорғауды құқықтық қамтамасыз ету;

  • банк қызметі саласында қылмыстың жасалынуы фактісі қозғалған қылмыстың істеуді және тергеу жүргізгенге дейін банктік қызметті тексерудің құқықтық негіздерін жетілдіру;

  • «банк құпиясы» мен «коммерциялық құпия» ұйымдарына нормативтік актілерінде нақты түсінік беру.

Экономика саласындағы қылмыстарға әсер ететін әлеуметтік – психологиялық шараларды қарау органдары. Бұл үшін мемлекет мына бағытта шараларды атқарғаны қажеттігі:

  • өндірістік кәсіпкерлікті дамытудың артықшылығы мемлекетте мойындаудың қажеттігі;

  • инвестициялық, жедел несие беру жеңілдіктер жасау арқылы мақсатты материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырысқа енгізу;

  • өндірістің алғашқы циклында өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • қоғамда рухани байлықты дамыту үшін насихаттау және басқа шараларды кеңінен қоладану.

Экономика саласындағы арнайы криминологиялық шаралар дегеніміз қылмыстардың жасалуына әсер ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталған арнайы іс-қызметтер болып табылады.

жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау