2.4 ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Қылмыстылықпен күрес - қоғамда қалыптасып жатқан құбылыстармен тығыз байланысты күрделі процесс. Қылмыстардың алдын алу жөнінде Ж.П. Мараттың мынадай дана ойлары бар: «Тұрақты қалыптасқан қоғамда алдыңғы орында қылмыс үшін жазалаудан бұрын, қылмыстың алдын алу тұрады». Қылмысты ашу, кінәлі тұлғаны анықтау және әділ жаза тағайындау - мемлекеттің қылмысқа берген реакциясы ретінде көрінеді. Қылмыстың алдын-алу, кең мағынада қылмысқа жол бермеу азаматтардың қоғамға қауіпті әрекеттерді жасауынан мемлекеттің сақтануы дегенді білдіреді. Тар мағынада, қылмыстың алдын-алу дегеніміз бір жағынан қылмыстың себебін және оның жасалуына жол беретін жағдайлар мен мән-жайларды анықтау және жою, екіншіден, қылмыс жасауға қабілетті тұлғалардың тобын анықтау (қоғамға қарсы бағытты ұстаушылар) және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады[48].
Адамзаттың сонау қалыптасу кезеңінен бастап-ақ қылмыстылықты тек қана жазаның көмегімен тоқтатудың мүмкін еместігі белглі болған. Бас-көз жоқ жазалай беруден гөрі қылмысты ескерту ұтымды деген ұғым пайда болды. Қылмысты ескерту туралы идея көптеген ғасырлар бұрын ұсынылған. Мәселен, Платон заң шығарушыны қылмыскер болуға бет түзеген адамды қылмыстан жеритіндей жағдайға жеткізетін Заң шығаруды шақырды. Аристотель қылмысты ескерту – бұл бұзылған ойға қайшы келетін әдеттер мен талғамға қарсы күрес деп жорыды.
XYIII ғасырда Ш.Л.Монтескье өзінің «Заңдар рухы туралы» трактатында жақсы заң шығарушы қылмыс үшін жаза. Одан гөрі қылмысты ескертуді, жазалаудан гөрі адамгершілікті нығайтуға көңіл бөледі деп жазған. Осы ережені Ч.Беккариа «Қылмыс және жаза туралы» еңбегінде кеңейтіп және нақтылай түскен. Осы шығармаларға түсіндірме бере келе, Волыер, қылмысты ескерту нағыз юриспруденция деген тұжырым айтқан.
Қылмыстылықты ескерту тұжырымдамасының орта буынан демократизм, гумандылық, заңдылық, ғылыми негізділік, кешенді көзқарас пен теңестіру алады.
Қылмыстылықпен күрес дегеніміз жүйелік-құрылымдық қызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады:
күресті жалпы ұйымдастыру
қылмыстылықтан сақтану
құқық қорғау қызметі. Бұл әлеуметтік басқару салаларының бірі және мыналарға ықпал етеді
а) қылмыс және қылмыстылық тудыратын себептер мен жағдайларға
ә) қылмыстылықтың өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру және оны тыю мақсатында оның өзіне.
«Қылмыстылықпен күрес» термині құқықтық және басқа ресми құжаттарда, сондай-ақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылады.
Күрес – дегеніміз біріне-бірі үстемдік етуді мақсат тұтқан қарама-қарсы мүдделердің, топтардың, пікірлердің белсенді қақтығысы. Бұл - әр уақытта қандай да бір мақсатты көздейтін қызмет. Заң қорғайтындармен бітіспес қайшылықта болатын мүдделер, құндылықтар, мақсаттар қылмыстылықтан өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат – бәрінен бұрын қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне, оның өзіне ықпал ете отырып қылмыстық заңның жаппай бұзылуына жол бермеу, ал ол бұзыла қалған жағдайда – айыптылардың қылмыстық іс-қимылдардан бас тартуына қол жеткізу және қылмыстылықты тыю үшін айыпкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану. Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Сонымен, қылмыстылықпен күрес дегеніміз – қоғамның қылмыстылықпен белсенді қақтығысы.
«Бақылау» деген сөз біреуді, бірдемені тексеруді, біреуді, бірдемені байқауды білдіреді.
Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлі күнге дейін көңілге қонарлықтай болған жоқ, себебі әңгіме бұл жерде қылмыстылықты «байқау» жайында емес.
«Қарсы әрекет» басқа әрекетті жою, «бір жағдайға қарама-қарсы жүру, оған кедергі келтіру» дегенді білдіреді. Ал, біріншіден, тек мемлекет қылмыстылыққа кедергі келтірмейді, қайта қылмыстылық мемлекетке, қоғамға кедергі келтіреді. Екіншіден, күрделі себептік-салдарлық кешені бар, оның ішінде қылмыстық заңның бұзылуына жол бермеуді, ол бұзыла қалғанда – айыптыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды қарастыратын әлеуметтік құбылыс ретіндегі, қылмыстылыққа ықпал ету шараларының барлық жиынтығын қамтымайды.
«Ықпал ету», бұл – бірдемеге қол жеткізу мақсатында біреуге немесе бірдемеге бағытталған біржақты әрекет. «Қылмыстылықпен күрес» - екі қарама-қарсы тараптардың өзара әрекеттестігінің айрықша түрі.
«Қылмыстылықпен күрес» терминін қолданғанда қоғамның өнегелік, құқықтық негіздері мен қылмыскерлік арасындағы бітіспес қарама-қайшылыққа ғана бола назар аударылатын сияқты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен теңдестіретін болсақ, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыстылықпен күрестегі басты мақсат – оның алдын-алу, адамды қылмыс жасаудан сақтандыру, ал егер оның қылмыстық әрекеті айқындалса – ондай әрекеттің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.
Соғыс жөніндегі дәстүрлі ұғымға бұл сәйкес келмейді, себебі нағыз соғыста бір жақ екінші жақты кез келген құралмен жоюға, қалайда оның шабуылын не қарсылығын жаныштауға тырысады. Соғыстың жариялануы дегеніміз, армияға тойтарыс беретін жақтың қажетті қорғаныс қабілеті болуын көздейді.
Қылмыстардың алдын алу мәселесі - криминологияның басты элементі. А.Э. Жалинскийдің осы орайда мынадай диалектикалық және логикалық ой-тұжырымы бар: «Қылмыстың алдын алу теориясының пәні тұтас алғанда қылмыстың алдын алу шараларының түрі емес, ол қылмыстылық себебі - қылмыстылық - қылмыскер тұлғасы - қылмыстылықтың алдын алу сынды тізбекті жүйемен анықталатын ережелер болып табылады». Криминологияда қылмыстың алдын-алу ұғымына байланысты бірыңғай түсінік жоқ.
Қылмыстардың алдын алу мәселесі жөнінде Одақ кезінде алғашқы болып ой қозғағандар Гельфанд И.А. мен Михайленко П.П. (1960ж.). Олар қылмыстардың алдын алуды - қылмыстылықтың түп-тамырымен күресудің негізі, деп санаған. Авторлар «қылмыстардың алдын алу», «жою», «профилактика» сынды қылмыстармен күресу саласындағы терминологиялар мәселесіне жауап іздеді. Бұл ұғымдарды мағыналас синонимдер деп түсінеді.
Енді 70 жылдардағы ғылымдар бұл терминдерді түрлі мағыналас ұғымдар деп есептеді. Лекарь А.Г. мен Земенский А.Ф. «Профилактиканы» қылмыстылықтың себептері мен оған жол беретін жағдайларды анықтау және ашу процесі, ал «қылмыстардың алдын алуды»- ойластырылған және дайындалып жатқан қылмыстарға жол бермеу процесі», деп қарастырады[49].
Бұл ұғымдар шын мәнінде аралас ұғымдар, профилактика ұғымы екі мағынаны береді. Кең мағынада профилактика - нақты қылмыстарға жол бермеу, кейбір қоғам мүшелерінің құқық бұзушылықтарға баруын болдырмау (қылмыстың жасауынан сақтау), тар мағынада, біріншіден, қылмыстардың жасалу себептері мен оған жол беретін жағдайларды анықтау: екіншіден, қылмысты жасауға қабілетті тұлғаларды білу; ал үшіншіден, «қылмыстың профилактикасы» мен «құқықбұзушылықтың профилактикасы» ұғымдарын айыратын категория, төртіншіден «профилактика», «алдын алу», «жою» терминдерін жалпы саяси, заң және филиологиялық әдебиеттердегідей бір мағыналас ұғымдар болады, деп есептейді Аванесов Г.А. [50].
Отандық ғалым Қайыржанов Е.І., «қылмыстың алдын алу» мен «қылмыстың профилактикасы» ұғымдарын бірыңғай мағыналас түсінік ретінде қарай келе, «қылмыстың алдын алу дегеніміз қылмыстардың себептері мен оларға жол беретін мән-жайларды жоюға бағытталған мемлекет атынан оның ұйымдары, құқық қорғау органдары, азаматтар жүзеге асыратын қызметтер болып табылады», -дейді[51]. Қылмыстың алдын алу мәселесі жөнінде Зудин В.Ф., Г.А. Аванесевтің еңбектері бар. Қылмыстың алдын алуды топтаудың бірнеше түрлері белгілі. Соңғы кезде ғылыми еңбектерде, практикада әлеуметтік субъектілер қызметтерінің сипатына қарай қылмыстың алдын алудың жалпы және арнайы түрлері кең тараған.
Криминологиялық зерттеулердің көмегімен қылмыстылықтың күйін, даму тенденциясын, себебі мен шарттарын, қылмыстылықтың алдын алудың мақсаты мен объектісінің негізгі бағыттарын, әсер ету құралын, субъектілерін, мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін материалдық ресурстарды білеміз.
Қылмыстылықтың алдын алу жүйесіне мыналар жатады:
қылмыстылықтың алдын алу объектісі;
оның негізгі дәрежесі мен нысаны;
қылмыстылықтың алдын алудағы қызмет – функциялары;
қылмыстылықтың алдын алу субъектілері.
Қылмыстылықтың алдын алу объектісі дегеніміз зерттеліп отырған қылмыстың пайда болу себептеріне әсер ететін арнайы қатынастар болып табылады. Қылмыстылықтың алдын алу субъектісіне қылмыстылықпен күресу шараларын басқаару, жаспарлауды жүзеге асыратын жеке азаматтар, түрлі бірлестіктер, топтар, арнайы (құқыққорғау) органдары, мемлекет жатады.
Бұл субъектілерге қылмыстың алдын алу барысында жекеленген функциялар (шаралар) жүктелінеді.
Қылмыстылықпен күрес шарасы жалпы, не жекеленген дәрежеде атқаруды қажет етеді. Жеке қылмыскерге қатысты жүргізілетін қызмет қалмыстың алдын алудың жеке дәрежесін құрайды. Қылмыскердің жеке қасиеттеріне байланысты алғашқы (ерте кезеңде), тікелей, пенитенциярлы, постпенитеициарлы деңгейде қылмыстың адын алу шарасын жүзеге асыру қажет.
Алғашқы қылмыстық алдын алу шарасы қылмыстың әрекеті жасағанға дейінгі қызмет, ал тікелейде қылмыс нақты жасалған кездегі күресі қасиетті болып табылады.
Пенициарлы қылмыстылықтың алдын алу шарасы сотталушыны тұлғаның жазасын өтеп жүрген кезде іске асырылатын қылмыстылықпен күресу шарасы болса, ал постпенитенциарлыда (түзеу мекемесі) сотталушының жазасын өтеп болғанан кейінгі кезеңді қамтылады.
Қылмыстылықтың алдын алудың ғылыми еңбектерде дәстүрлі екі түрі бар: жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық.
Қылмыстылықты алдын алудың жалпы әлеуметтік түрі қылмыстылықпен күресу процесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік даму мақсатында атқарылатын ұзақ мерзімді, тиімді және кең масшабтағы әлеуметтік қызметті құрайды. Жалпы әлеуметтік шаралардың барлығы түгелімен қылмыстылықтың алдын алудың шаралары функциясын атқармайды. Оларға тән белгілі бір нәтиже бере алатын қылмыстық әрекеттерді тежейтін шараларды жатқызамыз:
қылмыстылықтың жалпы себептерінің тікелей күшін жояды, осы себептерге қарсы бағытталса да;
нақты қылмыстылықтың топтық және жекеленген әрекеитердің жасалуы себептері мен шарттарына тікелей әсер етеді;
түрлі дәрежеде криминогенді құбылыстарға қарсы бағытталады.
Криминологияда қылмыстылықытың жалпы әлеуметтік алдын алу шарасын бірнеше топқа бөлуге болады. Бірі – қылмыстылықтың алдын алу шарасының деңгейіне қарай топтаса, екіншісі – әсер ету сипатына қарай бөледі.
Біз қылмыстың әрекеттері баға беру нәтижесінде, қылмыстылықтың алдын алуды келесі 3 блокқа бөлеміз:
экономикалық және ұйымдастыру және басқару сипатындағы шаралар;
құқықтық сипаттағы;
әлеуметтік – психологиялық сипаттағы шаралар;
Экономикалық және ұйымдастырушылық пен басқару сипатындағы қылмыстылықтың алдын алу шараларына мыналарды жатқызамыз:
экономикалық күйзелісті зерттеу;
криминологиялық емес шараларды қолданумен байланысты емес шараларды қолданумен байланысты емес экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
азаматтар мен ұйымдардың қызметтеріне қойылатын жағдай жасау;
несие қатынастары мен банк жүйесіне қолсұғушылықтан қорғау, азаматтық құқықтық сипаттағы шараларды тиімді ету.
Банк қызметі саласындағы қылмыстардың барысында мына алдын алу шараларын іске асыру барысында мына міндеттемелерді орындау қажет:
легалды банктік бизнесті жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстардың әсерінен қорғауды құқықтық қамтамасыз ету;
банк қызметі саласында қылмыстың жасалынуы фактісі қозғалған қылмыстың істеуді және тергеу жүргізгенге дейін банктік қызметті тексерудің құқықтық негіздерін жетілдіру;
«банк құпиясы» мен «коммерциялық құпия» ұйымдарына нормативтік актілерінде нақты түсінік беру.
Легалды банктік бизнесті қорғауды құқықтық қамтамасыз етудің жолында «жемқорлықпен күрес» туралы заңды жетілдіру қажет.
Құқық қорғау органы қызметшілерінің іс – тәжірибесінде өз лауазымды қызметтен пайдаланылып, коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына елеулі көмек көрсету жағдайын жиі кездестіруге болады. Бұл кәсіпкерлік қызметті объективті заңды түрде атқаруға елеуді кедергі болатын анық. Соднықтан да қылмыстылықтың алдын алуда мұндай әрекеттерге тыйым салған дұрыс.
Құқық қорғау органдарында бірыңғай компьютерлік жүйе бар. Онда несие және ақша жүйесіндегі қылмыстылыққа жалған құжаттарды жасау, пайдалануға қатысы бар тұлғалар туралы және жалған ақша соммасы туралы мәліметтер тіркейді.
Құқық қорғау органы қызметкерлеріне де коммерциялық құпия мәліметтер қылмыстық істерді ашу кезінде қажет. Демек құқық қорғау және банк қызметшілерінің банк қызметі саласындағы қылмыстылықпен берлесіп күресуі үшін мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етудің орны ерекше.
Қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады:
ақпараттық-талдау қызметі
криминологиялық болжау
қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау
қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау
қылмыстылықпен күрес саласында заң шығарушылық
қылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру
қылмыстылықпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту.
Ақпараттық-талдау қызметі – бұл көрініс тапқан қылмыстылықты тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, қылмыскерлікпен күрестің өткен кезеңдегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі қызмет.
Ол: қылмыскерлікті, статистикалық есептерді есепке алу жүйелерін құру, қылмыстылықпен күрес жүргізуші органдардың ағымдағы талдаушылық қызметін, криминологиялық зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық қорытпаларын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Криминологиялық болжау – қылмыстылықтың болашақ жайына және қандай да бір басқарушылық шешімдердің криминологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.
Болжау қылмыстылықтың заңдылықтарын, оның детерминациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестің әр түрлі шараларына әсерлік заңдылықтарына негізделген.
Қылмыстылықпен күрес стратегиясын анықтау. Криминологиялық ситуацияны (қылмыстылықты, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялық болжамды және мамандардың қылмыстылықпен ары қарай күрес жөніндегі ұсыныстарын бағалау негізінде оның стратегиясы анықталады. Бұл – мемлекетті қылмыстылықпен күресті ұйымдастыратын негізгі субъект жасайды.
Стратегия дегеніміз – қылмыстылықпен күрес жүргізудің өнері сияқты, ол бұл күресте жеңіскер болу үшін негізгі соққыны қай бағытта жасау керектігін анықтайды.
Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау.
Ол: ұзақ мерзімді (қылмыстылықпен күрес стратегиясынтолықтай қамтиды), орташа мерзімді (әдетте 2 жылға) және қысқа мерзімді (тоқсанға, жартыжылдыққа) болып бөлінеді.
Бағдарлама жасау (бұрын - жоспарлау) қоғамның, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына бағдарлама жасаумен байланыстырылады.
Қылмыстылықпен күрес саласында заң шығарушылық.
Қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасау заң шығарушылық жұмысымен тығыз байланысты. Егер қолданыстағы заң елдегі криминалдық және криминогендік ситуацияның жаңа сипаттамаларымен күресті қамтамасыз етеалмаса онда қолданыстағы заңдарды өзгерту немесе жаңа құқықтық актілер жасау жөнінде тыңғылықты әрі мақсатты жұмыс жүргізу керек.
Қылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, оған түзету енгізу және қылмыстылықпен күрес жөніндегі қызметті үйлестіру.
Қылмыстылықпен күрес бағдарламасын жүзеге асыруды тікелей қамтамасыз етуде көп аспектілі сипат бар. Ол – басқарушылық қызметті, бақылауды, кадрлар іріктеуді, оларды даярлауды, оңтайлы орналастыруды, олардың біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыруды, жаңа криминологиялық және ауқымды әлеуметтік шындықтарды ескеріп оларды қайта даярлауды, жаңа техника жасауды, қылмыстылықпен күрестің ресурстық қамтамасыз етілуін, қабылданатын шаралардың тиімділігін талдауды және бағдарламаларға түзету енгізуді қамтиды.
Орындалуы кезінде бағдарламаға түзету енгізу қажеттігі тосын әлеуметтік өзгерістер жағдайында туындайды.
Қылмыстылықпен күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және дамыту.
Бұл жерде әңгіме ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүйесін дамыту және ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу әдстемелерін жетілдіру жайында, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу жайында болып отыр.
Экономика саласындағы қылмыстарға әсер ететін әлеуметтік – психологиялық шараларды қарау органдары. Бұл үшін мемлекет мына бағытта шараларды атқарғаны қажеттігі:
өндірістік кәсіпкерлікті дамытудың артықшылығы мемлекетте мойындаудың қажеттігі;
инвестициялық, жедел несие беру жеңілдіктер жасау арқылы мақсатты материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырысқа енгізу;
өндірістің алғашқы циклында өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
қоғамда рухани байлықты дамыту үшін насихаттау және басқа шараларды кеңінен қоладану.
Экономика саласындағы арнайы криминологиялық шаралар дегеніміз қылмыстардың жасалуына әсер ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталған арнайы іс-қызметтер болып табылады.
Г.М. Михайловский нақты қылмыстың себептері мен шарттарды, нақты тұлғалардың қылмыстың әрекеттердің жасауын немесе жасалу мүмкіндігін анықтайтын және жоятын құқық қорғау органының құзыреті шегіндегі және қоғамдық ұйымдардың, басқа да мемелекеттік органдардың бірлескен қызметтерінің жиынтығын қылмыстылықтың алдын алуды арнайы шаралары, - дейді[52].
Экономика салысындағы қылмыстылықтың арнайы криминологиялық шараларына мыналарды жатқызамыз:
құқық қорғау және бақылау органдарының қылмысқа қарсы шараларын қолдану арқылы банк қызметі саласында кәсіпкерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
қылмыспен күресу мақсатында мемлекеттің құқық қорғау және бақылау органдарының қызметтерін мемлекеттік емес органдардың қызметтерімен үйлестіру және жүйелеу.
Құқық қорғау және қадағалау органдарының қызметтерін жеңілдеру үшін мыналар ұсынылады:
құқық қорғау және бақылау органдарының, олардың бөлімшелерінің күшін біріктекру. Ведомстволық құрылымдар банк және құқық қорғау органдырының жүйелерін әріптестік негізде құру;
құқық қорғау органы қызметшілерінің әлеуметтік қорғау жүйесін құру;
қылмыстылықпен күрестің мемлекеттік қорын құру туралы шешім қабылдау және осы қордың есебінен құқық қорғау және бақылау органдарды техникалық және материалдық қамсыздандыру;
осы органдардың қылмыстылықпен күрестегі қызметтеріне байланысты зерттеуді жетілдіру.
Құқық қорғау және бақылау органдарының қызметтерін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметтерімен үйлестіру, жүйелеу дегеніміз мүмкіндігінше тиімді, бірыңғай әдістерді, құралдырды таңдау жолымен қылмыстылықпен күресу үшін осы органдар мен ұйымдардың мақсаты, орны мен уақыты жағынан сәйкестендірілген қызметтерінің жиынтығы болып табылды.
Қылмыстылықтың алдын алудағы болған орган мен ұйымдардың қызметтері келесі бағытта жүзеге асырылады:
ақпараттық байланыс қызметін атқару;
кәсіпкерлерге құқықтық кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: |