207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, төлем карточкаларымен, өзге төлем және есеп айырысу құжаттарымен жұмыс істеудің заңда белгіленген тәртібі бұзылады, ол ақшаны кассадан заңсыз алу әрекеттеріне, бір кәсіпорынның, ұйымның есеп айыру шотындағы акдіаныв басқаның атына заңсыз аударуға, банктен қолма қол ақша алуға мүмкіндік тудырады.
Қылмыстың обьектісі-заңды тұлғаның экономикалық дербестігі, экономикалық тәуелсіздігі, қаржылық қызметі.
Қылмыстың обьективтік жағы бағалы қағаздар болып табылмайтын жалған төлем карточкаларын, өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарн жасау немесе сатуға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады.
Жасағанда толтырылған немесе толтырылмаған төлем карточкаларының (дүкендерге, мейманханаларда қолма қол емес төлемдер жасауға болатын құжаттардың несиелік карточкаларға қарағанда төлем карточкалары бойынша төлемді шотта қаражат болса ғана жүзеге асыруға болады, яғни несие берілмейді) ақ-қара да, түрлі-түсті де ксерокөшірмесін жасайды.
Бұл құрамдағы қылмыс заты, сонымен қатар, өз шотынан белгілі бір соманы алушы шотына аудару жөніндегі төлеушінің тапсырмасы бар төлем құжаттары да болуы мүмкін. Сонымен қатар, еңбекақы тарапынан ведомость та кассадан акдіа ақша алуға мүмкіндік беретін кіріс (шығыс) ордерлерінің бланкілері де жасау заты болуы мүмкін, бұл құжаттар, өздерінің құндылығына қарамастан бағалы қағаздар болып табылмайды, бірақ оларсыз банкте немесе кәсіпорында, мекемеде не ұйымда ақша операцияларын жүргізу мүмкін емес.
207-баптың диспозициясынан туындайтын, қылмыстық жауаптылық үшін міндетті шарт, ол-сату мақсатында осы құжаттарды жасау немесе оларды кез келген нысанда сату (сыйға тарту, айырбатау, сату, т.б.).
Субьективтік жағынан бұл қылмыс тікелей ниетпен жасалады. айыпты бағалы қағаз болып табылмайтын төлем карточкаларын, өзге де төлем есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасағанын немесе сатқанын түсінеді, осы іс-әрекетті жасауды тілейді.
Қылмыстың субьектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
Бұл қылмыстың сараланған нышавдары-бірнеше рет жасау және ұйымдасқан топтың жасағандығы.
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы кағаздар жасау немесе сату
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі белгілейді. Қазақстан Республикасының айналымындағы ақша белгілері банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттерді қолма-қол емес эквивалентті алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттердің қажетті санын анықтайты, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар ақша қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді («Қазақстан республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 38, 40, 42-баптары).
Жалған ашқа немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей обьектісі-Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.
Қылмыс заты-жалған ақша немесе құнды қағаздар.
Ақша дегеніміз-Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақгай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1-бөлігі). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгіленген тәртіпке бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валюта да бола алады. Бұл қылмыстың обьективтік жағы үш балама әрекетерді жасаумен сипатталады-жалған ақшамен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Жасау дегеніміз-осы қылмыстың заттарын толық немесе жарым-жартылай қолдан жасау. Бұл жағдайда осы қолдан ақшамен және бағалы қағаздармен нысаны, мөлшері, түр-түсі және басқа реквизиттері бойынша ұқсастық фактісін анықгау керек. Мұндай ұқсастық болмаған жағдайда айыптының әрекетін алаяқтық нысанындағы ұрлық деп саралау қажет.
Жалған ақша және бағалы қағаздар тікелей қолмен де, техникалық құралдар пайдаланып та жасалуы мүмкін.
Жасау тәсілі саралауға әсер етпейді, бірақ жаза бағайындағанда ескерілуі мүмкін.
Сақтау дегеніміз - жалған ақшаның және бағалы қағаздардың айыпты адамның иелігінде болуы (өзімен бірге, үй-жайында, жасырған жерінде, т.б.).
Сату дегеніміз - жалған ақшаны және бағалы қағаздарды айналымға шығару. Сату тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін-тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлеу, валютамен айырбастау, ақша ұсақтау, сыйға тарту, қарызға беру т.б. Ең бастысы, сол заттарды айыпты басқа адамға беруі тиіс.
Қылмыстың құрамы-формальды. Осы үш әрекеттің біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективті жағын сипаттайтын негізгі белгіге кінә, ал факультативті белгіге ниет пен мақсат жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі белгісі. Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективті жағына эмоцияны да жатқызады. Утевский Б.С. сезімді (эмоция) кінәнің элементі деп қарастырған. Ғалым бұл пікірді психологиялық ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болған. Адам психикасын, адам санасын, сезімі мен еркінен бөлек алып қарауға болмайды, сотталушының кінәсінің дәрежесін анықтағанда қылмысқа итермелеген сезім туралы сөз қозғамауға болмайды деп тұжырымдайды. Қылмыстық құқық (МГУ 1993) оқулығының авторлары да осы пікірді ұстайды. Эмоция - бұл ниетпен байланысты, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, қылмысқа дайындық және оны жасау процесінде кездесетін сезім. 1948 жылы Исаев М.М. эмоциялық кінәнің құрамындағы психологиялық процесс элементі болатындығын алғаш рет терістеген.
Кінә - бұл қасақаналық, абайсыздық нысанында кездесетін, қылмыскердің өзінің жасаған әрекеттеріне психикалық қатынасы. Макашвили В.Г. кейініректе кінә ұғымын бұл момент толық сипаттамайды, -деп, оның мазмұнына қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекетке қоғамның сөге отырып беретін бағасын жатқызады. Адамның психикалық жағдайы тұлғаны тәжірибелік қызметтерге бағыттайды және объективті әрекеттерді, ниет, мақсаты, сезімімен байланыстырушы және ерік (ықтиярлық) пен интеллектуалдық кезеңдерді қамтиды. Ол әр уақытта әлеуметтік жағдайларға толы. Дагель П.С. пен Котов Д.П. кінә ұғымына нақты сипаттама беру үшін келесі категорияларға жүгінеді : кінәнің мазмұны, кінәнің мәнісі, кінәнің нысаны, кінәнің дәрежесі.
Кінәнің мазмұны дегеніміз қылмыстың белгілерін бейнелеген, сондай-ақ кінәнің сол белгілерге психикалық көзқарасын анықтайтын психикалық элемент. Кінә мазмұны – бұл нақты қылмыстың қасақаналық пен абайсыздықтың мазмұны.
Кінәнің мәнісі - субъектінің психикалық ерекшелігі, қылмысқа көзқарасы - оның қоғамға қауіптілігі.
Кінә нысаны - бұл мазмұнның ішкі құрылымы, белгілердің арақатынасы. Кінә нысанын анықтауда екі психиологиялық элемент қолданылады: интелектуалдық, ықтиярлық.
Кінәнің дәрежесі - кінәнің салыстырмалы түрде ауырлылығын сипаттайтын сандық сипаттама. Дәрежені мына мән-жайлар сипаттайды:
- кінәлінің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
- қылмыстардың себептері мен жол беретін жағдайлар;
- ниет пен мақсат;
- әрекеттің қоғамға қауіптілігі.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттері кінәнің тікелей қасақаналық нысанында жасалынады. Тікелей қасақаналықта субъект әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, зардабын алдын ала біледі, соған саналы түрде жол береді. Зардаптың қоғамға қауіптілігін алдын ала білу дегеніміз саналы түрде әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну болып табылады. Қылмыс жасаған субъектінің зардаптың не екендігін, оның мөлшерін алдын ала білуі мүмкін бе?,-деген сауалды Котов Д.П. пен Дагель П.С. қоя отырып, алдын ала зардапты білу мүмкін емес, тек оның белгілі дәрежеде ауырлығын ғана білу мүмкін, деп жауап береді.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуде субъект өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін нақты сезеді, тілейді. Белгілі жағдайда тұлға өзі сатып тұрған ақша мен бағалы қағаздың жалған екендігін біледі де, онан заңсыз кіріс түсіруді көздейді. Зардапты сипаттайтын белгілер ниет пен мақсатта нақтылана түседі.
Мақсат - тұлғаның қалауы, ұмтылысы. Заңға сәйкес, жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтауда субъектінің оны айналымға жіберу мақсаты болуы керек. Қылмыскердің жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны мен сақтағаны туралы факті анықталысымен тұлғаның жалған ақша бірлігін айналымға жіберу туралы ойының тікелей болғандығын куәландыратын басқа да мән-жайларды анықтамай тұрып, қылмыс жасады деп тұжырым жасауға болмайды. Жалған құжатты сақтау барысында айналымға жіберу мақсатының болғандығын жалған ақша бірліктерін буып-түюінен, қаптап жинақтауынан, инкассаторлық сөмкеге салуынан, тасымалдауынан және басқа да әрекеттерінен байқаймыз. Іс-тәжірбиеде тұлғаның жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатының болғандығын дәлелдеу өте қиын.
Ниет - бұл тұлғаның қоғамға қауіпті әрекетті жасау жөнінде ой туғызатын, іштей оятатын, итермелейтін күш. Қылмыскердің жалған ақша бірліктерін жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерінде пайдакүнемдік, кек алу, қарсыласының беделін түсіру, күнін көру үшін елді экономикалық күйрету, қарсыласын материалдық қиындыққа ұшыратуы сынды ниеттері болуы мүмкін. Іс-тәжірибеде көпшілік жағдайда қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалынады.
Қылмысты саралауда қылмыстың сатыларына тоқталудың орны зор. Қасақаналықпен жасалған әрекеттер келесі сатылардан тұрады: дайындық, оқталу, аяқталу. Қылмыскер өз дегеніне жетсе, онда қылмыстық әрекеттерді жекеленген кезеңдерге бөлудің қажеті жоқ. Бірақ тұлға өз ойлағанын соңына жеткізе бермейді, өз еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстық әрекеттерді соңына жеткізбейді.
Кейбір еңбектерде, қылмыстық әрекеттердің дамуының алғашқы сатысын қасақаналықтың туындауы сатысы, деп көрсеткен. Яғни тұлға сөзбен, жазбаша, не конклъюденттік әрекеттердің көмегімен қылмыс жасамақ болған ойын білдіруі де қылмыстың жасалыну сатысы болмақ. Пионтковский А.А. қасақана қылмысты келесі сатыларға бөледі: қасақаналықтың туындауы, дайындық, оқталу, қылмыстың аяқталуы. Автор қасақаналық табылған кезден бастап-ақ қылмыстық жауапкершілік бар деп есептейді [87,320б.]. Алайда, тұлға қауіпті ойы үшін жауапкершілікке тартылмайды. Қасақаналық ойдың табылуы аяқталынбаған қылмыстық әрекет ретінде сараланбайды. Аяқталынбаған қылмыстық әрекет оқталу мен дайындықтан тұрады.
Қасақана қылмыстардың пайда болу жағдайын екіге бөлуге болады: алдын ала ойластырылған және сол сәтте-ақ пайда болған. Іс-тәжірибеде аяқталынбаған қылмыстарға байланысты келесі жағдайларда қателіктер туындайды:
- дайындық пен оқталуды аяқталынған қылмыстардан ажыратуда;
- дайындықты оқталудан ажыратуда.
Аяқталынған қылмысты аяқталынбаған қылмыстан ажыратудың жолы сол, аяқталынған қылмыстарда ҚК тиісті бабында көрсетілген барлық белгілер бар, ал аяқталынбаған қылмыста қылмыстың объективтік жағының кейбір белгілері жетпейді. Материалдық қылмыстарда, мысалы, зардап болмай қалса, қылмыс аяқталынбайды, ал формальды қылмыстарда ҚК ерекше бөлімінің диспозициясында кейбір әрекет-әрекетсіздіктердің жекеленген міндетті әрекеттері қалып қояды.
Қылмысты аяқталынбаған деп есептеу үшін мына ереже шарт:
- қылмыскердің өз дегеніне жету мүмкіндігінің болмауы;
- тұлға өз ойлағанына өз еркінен тыс жағдайлардың әсерінен жете алмауы.
Енді жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға байланысты қылмыстардың аяқталу, даярлану, оқталу моменттеріне тоқталсақ.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау әрекеттері - формальды құрам болғандықтан, жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасау дегеніміз ол жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазға материалдық нысан беру. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерді сақтай отырып, тым болмағанда жалған ақша бірлігінің бір үлгісін жасауы, шынайыға ұқсас кейіп беруі аяқталынған қылмыс болып табылады. Мұнда жалған құжатта шынайы ақша бірлігі мен бағалы қағаздың міндетті реквизиттері мен айыру белгілері мүмкіндігінше сақталуы керек.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауға дайындық әрекеттерін анықтаудың сот іс-тәжірибеде орны ерекше. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды даярлаудың жолы мен әдісін жоспарлау, қажетті техникалық құрал-саймандарды іздестеру, қылмыс жөнінде келісу – ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға даярлығы үшін заңда қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ал, Йемен Республикасы қылмыстық кодексiнiң 204-бабында: «Себепсізден-себепсіз ақша жасауға пайдалынатын құрал-саймандарды даярлағаны үшін тұлға бас бостандығынан айырылуға жазалануы тиіс».
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы еместігіне алдау әдістерін қолданбай-ақ оңай айыруға болатын сырттай шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға ұқсай бермейтін (өрескел даярланған) құжатты даярлау, қылмысқа оқталу болып табылады. Оны сақтау - толық аяқталған қылмыс.
Солопанов И.В., жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қабылдау кезінде жәбірленушінің мұнымен хабарсыз болуы тиіс, деп есептейді [5,67б.]. Құжаттың өрескел даярлануы оны ұсыну кезінде көбіне басқа тұлғаның құжаттың жалған екендігін біліп қойып, қайтарып беруімен аяқталады.
Шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға сырттай пішіні ұқсамайтын, өрескел даярланған жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберу әрекеті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206 және 177-баппен бағаланады. Кудрявцев В.Н.:»Өрескел даярланған жалған ақша бірліктерін түпнұсқа орнына сату шын мәнінде алдаудың ерекше түрі болып табылады. Жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату арнайы нормамен көрсетілген және де қылмысты жасаудағы мақсат мүлікті иемдену болмағандықтан, бұл қылмыстық әрекетті алаяқтық деп саралау қажет емес», - дейді.
Казаков-Турбовский Е.И. осы орайда былай дейді: «Жалған ақшаны жасау, сақтау, не сатудың затына жорамалдап жасалынған металл монетаны және тұрпайы даярланған қағаз ақшаны жатқызуға болмайды. Олар қоғамға онша қауіпті емес. Бұл құжатты айналымға жіберіп көру барлық уақытта жалған ақшаны сатушы, не оның сыбайласының ұсталып қалуымен аяқталады. Тергеу және сот іс-тәжірибе материалдарын бағалау негізінде бұл купюрді жалған ақша жасау, сақтау, не айналымға жіберу, не алаяқтық деп бағалағанда, жалған ақшаның түпнұсқаға сырттай ұқсастығын анықтау қиын. Алайда, бұл ұқсастықтарды ажыратуға адамның толық мүмкіндігі бар, ол - адамның ажырамас мүмкіндігі. Шынайыға ұқсамайтын ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды анықтау қызметі құқық қорғау органы қызметшілерінің уәкілеттігіне жатады, арнайы білімді игерудің қажеті жоқ».
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қандай деңгейде даярлағанда шынайы түріне ұқсайтындығын анықтау шынында да қиындау. Әр адамның танымы әртүрлі, ол жалған құжаттың жасалу деңгейін де түрлі бағалауы мүмкін. Мұндай бағаланатын категориядағы түсініктер қылмысты саралауда қателіктер тудырады. Григорьева А.В. өз еңбегінде қылмыстың заты жалған ақша мен бағалы қағаздың аса шеберлікпен даярланған түпнұсқаға ұқсас болуы шарт. Оның жалған екендігі арнайы құралмен анықталады, - дейді. Жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу арнайы норма болып көрсетілгендіктен және бір әрекетті бір баппен бағалау әділеттілік болғандықтан (идеал жиынтық емес) бұл әрекетті тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бабымен бағалаған дұрыс шешім болар еді.
Қылмыскердің жалған ақша бірлігін, бағалы қағазды жасаудан бас тартуын дайындық пен оқталудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұнда тұлғаның әрекетінде басқадай қылмыс құрамының белгілерінің болмауы шарт. Түрлі себептермен қылмыс жасауға бағытталған әрекеттің тоқтап қалуымен қоғамға қауіптілік жойылады. Мұндай жағдайда қылмыстан бас тартудың негізі бар ма деген сауал туындайды. Қылмыстық әрекеттен өз еркімен бас тарту ұғымын дұрыс түсіне алу үшін мынадай сұрақтарды шешу керек:
- қылмыстан бас тарту әрекеті өз еркімен жасалынды ма, әлде мәжбүрленбеді ме;
- бұл әрекет қылмыс жасаудан бас тарту ма, әлде қылмыстық әрекетті уақытша тоқтата тұру емес пе.
Алғашқы сұраққа жауап іздеу өте қиын. Қылмыстан өз еркімен бас тартты деп есептеу үшін тұлға қылмысты өзі ойлағанындай етіп жасай алатындығына іштей сенімді болуы керек, сондай-ақ бұл әрекет қосымша қиындықтардың туындауы, не қауіптің күрт күшеюінің нәтижесі болмауы тиіс. Мұндай жағдайда тұлғаның қылмыстық әрекеттерден неліктен бас тартқанын анықтау керек. Ол үшін тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктен қорыққанын, не көздеген мақсатына жете алмағандықтан әрекетін тоқтатқанын анықтаған жөн. Бұл тұлғаның ерікті түрде, не мәжбүрлі түрде қылмыстан бас тартқаны деп шешуге негіз болады.
Қылмыстан өз еркімен бас тартуды басталып кеткен қылмыстың дайындық бөліміндегі қылмыстық әрекеттерді уақытша тоқтата тұрудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыстық әрекетін уақытша тоқтата тұрған кезде әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылды деп қорытынды жасауға болмайды. Субъектіде қылмысты жалғастырмау ниеті әлі толық қалыптаса қойған жоқ, сондықтан да оны жауапкершіліктен босату асығыстық. Мысалы, азамат К. басқа тұлғалармен ұзақ уақыт бойында жалған ақша жасауға дайындалып, тиісті құралдар жинаған. Бірақ қылмысқа дайындық әрекеті ақшаның кейбір қорғаныс белгілерінің жасалуына мүмкіндіктің болмауымен тоқтап қалады. Азамат К. сол кезден қамауға алынғанға дейін екі жыл бойында қылмысты жалғастыру шараларын қарастырмайды. Ол сотта қылмыстан бас тартқандығын айтып, жауабынан жалтармайды. Қылмыс құралдарының арнайы құпия орындарда сақталғандығына сілтеме жасай отырып, сот тұлға қылмыстық әрекеттен толық бас тартпаған деп тұжырымдайды.
Мысалы, азамат Б. жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатында үйінде ұстайды. Ол өз жолдастарынан аталған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенімен хабардар болып, сақтап жүрген жалған ақшасын жоймақ болады да, тыққан жерінен таба алмайды. Құқық қорғау органы қызметшілерінің қолдарына азаматтың жалған ақшасы түседі. Бұл жағдайда тұлғаның қылмыстан бас тартқандығын дәлелдеу өте қиын.
Келесі жағдайда, азамат М.-ның жалған ақшаны сақтағандығын құқық қорғау органының сезгенін естіп, тез арада оны жоймақ болып жалған ақшаны тыққан жерінен іздейді, бірақ та құжатты таба алмайды. Құқық қорғау органының қызметшілері азамат М.-ның үйінен зат алу процесінде жалған ақшаны қолға түсіреді.
Соңғы жағдайда да тұлғалар жалған ақшадан арылмақ болады. Алғашқыда тұлғаның қылмыстан бас тарту жөніндегі идеясы саналы түрде өздігінен туындайды. Екінші жағдайда тұлға қылмыстан лажсыздан ерікті түрде бас тартады. Қылмыс құралының ізінің жойылуы, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық ойдан арылуы тұлғаның қылмыстан өз еркімен бас тартқанына толық көз жеткізіп, жауапкершіліктен босатуға негіз болар еді. Тұлға жалған ақша мен бағалы қағазды жасап болғаннан кейін де қылмыстан бас тартуды ойлауы мүмкін. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралау үшін субъектінің санасында өткен ойды (процесті) динамикада қарау маңызды. Қылмыстан бас тарту жалған ақшаны сақтау үстінде де кездесуі мүмкін. Қылмыстан бас тартуда жоғарыдағы талаптардың сақталынуы тиіс. Демек тұлға өзінде жатқан жалған ақша бірліктерін сақтаудан түбегейлі бас тартады, оны өзгеге бермей, одан арылудың жолдарын қарастырады. Сонымен біз жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің қылмыстық сатыларға бөлгендейміз.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыс қылмыс құрамы жағынан басқа қылмыстармен ұқсас та.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бабы - жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бабы - жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сату мақсатында жасау, не сатудың байланысына келсек.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-баптағы қылмыстың объектісі - қаржы-несие жүйесі, ал Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-баптың объектісі ақша-несие жүйесі. Материалдық мазмұнына байланысты қаржы қатынасы келесі түрлерге бөлінеді: бюджеттік, салықтық, сақтандыру саласында, несие-есеп, ақша айналымы. Яғни, қаржы-несие жүйесі мен ақша-несие жүйелері арасында байланыс бар.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бап пен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-баптардың субъектілері - 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға, ҚР ҚК 207-баптың объективті жағы - тұлға жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын жасау, сату, тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бапта жасау, сату әрекеттері де бар. Алайда төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сақтаудың қауіпті екендігін ескерген де жөн. Екі баптың да субъективтік жағы - тікелей қасақаналық, құжаттарды жасау, не сақтау әрекеттерін сату мақсатында жасайды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бабының қылмыс затына толығырақ тоқталсақ, ол:
- бағалы қағаз емес төлем карточкасы (несие карта, есеп карта);
- бағалы қағаз емес басқа төлем және есеп құжаттарын (төлем талабы, төлем талап-тапсырмасы, чек, вексель, т.б.).
Чек, вексель - төлем құжат, бірақ бағалы қағаздар емес, ал РФ-да бағалы қағаз. Егер де осы төлем құрал ҚР ұлттық валютасында шығарылса, оны бұрмалап жасағаны үшін ҚК 207-бабы бойынша саралайды. Ал, шетел валютасындағы чек, вексельді жасағаны, сатқаны үшін халықаралық Конвенцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Демек, екі қылмыс та ұқсас, оларды түрлі валютадағы төлем құралдар байланыстырады.
ҚР валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағаны, сатқаны үшін соттылығы бар тұлға қайтадан шетел валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағанда, сатқанда, оның соттылығын саралаушы бапта ескермеуге болмайды. Бағалы қағаздар жайлы халықаралық бірыңғай түсініктің болмауынан қылмыстық әрекеттерді саралауда қайшылықтар туындайды. Қайшылықтардың алдын алудың келесі жолдарын ұсынамыз: біріншісі – бағалы қағаз жайлы ортақ түсінікке келе отырып, олардың тізімдерін белгілеу, мұндай жағдай болмаса, екіншісі - бұрын Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бабымен соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін ҚК 206-бабының субъектісін сипаттайтын саралаушы белгі ретінде ескеру.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-баптың 2-тармағында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды ірі мөлшерде жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуі немесе бұрын осы қылмысы үшін, не Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бабының 2-тармағымен саралау керек деп есептейміз.
Өзбекстан Республикасының ҚК 176-бабына 1998ж. халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында жалған акциздік марканы жасағаны, қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделіп, толықтырулар енгізілген. Қылмыс заты ұлттық валюта, шетел валютасы, бағалы қағаздар, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, сондай-ақ акциздік марка болып табылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнде жалған акциздік марканы жасағаны, пайдаланғаны үшін арнайы қылмыстық норма көрсетілген. Бұл қылмыстың заты - акциздік марка болып табылады. Жалған акциздік марканы сату мақсатында жасау, не иелену, сондай-ақ пайдалану, сату нәтижесінде мемлекеттің қаржы жүйесіне нұқсан келеді. Акциз - тауар құнынан алынатын қосымша салықтық түрі. Мемлекеттің қаржы қызметі - бұл мемлекеттің функциялануы мен дамуын қамтамасыз ету үшін қажет орталықтанған және орталықтанбаған ақша қаражатының қорын қалыптастыру, бөлу, пайдаланудағы мемлекеттік қызмет.
Қылмыс субьектісі-жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2-ші бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді: ірі мөлшерде жасау және далған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңды ірі мөлшердің сандық критерийі анықталмаған. Ол әрбір нақгы жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп натылады, егер ол қылмыс үшін бұрынғы сотталығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3-бөлігі көрсетеліген әрекеттерді ұйымдастақан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстың кодексінің 31-бабының 3-бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан да көп адамдар тобы-ұйымдасқан топ деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |