3 Тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама


КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР



жүктеу 0,71 Mb.
бет8/26
Дата29.04.2020
өлшемі0,71 Mb.
#30104
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Экон.кылм Word

1.2 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жөніндегі қылмыстың қауіптілігі сонда-заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау арқылы әрбір адамның кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалану құқығын шектейді, сондай-ақ экономикалық қызметті реттеу міндеті жүктелген мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделін түсіреді. Бұл қылмыс жасалғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне еркіндік беретін және оны қорғап, оған қолдау көрсететін кепілдігі бұзылады, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы 2-бөлігінің ережелері өрескел бұзылады.

Бұл қылмыста екі обьектіге қол сүғылады. Бұл талданып отырған қылмыстың негізі тікелей обьектілері экономикалық қызметті реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды құрайды, ал қосымша обьектісі-кәсіпкерлікпен және басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конститциясында жарияланған, ал кәсіпкерлік қызметі Азаматтық кодекс, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет түрлерін қарастыратын бірқатар заңдар мен заңдық актілер реттейді. Атап айтқанда, олар-1990 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметтің бостандығын және кәсіпкерлікті дамыту туралы», 1992 жылғы 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы», 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» зандар.



Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау обьективтік жаққа жатады, ол мынадай формаларда болады: а) жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу; б) ұйымдастыру-құқықтық формасына немесе меншік формасына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; в) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқадай да заңсыз араласу. Мұндай іс-әрекеттерді жасағанда лауазымды адам кәсіпкердің (жеке немесе заңды тұлғаның) қызметіне толықтай кедергі жасайды немесе ол іс-әрекетін заңда белгіленген тәртіпке және шекте жартылай жүзеге асырады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызмет аясын заңдар (ҚК-тің АК-інің 18- бабы және 35-бабының 11-бөлігі) негізінде ғана шектеуге жол берілді.

Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен занды тұлғалардың, тарауларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.

АК-тің 34-бабының 2-бөлігіне сәйкес коммерциялық ұйым мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны құра алады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтарымен заңды мүдделерін шектегенде лауазымды адам тиісті шешім қабылдайды немесе занды кәсіпкерлік міндетке талап қою, нұсқау беру, тыйым салу, т.б. жолдармен араласады, олардың еркін іс-әрекет жасауына қиындық тудырады. Мұндай кедергілерге тіркеуден заңсыз бас тарту, тіркеуден жалтару, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) берудн заңсыз бас тарту, лицензия беруден жалтару жатады. Мысалы, заңды тұлғаның еншілес коммерциялық кәсіпорындар ашуына лауазымды адамның тыйым салуы, коммерциялық ұйымды тіркегенде заңда тыйым салынбаған кейбір қызметтерді жарғыдан алып тастауды талап етуі-кедергі жасағандық деп санауға болады. Шешімді өзі қабылдап, істі өзі жүргізу құқығы кәсіпкердің негізгі экономикалық құқығы болып табылады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның еркіндігіне шек келтіргенде осы құқықтарға елеулі нұқсан келеді. Еркіндікті шектеу коммерциялық ұйымды бірлесіп құруға мәжбүрлеу, бірлесіп құрған тізімінен нақты адамды шығарып тастауды талап ету, банкке аманат бермей несие алатын клиенттерді жүктеу, тауардың белгілі бір түрін өндіруге нұсқау беру, заңда тыйым салынбаған белгілі бір қызметпен айналысуға дәлелсіз тыйым салу формасында да болуы мүмкін. Еркіндікті шектеуге жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өкілеттігін басқа адамға заңсыз беру, жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өзінің заңды қабілетін және әрекет жасау қабілетін толық көлемде жүзеге асыруына кедергі келтіру де жатады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне заңсыз араласудың басқа тұрлеріне мыналар жатады-жоғарыда аталған қылмыстың іс-әрекеттерге жатпайтын түрде өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның қиянат жасауы немесе билігін асыра пайдалануы. Бұған-үй-жайларды, материалдық құралдарды заңсыз алу, банктегі есеке тыйым салу т.б.

Бұл қарастырылған қылмыста формальдық құрам бар, түсініктеме-берілген диспозициясында аталған әрекеттердің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады.

Субьективтік жағы ондағы ниетпен сипатталады. Адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті және заңға қайшы екендігін біледі, оны жасауға ұмтылады.

Қылмыс субьектісі-лауазымды адам болып табылады (ҚК-тің 307-бабының талдауын қара).




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау