- Жаңа дәуір философиясы (ағылш. modern philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.
- Жаңа дәуір философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы философиялық пайым және адам санасы таза тақта деген философиялық пайым өзара пікірталас жүргізді.
Рационализм - Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм
- Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
- Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы. - Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |