Антика заманының философиясы. - Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
- Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
- Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
- Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Орта ғасырлық философиясы. - Ортағасыр философиясы – адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі.
- Ортағасыр мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасыр Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі.
Орта ғасырлық философтары Қайта өрлеу философиясы - Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған…
Достарыңызбен бөлісу: |