№3 Аралық бақылау сұрақтары


Жасушаралық адгезия, жасушадан тыс матрикс. Медициналық маңызы



жүктеу 1,36 Mb.
бет10/24
Дата08.10.2022
өлшемі1,36 Mb.
#39563
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
№3 Аралы ба ылау с ра тары

10.Жасушаралық адгезия, жасушадан тыс матрикс. Медициналық маңызы.
Жалпы алғанда жасушалардың бір-бірімен тіркесіп байланысуыдың 2 түрі белгелі:
Олар (жасушааралық адгезия, жасушааралық түйісулер(контакт)).Осы аталған екеуіде жасушалардың өзара байланысуына алып келетін үдерістер.Адгезия-жасушалардың уақытша байланысуы және ол әртүрлі ұлпа жасушалары арасында болатын байланыс.Мысалы(Қан жасушалары, эндотеломиоциттер)
Адзегиялық байланыс- ағзаның қабыну, иммундық реакцияларды қалыптастыруы т.б сияқты маңызды құбылыстарға алып келеді.
Жасушааралық адгезия: Тірі дүние эволюциясында біржасушалы ағзалардан көпжасушалы ағзалар пайда болғанын білеміз. Осы жасушаларды байланыстырып, ұлпа тобына дейін жеткізетін арнайы тетіктер бар. Олар: жасушааралық адгезия және жасушааралық түйісу. Бұл тетіктердің қызметтері ұқсас. Алайда, өз айырмашылықтарымен ерекшелінеді. Мысалы, жасушааралық адгезия дегеніміз жасушалардың уақытша байланысуы және ол әртүрлі ұлпа жасушалары арасында (қан жасушаларымен эндотелиоциттер) болатын байланыс. Адгезиялық байланыстар - ағзаның қабынуы, иммундық реакцияларды қалыптастыруы т.б. сияқты маңызды құбылыстарына алып келеді. Жасушааралық түйісу жасушалардың тұрақты байланысуы, ол бір ұлпа жасушаларының арасында болады.
Жасушадан тыс матрикс: Көптеген жасушалардың бөлінуі тек жасушадан тыс құрылымдарға - базалдық мембранаға, коллагендік талшықтарға, шыны ыдыс бетіне бекінгеннен кейін басталады. Жасушаның осындай құрылымдармен байланысқаны туралы ақпарат интегриндер арқылы беріледі. Интегриндер әркелкі екі субъединицадан тұратын адгезивтік ақуыз. Жасушадан тыс матрикспен байланысқанда интегриннің кіші субъединицасы бір тирозинкиназаны FAK активтендіреді, ал ол тағы бір тирозинкиназаны Src активтендіреді. Соңғысы рецепторлық кешеннің құрамына кірмейді. Src тирозинкиназаның негізгі субстраты болып SHC ақуызы саналады. Ол сигналдық тетікті митогендер рецепторларымен басталатын сигналдық тетіктермен байланыстырады. Митогендер рецепторларынан басталатын сигналдың берілу жолы митогенактивтендіруші протеинкиназалар (МАПК) тобымен байланысады. Өсу факторынан басталған сигнал интегриндерден МАПК тобының МЕК киназасына бағытталып, бұл киназаның активтенуі бір мезгілде МАПК тобының киназаларына және SHC ақуызына әсер етуі нәтижесінде жүзеге асады. Демек, өсу факторлары және интегриндер сигналдары бір бірін толықтырады, ал жеке жеке олар жасуша бөлінуін инициациялай алмайды. Жасушаның жасушадан тыс матрикске бекінуі транскрипция факторы р53 құбылысына да тиімді әсер етеді. Себебі ол ақуыз р21 және апоптоз гендерін активтендіреді. Сондықтан да интегриндерден басталған сигнал жасушада мұндай «жағымсыз» ақуыздың мөлшерін төмендетіп отырады.
Эмбриогенез кезінде жасушалардың топтасып ұлпа пайда етуі қалай болса солай кездейсоқ жүзеге аспайды, әрбір ұлпа жасуша топтарының арнайы адгезиясы тіркесіп байланысуы нәтижесінде түзіледі. Жасушалардың тіркесіп байланысуының екі түрін ажыратуға болады. Олар: жасушааралық адгезия және жасушааралық түйісу.
Адгезия – жасушалардың уақытша байланысуы және ол әр түрлі ұлпа жасушалары арасында болатын байланыс. Адгезиялық байланыстар ағзаның ағзаның қабыну, иммундық реакциялырды қалыптастыруы т.б. сияқты маңызды құбылыстарын алып келеді. Адгезивті ақуыздар:

  1. Интегриндер – құрылысы гетеродимерлі(альфа және бетта) болып келетін интегралды ақуыздар. Оның альфа субъединицасының 10, B субъединициясының 15 түрі белгілі.Екеуінің де жасушаішілік, мембраналық, жасушадан тыс деген 3 домендері болады. Жасушадан тыс домен – арнайы лигандаларды «танып» олармен адгезиялануға жауапты. Осы лигандалар құрамындағы «танылатын» локус бірдей трипептид бірізділігіне –Аргинин-Глицин-Аспарагин- ие болады. Дегенмен B бөлшектің 15 түріне жақсы зерттелгені үшеу. Олар:В1 интегрин, В2 интегрин, В3 интегрин.

  2. Селектиндер – мономерлер болып табылады, оның N-ұшы домені лектиндер қасиеттеріне ие.Лектиндер олигосахаридтік тізбектердің соңғы бір моносахаридіне ерекше сай болып келетін ақуыздар тобы болып табылады. Селектиндердің 3 өкілі белгілі L, P және E – селектиндер.

  3. Иммуноглобулиндер лимфалық жасушалар бетінде рецептор ретінде кездеседі. В- лимфоциттер беттеріндегі иммуноглобулиндер (Jg) жеңіл тізбектерден (L) және ауыр тізбектерден (Н) тұратын олигомерлік құрылым болып табылады. Т-лимфоциттер бетіндегі Jg тек ауыр тізбектен тұрады, мұндай ақуыздарды Т-жасушалық рецепторлар деп атайды.

  4. Кадгериндер – адгезивті қабілеті тек кальций ионы болғанда байқалатын ақуыздар болып табылады. Оның қызметі – эпителий, нерв және бұлшықет ұлпаларында салыстырмалы түрде тұрақты жасушааралық түйісуді қалыптастыру болып саналады.



жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау