№3 (157) Ақша аударымдары



жүктеу 247,29 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата20.05.2018
өлшемі247,29 Kb.
#14773
1   2   3   4   5   6

БІР КҮНІ ЕРТЕГІ ЕЛІНДЕ 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ 

БАЛЕТ ТЕАТРЫНДА  БІРДЕН-БІР ЖАҢАЖЫЛДЫҚ СПЕКТАКЛЬ 

САНАЛАТЫН ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТІЛДІ

Мәдениет

ОСЫДАН ЕКІ ҒАСЫР 

бұрын «Валле» деген Рим театры 

«Севиль цирюльнигі» операсының  авторы, композитор 

Джоаккино  Россиниге Рождество мейрамына арнап 

жаңа опера жазуға  өтініш жасайды. Әрине, мұндай 

мерекеге керегі ертегі еді. Әрі ол тек қана балаларға 

ғана емес, ересектерге де ұнауы тиіс-тін... Сөйтіп, небәрі 

жиырма төрт күн ішінде атақты маэстро өзінің аса таны-

мал «Золушка» операсын жазып шықты. Операның пре-

мьерасы Римде 1817 жылғы 25 қаңтарда сахна төріне 

шықты. Россинидің інжу-маржаны өзінің екі ғасырлық 

мерейтойы тұсында Қазақстанда алғаш рет қойылып 

отыр. 

Шарль Перроның ханзаданы кездестірген ке-



дей қызы туралы танымал ертегісін Россини жаңа 

кейіпкерлер қосу арқылы әрі ешкім күтпеген оқиғалар 

негізінде сюжетті байыта түсіп, астарлы әзіл, ерекше 

тосынсый енгізіп, комедиялық операға айналдыр-

ды. Мысалы, кіндік шеше-перизат орнына кейіпкерге 

ханзаданың данагөй ұстазы Алидоро көмек береді. 

Қатал өгей шешенің орнына сахнаға бай-манап әрі 

сараң барон, өгей әке Маньифико шығады. Және 

өзінің таза шыныдан жасалған шәркейін Анджели-

на — операдағы Золушканың  аты осылай аталады — 

жоғалтып алмайды, ханзада Алидоро өзінің сүйіктісін 

... таниды. Жоқ әрине, Россинидің операсымен алғаш 

танысатындарға біз барлық құпияның қыр-сырын аш-

паймыз. Сондықтан осынау әрі таңғажайып, әрі ақкөңіл 

тарихтың оқиғаларымен танысуға сіздерді театрға 

шақырамыз.  

Әлемге әйгілі осынау танымал және күрделі 

қойылымның жауапкершілігінен сескенбей-ақ сахна 

төріне шығарған директоры және көркемдік жетекшісі 

Асқар Бөрібаев, режиссеры — Ләйлім Иманғазина және 

хормейстері — Әлия Темірбекованың ізденісі ерекше еді. 

Сахнадағы сиқырлы әлемді «суреттеу» жүгі Ресейдің 

халық суретшісі Вячеслав Окуневке сеніп тапсырылды. 

Оның 10 жылдан бері Абай атындағы опера және балет 

театрымен қоян-қолтық байланыста екенін осы жерде атап 

өту орынды. 

Осынау ерекше тартымды жобаны сахналау идея-

сы театр басшылығына осыдан екі-үш жыл бұрын кел-

ген, дегенмен оның сәті енді ғана түсті. «Бір жағынан 

алып қарағанда, бұл біздің пайдамызға шешілді, — 

деген сенімде опералық труппа жетекшісі Ләйлім 

Иманғазина, — өйткені осыдан екі-үш жыл бұрын бізге 

орындаушылардың жаңа буыны келген еді, осы кезде 

оларға репертуарға бейімделу қажеттілігі туындаған-тын, 

әрі кәсіби тұрғыда өсу міндеті тұрған еді. Қазір әркімнің 

жұлдызды рөлі бар. Ал опералық труппада ансамбль 

өмірге келді. Бұл Россини операсын орындауға аса қажет-

тұғын». 


Премьералық қойылымға қатысқан жас жұлдыздар 

ішінен Оксана Давыденко мен Елена Никоноваға ерек-

ше назар аударғымыз келеді. Бұл әншілер Золушканың 

партиясын орындайды. Сондай-ақ операның мықты 

ерлерден құралған құрамын атап өтпеске болмайды. 

Олар: Дамир Сәдуақасов, Артур Ғабдиев, Эмиль Сақауов, 

Андрей Трегубенко, Олег Татамиров, Ильяс Артығалиев, 

Корпоративтік журналы



18

19

КАЗКОММЕРЦ 



NEWS

№3 (157)

Қаңтар 2018




Операға алғаш 

келгендер үшін 

Әдетте, опера – 

құрылымы өте күрделі, ол 

оны түсіне білетін шағын 

адамдар  тобына  арналған  

театр жанры болып 

саналады. Әйтсе де, 

стереотиптердің пікірінің 

соңынан ілесіп кетуге 

болмайды. Иә, шынында 

да, операның табиғаты 

парадокстар мен қарама-

қайшылыққа толы. Оның 

табиғатына сахналық 

өнердің барлық түрі тән. 

Бірімен-бірі қабысып 

жатады. Операны 

түсініп қабылдау үшін 

көрерменге музыкалық 

мектепті бітіру шарт 

емес. Алматыдағы Абай 

атындағы опера және 

балет театрына келіп, 

бірнеше қойылымды 

көрсе болды, театр 

көрерменді өзіне 

еліктірмей қоймайды. 

Элитарлық өнер 

әлеміне енбей тұрып, 

біздің шағын ғана 

«бағдарымызға» бір 

қарап шығыңыз.  



Егер сіз театрға алғаш 

келсеңіз не кию керек? 

Танымал «Сұлу бикеш» 

фильміндегі Ричард Гир 

мен Джулия Робертстің 

кейіпкерлері сияқты Ла 

Скаладағы «Травиата» 

операсына барғандағыдай 

смокинг пен айрықша кеш 

көйлегін киюдің қажеті 

жоқ. Мұндай қатаң дресс-

код әлемнің танымал 

ең ірі театрларының 

көрермендеріне 

қойылатын талап. 

Сондықтан сырт 

келбетіңмен аса 

ерекшелену міндет емес. 

Дегенмен, театрдың 

тарихы мен дәстүріне, 

жалпы өнерге құрмет 

көрсетіп, театрдың 

мерекелік тұрпатына 

сай киінсеңіз сізді ешкім 

сөкпейді. 



Не жөнінде шырқап 

жатқанын түсінбеймін... 

Әдетте опера түпнұсқа 

тілінде орындалады. 

Десек те, тілді білмеу, 

түсінбеу миллиондаған 

табынушыларға 

операны жақсы көруге 

кедергі емес. Олар 

орындаушылардың 

көл-көсір эмоциясына 

еріксіз елтиді, қойылым 

кейіпкерлерімен бірге 

қуанып, бірге жұбанып 

отырады. Оның үстіне 

қазір  опера театрларында  

синхронды титрлармен 

табло немесе экран 

қойылады: әдетте оған 

қойылым тілі түпнұсқада 

шығып тұрады, сонымен 

бірге аудармасы да 

беріледі. Сондай-ақ, 

көрерменге қойылымның 

қысқаша бағдар мазмұны 

(либретто) ұсынылады. 

Абай атындағы опера 

және балет театрында 

титрлар қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерінде 

беріледі. 



Қашан қол шапалақтап, 

қошемет көрсетеміз? 

Увертюрадан кейін, 

яғни, әр актіден 

соң және спектакль 

соңында әртістерге, 

орындаушыларға 

қошемет көрсетіп 

отырамыз. Егер сіз 

«дұрыс» қол шапалақтап 

отырғаныңызға 

күмәндансаңыз, 

онда залда отырған 

көрерменге иек артыңыз. 

Өйткені, кез келген 

қойылымда білгірлер 

мен кәсібилер кездеседі. 

Қол соғып, қошемет 

көрсетуден бөлек 

«bravo» деп айқайлауға 

болады.  (Егер қошемет 

әйел адамға арналса 

«brava» немесе  егер 

орындаушылар тобына 

арналса, онда  «bravi»).

Азамат Мәлішов. Спектакльді кейіпкердің  жын қаққан 

және шәлкес мінезді апаларының рөлін сомдаған 

орындаушылар  айшықтандыра түседі. Олар — Ана-

стасия Кожухарова, Надия Наденова, Наталья Мезина, 

Зарина Алтынбаева. 

«Золушка» операсы сирек орындалатын шығарма. 

Ләйлім Иманғазинаның айтуынша, оған көп себептің 

бірі орталық партияны орындайтын — колоратурлық 

меццо-сопрано дауысы сирек кездеседі екен әрі аса 

күрделі орындаушылық міндеттерге виртуозды түрде 

дес беретін ансамбльдің болмауы бұған тосқауыл 

көрінеді. Театрдың опералық труппасындағы жас 

орындаушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 

бағдарламасы арқасында репертуар жаңа көрнекті 

қойылымдармен толысты. Бұл спектакль балалар мен 

бірге үлкендер үшін де қызықты екенін еске саламыз.



20

№3 (157)

Қаңтар 2018




Қашан: 12 қаңтар

Қайда: Абай атындағы МАОБТ

Қанша: 1 500 тг. бастап

Ш.Перроның атақты ертегі 

желісін Джоаккино Россини 

мен либреттист Якопо Феррети 

жаңа кейіпкерлермен, желідегі 

оқыс бетбұрыстармен, қызықты 

әзілдер мен тосын сыйлармен 

толықтырып күлкілі операға 

айналдырды. Алғашқы 

дыбыстан бастап-ақ, опера 

өзінің ерекше әсемдігімен, 

үйлесімдігімен, шаттығымен 

және сыйқырлығымен баурайды.

Қашан: 11 қаңтар

Қайда: Қ. Қуанышбаев атындағы МАҚМДТ

Қанша: 1 000 тг. бастап

Оқиға Астана қаласында тұратын 

зиялы отбасының тағдырынан 

сыр шертеді. Ана тілге шорқақ 

Дездомана мен орыс тілін 

жетік меңгермеген Болдухан 

арасындағы келіспеушіліктер 

оқиғаны өрбіте жөнелтеді. 

Қойылым қазақ жұртының алтын 

бесігі — ауыл өмірінен алшақтап 

бара жатқанын байқатады.

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ АФИША 

АСТАНА МЕН АЛМАТЫДА ӨТЕТІН ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ МӘДЕНИ 

ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР 



Қашан: 28 қаңтар

Қайда: Astana Opera

Қанша: 500 тг.бастап

83 жыл бұрын туған алғашқы 

қазақ операсы «Қыз Жібек» 

бірден ұлттық музыкалық 

өнердің інжу-маржаны ретінде 

танылды. Жібек пен Төлегеннің 

махаббаты туралы аттас халық 

лиро-эпостық поэманың 

негізінде либреттоны белгілі 

драматург және жазушы 

Ғ.Мүсірепов, ал музыкасын 

Е.Брусиловский жазды. 



Оқиғалар

www.kassir.kz

www.tiketon.kz 

«ЗОЛУШКА»

Қашан: 10–14 қаңтар

Қайда: Барыс Арена алаңы

Қанша: 500 тг. бастап

Хоккей жұлдыздарының 

апталығында ЖХЛ 

жұлдыздарының матчы, 

МХЛ кубогы мен КХЛ 

жұлдыздарының матчы және 

шеберлік шоуды тамашалайсыз. 

Ұйымдастырушылар қаланың 

тұрғындары мен қонақтарын 

хоккейдің ұмытылмастай 

боларлық нағыз көзтартар 

қызықты ойыны мен жұлдызды 

шоуы күтіп тұрғанына сенімді.

«КХЛ-2018

ЖҰЛДЫЗДАР МАТЧЫ»

Қашан: 2–14 қаңтар

Қайда: Мемлекеттік қуыршақ театры

Қанша: 2000 тг. бастап

Сіздерді қуыршақ театрына 

шақырамыз. Аяз Ата мен Ақшақар, 

теңіз Қарақшысы, Тотықұс, 

Жұлдыз, Нептун және т.б. ертегі 

кейіпкерлерімен жүздесіп, 

жасыл шырша айналасында ән 

салып, би билеп, әр түрлі ойын 

ойнап, мерекелік көңіл күйге 

бөленесіздер!



«СУ АСТЫ

ПАТШАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА 

ЖЫЛ»

Қашан: 14 қаңтар

Қайда: Ө.А.Жолдасбеков атындағы  студ. сар.

Қанша: 2000 тг. бастап

Қазақстанның эстрада жұлдыздары 

«Аялы алақан» атты қайырымдылық 

концертіне шақырады. Игі шараны 

қолдау үшін ұйымдастырылатын 

бұл концерт мерекелік көңіл-күй 

сыйламақ. Ал шынайы өнерге 

сусындайтын көрермен тамаша 

сезімдерге толы концерттен ләззат 

алатыны сөзсіз.



«АЯЛЫ АЛАҚАН»

«ҚЫЗ ЖІБЕК»

«ТІЛ

ТАБЫСҚАНДАР»

Корпоративтік журналы



22

23

КАЗКОММЕРЦ 



NEWS

№3 (157)

Қаңтар 2018




ИТ ЖЫЛЫ.

 

ҚҰЙРЫҒЫН БҰЛҒАҢДАТАДЫ, АЛ ТІСІ АҚСИЯДЫ

Қаржылық  жұлдыз жорамал

ҚОҚАҢДАҒАН ҚЫЗЫЛШҰБАР

 қораз жылы біздің өмірімізге аз жақсылық әкелген жоқ. Сондықтан оны 

қимай шығарып салдық. Иек астында қуана-қуана қолын бұлғап, құйрығын бұлғаңдатып 2018 жыл келдi.  

Ит жылын қарсы алайық, халайық! Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл ақпан айында келсе де, біз Ит жылын 

асыға күтіп жүрдiк. Өйткені, бар жақсылықты алдан күтетін халық Ит жылы игілікке молынан кеңеліп, сәттілікке 

жолығуды және көп-көп ақша табуды қалайды. Сөйтіп, алдағы жыл біздің еншімізге нені дайындап қойды? Бір 

айта кететіні, қаржылық жағынан алып қарағанда, алдағы жыл қолайлы жыл болмақ. Қараша мен желтоқсанда 

белсенділік танытыңыздар, осы айларда қомақты табысқа кеңелуіңіз әбден мүмкін



Тоқты 21.03–19.04

Жаңа жылда тоқтылар Итке толық сенім арта алады. Олардың қаржылық жағдайы тұрақтылыққа 

ие. Осы белгіде туғандардың көбі биыл өз қаржысын сақтап қана қоймай, салымын айтарлықтай 

ұлғайта алады. Жұлдыздар төбеңізде сәтті жымыңдасқанымен, жылдың бастапқы жарты 

жылдығында өзін-өзі ақтамайтын тәуекелден бас тартыңыз, себебі алаяқтардың қолына түсіп қалу 

қаупі бар. 



Торпақ 20.04–20.05

Торпақ атаулыны көбіне былайғы жұрт қытымыр, сараң ретінде қабылдайды. Әйтсе де олар 

табиғатында прагматиктер әрі өмірде аяғынан нық тұрғанды қалайды. Сіздің ақша болмай қалатын 

«қаралы» күнге қаржы жинап қоятын әдетіңіз — тамаша. Дегенмен, сақ болыңыз, оған толықтай 

сеніп қалмаңыз. Сәуегейлер «қаралы» күнге арналған ақша өлі күйінде, жастықтың астында жатпауы 

тиіс деп санайды. Ол ақшаны қосымша шотқа салып қойыңыз. 



Егіздер 21.05–20.06

Егіздерді біз ақшасына және күдікті жаңа таныстыққа сақтыққа шақырамыз. Өйткені, олар сенімге 

тез иілгіш келеді әрі сондай жағдайда алдауға, арбауға түсіп қалу ықтималдылығы басым. Анығында, 

«карточкалық» алаяқтардың қақпанына түсіп қалуы ғажап емес. Банк өз клиенттерінің мәліметтерін 

барынша сенімді түрде қорғайды, дейтұрғанмен алаяқтар карточка иелерінің сеніміне кіріп алып, 

ақша ұрлаудың небір құйтырқы іс-әрекеттерін ойлап табады. Сондықтан аса сақ болыңыздар. 



Шаян 21.06–22.07

2018 жылы жұлдыздар сізге барынша жомарт болуға ақыл-кеңес береді. Отбасы мүшелерін 

материалды түрде қолдаңыз немесе қиын жағдайға душар болғандарды қолдап жіберіңіз. Кейде 

жақсы бір амалдар үшін аз да болса өз үлесіңді қосу жеткілікті. Сіздің бұл жомарттығыңызды Ит 

есінен шығармайды. Елеп-ескереді. Қаржыңызға көп болмаса да әжептәуір қаржы-қаражат ағыны 

құйылады. Ақшаңыздың көп болғанын қалайсыз ба? Онда онымен жеңіл қоштасуды да үйреніңіз. 



Арыстан 23.07–22.08

Жұлдыздар даңғой Арыстандарға ойын-сауық, көңіл-күй көтеру кештеріне қарағанда, өздерінің 

кәсіби біліктілігін арттыруға ақша жұмсауға кеңес береді. Кәсіби біліктілікті дамыту тренингтеріне 

барыңыз алдымен шеберлік сыныптарға қатысудан бастаңыз. Кәсіпкерлерді қаржыландыратын 

арнайы банктік бағдарламаларға назар салыңыз. 

Бикеш 23.08–22.09

Ит жылы Бикештерге қаржы тұрғысынан алып қарағанда, тұрақты жылды тарту етпекші. 

Бикештердің арыз айтуына ешқандай жағдай түрткі емес. Дегенмен олар әр тиынды табу үшін адал 

еңбек етуі тиіс. Маңдай терін төгіп барып қана қандай да бір нәтижеге қол жеткізеді. Сондықтан олар 

аяқ астынан жолым бола кетеді деп ойламасын. Көктем мен жаз сіздер үшін берекелі маусым болмақ. 

Бір-екі табысты жобаға қол жеткізіп қалуларыңыз әбден мүмкін. 



Таразы 23.09–22.10

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аумалы-төкпелі Таразылар ысырапшылыққа жол бермеуі 

тиіс. Жұлдызшылардың жорамалына мән бермеген осы белгінің кейбір өкілдері жыл бойы «бүгін 

мейрам, бүгін той, ал ертесі ораза» деген тәртіппен өмір сүруге мәжбүр болады. Дүкенге сауда 

жасауға шыққан сайын Таразылар не алып, не қоюы керектігін қағазға жазып алуы тиіс. Әйтпесе, 

күніңіз қараң. Сондықтан дүкенге барғанда өзіңізге керектіні ғана алыңыз.  



Сарышаян 23.10–22.11

Ит малшашқыш адамдарды аса қатты аяй қоймайды, әйтсе де ол ақшамен жеңіл қоштасатын 

сарышаяндарды жек көрмейді. 2018 жылы сарышаяндар қосымша табысқа қарқ болады. Бір емес 

бірнеше мүмкіншілік барын қуанышпен хабарлаймыз. Жақсы бизнес-жоспар аясында сарышаян 

ағайын-туыстарынан және достарынан қарызға қомақты сома ала алады. 

Мерген  23.11–20.12

Мергендердің биыл қанжығасы майланады. Ойдағыны сатып алу үшін сізге қажетті соманы алдын 

ала тауып қою керек. Артыңызды ойлаңыз, соның арқасында жылдың екінші жартыжылдығында 

көлігіңізді ауыстыруға немесе пәтеріңізді кеңейтуге қалған ақшаны жинап аласыз. Жылжымайтын 

мүлікке және алтынға ақша инвестициялау қосымша қаржы табуға жол ашады. 

Тауешкі 21.12–19.01

Ит жылы тауешкі белгісімен туғандардың айы оңынан туады. Бұлардың кез келген қалауын 

қаржыландыруға ақша табылады. Сондықтан жинап қойған ақшаңызды қиналмай жұмсай беріңіз. 

Дегенмен мұндай қаржылық табыс тек жомарт жандарға ғана тән. Ақша жұмсағанды жақсы көреді. 

Сондықтан уайымдамаңыз жұмсалған қаржы өзіңізге бірнеше еселеніп қайтады. 

Суқұйғыш 20.01–17.02

Суқұйғыштарға ақшаға анау айтқандай маңызды құндылық деп қарамайды. Оларға ақша 

материалды байлық көзі емес. Дейтұрғанмен, Суқұйғыштар ақшаға алға қойған мақсат-мұратқа 

жету құралы деп қараса, онда қажетті қаржыны табуға мүмкіншілік зор. Биыл жыл иесі осы белгімен 

туғандарға оң көзбен қарайды және қаражат табуға бірнеше сәтті мүмкіндіктер береді. Тек берілген 

сәттілікті қалт жіберіп алмай, тиімді мәміле жасаса жеткілікті. 



Балықтар 18.02–20.03

Жұлдыздар балықтарға келгенде мәрттік көрсетеді. Биыл бұлар үшін табысты жыл. Және бұл жерде 

карма үрдістері іске қосылатынын еске саламыз. Яғни, ақша табуға сіз қанша қаражат жұмсайсыз, 

2018 жылы сонша ақша тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Шектен тыс көп қажыр-

қайрат жұмсауға бейімделмеген балықтар бұрынғысынша қиналмай-ақ жұмыс істей берсе болады. 

Бірақ олар жалақыдан жалақыға дейін өз ақшасын сауатты жұмсауы тиіс және банктердің тиімді 

ұсыныстарына назар салуы қажет.

Демалыс

Корпоративтік журналы



24

25

КАЗКОММЕРЦ 



NEWS

№3 (157)

Қаңтар 2018



жүктеу 247,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау