«ЮТАРИЯ»:
БІЗ ҮШІН
САПА БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
ӘСКЕРИЛЕРДІ АРНАЙЫ КИІМСІЗ МҮЛДЕ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫЗ.
ӘСКЕРИ КИІМНІҢ ӘДЕМІЛІГІ КӨЗ ТАРТАДЫ, ОҒАН ҚЫЗЫҚПАЙТЫН
АДАМ ЖОҚ ТА ШЫҒАР. ӘРІ КИІМНІҢ БҰЛ ТҮРІНДЕ ҮЛКЕН
ЖАУАПКЕРШІЛІК БАР. ОНЫ КИГЕН САРБАЗ БОЙЫНАН БІЗ БИІК
РУХТЫ, ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІПТІ, АСҚАҚ АРМАНДЫ КӨРЕМІЗ
БҰЛ ТУРАЛЫ ЖЫЛЫНА
екі миллионға жуық өнім
өндіретін, оның ішінде Қорғаныс
министрлігінің тапсырысы
бойынша әскери киім тігетін
«Ютария» тігін компаниясының
әрбір жұмысшы-қызметкері жақсы
біледі. Бұған қоса, «Ютария»
өздері тіккен арнайы киім-
кешекке толық күтім жасайды:
алдымен тігеді, одан кейін жуады,
тазалайды. Бір сөзбен айтқанда,
арнайы киімнің тозбауына, ұзаққа
шыдауына күтім жасайды. Кәсіптің
кешенді түрде қызмет көрсетуі, ел
аузында жүрген бизнес-беделі —
осының бәрі компанияның табыс
кепілі.
«Бизнестің қаз-қаз қадам басуы
мемлекетіміздің тарихымен тікелей
байланысты. Бәрі «Казахстанская
правда» газетінде жарық көрген
мемлекет басшысының өндіріс
ошақтарын ашу арқылы шағын
және орта кәсіпті дамытуға
арналған мақаласынан басталған», —
деп еске алады «Ютария»
компаниясының бас директоры
Сәуле Шәуенова.
— Біздің нағыз өндірістік кешен
құру соқпағының түп-тамыры
осыдан шыққан. Компания
тобының алғашқысы — «Ютария
ltd» өндірістік-инновациялық
компаниясы осыдан 15 жыл
бұрын өмірге келді. Қазір оның
өндірістік ауқымы он мыңдаған
шаршы метрге жеткен. Ол
компьютерлендірілген, қуат көзін
үнемдейтін, жоғары технологиялық
тігін және тоқыма құрал-
жабдығымен қамтамасыз етілген
заманауи жаңартылған фабрика.
Жезқазған қаласындағы
«Ютария» тігін фабрикасын 2014
жылы мемлекет басшысы барып
көрген. Мұны Сәуле Бақтайқызы
мақтаныш етеді. Елбасы сол
сапарында өндірісті аяғынан
тік тұрғызуға кеткен маңдай
тер-еңбекті ерекше атап өткен
еді. Бүгінгі таңда компания
корпоративті арнайы киімді және
жеке қорғаныс бұйымдарын
тігіп, сатады. Тігін өнімінің негізгі
тұтынушылары — «Қазақмыс»
корпорациясы, ҚР Қорғаныс
министрлігі, және «Қазақалтын»
компаниялары екенін атап өту
артық бола қоймас.
«Ютария» тобының Астана мен
Жезқазғандағы екі компаниясы
өнім түрлерін үнемі ұлғайтып
отырады. Қазір медицина
қызметкерлеріне арналған
киімге, күш құрылымдарына
арналған арнайы киімге, қонақ үй,
мейрамхана бизнесіне арналған
өнімдерге берілетін тапсырысты
орындап жатыр. Бұған қоса, үй
жабдығына арналған тоқыма
бұйымдарын шығарады, әйелдер
мен балаларға арналған киім,
оның ішінде мектеп формасын тігіп
жатқанын қуанышпен айта аламыз.
«Біздің компаниямыздың
саясаты — «Бәрінен де сапа
қымбат» дегенге саяды, — деп
әңгімесін жалғастырды Сәуле
Шәуенова — абырой-беделге дақ
түсірмесек, тапсырыс берушілер
мен кредиторлар алдындағы
міндеттемелерімізді қалтқысыз
орындасақ — бұл бизнестің
табыстылығына берілген кепіл.
Сондықтан бізге өте жауапты
жобаларды сеніп тапсырады. Біз
биыл, 2017 жылы Астанада өткен
ЭКСПО Халықаралық көрмесіне
имидждік бұйымдарды жасадық
және еріктілер мен қызметкерлерге
арнап униформа тігіп шығардық».
«Ютария» — аймақтағы ЖШС-
дан ұлттық брендке айналған өте
тартымды «компания», — деп атап
өтті «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның
Жезқазғандағы филиалының
директоры
Сәлім Төкенов. —
Компанияның Жезқазған мен
Астанада тігін фабрикалары
бар, оның ресми атауында
«инновациялық» сөзі текке
қолданылып отырған жоқ.
Компанияның инновациялық
мәртебесін қолдау үшін тек қана
жаңа технология мен құрал-
жабдықтың қажеттілігі аздық
ететіні белгілі, сонымен бірге
сәйкесінше капитал құю парызы
да бар екенін ұмытуға болмайды.
«Ютарияның» бұл міндеттен де
тайып кеткен жері жоқ, кредиттік
өнімдерді ұқыпты игереді, сондай-
ақ, мемлекеттік бағдарламаларға
қатысу арқылы да бұл үдеден
шығып келеді.
«Біз әу баста, кәсіпорынды
алғаш ашқан кезде БТА банкпен
байланыста едік, бұл банк
Қазкоммерцбанкпен бас қосқаннан
кейін «Ютария» оның клиентіне
айналды», — дейді Сәуле Шәуенова.
— Qazkom-ның қызметкерлері
мен басшылығы біздің кез келген,
тіпті барлық жобаларымыз бен
өтініштерімізге құлақ асып, оған
кәсіби тұрғыдан жәрдем беретіні
әрқашан қуантады. Аяқ астынан
туындаған кез келген түйткілді
жедел түрде шешіп береді».
Бұл ЖШС-нің несие тарихына
зер сала отырып оның бизнес-
табысының тарихына да қанығуға
болады. Алдына қойған мақсат-
мұратына, тіпті амбициясына,
даму ырғағына да көз жүгірте
аласың. 2011 жылы компания
«Бизнестің жол картасы — 2020»
бағдарламасына еніп, бірінші
Банк өнімдері
Корпоративтік журналы
14
15
КАЗКОММЕРЦ
NEWS
№3 (157)
Қаңтар 2018
бағыты бойынша, сәйкесінше
қаржыландыруға ие болды.
«Бұл қаржы тігін цехын салу
құрылысына және құрал-жабдық
сатып алуға жұмсалды, — деп
әңгімесін әрі жалғастырды Сәлім
Төкенов. — Алынған қарыз
компанияның жеке қаржысы
есебінен мерзімінен бұрын өтелді».
Сонымен бірге банк 2013
жылы «Ютарияны» «Бизнестің
жол картасы» бағдарламасы
негізінде бірінші бағыты бойынша
қаржыландырды. Берілген қаржы
сатып алынған және жалға
алынған тазалау ғимаратының
жөндеу жұмысына жұмсалды. Сол
жылы «ПИК «ASTANA Ютария
ltd» ашылды. «Астана — жаңа
қала» арнайы экономика аймағы
индустриалды парк аумағынан
пайдалануға 2 га жер бөлінді.
Сол кезде компанияның өз
қаржы есебінен «KazTeхEхpo»
автоматтандырылған өндірістік-
сауда кешенінің құрылысы
басталды. Астанадағы кешеннің
еліміздің басқа өңірінде аналогы
жоқ. Жобаның жалпы құны 1,09
млрд теңгені құрады. Мұның
ішіндегі ЖШС-нің жеке қаржысы
835 млн теңге. Бұл жоба да
аяқталған: кешен 2016 жылдың
аяғында қолданысқа берілді.
Демек, «ASTANA Ютария ltd»
ЖШС-нің «Астана — жаңа қала»
арнайы экономикалық аймағын
дамытудағы ұлттық инвестор
аталуы тектен-тек емес.
Жоба БЖК-2020 бағдарламасы
бойынша жүзеге асты және
«Еліміздің индустриаландыру
картасы» мемлекеттік
бағдарламасына енді. Пайыздық
мөлшерлеме мен кепіл беру
ісіне субсидиялау құрылымы
қолданылғанын, «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қорының
алдындағы банк міндеттемелері
орындалғанын айта кету орынды.
Qazkom «Ютария»
компаниясының алған несиесін
уақтылы, мерзімін өткізбей дер
кезінде төлейтінін айтады. Сәуле
Бектайқызы өз кезегінде «БЖК-2020»
бағдарламасына ену үшін компания
өзінің мығымдылығын көрсетіп, даму
басымдылығын алдын ала, бірнеше
жыл бұрын дәлелдеуі тиіс болған.
«Алдымызға қойылған осынау
міндеттеме үдесінен біз абыроймен
шықтық, себебі, біздің үш жобамыз
бойынша мемлекеттік қолдау
көрсетілді, — деп атап өтті компания
директоры. — «Ютария» БЖК-
2020 бағдарламасына қатысушы
ретінде инвестициялық кредит
бойынша төленетін сыйақы кәдімгі
банктік мөлшерлемеге қарағанда,
50% төмен екенін тағы бір рет еске
салудың артықтығы бола қоймас.
Сыйақының екінші бөлігі мемлекеттік
бағдарламаның операторы «Даму»
КҚҚ арқылы субсидияландырылды.
Сондай-ақ, елімізде жүзеге асып
жатқан «Индустриализациялау
картасына» «БЖК-2020» аясында
жаңартылған Жезқазғандағы тігін
фабрикасы енді. БЖК аясында
қаржыландырылған тағы бір жоба —
Сәтбаев қаласындағы индустриалды
қызмет көрсету комбинатының да
қаржылық қолдауға ие болуы қала
үшін аса маңызды еді. Бұл күндері бұл
комбинат «Қазақмыс» корпорациясы
мен жергілікті тұрғылықты халыққа
сан түрлі тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, осы өндірістің өзінен-ақ
жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа
мамандарға қолдау көрсетілгенін де
атап өту артық етпейді.
«Бүгінгі таңда несие алушы
кәсіпорын сәтті даму үстінде, — деп
әңгімесін қорытындылады Сәлім
Төкенов. — «Ютарияда» өз қызметін
абыройлы өтеуге барлық жағдай,
барлық инфрақұрылым жасалған.
Онда: өндірістік цех, кеңселер мен
қоймалар, көлік, құрал-жабдық, керек-
жарақ атаулы толық. 1000-нан аса
кәсіби қызметкер-жұмысшы қызмет
етеді».
ҚКБ-пен арадағы салиқалы
серіктестік жайлы Сәуле Шәуенова
да ерекше ілтипатпен атап өтті. Ол
банкпен арадағы өзара тиімді әрі
жемісті іскер байланысқа қашанда
сенімді екенін тілге тиек етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Жезқазғанда «Ютария»
тігін фабрикасының жұмысымен танысты
БОЛЖАМ-2018:
ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮ
ҚАЗІР КӨПШІЛІКТІ
МЫНАДАЙ НЕГІЗГІ САУАЛ
ТОЛҒАНДЫРАДЫ: ТЕҢГЕ
БАҒАМЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛАДЫ,
ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ,
САЛЫМДЫ ҚАНДАЙ
ВАЛЮТАДА САҚТАУ ТИІМДІ
ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ
ЖАСАУҒА ҚАНДАЙ ҚҰРАЛДАР
ПАЙДАЛЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ,
KAZKOM SECURITIES
ЕНШІЛЕС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
БАНКІМІЗДІҢ САРАПШЫЛАРЫ
БОЛЖАМ ЖАСАДЫ
Болжам
2017 ЖЫЛ
бойы АҚШ долларының
бағамы 310–345 теңге аралығында,
барынша кең кейіпте саудаланды.
Алғашқы жартыжылдықта теңге
нығайды, ал екінші жартыжылдықта
әлсізденді. Жыл бойы бағам
айтарлықтай құбылса да, теңге
жылды жыл басындағы деңгейде
жауып жатыр. Осы жыл барысында
теңге бағамының орташа көрсеткіші
327 теңге төңірегінде тұрақтады.
Алып-сатарлық факторынан
өзге теңге бағамына ұлттық
валютаның инвестициялау құралы
ретіндегі тартымдылығы, сондай-ақ
экономиканың жалпы жағдайы ықпал
етеді.
МҰНАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ БАҒАСЫ МЕН
ТЕҢГЕНІҢ ҚАЗІРГІ БАҒАМЫНДА
ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ӨЗІН
ЖАЙЛЫ СЕЗІНЕДІ:
Экономиканың өсімі ырғақты,
қарқынды (2017 жылдың 10 айында
+4,0% — экономикасы мұнай бағасына
тәуелді елдермен салыстырғанда, бұл
өте жоғары көрсеткіш);
Инфляция төмендеуде және келер
жылы одан әрі төмендеу үрдісі
жалғаса береді. 2018 жылы инфляция
деңгейі 5–7% шамасында болмақшы.
Бюджет тапшылығы (дефицит)
соншалықты көп емес (банк секторын
сауықтыруға бөлінген қаржыға
қатысты айтарымыз, бір реттік
оқиғаны есепке алмағанда, бюджет
тапшылығы ІЖӨ-нің 0,6% болды);
Мемқарыз өсті. Бюджет
тапшылығын қаржыландыруда
қажеттілік орын алды. Бірақ өсім
өте жоғары деп айта алмаймыз
(2016 жылы ІЖӨ-нің 24%-ынан 2017
жылдың қыркүйек айының соңына
дейін 26%), әрі теңге бағамының
айтарлықтай әлсізденуіне әкеле
қояды дей алмаймыз;
Шынайы айырбастау бағамының
индексі ұлттық валютаның толық
бағаланбайтындығынан хабар береді.
Теңгеге инвестициялау әлдеқайда
тартымды екенін айта кету керек,
әсіресе жеке тұлғаларға тиімді.
Депозиттерге орташа мөлшерлеме
12%. Ал заңды тұлғаларға
мөлшерлеме төмендеу — 9%
төңірегінде.
Жоғарыда атап өткенімізді
ескере келе, біз 2018 жылы теңге
бағамы анау айтқандай аса маңызды
өзгерістерді басынан өткізбейді
деген шешімге келдік. Біздің
болжамымыз бойынша, 2018 жылдың
қорытындысында теңге бағамы
АҚШ долларына шаққанда 330–345
теңге шамасында тұрақтайды. Әрине,
біз көрсетіп отырған көрсеткіш
деңгейінен ауытқушылық болмай
қоймайды, әйтсе де біздің пікірімізше,
теңге бағамы ұзақ уақыт бойы осы
шамада тұрады.
Теңге бағамына жасаған өзіміздің
болжамымызды ескере келе, сондай-
ақ, кіріс деңгейінің айырмашылығын
алға тарта отырып, біз
салымдарыңыздың қомақты бөлігін
теңгеде: ұсыныс аллокациясы —
70%-ы теңгеде, қалған 30%-ын —
шетел валютасында ұстауға кеңес
береміз.
ЕГЕР БАНКТІК ДЕПОЗИТТЕРДЕН
БАСҚА ТАРТЫМДЫ ӘРІ ПАЙДАЛЫ
ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
АЙТАР БОЛСАҚ, БІЗ СІЗДЕРГЕ
КЕЛЕСІЛЕРДІ ҰСЫНАР ЕДІК:
Кейбір қазақстандық
компаниялардың акциялары:
Қазақстан экономикасының жағымды
өсімі Қазақстан қор биржасының
индексінде көрініс берді. Биыл жыл
басынан бері индекс 56%-ға өсті.
Ауқымды өсімге қарамастан, біздің
ойымызша, кейбір акциялардың әлі
де өсуге (20–30%) қабілет-қарымы
жеткілікті.
Кейбір қазақстандық және шетелдік
компаниялардың еурооблигациялары:
Еурооблигациялар АҚШ долларымен
жақсы кіріс деңгейін табуға
мүмкіншілік береді. Қазақстандық
компаниялардың еурооблигациялары
олардың акциялары сияқты 2017 жыл
бойы жақсы өсім көрсетті. Дегенмен,
олардың кірісі — 4–5% шамасында әлі
тартымды қалпында қалып отыр.
Корпоративтік журналы
17
КАЗКОММЕРЦ
NEWS
16
№3 (157)
Қаңтар 2018