Банктерді біріктірудің мәні неде?
Бірігу әлемдік тәжірибеде әрқашан синергия тиімділігін (өзара қарым-
қатынас тиімділігін) көрсетеді. Себебі екі компанияның мықты жағы
еселене түседі, үдеріс оңтайландырылады, бірін-бірі қайталайтын жұмыстар
істен шығады, жұмыс тиімділігі артады. ҚКБ мен Халық банктің бірігуінен
Қазақстанда мығым әрі сенімді банк пайда болады.
«Техникалық интеграция» дегеніміз не?
Түрлі ІТ-тұғырнамамен, бағдарламамен жұмыс істейтін екі банктің қызметін
талдап, саралау арқылы Халық тобының одан әрі тежеусіз дамуына сай келетін
үздік бағдарламаны таңдайды. Таңдалған бағдарлама қаржы нарығының
технологиялық және инновациялық көшбасшылығына шыңдайды және екі
банктің жұмысына енгізіледі. Мұның клиенттерге кері әсері болмайды.
«Сервистік интеграция» дегенді қалай түсінеміз?
Бұл Халық банкпен бірге Қазкоммерцбанк клиенттерінің қолы еркін
жететін ортақ өнім қазанының озық өнімдері, үздік қызмет көрсету мен
сервистері. Клиенттер өздеріне пайдалануға икемді және түйткілді
мәселені шешіп, өз өмірлерін жеңілдетуге жұмыс істейтін көптеген
қызмет түрлеріне ие болады.
Менің Халық банкте де, Қазкомда да салымдарым бар. Мен не істеймін? Жаңа шартпен жаңа
салым ашуым қажет пе? Мөлшерлемелер өзгере ме?
Сіз екі салымыңызды да келісімшарт мерзімі аяқталғанша, бұрынғы шартпен пайдалана бересіз.
Барлық салым атаулы сақтаулы күйінде қалады, олардың мөлшерлемесі өзгертілмейді. Халық пен
Қазком банктері ( Halyk тобында) екі банктің салымшылары алдындағы бұрынғы міндеттемелерді
орындауды жалғастырады. Алдағы уақытта біріктірілген банктің жаңа депозиттері бойынша пайыздық
мөлшерлеме деңгейі нарықтық конъюнктураға байланысты қалыптасады.
Банктер өз бөлімшелерін жаба ма?
Банктің бөлімшелерін жаппай жабу жоспарланып отырған жоқ, сіз
бұрын қай жерде банктік қызметті пайдаланып келдіңіз, сол жерге
барып қызметті одан әрі қолдана аласыз. Ал енді кей жағдайда бір
бөлімшені басқа жерге, халықтың көп жүретін жеріне көшу көзделсе,
одан қашып құтыла алмаймыз. Мұндай жағдай ара-кідік кездеседі.
Біздің мақсатымыз – филиалдар желісінің қызмет көрсету сапасын
одан әрі жетілдіру, бөлімшелерде әрі жылдам, әрі ыңғайлы қызмет
көрсету.
Екі банктің
интернет-
банкинг
жүйелерінің
қызметі туралы
не айтасыздар?
Бұл мәселе
қазір жан-жақты
қаралып жатыр.
Жұмысқа екі
банктің құзырлы
мамандары,
сондай-ақ
халықаралық
ІТ-кеңесшілері
тартылып отыр.
Клиенттерге
сапалы қызмет
көрсетуге ең
үздік, ең сенімді,
өмірде тексерістен
өткен, басымды
саналатын ІТ-
жұмыстары
таңдалып
алынады.
Qazkom мен Halyk
қосылған кезде
клиенттердің
тағдыры қалай
шешілмекші?
Қазком мен Халық
банк қосылған
кезде оның ішкі-
сыртқы қызметтері
клиенттерге
кедергі келтіріп,
бөгет болмайды.
Клиенттер
арада жасалған
келісімшарттар
негізінде
бұрынғыдай
қалыпты жағдайда
қызметті пайдалана
береді. Екі банктің
қосылуынан
клиенттер ұтады,
себебі қосымша
басымдықтар алады,
сенім жоғарылайды.
Қазірдің өзінде
клиенттер қосымша
комиссия төлемей-
ақ, біріктірілген
банкомат жүйесінің
қызметін пайдалана
алады.
Тарифтер қалай
өзгереді?
Қазкомның
қызметін
пайдалансаң да,
Халық банктің
қызметін қолдансаң
да, ешқандай
айырмашылық
болмайтындай, екі
банктің тарифтері
деңгейлестірілді.
Алдағы уақытта
тарифтер нарық
конъюнктурасы
арқылы
айғақталады.
Әдетте банктердің бірігуі кезінде
клиенттердің бір банктен екінші банкке
ауысуы ұзақ уақыт алады. Кезінде мен
Қазкоммерцбанктен ипотека алған едім,
енді маған жаңа шарт жасау қажет пе?
Қазкоммерцбанкте шарттары бар банк
клиенттеріне алаңдауға еш негіз жоқ. Олар өз
шарттарың басқа банкте қайта ресімдемейді.
Банк өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін
толығымен орындайды.
Енді менің
Қазкомдағы
жалақылық
картаммен не болмақ?
Барлық карталарды сіз
мерзімі аяқталғанша
пайдалана бересіз.
Олардың мерзімі
аяқталған соң бұрынғы
тәртіп бойынша
жаңа банктік карта
шығарылады. Карта
пайдалануда тек бір
ғана айырмашылық
бар, енді сіз қолма-
қол ақшаны косымша
комиссиясыз
Қазкоммерцбанктің,
сондай-ақ Халық банктің
банкоматтарынан ала
аласыз.
QAZKOM ЖӘНЕ HALYK-ТЫҢ БІРІГУІ
ЖАЙЫНДА ӨЗЕКТІ 11 СҰРАҚ
СІЗ «ИНТЕГРАЦИЯ», «СЕРВИСТІК/ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ» СӨЗДЕРІН ЖИІ
ЕСТИТІН БОЛАРСЫЗ. АЛАЙДА, ОЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ? БҰЛ МАТЕРИАЛДА БІЗ СІЗГЕ ҚОС
БАНКТІҢ БІРІГУІ ЖАЙЛЫ ЕҢ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕТІН БОЛАМЫЗ
Басты
жаңалықтар
Қазкомдағы картамның мерзімі 2018
жылдың 1 қаңтарында аяқталады.
Енді мен картаны Халық банкіден ашуым
қажет пе?
Сіз картаны Қазкоммерцбанктен қайта
ашып, оның мерзімі аяқталғанша пайдалана
берсеңіз болады.
Корпоративтік журналы
8
9
КАЗКОММЕРЦ
NEWS
№3 (157)
Қаңтар 2018