3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған


Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру



жүктеу 308,67 Kb.
бет92/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

20.1 Мемлекеттік сорт сынауды ұйымдастыру

Қазіргі уақытта бұрынға КСРО территориясында 1500-ге жуық сорт сынау часкелері мен сррт сынау станциялары жұмыс істейді. Олардың жүйелері топырақ-климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды. Мәскеуде өнім сапасын, анықтау мәліметтері бойынша сорттарды бағалайтын ауыл шаруашылығы дақылдары сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Орталық лабораториясы бар. Басқа республикаларда да сол сияқты ондаған республикалық, облысаралық лабораториялар бар. Сорт учаскелерінің көпшілігі кешенді: мүнда әр түрлі танап дақылдары сортын сынайды. Кейбір сорт сынау учаскелерінде сорттардың кеңейтілген тобын сынау өтеді. Кешенді сорт учаскелерімен қатар, мамандандырылған сорт учаскелері де жұмыс істейді.

Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау учаскелері мынадай түрлерге бөлінеді: егістік дақылдар учаскесі (суарылмайтын, суармалы, құрғап қалған және торфты-батпақты топырақтарда); көкөніс дақылдары учаскесі; субтропикалық дақылдар учаскесі (суарылмайтын және суармалы); жібек өсіру учаскелері (Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын емес, тұт жібек көбелегі тұқымдарын да сынайды); арнаулы (фитопатологиялық және энтомологиялық). Әрбір облыста (өлкеде) сорт учаскелерінің бірінде энтомолог-фитопатолог мамандарының басшылығымен сорттардың аурулар мен өсімдік зиянкестеріне төзімділігін тереңдетіп зерттеу жұмысы жүргізіледі. Көптеген сорт учаскелерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қатты қаракүйемен жасанды зақымдануы көзінде бағалайды. Сынауды оңашаланған арнаулы танаптарда жүргізеді. Сорттардың тат ауруына төзімділігін бағалай отырып, өсімдіктерге осы аймақтағы осы аурудың қоздырғыштар нәсілінің анағұрлым агрессивті спорларын жұқтырады. Өзбек республикасы кейбір сорт сынау учаскелеріне макта сорттарының алдамшы фойда жасанды зақымдануы кезінде вилт (солдырма) ауруына төзімділігіне сынау және бағалау жүргізеді.

Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау учаскелері мен сорт сынау станциялары перспективалы және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Көпшілік сорт сынау учаскелерінің тұрақты қызметкерлерінің штаты үлкен емес: меңгеруші, оның көмекшісі және 2—3 техникалық қызметкер. Совхоз (колхоз) шарт бойынша сорт сынау учаскесімен бірге барлық дала жұмыстарын атқарады, жұмысшы күштері мен ауыл шаруашылық техникасының қажетті мөлшерін бөледі. Сорт сынау учаскелері шаруашылықтармен сорт сынауға байланысты жұмыстар үшін есеп айырысуда, оларға бекітіліп берілген өнімділік мөлшері мен бағалау бойынша жүргізіледі.

Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылық тұрақты жер учаскесін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану — төрт-алты дүркін. Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 шаршы метр. Шағын габаритті техниканы кайдаланған кезде мемлекеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 шаршы метрге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ-климат аймағының барлық сынау учаскелерінде лезде сынауға мүмкіндік береді.

Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің мынадай жиынтығы бойынша жан-жақты бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады. Сорт сынау нәтижелері бойынша хабарламаны жинау, сақтау пайдаланылады, Сорт сынау мәліметтерін статистикалық өңдеу үшін «Мир» және «Минск» электронды-есегітеу машиналарында бірнеше бағдарлама жасалады. Мемлекеттік сорт сынау мәліметтерін машиналық өңдеу үшін, сорт сынау учаскелері есептерінің бірыңғайланған формалары енгізілген.

Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау учаскесінде 3 жылдан кем болмайды, қағида бойынша бес жылдан артыққа созылмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезғілде мөлдектерде ең жақсы, анағүрлым перспективалы сорттарды 2—3 жыл ішінде өндіріс жағдайларында сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал перспективасыз сорттарды әрі қарайгы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруга рұқсат етіледі, мысалы, күздік бидайдың Мироновская 808 және Прибой сорттары, жаздық бидайдық Саратовская 45 сорты, күздік қара бидайдың Восход сорты, бұршақтың Неосыпающийся 1 сорты, жүгерінің қарапайым жемаралық Днепровская 50 буданы кейбір облыстарда екі жылдық сорт сынау нәтижерсінде аудандастырылған.

Ауыл шаруашылығы дақылдардың мемлекеттік сорт сынауын ұйымдастырудың әр түрлі елдерде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Польшада Бұл жұмысқа Слупи Велькейдегі ауыл шаруашылығы дақылдардың сортын бағалау жөніндегі Орталық басшылық етеді, ол мемлекеттік орган болып есептелінеді, оған 80-нен астам сорт сынау станциялары бағынады, бұл станциялар барлық өңірлерге біркелкі орналасқан. Канадада мемлекеттік сорт сынайтын арнаулы институт жоқ. Селекциялық мекемелер өз сорттарын кооперативті негізінде бірлесіп сынайды. Шағын мөлдектерді пайдалануға байланысты тұңымдарды көп үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл сорт сынау осы дақылдың селекциясымен айналысатын барлық селекция станцияларында жүргізуге мүмкіндік тудырады. Бұл сорт сынау мерзімдерін шұғыл қысқартады және үлкен алаңдарда бір мезгілде жаңа сорттарды енгізуге мүмкіндік береді.


жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау