Қорғаныш алқабы. Есептік мөлдектерге бөгде әсерлерден және олармен шектесіп жатқан танаптар тарапынан зиян келуден сақтандыру үшін, қорғаныш танаптарын құрады. Олар кәмкеруші, шеткі және ақырғы болып бөлінеді
Көмкеруші қорғаныш алқабының жалпақтығы 2—3 метр болады, олар сорт сынау немесе қандайда болмасын питомник алып жатқан учаскелерді баска тәжірибелік немесе егіс алқаптарынан бөліп тұрады. Шеткі қорғаныш алқаптары жолдарға жанасатын қайталаулар шетіне қарай бөлінеді. Олардың жалпақтығы да есептік мөлдектер жалпақтығындай болады. Шеткі қорғаныш алқабы — бұл мөлдектерінің ұзын жақтары бойынша бөлінетін шағын алаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |