|
3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналғанМемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды
|
бет | 93/100 | Дата | 26.01.2022 | өлшемі | 308,67 Kb. | | #35140 | түрі | Лекция |
| Аш селекциясымен тұқым ш лекция20.2 Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінде сорттарды өндірістік сынаудан өткізу
Өндіріс үшін перспективалы сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін. Мөлдектерге бір-екі жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау учаскесі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа перспективалы сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2— 4, картоп үшін 1—2 гектар болады. Жоғары өнім алу үшін өндірістік жағдайлардың толық типтілік мүмкіндігі мен жағдайлары қамтамасыз етіледі. Сорттарды сынау жоғары агротехника фонында жүргізіледі. Сорт сынау учаскелерінің басым көпшілігі төңірегіндег шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады. Олар өздері сынайтын барлық ауыл шаруашылығы дақылдардың жоғары өнім беретін сорттарын егеді. Сондықтан да еліміздің сорт сынау учаскелеріндегі дәнді дақылдардың орташа өнімділігі колхоздар мен совхоздарға қарағанда 2 еседей жоғары.Сорт сынау мекемелері жаңа перспективалы сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің территориясында тұрған шаруашылықтарға, сондай-ақ қатар орналасқан колхоздар мен совхоздарға егу үшін береді.Бір облыстағы (аймақтағы) аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды. Әр жылдары, сондай-ақ әр түрлі облыстардың, аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасуда. Сондықтан, бір облыста немесе аймақта биологиялық даму кезеңі әр түрлі, бір-бірін қайткенде де толықтыратын сорттарды (мысалы, ерте пісетіндер мен кеш пісетіндерді, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суару жағдайларында анағұрлым өнімді, немесе таза пар мен парсыз алғы дақылдармен бірге және т. б. егіс үшін белгіленген торфты-батпақты топырақтарда жақсы өсуге қабілетті жұмсақ және қатты бидайларды аудандастыру пайдалы ғана емес, әбден қажетті де. Сөйтіп, Сібір жағдайларында бір шаруашылықта жаздық бидайдың екі сортын егіп-өсірудің мәні бар (орташа ерте пісетін және орташа кеш пісетін немесе кеш пісетін). Украина мен Кавказдың оңтүстігінде күздік бидайды таза парға еккен кезде жоғары интенсивті Безостая 1 және Зерноградка 3 сорттары үлкен өнім береді, ал екпе парға еккен кезде немесе парсыз алғы дақылмен бірге еккенде Прибой немесе жартылай аласа Дон сияқты далалық экологиялық сорттары да жоғары өнім береді. Қазіргі кезде бір шаруашылықта биологиясы мен шаруашылыққа пайдалануы жөнінен ұқсас сорттардың екі немесе одан да көп мөлшерін аудандастыру мен егіп-өсіру пайдалы емес. Бұл керексіз көп сорттылыққа әкеп соқтырады, сорттарды ластайды және тұқым өсіру жұмыстарын қиындатады.Канадада бір топырақ-климат аймағында әрбір дақылдың 1 сортын ғана егіп-өсірумен шектелетін ереже 40 жылға жуық өз күшін жоймай келеді. Бұл көп сорттылықтан арылуға мүмкіндік береді және тұқым шаруашылығы жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді, Швецияда бір фермада екіден артық сортты өсіруге рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|