8.5 Өсімдікті жерсіндіру
Басқа жерде өніп шыққан өсімдік үлгілерін пайдалану өсімдікті жерсіндіруге байланысты болады.
Жерсіндіру — (латынша introdustio — енгізу) осы жергілікті жерде бұрын өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын басқа бір елден немесе облыстан әкелінгенін айтады. Жүгері, күнбағыс, картоп, темекі, мақта сияқты дақылдарды Америкадан Шығыс елдеріне әкеліп жерсіндірудің нәтижесінде, осы елдерде жоғарыдағы дақылдар пайда болды. Батыс жарты жер шарының ашылуы өсімдіктердің жерсіндірілуіріде жаңа дәуірді құрады.
Өсімдік селекциясы үшін жерсіндірудің маңызы орасан зор.
Оның теориялық негізін Н. И. Вавилов қалады, ол бір қатар маңызды тұқым қуалаушылық заңдылыктары мен мәдени өсімдіктердің географиялық таралуын ашты. Н. И. Вавилов өсімдіктердің өзгергіштігін зерттеп, әр түрлері мен өсуінде тұқым қуалаушылық көптеген туыстас үқсас белгілері бар екендігін дәлелдеп берді. Мысалы, қоңырбас (астық тұқымдас) өсімдіктерінде қылтанақты және қылтанақсыз масақтар (шашақ басты), олардың ішінда әр түрлі масақты, дәннің ақ, қызыл, қара және көк түрлері кездеседі, дәннің дөңгеленген үлгісі тары мен қонақ жүгеріде ғана емес, бидайықтан басқа барлық туыстары нан табылған.
Параллельді өзгергіштік қатарларының ұқсастығы марфологиялық белгілері бойынша ғана танылып отырған жоқ, сонымен бірге шаруашылық-биологиялық қасиеті бойынша да танылуда. Мұның нақты селекция үшін маңызы ерекше зор.
1920 жылы Саратовта болған селекционерлердің үшінші съезінде Н. И. Вавилов, тұқым қуалаушы өзгергіштігін: дегі гомологиялық қатары заңдарын қалыптастырды. Осыған байланысты өсімдік түрлерінің жақындығы тұқым қуалаушылық өзгерісі үқсас қатарларын соншалықты дәлділікпен білдіреді, бар түрінің шеңберінде үлгі қатарын білу арқылы басқа да түрлері мен туыстарының болуын белгілеуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл заң селекционерлеге өсімдік түрлерінің өсуінің бүкіл генетикалық потенцилын толық анықтауға мүмкіндік береді.
Н. И. Вавиловтың еңбектері өсімдіктердің әр түрлілік түрі барлық жерде бір қалыпты орналаспайтындығын білдіреді. Жер шарының бірқатар облыстарында (Оңтүстік Шығыс Қытай, Үнді, Оңтүстік-Батыс Азия, Эфиопия, Орталық және Оңтүстік Америка, Жер орта теңізі жағалауларының елі) өсімдік түрлерінің көпшілігі орналасқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің территориясында да, түрлері мен үлгілерінің бай жерлері өте көп (Кавказ, Орта Азияның тау бөктерлері).
Достарыңызбен бөлісу: |