3 – курс күндізгі оқу бөлімінің арналған


Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану



жүктеу 308,67 Kb.
бет32/100
Дата26.01.2022
өлшемі308,67 Kb.
#35140
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
Аш селекциясымен тұқым ш лекция

8.2 Бастапкы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану

Шетелде көптеген дақылдардың селекциясы дұрыс жолға қойылган. Соның арқасында көптеген табыстарға жеткен. Жоғары өнімділігі, ауруларға төзімділігі өнім сапасының жақсылығымен ерекшелінетін селекциялық жаңа сорттар шығарылган. Олардың көпшілігі алғашқы материал ретінде құнды болып отыр, әсіресе олар будандастыруда ерекше білінеді. Ол үшін тәжірибе ретінде, жыл сайын көп мөлшерде шетелдік сорттар әкелінуде. Швецияның, Францияның, Нидерландияның, Гермаяияның селекциялық будан сорттарының маңызы зор болуда. Олардын кейбіреулері ауруларға төзімді. Рескью, Чайнук, Конак сияқты канадтық жаздық бидай сорттары мен американдық — Фортуна, Лью сорттары астықтың кұмырсқа шыбынымен зақымданбайды.

Біздің далалық қуаңшылыққа төзімді жергілікті сорттарымыздың кегізінде шығарылган АҚШ пен Канаданың бидай және арпа селекциялық сорттары жоғары бағаланады. Бұрынғы КСРО-да күздік және жаздық бидайлардың бірнеше сорттары аудандастырылды, булар осы елдер сорттарын пайдалану арқылы шығарылған. Бұлардың қатарына Безостая 1, Ранняя 12 сияқты күздік бидай сорттары, Безенчукская 98, Саратовская 33, Дальневосточная, Скала сияқты жоғары сапалы жаздық бидай сорттары жатады. Канадада шығарылған сорттар сабағы қысқа, жапырылуға бой бермейтіндер, олардың бірқатары аласа болып келеді (сабағының биіктігі 40—60 см.) және тез піседі. Өсімдік шаруашылығы институтының Ортаазия тәжірибе станциясында және Поволжьеде суландыру жағдайында оларды зерттегенде жақсы нәтиже көрсетті.

АҚШ-тың жоғары өнімді, қысқа сабақты куздік бидайының құндылығы ерекше. Олардың бірқатарының өнім беру потенциясы 1 гектардан 10 т дейін, ал Гейнс деген аласа бойлы сорты Вашингтон штатындағы тәжріибе станциясының шағын учаскесінде 1 гектардан 14,2 т өнім берген АҚШ-тың Верл Сидз—1877 және Үндістанның Кольян сона деғен қысқа сабақты сорты жоғары өнімді әрі жығылуға бой бермейтін болып шықты.



Соңғы жылдары селекцияда мал азығына арналған бидай сорттарын шығару проблемасы туып отыр. Бұл жағдайда Канада мен Мексика селекционерлерінің жоғары өнім беретін сорттарын пайдалану керек болуы мүмкін. Мысалы, Гленли мал азықтық бидай сорты және мексикандық жартылай аласа Питик 62 Канада жағдайында кәдімгі аудандастырылған бидай сортына қараганда өнімді 25% көп береді.

Кения, Чили, АҚШ сорттары, сондай-ақ Аргентиналық Барлета сорты суландыру жағдайында сынағанда және жасанды жұқтырғанда бірнеше агрессивті қоңыр тат нәсіліне төзімділігі анықталды. Солтүстік америкаидық кейбір жаңа будан сорттары мұнымен бірге қоңыр тат тәсіліне, тозаңды қаракүйеге және ақұнтақ ауруына төтеп береді, ал мексикандық сорттар жоғары өнімді, тез пісетіндігін көрсетті. Италияда шыққан қатты бидайдың жеке сорттары қысқа сабақты және жығылуға жол бермейді, ал Ч. Малианида шығарылған итальяндық қатты бидай сорты жоғары өнімді әрі саңырауқұлақ ауруына төзімді келеді.

Жаздың бидайдың тегі көптеген отандық сорттармен байланысты, олар АҚШ-тан әкелінген. Мысалы, Тетчер сорты Қиыр Шығыста татқа төзімді Амурская 72, Амурская 74, Амурская 75 және Қиыр Шығыста аудандастырылған сорттардың шығарылуының бастамасы болды. Күздік бидайдың ең өнімді сорттарының бірі Кавказ, Гер'маниядан алынған Нойцухт 14/14 сортын пайдалану арқылы алынды, ал Қаратопырақты емес аймақта ертеде тараған Ленинградка деген жаздық бидайдың сорты сириялық Хоранка сортын қатыстыра отырып алынған. Елімізде шығарылған. арпаның ең жақсы сорттарының бір Нутанс 244 бұрынғы ГДР-дың Карлсберг 11 сортын будак дастыру арқылы алынды.

Күздік бидайдың аргентиналық сорты жапырақтың қоңыр татына, піскеннен кейін төгілуге, жығылуға төзімді, мысалы: Клейін 33 Бөзостая 1 және басқа отандық сорттардың ата-тегіне жатады. Күздік бидайдың болгарлық сорты Русалка мен Рубин Краснодар өлкесінің жағдайында жасанды жұқтырылған кезде жапырақтық татқа тәзімді болған. Олар татқа төзімді сорттар шығару кезінде кеңінен пайдаланылады.

Күздік қара бидай селекциясында Швеция, Германия және Польшадан алынган селекциялық тетраплоидты сорттың бағасы жоғары болады. Олардың сабағы жығылмайды және бұрынғы КСРО-ның Қаратоптырақты емес аймағы жағдайында 1 гектардан 5 т және одан да жоғары өнім береді. Швеция мен Финляндиядан алынған қара бидай сортының тамырында жатып өсуге төзімді екендігі анықталды. Англияда қыстайтын бұршақтың жығылмайтын сорты шығарылған. АҚШ-та қонақ жүгерінің пісіп жетілгенде жығылмайтын сорты бар. Соңғы жылдары Германия, Финляндия, АҚШ-тан арпаның қысқа төзімді сорттары табылды, олар аласалығымен қыстап шығуға бейім, сабан сабақтары жығылмайды бұл өндіріс үшін өте кұнды деп есептелінеді.



АҚШ-пен Канададан шыққан сұлының селекциялык сортын Өсімдік шаруашылығы институтының тәжірибі станцияларында жйсанды жұқтыруын зерттеу жүргізгенде сабақ татына тұрақты келетіндігі анықталды. Олардың бірқатарының дәніндегі белок 20—22% жетті. Әдеттегідей бұл сорттар түр аралық будандастыру негізінде алынған. Германияда шыққан сұлының селекциялық сорттарының бірқатары біздің еліміздің жағдайында жалырылмайтып дығы анықталды. Италияда, Арегентинада, Австралияда АҚШ-та сұлының тез пісетін сорттары шығарылды, Германияда картоптың түраралық күрделі будан сорты алынды, ол вирустар мен кеселдерге тұрақты келеді. Сондай-ақ мұнда түйнектерінде 33%-ке дейін крахмалы бар сорттары кездеседі және белок саны да көп болады. Олардың бірқатары сонымен бірге вирустердің барлық түрлеріне тезімді болатыны аиықталып отыр. Бұл сорттар бастапқы материал ретінде ерекше бағалы болып есептелінеді. Жауыны көп немесе қажетті насекомдары жетіспейтін аудандарда гүлдерінің қайта тозаңдануына қиындық келеді. Ол жөнінде Канададан алынған өзін-өзі тозаңдандыратын Эллерслай 1 деген сортының селекциялық маңызы зор.

жүктеу 308,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау