№23 (9436) сенбі 14 маусым



жүктеу 226,3 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата14.05.2018
өлшемі226,3 Kb.
#13537
1   2   3   4

14 МАУСЫМ (9436)

2 БЕТ


Ереймен

Дəрігер  -  тəңір  тарту  еткен  мамандық.  Гиппократтың 

айтуынша,  дəрігер  сұңқардың  көзқарасын,  бойжеткеннің 

нəзік  қолын,  жыланның  парасаттылығын,  арыстанның 

жүрегін  иеленуі  тиіс.  Нағыз  дəрігер,  бəрінен  бұрын,  өз 

емделушілерін  жақсы  көруі,  адам  емдеу  үшін  бұған  қоса 

білікті, кəсіпқой маман болуы шарт. Көбі: дəрігерлік - жұмыс 

емес, жүрек қалауы, деп пайымдайды. Орынды пікір. Ұдайы 

аяушылық сезімді, назар мен шынайы ниетті талап ететіні де 

айрықша  қасиет.  Адам  өмірі  мен  денсаулығы  үшін 

жауапкершілік тұрғысында жүйкеге де елеулі салмақ түсетіні 

анық.


Кез  келген  медицина  қызметкерінің  белгілі  бір  салаға 

маманданатыны  белгілі.  Бəрінің  атқаратыны  бірыңғай 

дəрігерлік  жұмыс  тəрізді.  Алайда  кəсібі  əркелкі:  кардиолог, 

оташы,  тіс,  көз,  балалар,  жүйке  дəрігері  т.т.  Бұл  жолы 

кəсіпқойлықты өз ортасында əйел затына сай елгезектікпен, 

əсемдікпен,  əзілқойлық  сезіммен  ұштастырып  жүрген 

аудандық  орталық  аурухананың  терапия  бөлімшесінің 

меңгерушісі  Ботагөз  Тұңғышбекқызы  Дəулетбекова 

жайында əңгімелекпіз

Зерделі де білікті жан əріптестеріне қоса емделушілердің де 

ілтипатына  бөленген.  Әрбір  науқаспен  жақын  тіл  табысу, 

жағдайына жеке дара назар аудару - айрықша қасиеттің бірі. 

Бөлімшеден  сауығып  шыққан  жандардың  көбінің  емдеуші 

дəрігеріне  ұзақ  уақыт  ризашылық  білдіретіні  тегін  емес. 

Ботагөз  Тұңғышбекқызы  жұмыс  орнында  білікті  маман, 

отбасында сүйкімді қыздарының қамқор анасы. Тұңғышы Яна 

- Гумилев атындағы университеттің шет тілдері факультетін 

үздік  тəмамдаған,  оқуын  магистратурада  жалғастыруда. 

Кішісі Лейла - оқу үздігі, №2 орта мектеп-лицейдің 11 сынып 

шəкірті (есімі «Надежда Казахстана» кітабына енген).

Медицина  қызметкерлерінің  кəсіптік  мейрамы  қарсаңында 

осы бір иманжүзді келіншекпен жүздестік, жұмысы, ұжымы 

жайында əңгімелеуін өтіндік.

-  Мен  Целиноград  қаласында  туып-өстім.  №6  орта  мектепті 

ойдағыдай  тəмамдадым.  Бітіру  емтиханынан  кейін  бірден 

медициналық  оқу  орнына  түсуді  ертерек  ойластырып 

қойғанмын.  Емханадағы  дəрі-дəрмектің  иісі,  ақ  халатты 

адамдар, емделушіні тыңдаған, қан қысымын өлшеген, рецепт 



 МЕРЕКЕЛІК СУРЕТТЕМЕ

БАҒЫН АШҚАН

АЛҒЫСПЕНЕН БОТАГӨЗ

жазып жатқан сəттері, түйінді мəселені жылдам əрі кəсібіне 

сай шешіп беретіні маған бала кезімнен ұнайтын.

Айрықша  қиындықсыз  Целиноград  мемлекеттік  медицина 

институтына  түстім.  Арманым  орындалды.  Болашақ 

отағасыммен,  ол  да  осында  студент  болатын,  студенттік 

жылдары  таныстым.  Алтыншы  курста  біз  отау  құрдық. 

Ординатурадан кейін отағасымның туған жері - Ерейментауға 

қоныстандық, жұмысқа кірістік. Қалашық маған қатты ұнады, 

жақсы  адамдарға  кезіктім.  Бірден  аудандық  орталық 

ауруханаға  ординатор  дəрігер  болып  орналастым.  Осы 

саладағы  сегіз  жылдық  қызметтен  кейін  маған  терапия 

бөлімшесінің меңгерушісі, ал 2004 жылы бас дəрігердің емдеу 

жұмысы  бойынша  орынбасары  лауазымын  ұсынды.  Соңғы 

қызметті  тура  үш  жыл  атқарғаннан  кейін  адам  емдеуге 

тиістімін, тіпті міндеттімін деген тоқтамға келдім. Бұл менің 

жүрек қалауым болатын. Өз бөлімшеме, бұрынғы қызметіме 

оралуды ұйғардым. Науқастың сауыққан, сергек көңілді күйде 

шыққанын  көрудің  өзі  бір  бақыт.  Өзіңе,  ұжымыңа  аналық, 

ағалық  алғысын  жаудырып  жататыны  зор  ғанибет.  Өмірде 

əрдайым  алға  ұмтылуға,  өткенге  көз  салмауға,  еске  алмауға 

тырысамын.  Ешнəрсеге  өкінбеу  -  тағы  бір  тұжырымдамам. 

Әрине, жаратылысым əйел болғандықтан, осал тұстарым да 

болады  ғой,  дегенмен  кəсіп  ыңғайыма  қарай  мойымауға 

дағдыланамын.  Өйткені  жұмыс  бабында  түрлі  жағдай,  жан 

күйзелісі, тіпті кісі өлімі де кезігіп жатады.



-  Егер  Сізге  өмірді  қайта  бастауға  мүмкіндік  беріліп 

жатса....?

-  Егер  мен  үшін  өмір  жаңадан  басталса,  онда  ештеңені 

өзгертпес  едім,  керісінше,  түрлі  біліммен  толықтырар  едім. 

Оны өзгертудің жөні қандай? Әркім өз жолын ....өткеруі тиіс.

Дəрігер,  жетекші  болуыма  өзім  бағалап,  құрмет  тұтатын 

ұжымымның  қолдауы  септесті  деп  ойлаймын.  Бəріміздің 

тілек-мақсатымыздың  бір  екенін  сезінудің  өзі  зор  мəртебе. 

Орайы  келгенде,  күндізгі-түнгі  ауысымды  төзімділікпен 

өткеретін, қиындыққа мойымайтын əріптестеріме, түсіністігі 

мен  иманжүзділігі  үшін  алғыс  айтқым  келеді.  Олар:  аға 

медбике  Ш.Х.Сəкенбаева,  пост  медбикелері  А.Ж.Батталова, 

А.Н.Шөкенова,  З.М.Тілеубердинова,  емшара  медбикесі 

Б.Д.Шəйзина.  Өз  тəлімгерлерім:  терапия  бөлімшесінің 

бұрынғы  меңгерушілері  Ш.Д.Бейсеноваға,  С.Х.Қапашеваға, 

бұрынғы  бас  дəрігер  Б.М.Мейірмановқа  ризашылығым 

шексіз.  Барлығын  Медицина  қызметкерінің  күнімен 

құттықтаймын.

Л.МАРКОВА.

«Бір мені балаушы еді бір

тайпа елге» атты аудандық

ақындар мүшјйрасының

ЕРЕЖЕСІ

Ерейментау  ауданының  əкімдігі  «Бір  мені  балаушы  еді  бір 

тайпа  елге»  атты  аудандық  ақындар  мүшəйрасын 

жариялайды.

Мүшəйраның негізгі тақырыбы:

1. Алаш идеясы жəне Тəуелсіз Қазақстан.

2. Алаш азаматы Перуаш Кəрімұлына арналған жыр.

Мүшəйраның  мақсаты:  Қазақ  елінің  тəуелсіздігінің  өткен 

тарих беттерімен тығыз байланысын, сол зобалаң заманда құрбан 

болған  азаматтардың  елінің  болашағы  үшін  мерт  болғанын 

жырлап,  өскелең  ұрпақты  Отанымызға  деген  сүйіспеншілікке, 

патриоттық сезімге тəрбиелеу.

Мүшəйраның  міндеті:  Ақындар  мүшəйрасына  ауданымыздың 

қабілетті  жастарын,  танымал  ақындарды  қатыстыра  отырып, 

олардың шығармашылығын одан əрі дамыту, ынталандыру жəне 

арасынан ең шебер поэзия зергерлерін анықтау. Сонымен қатар, 

Перуаш Кəрімовтың образын халыққа жеткізу.

Байқау  шарттары:  Мүшəйра  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде 

өткізіледі. Жыр додасына неғұрлым көп адам қатысып, олардың 

шығармашылық  қарымы  əділ  бағалану  үшін  мүшəйра  екі  топ 

бойынша өткізіледі.

Бірінші  топ  –  «Жастүлек»  номинациясы.  Бұл  топқа  мектеп 

оқушылары мен студент жастар қатысады.

Екінші топ – «Сайыпқыран» номинациясы. Оған бірінші топқа 

жататындардан басқа ақындар қатысады.

Қатысушылар  тек  бір  ғана  өлеңін  тапсырады.  Өлең  көлеміне 

шектеу қойылмайды.

Аталмыш жыр мүшəйрасына қатысу үшін ақындар ұйымдастыру 

алқасына екі конверт тапсырады.

Біріншісіне  компьютерге  терілген  өлеңнің  мəтіні  салынып, 

сыртына ақынның бүркеншік аты мен номинациясы жазылады.

Екіншісіне  автордың  жеке  немесе  туу  туралы  куəлігінің 

көшірмесі, өзі туралы шағын мəлімет, мекен-жайы мен байланыс 

телефондары салынады. Бірінші топтағылар үшін оқу орнынан 

анықтама салу қажет.

Ескерту.  Мүшəйраға  бұрын  баспасөзде  жарияланбаған,  басқа 

жарыстарға  қатыспаған  өлеңдер  ғана  қабылданады.  Бүркеншік 

аты жоқ, тобы көрсетілмеген жəне уақытынан кеш тапсырылған 

құжаттар қабылданбайды.

Қазылардың сараптауынан өтіп іріктелген өлеңдердің авторлары 

сайыс өтетін күні арнайы шақырылатын болады.

Жыр мүшəйрасы 2014 жылғы 6 қыркүйекте Малтабар ауылының 

клубында өтеді. Басталуы 10.20-да.

Мүшəйраға қатысушылар құжаттарын аудандық мəдениет жəне 

тілдерді дамыту бөліміне 2014 жылдың 15 тамызына дейін 

тапсыруы керек. Біздің мекен-жайымыз: Ерейментау қаласы

А.Құнанбаев көшесі, 121 үй, 1 қабат. Анықтама телефондары: 

2-10-64, факс 2-23-14, эл.ад.: Еreimen_оkiry@mail.ru.

СІЛЕТІ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ 2014 

ЖЫЛҒЫ 2 МАУСЫМДАҒЫ № 4 

ШЕШІМІ


Ерейментау  ауданының  Сілеті  ауылының  аумағында 

шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

  «Ветеринария  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2002 

жылғы  10  шілдедегі  Заңының  10-1  бабының  7)  тармақшасына 

сəйкес,  Ерейментау  ауданының  мемлекеттік  ветеринарлық-

санитарлық  бас  инспекторының  2014  жылғы  27  мамырдағы  № 

01-30-300  ұсынысы  негізінде,  Сілеті  ауылы  əкімі  ШЕШІМ 



ЕТТІ:

1. Ерейментау ауданының Сілеті ауылының аумағында ұсақ қара 

мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына 

байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.  Осы  шешім  Ақмола  облысы  Әділет  департаментінде 

тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді жəне ресми жарияланған 

күннен бастап колданысқа енгізіледі.



            Сілеті ауылының əкімі                Ж.АМАНГЕЛДІНОВ

2014  жылғы  5  маусымдағы  нормативтік-құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4222 тіркелген.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮН ҚОСЫҢЫЗ!

2014  жылдың  30  мамырынан  30  маусымына  дейін 

республикада  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  сүйемелдеуге 

а р н а л ғ а н   « А Я УЛ Ы   А Л А Қ А Н »   а к ц и я с ы - а й л ы ғ ы  

жарияланды. 

Аталмыш акцияны ұйымдастыратын шаралар жоспары жасалды. 

Балалардың  тағдырына  жаны  ашитын  барша  қауымнан 

белсенділік байқатуларын сұраймыз.



А.ХАСЕНОВА,

«№2 коррекция кабинеті» КМК-ның меңгерушісі

 МӘДЕНИ МҰРА

ЖҰМЫЛА КҐТЕРГЕН

ЖҮК ЖЕҢІЛ

Биыл  Ереймен  елінде  ұлыларды  ұлықтау  мақсатында 

біршама іс-шаралар жүзеге аспақ. Өздеріңізге белгілі, былтыр 

Атан  мен  Жантай  батырларға  ескерткіш-бюст  орнатылып, 

батырлар аллеясының алғашқы негізі қаланды.

Енді атақты Мəмбеттің бес қасқасы атанған Досай, Ақпан, 

Бура, Тайлаққа ескерткіш-бюст қою мəселесі алға тартылып 

отыр.  Оны  ұйымдастырушы  Төлеубай  Иманжүсіпұлы 

Сəтжанов  ақсақалдың  ұсынысы  бойынша,  құрамына  А. 

Әлжанов,  А.  Баймолдин,  Қ.  Омаров,  Ө.  Ержанов,  С. 

Байболсын, М. Әдірешев, Ө. Сарқұлақов, С. Жүнісов кірген 

ұйымдастыру алқасы құрылды, игі істің алғышарты жасалды. 

Ұйымдастыру алқасының төрағасы болып Өмірсерік Ержанов 

бекітілді.  Ескерткіш-бюст  орнату  мəселесі  аудан  əкімі  Т.Қ. 

Мұханбеджановпен келісілді. Ескерткіштің қойылатын орны 

сəулеттік сызбамен, қала əкімінің рұқсатымен белгіленді.

Қаржы  жинақтау  мəселесі  Қ.  Омаров  пен  С.  Жүнісовке 

тапсырылды.  Дегенмен  бұл  іске  алқа  мүшелері  түгелдей 

атсалысуы  қажет  деген  ұсыныс  та  айтылды.  Ескерткішті 

биылғы  жылдың  тамыз  айының  соңында  Конституция  күні 

қарсаңында ашуға жоспар белгіленіп отыр.

Сонымен  қатар,  алқа  мүшесі  Сайлау  Байболсынға 

Қанжығалы руының тарихын жазу тапсырылды. Бүгінгі күні 

С.  Байболсын  Қанжығалы  руынның  шежіре сіндегі 

Қанжығалылар  тұрақтаған  елді  мекенге  іссапарға  шықты. 

Енді ол Қостанай, Аягөз жанындағы Қанжығалылар тарихын 

зерттеп, зерделеп, ата-бабамыз турасында үлкен еңбекті алға 

тартпақ.  А.Баймолдинге  міндеттелген  тиісті  қаржы  көзіне 

қатысты мəселе өз шешімін табуда.

Дегенмен, мақсатты істің оңайлықпен реттелмейтіні белгілі 

жағдай. Сондықтан, Ерейменнің барша халқы қолдау жасап, 

бастаған  бұл  ісімізге  демеу  болайық.  Өткенсіз  бүгін  жоқ 

демекші, ел үшін, жер үшін, қазақ халқының болашағы үшін 

кезінде  бар  өмірін  сарп  еткен  ерлерімізді,  тарихымызды 

жаңғыртып, ел екенімізді дəлелдейік, ағайын!

М. ӘДІРЕШЕВ,

аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің 

басшысы ұйымдастыру алқасының мүшесі.

диабетіне,  4-уі  қантсыз  диабетке,  4-уі  гипофулярлы 

нанизмге, 1 -уі акромегалияға, 20-сы семіздікке, 177-сі зобқа 

шалдыққандар. Осы мəліметтерге зер салсаңыз, дəрігердің - 

жалғыз  маманның  жұмыс  ауқымының  аз  еместігін  анық 

аңғарасыз.  Әйтседе  ол  келушілерді  толық  назарда  ұстауға 

тырысып,  тиісті  міндетін  кəсіби  деңгейде  атқарып  келеді. 

Адамдарға  дертінің  ыңғайына  қарай  йодпен  байытылған 

азық-түлікті  тұтынуды,  теңіз  өнімдеріне  басымдық  беруді, 

стрестік  күйге  бой  алдырмауды  ұсынады.  Семіздік  жəне 

диабет жағдайында диета, дене жүктемесі режимін ұстанып, 

емдік физкультураға назар аударған абзал. Негізінен халық 

даналығына  жүгінсек:  сырқатты  емдегеннен  гөрі  алдын 

алған жеңіл.

Қысқа  əңгіме  барысында  аңғарғаным:  кейіпкерім 

біліктілігін  көтеруге  жүйелі  ден  қояды.  Биылғы  жылдың 

мамырында  «Қант  диабеті.  Қазіргі  бірегей  диагностикасы 

мен емі» тақырыбы қамтылған халықаралық конференцияға 

шақырылды.  Бастама  иесі  -  Алматы  қазақ  мемлекеттік 

медицина  университеті.  Мамандардың  назарына  көптеген 

ғ а л ы м д а р д ы ң   а р а с ы н а н   А н гл и я   м е н   Ж а п о н и я  

профессорларының  лекциясы  ұсынылды.  Медиктердің 

барлығы жаһандық сипат алған ортақ проблеманы бірлесіп 

талқылады. Дертті жеңу жолдарын бірлесіп іздестірді.

Айгүл Сабырова өзінің негізгі қызметін отбасылық өмірмен 

ұштастыра білген жан. Ұлағатты жар, екі перзенттің анасы. 

Жалпы дəрігерлік мамандықты таңдауға негізінен əкесі ақыл 

қосқан  екен,  бала  күнінде  де  адам  емдеуді,  айналадағы 

жандарға  жəрдемдесуді  мақсат  еткен.  Көздеген  арманына 

сəтімен  қол  жеткізген,  келешегінен  үміт  күттіретін  сүйікті 

дəрігер кəсіпқойлық пен иманжүзділік танытып, өз білімін 

тəжірибемен шебер ұштастырып келеді.

Әңгімеміз  аяқталып,  қоштасар  сəтте  əріптестерінің 

кезекшілікті  сəтті  өткеруін,  игі  еңбекте  табысқа  жетуін, 

жерлестеріне деннің саулығын, емделушілеріне дертке шипа 

табуын тіледі.



 Н.МҰРАТБЕКҰЛЫ. Суретті түсірген автор.

қ а л а с ы н ы ң   № 7   е м ха н а с ы н а   т е р ап е вт   қ ы зм е т і н е  

қабылданған. Уақыт алға жылжи берді. Жас маман обырдан 

кейінгі ғасыр дертіне айналған сусамыр (диабет) диагнозды 

жандарды  емдейтін  мамандыққа  бет  бұруды  жөн  көрді. 

Бейресми  деректерге  зер  салсақ,  бұл  санатта  Қытай  мен 

Үндістан  көш  бастап  келеді.  Айгүл  Бауыржанқызы 

интернатураға тіркелгенде жүрек қалауымен, өз таңдауымен 

өз  өмірін  медицинаның  жаңағы  ілімімен  байланыстыруды 

мақсат  етті,  курстастарымен  бірге  эндокринология 

бөлімшесін таңдап алды. Қосымша білім жүйесіндегі негізгі 

кеңесшісі  -  медицина  ғылымдарының  кандидаты  үлкен 

жүректі жан Анна Васильевна Чичибабина болған екен. Дəл 

осы  тəлімгер  жетекші  стационардағы  бірлескен  кезекшілік 

уағында  емделушілермен  жан-жақты  араласа  жүріп, 

шəкіртіне  эндокринология  негіздерін  үйреткен.  Ол  кісінің 

байыпты ақыл-кеңесінің, келешегіне қалаған берік негізінің 

арқасында  жас  маман  тəжірибесін  шыңдады,  іске  төселді, 

білімін жетілдірді, маман ретінде қалыптасты.

Міне Айгүл сыйластық, ризашылық ниетпен өз тəлімгеріне 

балайтын  аудандық  емхананың  меңгерушісі  Марал 

Қабдешқызы Сүлейменованың басшылығымен екінші жыл 

халыққа қызмет көрсетіп келеді. Күн сайын жиырмаға жуық 

адам  кіретін  кабинетінде  қабылдау  жүргізеді.  Оған 

дəрігердің  нұсқауын  орындайтын  медбике  Сая  Ғалымова 

жəрдемдеседі. Дəрігердің нұсқауы бойынша адамдарға дəрі-

дəрмек,  жолдама,  амбулаториялық-емханалық  ем 

парақшасын  жазып  береді.  Эндокринолог-дəрігер  шақыру 

бойынша  учаскелерге  сапарға  шығып  тұрады.  Сырқаттың 

ыңғайына қарай стационарлық ем қабылдауға, скринингтік 

əдіспен  жылына  бір  мəрте  тексерістен  өтіп  тұруға  ақыл 

қосады.  Статистикалық  деректер  бойынша,  өңірімізде  706 

адам  диспансерлік  есепке  тіркелген.  Олардың  500-і  қант 

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСІ

ЖҮРЕК ҮНІ АҚ НИЕТПЕН ҮНДЕСКЕН

Соңы. Басы 1-бетте.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«АРЭК» АҚ Ерейментау электр 

желілері аймағы ескертеді!

Құрметті  тұрғындар,  балаларыңызды  электр  тогына  ұрынбас 

үшін  оларды  назардан  тыс  қалдырмаңыздар.  Кернеулігі  кез 

келген  деңгейдегі  трансформаторлы  қосалқы  станса,  тарату 

шкафтары аумағына ену, сондай-ақ үзіліп қалған электр берілісі 

желілерінің  сымына  жақындау  қатерлілігі  жайында  ұдайы 

ескертіп қойыңыздар.

Трансформаторлы  қосалқы  станса  маңайы  жасырынбақ 

ойнайтын жер емес!

ТП,  КТП,  РЩ  белгілері  жазылған  стансаның  сымын  үзуге, 

құлпын бұзуға ұмтылушы болмаңыздар!

Электр желілері аймағының диспетчерлік қызметінің телефоны: 

2-12-96.

Ерейментау электр желілері аймағының басшылығы



жүктеу 226,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау