СҮЙІНШІ ХАБАР
КӨКШЕТАУДАН
ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
КӨКШЕТАУДАН
ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
Жуырда облыс орталығы Көкшетау қаласында ІІ
Республикалық «Үздік жыл əдіскері» байқауының
облыстық кезеңі болып өтті. Конкурсты ұйымдастырушы
«Өрлеу» біліктілікті
арттыру орт алығы
а к ц и о н е р л і к
қоғамының филиалы
« А қ м о л а о б л ы с ы
б
о
й
ы
н
ш
а
п е д а г о г и к а л ы қ
қ ы з м е т к е р л е р д і ң
біліктілігін арттыру
и н с т и т у т ы » . О ғ а н
А қ м ол а о бл ы с ы н ы ң
барлық аймақтарынан
жиналған тəжірибелі де
білікті, өз саласының
нағыз үздіктері - 24
əдіскер қатысты. Біздің
ауданымыздан бағын
с ы н а ғ а н « Б ол а ш а қ »
б а л а б а қ ш а с ы н ы ң
ə д і с к е р і А й м а н
Қ у а н ы ш қ ы з ы
Білəлова ІІ дəрежелі
д и п л о м м е н
марапатталып, еңбегі
қ а з ы л а р а л қ а с ы
т а р а п ы н а н ж о ғ а р ы
бағаланды. Барлығы тыңғылықты дайындалған. Қонақтар
концерттік бағдарламаны тамашалады. Конкурс үш бөлімнен
тұрды. «Мен-əдіскермін» эссесінің тұсаукесері; «Мектепке
д е й і н г і ж а с т а ғ ы б а л а л а р д ы ң ко м м у н и к а т и в т і к
құзыреттіліктерін дамыту» шеберлік-сыныбы; «Мектепке
дейінгі тəрбие жəне білім беру ұйымдарының əдістемелік
қызметті жетілдіру» ғылыми - əдістемелік жобасын қорғау. Біз
өз кезегімізде мəртебелі бəсекеде аудан мен мекеме намысын
абыроймен қорғаған жерлестерімізге əріптестері атынан
құттықтау лебізімізді білдіреміз. Еңбектеріне толымды
шығармашылық табыс, игі жақсылық, осындай жеңісті сəттер
көп болуын тілейміз.
Ақпарат электронды нұсқада қабылданды
АЛТЫ АСУҒА ЖЕТКЕН АҒА
АЛТЫ АСУҒА ЖЕТКЕН АҒА
Ел ішінде өзіне ғана тəн елеулі орыны бар, жұрт алдында онша көзге түсе қоймайтын, атқарған
жұмысы мен жасаған жақсылықтарын ешкімге міндет етпей елеусіз ғана күн кешкен қарапайым
жандар болады. Ондай адамдар өмірдің ыстық, суығына бірдей төзімді, əулеті мен отбасының
ұйытқысы, арқа сүйер тірегі, ерен еңбегімен еліне аянбай қызмет етіп, қоғамға да пайдасын
тигізіп, өзгелерге де үлгі бола білетін қасиеттерді бойына сіңірген еңбекқор, тынымсыз болып
келеді. Осындай ел азаматтарының бірі
Жарболов Рүстем Қыздарбекұлы
асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Ол Алғабас ауылында туып, орта мектепті бітіргеннен кейін
Жамбыл қаласындағы гидромелиорация институтына түсіп, оны ойдағыдай тəмамдады.
Қазақша күрес өнерін еркін меңгеріп, талай мəрте жарыстарда топ жарып, спорт шеберлігіне
кандидат деген атаққа ие болды. Әкесі Қыздарбек өз заманының жауырыны жерге тимеген
палуаны болған деседі. Көз көргендердің айтуынша, бұл өңірде оған тең келетін палуан
болмағанға ұқсайды. Қазіргі заманның өлшемімен алып қарасақ алпыс деген жас, нағыз ақыл-
ой мен күш-жігердің толысып кемелденген шағы секілді. Атақты Шал ақын «Алпысымда тай
жеген бөрідей едім, жетпісімде иленген терідей болдым», деп тегін толғамаған болар. Ендеше
осындай кемел жасқа келген Рүстем ағамыздың да бойындағы асыл қасиеттері сарқылмасын,
деп тілектестік білдіреміз. Ол кісінің өмірбаяны да өзінің болмысы секілді айқын да, қарапайым. Бар ғұмыры елдің көз
алдында өтіп жатыр. Еңбек кітапшасында екі -ақ жерде еңбек еткені жазылған. Еңбек жолын осы Ерейментаудағы
ауылшаруашылық техникасы мекемесінен бастап, қазіргі кезде аудандық оқу бөлімінің маманы қызметін атқарып жүр.
Қашанда ширақ, сергек жүретін Рүстем аға спорттан ешқашан қол үзген емес. Кезінде жас спортшыларды
жаттықтырған ол, бүгінде ұрпаққа үлгі болып қыста шаңғыға тұрып, жазда стадионнан табылып, өзі секілді спортқа
бейім жастардан спорттық топ құрып, соның белсенді жетекшісі ретінде танымал. Осы орайда Рүстем
Қыздарбекұлына зор денсаулық, қажымас қайрат, əулетіне амандық-саулық тілей отырып, оған тілектес, ниеттес,
спорт алаңдарында бірге жүрген достарының атынан мына бір жыр шумақтарын жолдауды жөн көрдік:

Туған ел нұрын төгіп жас жанына,
Тірліктің ізгі жолын бастады да.
Ерейменнің бір ұлы Рүстем аға,
Жалғанған Ұлы Дала дастанына.
Дейді ғой, уақыт өтер қас-қағымда,
Ақ қыраулы Күз қонды шаштарына.
Алты асудың биігін бағындырып,
Алпыстың шықты бүгін асқарына.
Құйылып зердесіне Дала-дастан,
Арманы аппақ бұлтпен араласқан.
Жанымен жақын болып жүрді дəйім,
Өнер менен білімге бала жастан.
Қолдаған Жаратқанның демеуімен,
Бабалардың рухының жебеуімен.
Əкенің жолын қуып боз кілемде,
Күрестің айналысты өнерімен.
Туған жер, ел мен жұрттың арасында,
Ұқсайды Рүстем аға дара шыңға.
Еңбегін сіңіріп жүр сол еліне
Білімнің қызмет етіп саласында.
Кеңейткен көңілдің кең керегесін,
Рүстемді ақ желкенді кеме дерсің.
Спорттың таймай əлі тұғырынан,
Ұрпаққа беріп жүр ғой өнегесін.
Ер жігіт биік шыңмен теңескенде,
Халқымыз елдің көркі демес пе, ерге.
Бір əулеттің тірегі Рүстем аға,
Жете берсін сан асу, белестерге.
Əкенің жолын қуып боз кілемде,
Күрестің айналысты өнерімен.
Туған жер, ел мен жұрттың арасында,
Ұқсайды Рүстем аға дара шыңға.
Еңбегін сіңіріп жүр сол еліне
Білімнің қызмет етіп саласында.
Кеңейткен көңілдің кең керегесін,
Рүстемді ақ желкенді кеме дерсің.
Спорттың таймай əлі тұғырынан,
Ұрпаққа беріп жүр ғой өнегесін.
Ер жігіт биік шыңмен теңескенде,
Халқымыз елдің көркі демес пе, ерге.
Бір əулеттің тірегі Рүстем аға,
Жете берсін сан асу, белестерге.
Ізгі ниетпен Сайлау, Досхан, Дархан Жылқыбаевтар, Талғат Смағұлов,
Жанат Әлімбетов, Саттар Ғайнуллин, Айгүл Құлтаева,
Дəулет Биғозинов, Арман Ахметов.
«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ »
АКЦИЯСЫ
Сілеті орта мектебінде «Біз мектепке барамыз» атты акция
ұйымдастырылды. 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде аз
қамтылған, көпбалалы отбасыларынан 1 сыныпқа баратын
балаларға көмек көрсетілді. Осы аталмыш шараға Сілеті
ауылдық округінің əкімшілігі, облыстық наркологиялық
ауруханасы жəне жеке кəсіпкерлер Б.Н.Мұсабаев,
С.Ж.Ажампеисова ат салысты.
Әр бала таңғажайыпқа сенеді де оны зор сеніммен тосады,
сыйлық алса – қуанады. «Үлкеннің мыңына бергенше-
баланың біріне бер» деген дана халқымның қанатты сөзі
баланы аялауға, балалық шағын қызықты, алаңсыз, əсерлі
етуге негізделген.
Г.ҚАПАЕВА,
директордың орынбасары
ЖАРНАМА
Орталықта жеке үйдегі үш бөлмелі пəтер
сатылады.
Ауыз суы, əжетханасы, барлық қосалқы құрылысы
баршылық. Мал-құс ұстауға қолайлы. Бағасы 19700
доллар. Саудаласуыңыз орынды. Телефоны: 8-777-882-
34-92.
Құрметті қала тұрғындары!
Ерейментау қаласында 2007 жылы сатылған,
бүгінгі күні ресімделмеген, Z371КҒМ
нөмірлі ақ түсті Мицубиси-Делика көлігі
жайында ақпарат сұраймын. Жүрген
жерінде жол-көлік апатына кезігуі ықтимал. 8
( 7 1 7 2 ) 2 8 - 1 1 - 0 4 , 8 - 7 0 1 - 4 4 7 - 9 3 - 7 3
телефондары арқылы хабарлама күтемін.
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта
мектебінен Дархан Қайдарұлы Мағрұповтың
атына берілген НМК № 1964530 орталау білім
туралы куəлік жоғалуына байланысты
жарамсыз болып есептелсін.
Қаланың орталығындағы үш бөлмелі
пəтерімді сатамын. Бағасы 50 мың
доллар. Телефоны: 8-778-324-62-86.
Кірсе де ақ қырау самайға,
Қимаймыз алпысты ағайға.
Ақылмен, кеңеспен байыпты
Бақ жолын сыйлаған талайға.
Құт берсін тойыңыз мерейлі,
Нұр сыйлап жасыңыз кемелді.
Ниеттес жан құрбы, əріптес,
Денсаулық, жақсылық тілейді.
Аудандық білім бөлімінің
басшылығы мен ұстаздар
кəсіподағы
Рүстем
Қыздарбекұлы Жарболовты
60 жасқа толатын
мерейтойымен
шынайы құттықтайды!
ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕЙТОЙ!
ЕСКЕ АЛУ
ЗЕРДЕМІЗДЕ ҚАЛАСЫҢ
СЕН, ЖАН БОТАМ!
Жас талғамайтын, уақыты келсе бір сəтке де алды-артыңа
қаратпайтын ажал құдыретіне қарсылық бар ма? Мамыражай
мамырдың 13 жұлдызында бауыр ет баламыз, сүйікті ерке
жиеніміз
Алмат Нартай-
ұлы Қабылқақов
10 сы-
ныпты бітірер шағында
өмірден өтті. Биылғы шілде
айында 16 жасқа толатын
бозбаланың алда ой-арма-
ны, тілек-мақсаты көп еді-
ау. Теңдес дос-құрбылары-
мен ойнап-күлетін, жастық
кезеңін бірге өткеретін шақ-
та бұл қалай болғаны?, де-
ген сауал ойды мазалайды.
Қызғалдағымыз тамырынан
үзілді. Енді мəңгі оралмай-
тыны білінді. Аһ ұрдық.
Жоқтадық. Қимасымыздан
айырылған сəтте жанары-
мыз жасқа, көкірегіміз шер-
ге толды. көзден кетсе де,
күлімдеген бейнесі, бала
боп еркелеген сəттері көңілімізден мəңгі кетпейді.
Бүлдіршін бала күнінен өнерге жақындығымен, əсіресе əн-
шілікке бейімділігімен өз ортасының көркі болған жанның ке-
лешегінен күтер үмітіміз зор болды. Мектеп қабырғасындағы
мерекелік шараларда, аудандық деңгейдегі мəртебелі "Әнші
балапан" конкурсында елді аузына қаратқаны, баршаны
сүйсіндергені, жүлделі орын алғаны, міне енді бəрі айта жүрер
естелікке, ұстатпайтын сағымға, қол жетпейтін арманға
айналды.
Құлдыраңдаған құлынымыздың қазасы баршамыздың
қабырғамызды қайыстырса да, Жаратушының қалауының осы
болғанына шүкірлік етеміз. Енді бір Алла өзіне жар болуын,
пейіш нұрына бөлеуін жұма күнгі дұғамызбен тілек етіп,
топырағы торқа, жер бесігі жайлы болса екен дейміз.
Алматымызға деген сағыныш сезімімізді, көкіректі кернеген
шерімізді төмендегі өлең шумағымен тарқатуды жөн санадық.
Өмір шіркін қоймайды екен көнбеске,
Байғұс пенде басқа салса көнбес пе?
Қас-қағым сəт ағып түскен жұлдыздай,
Ұшқан құстай кеттің ғой сен келмеске.
Жалған дүние осылай амалы көп,
Артыңда қалды ата-анаң қаралы боп.
Қайғыдан көкірек қарс айрылды,
Туыстар қалды жүрек жаралы боп.
Не қылайын тағдырдың жазуына,
Жүректі сыздатты ғой қайғы-мұң да.
Тіршілікте көрмей кеткен қызықты,
О дүниеде бұйыртсын құлыныма.
Алмат Нартайұлының өмірден өткеніне 40 күн толуына
арналған ас дұғасы 21 мамырда, сенбі күні, түскі сағат 1-де
Бозтал ауылында беріледі.
Еске алушылар: ата-анасы Нартай-Гүлзира,
қарындасы Әсима, нағашы ата-əжесі Сейіт-Әсия.
Аудандық орталық аурухананың
əкімшілігі мен дəрігерлер кəсіподағы
өз əріптестерін кəсіптік мерекемен –
Медицина қызметкері күнімен
құттықтайды.
Аудандық орталық аурухананың
əкімшілігі мен дəрігерлер кəсіподағы
өз əріптестерін кəсіптік мерекемен –
Медицина қызметкері күнімен
құттықтайды.
Барша мамандарға шын ниетпен
алғыс айта отырып,
деннің саулығын, отбасының
амандығын, қызметте толымды
табыс, істің сəттілігін, өмірдің
барлық жақсылығын тілейді.
Барша мамандарға шын ниетпен
алғыс айта отырып,
деннің саулығын, отбасының
амандығын, қызметте толымды
табыс, істің сəттілігін, өмірдің
барлық жақсылығын тілейді.
2005 жылдың 24 маусымында «Отан» кəсіптік-техникалық оқу
орталығы аудандық қоғамдық бірлестігінен Амандық
Қайроллаұлы Өмірбаевтың атына берілген ТМ № 0000891
машинист-тракторшы куəлігі жоғалуына байланысты
жарамсыз
болып есептелсін.