Жылдарға арналған Ұжымдық шарты шартқа қол қойғандар



жүктеу 407,38 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі407,38 Kb.
#560

«__________________________________________________________________________________________________________________» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының



20___-20___ жылдарға арналған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТЫ

Шартқа қол қойғандар:






Жұмыс берушінің атынан:
Ректор
___________________________

«_____» ___________ 20____ ж.

М.О.





Қызметкерлердің атынан:
Бастауыш кәсіподақ ұйымының

төрағасы


_______________________________

«_____» ___________ 20____ ж.

М.О.




Ұжымдық шартты мониторингке қабылдау туралы мәліметтер____________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұжымдық шарт

Мазмұны:
1. Жалпы ережелер.

2. Еңбек қатынастары және еңбекпен қамтамасыз ету.

3. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты.

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

5. Еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау.

6. Әлеуметтік кепілдіктер, жәрдемақылар және өтемақылық төлемдер.

7. Тараптардың ұжымдық шартты бұзғаны немесе орындағаны үшін жауапкершілігі.

8. Студенттер.

9. Тараптардың өндірістік және оқу процесін қамтамасыз ету жөніндегі өзара міндеттемелері.

10. Қорытынды ережелер.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Осы Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жасалды және __________________________________________________ШЖҚ РМК-ғы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

1.2. Ұжымдық шарт қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, сондай-ақ қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау, оларға еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын жасау жөніндегі қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында ҚР Еңбек кодексіне ( әрі қарай – ҚР ЕК), ҚР «Білім туралы», ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды.

1.3. Ұжымдық шарттың тараптары: Жұмыс беруші – «_______________________

_______________________» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (әрі қарай – Жұмыс беруші) оның өкілі тұлғасында ректоры ___________________________________; Қызметкерлер –әрі қарай Кәсіподақ комитеті деп аталатын кәсіподақ ұйымымен ұсынылатын еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері болып табылатын, білім алушылар, жеке тұлғалар, оның өкілі тұлғасында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы _______________________________________ .

1.4. Ұжымдық шарт Тараптары өзара қарым-қатынастарын әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде құрады:



  • тараптардың өкілдерінің өкілеттігі;

  • тараптардың тең құқықтығы;

  • талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;

  • міндеттемелерді қабылдау еріктілігі;

  • тараптардың мүдделерін құрметтеу;

  • ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;

  • тараптардың, олардың өкілдерінің қабылданған міндеттемелерді олардың кінәсінен орындамағаны үшін жауапкершілігі;

  • қабылданатын шешімдердің жариялығы.

1.5. Осы шарттың тараптары арасындағы әлеуметтік әріптестік:

  • ұжымдық шарттар, келісімдер жобаларын әзірлеу және оларды жасау жөніндегі ұжымдық келіссөздер;

  • еңбек қатынастарын және солармен тікелей байланысты қатынастарды реттеу, қызметкерлердің еңбек құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара кеңестер (келіссөздер);

  • оқу орнын басқаруға қызметкерлердің, олардың өкілдерінің қатысуы;

  • қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы;

  • тепе-теңдік негізде тұрақты қызмет атқаратын кеңесші және үйлестіру органдарын құру;

  • әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша тараптардың бірлескен шешімдерді қабылдауы;

  • Жұмыс берушінің кәсіподақ ұйымының ұсыныстарын қарауы;

  • Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

1.6. Ұжымдық шарт оқу орнының атауы өзгергенде, ректормен еңбек шартын бұзған жағдайда, немесе осы Ұжымдық шартқа қол қойған кәсіподақ ұйымының төрағасы қайта сайланған кезде өз қызметін сақтап қалады.

1.7. Жұмыс берушінің қайта құрылуы кезінде осы ұжымдық шарт қайта құрылудың барлық мерзімінде (қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру) өзінің іс-әрекетін сақтайды.

1.8. Жұмыс берушінің меншік иесі ауысқан кезде Ұжымдық шарт өз іс-әрекетін меншік құқығы ауысқан күннен бастап алты ай ішінде сақтайды.

1.9. Жұмыс берушінің таратылуы кезінде Ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін таратылу процедурасы жүргізілген мерзім бойына сақтайды.

1.10. Осы Ұжымдық шарт үш жылға жасалды және оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді. Тараптардың келісімі бойынша осы Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі белгілі мерзімге созылуы мүмкін.

1.11.Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде тараптар оған ұжымдық шартты жасау үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ осы Ұжымдық шарттың 10.2 тармағына сәйкес өзара келісім негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

1.12. Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ.

1.13. Жыл сайын тараптар нақты мерзімдер мен жауапты тұлғалар көрсетілген Ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

1.14. Жұмыс беруші кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылдайтын еңбек құқықтарының нормаларынан тұратын жұмыс беруші актілерінің тізімі:

- ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері;

- оқу сабақтарының кестесі;

- жұмыс кестесі;

- еңбек демалысының кестесі;

- ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі;

- еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;

- еңбек жағдайының өзгеруі туралы бұйрықтар;

- жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

- мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар;

- қызметкерлердің санын қысқарту және штаттық кестені өзгерту туралы бұйрықтар;

- ынталандыру мен жазалау туралы бұйрықтар;

- сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар;

- толық емес жұмыс уақытының режимін енгізу туралы бұйрықтар;

- күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу туралы бұйрықтар;

- жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар;

- мүлікті қорғауды және қызметкерлерге берілген басқа да құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалынатын қызметкерлердің атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстар тізімін бекіту туралы жұмыс берушінің акті, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт

- қызметкерлерге еңбек ақы төлеу ережесі;



- арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы кәсіптер мен лауазымдар тізімі;

- зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру үшін кәсіптер мен мамандықтар тізімі;

- жұмыс берушінің қаражаты есебінен алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулер міндетті болатын кәсіптер тізімі;

- ай сайын жуу және тазарту құралдары берілетін қызметкерлердің кәсіптер тізімі;



- еңбек демалысының күнтізбе күндерінің саны.

1.15. Жұмыс беруші Кәсіподақ комитетін қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік құқықтарына, еңбек пен оған ақы төлеу жағдайын өзгертетін өзге де құқықтық актілерге қатысты бұйрықтар мен құжаттарды міндетті тарату тізіміне қосады.

  1. Кәсіподақ комитетінің сұратуы бойынша қызметкерлердің жалақысынан ұсталған және мүшелік кәсіподақ жарналары ретінде Кәсіподақ комитетінің есептік шотына аударылған аударымдар мөлшері туралы ақпарат беріледі.

  2. Кәсіподақ комитетінің сұратуы бойынша қызметкерлердің жалпы және оның құрылымдарындағы саны мен құрамы, еңбек ақы төлеу жүйесі, еңбек жағдайы мен өрт қауіпсіздігі, өндірістік жарақат көрсеткіштері, бос жұмыс орындарының болуы, жалақы, шәкіртақы төлеу және өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз туралы мәліметтер ұсынылады. Жұмыс берші кәсіпорынның немесе оның құрылымының алдағы уақытта болатын қайта құрылуы туралы, мүлікті жекешелендіруге әзірлеу туралы ақпаратты алдын ала (кемінде 2 ай бұрын) Кәсіподақ комитетіне жібереді.

  3. Тараптар тепе-теңдік негізде жылына бір рет (желтоқсан) Ұжымдық шарттың орындалу барысын талдайтын және қызметкерлер ұжымы мен білім алушыларға бұл туралы ақпаратты хабарлайтын комиссия құрады. Жұмыс берушінің өкілдері ректордың бұйрығымен тағайындалады, қызметкерлердің өкілдері Кәсіподақ комитетінің мәжілісінде сайланады.


2. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


    1. Тараптар қызметкерлер мен Жұмыс берушінің еңбек қатынастары ҚР ЕК, ҚР «Білім туралы» Заңына, «____________________________________» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына сәйкес айқындалатынына негізделеді.

    2. Қызметкерлердің қатынастарын реттейтін негізгі құжат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша еңбек шарты болып табылады.

    3. Еңбек шартының жағдайлары қолданыстағы заңнамамен, салалық келісіммен және осы Ұжымдық шартпен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды.

    4. Жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасқан кезде оны кәсіпорынның Жарғысымен, осы Ұжымдық шартпен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, кәсіпорынның қолданысындағы және қызметкердің еңбек функциясына жататын өзге де жергілікті құқықтық актілермен қолын қойғызып таныстыруға міндеттеледі.

    5. Белгілі мерзімге жасалған еңбек шарты сол мерзімнің аяқталуына байланысты тоқтатылады.

    6. Тараптар, қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту жөніндегі шараларды жүргізу кезінде Жұмыс беруші қызметкерге оның біліктілігіне сәйкес келетін кәсіпорында бар жұмысты (бос жұмыс орнын), ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайын ескеріп орындай алатын төмен дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты ұсынуға міндетті екеніне негізделеді.

2.7. Тараптар кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлерді Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға тек кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескеріп жол беріледі деп келісті.

2.8. Қызметкерлермен еңбек шарты белгісіз мерзіммен қатар, еңбек шартының тараптарымен айқындалған мерзімге де жасалады.

Егер еңбек қатынастары алдағы болатын жұмыстың сипатын немесе оны орындау жағдайын ескеріп белгісіз мерзімге белгіленбесе, ҚР ЕК көзделген жағдайларда шұғыл еңбек шарты жасалады, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жасалуы мүмкін.

2.9. Ғылыми-педагогикалық қызметкерді ауыстыруға еңбек шартын жасау үшін оны тиісті лауазымды ауыстыруға конкурс бойынша осыған дейін болған сайлау негіз болады.

Белгісіз мерзімге еңбек шарты жасалған қызметкердің ғылыми-педагогикалық қызметкердің лауазымын ауыстыруға конкурс үш жылда бір рет жүргізіледі.

2.10. Оқу процесінің үздіксіздігін сақтау мақсатында лауазымды қоса атқару бойынша жұмысқа қабылдау кезінде тиісті лауазымның орнын алмастыруға конкурс бойынша сайламай ғылыми-педагогикалық қызметкер лауазымының орнын алмастыруға 1 жылдан аспайтын мерзімге, ал заңға сәйкес жұмыс орны сақталатын уақытша болмаған қызметкердің орнын алмастыру үшін – бұл қызметкер жұмысқа шыққанға дейін еңбек шартын жасауға жол беріледі.

2.11. Жұмыс беруші қолданыстағы салалық келісіммен және Ұжымдық шартпен белгіленген Қызметкердің жағдайын нашарлатуға жол бермейді. Қызметкерге Ұжымдық шарттың және қолданыстағы Салалық келісімнің іс-әрекеті қолданылады.

2.12. Кафедра меңгерушісі бос лауазымдарды ауыстыруға конкурстық іріктеуге қатысатын қызметкерлерді конкурс жарияланғаннан кейін бір ай ішінде конкурстық іріктеудің мерзімі мен тәртібі туралы қолдарын қойғызып хабарлайды.

2.13. ҚР ЕК көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді олардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес жұмыстарға тартуға жол берілмейді.



2.14. Жұмыс беруші жұмыс орындарын, қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан және әлеуметтік негізсіз қысқартуға, қызметкерлердің құқықтық кепілдіктерін бұзуға жол бермеуге міндеттеледі. Тараптар босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру, қайта даярлау жөнінде және т.б.шараларды ҚР ЕК көзделген кепілденген соманы төлеуді қосатын келісімдер жасайды.

2.15. Әкімшіліктің бастамасы бойынша құрылымдық бөлімшелерді тарату немесе құрылымын өзгерту, өндірісті олық немесе жартылай тоқтату, жұмыс орындарын қысқартуға әкеп соғатын басқа да шаралар, кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп жүргізіледі.

2.16. Қызметкерлерді бұқаралық жұмыстан қысқарту алдын ала, кемінде 2 ай бұрын Кәсіподақ комитетіне Қызметкерлерді мүмкін болатын бұқаралық жұмыстан шығару, қатысы болуы мүмкін Қызметкерлердің саны мен санаты туралы және соларды іске асыру жоспарланған мерзімі туралы жазбаша хабарланып жүзеге асырылады.

30 күннің ішінде 20 және одан да көп қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту жағдайында жұмыстан шығару бұқаралық болып табылады.

Штаттың, жұмысшылар санының қысқаруымен, бөлімшенің таратылуымен немесе қайта құрылуымен байланысты босатылатын Қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету мақсатында, Жұмыс беруші төмендегідей шаралар қабылдайды:

- Қызметкерге санның немесе штаттың қысқаруына байланысты болатын жұмыстан шығару туралы кемінде бір ай бұрын ескертеді;

- тараптардың келісімі бойынша осы мерзімде өздігінен жұмыс іздеу үшін аптасына 4 сағатқа дейін ақысы төленетін уақыт береді.

2.17. Жұмыс беруші штаттың қысқаруы бойынша зейнеталды жасындағы Қызметкерлерді жұмыстан шығаруға мүмкіндігінше жол бермеуге міндеттеледі (жалпы бекітілген зейнеткерлік жасына дейін үш жыл бұрын).

2.18. Қызметкерлердің санын ненемес штатты қысқарту кезінде бірдей еңбек өнімділігі мен біліктілігі бар тұлғалардан басқа жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие қызметкерлер:

- жұмысты ЖОО-да, аспирантурада, докторантурада оқуымен қоса атқарып жүрген қызметкерлер;

- 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер;

- 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар;

- мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталғандар;

- бір жылдан аз еңбек өтілі бар жас мамандар;

- мемлекеттік құпияға рұқсаттары бар және онымен тұрақты негізде жұмыс жасайтын қызметкерлер.



2.19. Тараптар босатылған Қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру, қайта даярлау жөнінде және т.б. шаралар тізімін қосатын келісімдер жасайды, сондай-ақ ҚР ЕК көзделген төлемдер жүргізеді.

2.20. Кәсіподақ комитеті еңбек қатынастарынан туындайтын мәселелер бойынша Қызметкерлер үшін жүйелі тегін заңгерлік кеңес беру жұмысын қамтамасыз етеді.



2.21. Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті кемінде жылына бір рет әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында бөлімше басшылары мен барлық деңгейдегі кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастырады және өткізеді.

2.22. Еңбек тиімділігін арттыру, Қызметкерлерді ынталандыру және олардың арасында, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұжымдары арасында жарыстыру мақсатында Жұмыс беруші Кәсіподақ комитетімен бірге:

- кәсіптік байқаулар;

- факультеттердің, кафедралардың, бөлімдер мен басқа құрылымдық бөлімшелердің рейтингілерін;

- үміткерлерді құрмет Кітабына және құрмет Тақтасына енгізу үшін ұсынуды;



- үміткерлерді үкіметтік, ведомстволық және өзге де наградалармен марапаттауға ұсынуды ұйымдастырады және өткізеді.

2.23. Жұмыс беруші тиімді жұмыс мақсатында өз қаражаты есебінен, біліктілікті артырудың бекітілген жоспарына сәйкес 5 жылда бір рет Қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру құқығын қамтамасыз етеді. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бюджеттен тыс қаражаттардың бір бөлігін тиісті құрылымдық бөлімшелердің Қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға бөлу ұсынылады.


3. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
3.1. Тараптар жұмыс уақытын реттеу кезінде, ұйымда бір демалыс күні – жексенбі болып табылатын жұмыс аптасының алты күндік режимі қолданылатынына негізделеді. Жұмыстың жалпы ұзақтығы жеке қызметкерлер еңбегінің ерекшелігін ескеріп, заңнамамен белгіленген жұмыс уақытының нормасынан аспайды. Жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспайды, ал зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін - 36 сағаттан аспайды. Профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) оқу жұмысы оқу сабақтарының кестесімен, ал қызметтің барлық түрлері – жеке жоспармен анықталады. ПОҚ жұмысының барлық түрлері 6 күндік жұмыс аптасы кезінде (36 сағат) 6 сағаттық жұмыс күні шегінде орындалады.

3.2. Декандарға және кафедра меңгерушілеріне, аумақтық-жекеленген құрылымдық бөлімшелердегі сабақтарды жоспарлауды қоспағанда, бір оқытушыға 4 сағат қатарынан лекциялық немесе 6 сағат зертханалық не болмаса тәжірибелік сабақтар жоспарлау ұсынылмайды.

3.3. Сабақ кестесі сабақтар арасында екі сағаттан артық үзіліс жібермей, оқытушылардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып құрылады.

3.4. Тараптар жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегіндегі жұмысқа, лауазымдарды қоса атқару кезіндегі жұмысқа еңбек заңнамасының талаптарын қадағалау кезінде жол берілетініне негізделеді.

3.5. Сабақ кестесі сабақтар арасында екі сағаттан артық үзіліс жібермей, оқытушылардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып құрылады.

3.6. Тараптар қызметкермен келісім бойынша күнді бөліктерге бөлуге жол берілетін жұмыс тізімін бекіту туралы келісімге келді. Аталған тізімге _________________________

_________________________________________________________________ кіргізілуі тиіс.

Жұмыс уақытын бөліктерге бөлген кезде қызметкерге лауазымдық айлықтың (тарифтік ставканың) 20 % мөлшерінде өтемақы тағайындалады және төленеді.

3.7. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы әрбір жылдың 20-қаңтарынан кешіктірілмей кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескеріп бекітілетін еңбек демалысының кестесіне сәйкес беріледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ең қысқа ұзақтығы отыз күнтізбе күнін құрайды. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төленеді.

3.8. Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бірге беріледі және кемінде 6 күнтізбе күнінен аспайды.

3.9. Еңбек демалысының кестесі мен арыздар еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығаруға негіздеме болып табылады.


  • ауыстырылған еңбек демалысын қайтадан ауыстыруға;

  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын екі жыл қатарынан бермеуге;

  • он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер мен зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

3.10. Қызметкерді еңбек демалысынан шақырту қызметкердің жазбаша келісімімен жүргізіледі. Қолданылмаған еңбек демалысының бөлігі қызметкерге таңдауы бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде өзіне ыңғайлы уақытта беріледі немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады.

- ауыстырылған еңбек демалысынан;

- он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді еңбек демалысынан шақыртуға жол берілмейді.

3.11. Тараптар, қызметкер жазбаша өтініші бойынша заңнамамен көзделген жағдайлардан басқа жалақы сақталмайтын демалысты кедергісіз алуға құқылы деп келісті:



  • жас балаларға (3-4 жас аралығындағы) күтім бойынша – жылына 30 күнтізбе күнге дейін;

  • балалары бар (10 жасқа дейін) қызметкерлерге – қызметкерге ыңғайлы уақытта кемінде 3 күнтізбелік күнге;

  • ДКК қорытындысы болған кезде денсаулық жағдайына байланысты 30 күнтізбелік күнге дейін.

3.12. Қызметкерді үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі.

3.13. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы:

а) айына – 12 сағаттан;

б) жылына – 120 сағаттан аспауы тиіс.


4. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1. Жұмыс беруші мемлекеттік стандарттардың, нормативтік құқықтық актілердің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарына сәйкес қызметкерлердің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары бойынша еңбек қызметінің процесінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау құқықтарына кепілдік береді.

4.2. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушінің саясаты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, өндірістік жарақаттың алдын алатын жұмыс орындарындағы еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын жасаудың принциптерінде құрылады.

4.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, еңбек міндеттемелерін қауіпсіз орындау үшін қажетті қызметкерлердің кәсіптік даярлығын қамтамасыз етуге;

2) тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында оқытуды немесе өзінің оқытушылары және мамандарымен оқуды және бөлімше басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша тексеруді мерзімді (кемінде 3 жылда 1 рет) ұйымдастыруға;

3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді, оқытуды, нұсқаулықтан өткізуді ұйымдастыруға;

4) өз қаражаты есебінен кемінде жылына бір рет, ҚР заңнамасымен белгілеген тәртіпте мерзімді медициналық тексерулерді ұйымдастыруға;

5) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

6) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жұмыс орындарын жабдықтауға;

7) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етуге;

8) үй-жайларда санитарлық нормамен белгіленген температураны, табиғи және жасанды жарықты, сондай-ақ ауаны жаңартуды қамтамасыз етуге;

9) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жеке және ұжымдық қорғану заттарымен, арнайы киімен, арнайы аяқ киіммен, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нормаларға сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық дәрі қобдишасымен қамтамасыз етуге;

10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізуге;

11) нұсқамалық жүргізуге, өндірістік процесс пен жұмысты қауіпсіз жүргізу жөнінде құжаттармен қамтамасыз етуге;

12) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде олардың денсаулығы мен өміріне келтірілетін зиянға жауапкершілікті жұмыс берушінің есебінен міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуге;

13) ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында:

- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайлары мен қауіпсіздікті тексеруді жүргізеді;

- еңбек жағдайын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды жақсартумен байланысты

мәселелерді тексеруге және қарауға қатысады;

- кәсіподақ комитетімен бірге институттың бөлімшелеріндегі еңбек жағдайы мен қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына бақылауды ұйымдастырады.

4.4. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

4.5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары бұзылған жағдайда (қалыпты жарықтың болмауы, ауаны жаңарту жұмысының бұзылуы, үй-жайлардағы төмен температура және т.б.), еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмыс берушіден анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етуге құқылы.

4.6. Жыл сайын ұйымдастырушылық және техникалық шараларды, оларды орындау мерзімдерін, жауапты тұлғаларды және қаржыландыру көздерін анықтай отырып, еңбекті қорғау жөнінде келісім жасалып, сол себепті еңбек ақы төлеу қорынан 0,5 %-дан 1,5%-ға дейінгі мөлшердегі барлық қаржыландыру көздерінен, сондай-ақ жыл сайын Келісімде айқындалатын кәсіпорындарды ұстауға пайдалану шығыстарынан қаражат бөлінеді.

4.7. Әкімшілік-шаруашылық бөлім оқу бөлімімен, сондай-ақ бөлімшелердің басшыларымен және кәсіподақ бюросымен бірге жылына бір рет (наурыз-сәуір) ғимараттар мен корпустарға жалпы техникалық тексеру жүргізеді және анықталған кешіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар жасайды, сонымен қатар оқу жылының басында оқу корпустарының оқу жылына дайындығын тексеріп, тексеру нәтижелері бойынша жасалынған актілер ректорат пен кәсіподақ комитетіне беріледі.

4.8. Жұмыс беруші барлық кафедраларды, бөлімдерді, қызметтерді, студенттер үйінің вахталарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етуге және қажеттілікке байланысты оларды толтырып тұруға міндетті.

4.9. Басқарушылық лауазымдағы қызметкерлер өздері басқаратын құрылымдық бөлімшелердің штатындағы Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қадағалауын қамтамасыз етеді, соның ішінде:

- еңбекті қорғаудың салааралық және салалық ережелерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық-басқарушы функцияларын орындайтын қызметкерлердің санитарлық нормалар мен ережелерді қадағалауы, сондай-ақ оларға бағынышты Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қадағалауын бақылау;

- өндірістік қызметпен айналысатын Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі салааралық және типтік нұсқаулықтар негізінде олардың кәсіптеріне немесе орындалатын жұмыстардың түріне қарай өңделетін еңбекті қорғау жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтарды қадағалауы;
5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
5.1. Ұйымда еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Институт қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу осы ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу Ережесі негізінде жүргізіледі.

5.2. Тараптар тарифтік комиссияның құрамына, сондай-ақ мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның құрамына міндетті түрде кәсіподақ комитетінің өкілі кіргізіледі деп келісті.

5.3. Қызметкерлер лауазымдарды қоса атқару жағдайында, кәсіптерді қоса атқару, орнында уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау тәртібімен қосымша ақылы жұмысты атқара алады.

5.4. Тараптар жалақының төлемі айына бір рет жүргізіледі деп келісті. Жалақы келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс.

5.5. Жұмыс беруші жұмыстан шығару кезінде және еңбек демалысы кезіндегі жалақыны төлеуде есеп айырысу мерзімін қатаң қадағалауға міндетті.

5.6. Үстеме уақыттағы, түнгі уақыттағы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ҚР Еңбек кодексіне және осы ұжымдық шартқа сәйкес ақы төленеді.

5.7. Еңбек нормасын, еңбекке ақы төлеуді енгізу, ауыстыру және қайта қарау жұмыс берушімен жүргізіледі.

 Еңбектің және еңбек ақы төлеудің жаңа нормаларын енгізу туралы қызметкерлер кемінде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.

5.8. Қызметкерлерге еңбек жағдайына қосымша ақыны жұмыс беруші институттың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Ережесімен белгіленген мөлшерде төлейді.

5.9. Біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы төмендегідей мөлшерде төленеді:

- ғылыми дәрежеге қосымша ақы – ғылым докторларына 2 айлық жалақының ең төменгі мөлшері; ғылым кандидаттарына – 1 айлық жалақының ең төменгі мөлшері;

- ғылыми дәрежесі жоқ ПОҚ қатарындағы қызметкерлерге кафедраны меңгергені үшін қосымша ақы – БЛА-тан 20 %.

5.10. Жұмыс беруші ҚР заңнамасымен өзге жағдай көзделмесе, қызметкерлердің жазбаша келісімінсіз жалақыларынан ұстауға жол бермеуге міндетті.

5.11. Жұмыс беруші кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып, еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлерге сыйлықақы беруді, жалақылары мен лауазымдық айлықтарына үстеме ақы белгілеуді жүзеге асырады.

5.12. Жұмыс беруші өзіне қызметкерлерге ай сайын барлық ұсталған соманы көрсетіп, жалақыны есептеу туралы толық жазбаша ақпаратты көрсетуге міндеттеме қабылдайды. Әлеуметтік шиеленісушілікті төмендету мақсатында, еңбек ақыны белгілеу және оның мөлшеріне қатысты мәселелерде әділдік пен кең жариялықты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш салу қажет.

5.13. Тараптар профессорлық-оқытушылық құрамдағы қызметкерлерге авторлық ғылыми жұмыстар мен оқулықтар жазу үшін 4 айға дейінгі мерзімде орташа жалақының 50 % сақтап, шығармашылық еңбек демалысы берілуі мүмкін деп келісті.
6. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР, ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ЖӘНЕ

ӨТЕМАҚЫЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР
6.1. Жүктілік пен босану бойынша, жаңа туылған баланы асырап алу кезінде әлеуметтік жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорының қаражатынан төленеді.

6.2. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы қызметкерлерге жарамсыздық қағазына сәйкес анықталған жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап қалпына келтірілгенге дейін, немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.

6.3. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуге негіздеме ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілген жарамсыздық қағазы болып табылады.

6.4. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі айлық жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) он бес есе мөлшерінен аспауы тиіс. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы және ақысыз еңбек демалысы кезінде еңбекке уақытша жарамсыз болып танылса, жәрдемақы есептелмейді.

6.5. Жұмыс беруші қызметкерлерді ҚР Еңбек кодексімен және ҚР басқа да заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда олардың мемлекеттік және қоғамдық міндеттерге тартылу кезінде еңбек міндеттерін орындаудан босатады.

6.6. Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан тапсыру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

6.7. Іссапар кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.

6.8. Жұмыс беруші жұмысынан айрылған кезде мынадай жағдайларда айына орташа жалақысы мөлшерінде өтемақылық төлем жүргізеді:

1) жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; 

2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

3) қызметкердің зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты еңбек шарты бұзылған кезде.

6.9. Әкімшілік төмендегідей әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады және төмендегідей жеңілдіктер береді:

- қызметкер әйел елу бес жасқа толғанда, алпыс жасқа, жетпіс жасқа, сексен жасқа лауазымдық айлық мөлшерінде біржолғы сыйақы;

- қызметкердің отбасы мүшелері, оның жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, балалары) қайтыс кезде – 30 АЕК;

- қосымша қаржы шығынын талап ететін емделу кезінде – лауазымдық айлықтан 100% дейін;

- қызметкер қайтыс болған жағдайда туыстарына біржолғы жәрдемақы – лауазымдық айлықтан 100% мөлшеріне дейін төленеді.

6.10. Жұмыс беруші кәсіподақ комитетіне мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге, қызметкерлерді сауықтыруды ұйымдастыруға жыл сайын кемінде 2000000 (екі миллион) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөледі.

Кәсіподақ комитеті тиісті күнтізбе жылына кәсіподақ ұйымының сметасымен белгіленген сома шегінде мәдени-бұқаралық шараларға және қызметкерлерді сауықтыруға ақшалай қаражат бөледі.


7. ТАРАПТАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ БҰЗҒАНЫ НЕМЕСЕ ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Кәсіподақ комитетінің өтініші бойынша әкімшілік ұжымдық шарттың өзара міндеттемелерінің бұзылуына және орындалмауына кінәлі қызметкерлерге (басшыларға) заңнамамен көзделген шараларды қолданады.

7.2. Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін, ұжымдық шартқа енгізілген міндеттемелерді бұзып және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

7.3. Ұжымдық шартқа қол қойған әрбір тарап өз өкілеттіктері шегінде оның мақсаттарын жүзеге асыруға жауапкершіліктерін мойындайды және тең құқықтық пен өзара сыйластық, шегіну немесе келісушілік прициптерімен туындаған мәселелерді шешуде қызмет істеуге міндетті.

7.4. Кәсіподақ комитеті мен әкімшілік ұжымды біріктіру жөнінде жұмыс жүргізеді. Ұжымдық шарт бойынша өз міндеттерін бұзу, орындамау немесе жеткіліксіз орындау кезінде, тараптар ҚР қолданыстағы занамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


8. СТУДЕНТТЕР
8.1. Студенттердің кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп қабылданатын жергілікті құқықтық актілердің тізімі:

  • шәкіртақылық қамтамасыз ету туралы ереже;

  • студенттердің ішкі тәртіптемесінің ережесі;

  • студенттер үйі туралы ереже;

  • студенттер үйінде тұру, рұқсатнамалық тәртіптеме мен жұмыс ережесіне, білім беру үдерісіне тікелей байланысты емес студенттер үйінде тұратындар үшін ақылы қызмет енгізуге қатысты жергілікті актілер;

  • оқу және (немесе) тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ студенттердің тамақтануын ұйымдастыру үшін арналған үй-жайларды жалдау шарты;

  • студенттерге материалдық көмек туралы ереже;

  • студенттерге сыйлықақы беру туралы ереже;

  • студенттерді санаторлық-шипажайлық емдеу туралы ереже;

  • мемлекеттік бюджетпен және бюджеттен тыс шығыстардың орталықтандырылған қорымен бөлінетін қаражаттарды жұмсау тәртібі;

  • әлеуметтік шәкіртақы тағайындау туралы бұйрықтар;

  • студенттердің тұрмысы мен бос уақытына қатысты бұйрықтар, ережелер мен жұмыс жоспарлары.

8.2. Оқу процесі

8.2.1. Жұмыс беруші:



  • жылына жалпы ұзақтығы 7 аптадан аспайтын, соның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан аспайтын каникулдар белгілейді;

  • оқу жылы ішінде кемінде 10 емтихан (аталған санға дене шынықтыру мен факультативтік пәндер бойынша емтихандар мен сынақтар кірмейді) белгілейді;

  • әрбір пән бойынша емтиханға әзірленуге кемінде 2 күн бөлінетіндей есеппен емтихандар кестесін жасайды;

  • студенттің оқу курсы мен бағдарламасына байланысты міндетті сабақтармен аптасына аудиториялық жүктемесі кестемен анықталады және 36 академиялық сағаттан аспайды деп белгілейді;

  • академиялық сағатты 50 минуттан аспайтындай ұзақтықта белгілейді;

  • сабақтардың академиялық сағатынан кейін 5 минут ұзақтығымен, екі академиялық сағаттан кейін – 10 минут үзіліс, оқу жылы ішінде – кемінде 20 минут ұзақтығымен түскі үзіліс белгілейді;

  • студенттерден сабақ беру сапасына дәлелді шағымдар алған жағдайда, оларды қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

  • шұғыл жағдайларды қоспағанда, оқу үдерісі кезінде студенттердің кез келген орталықтандырылған енжарлығына жол берілмейді;

  • отбасылық студенттерге (олардың жазбаша өтініштері бойынша) жеке кесте бойынша оқу мүмкіндігін ұсынады;

  • оқу корпусында сабақтар мен емтихан тапсыру кезінде қызмет жасайтын студенттер үшін тамақтану орнын ұйымдастырады;

  • оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында оқу аудиторияларында сабақ өткізу кезінде қалыпты жағдай үшін қажетті және заңнамамен көзделген жарық, жылу, ауаны тазарту және тәртіп деңгейін ұстануға міндетті;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында оқу корпустары мен студенттер үйінде институттың электрондық ресурстарына тегін рұқсатты қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ комитеті :

  • оқу үдерісін ұйымдастыру, үлгерім мен оқу тәртіптемесін жетілдіру, оқу және бос уақытты тиімді пайдалану үшін қажетті жағдай жасау жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

  • емтихандар кестесі құрылғанға дейін деканатқа аталған мәселе бойынша ұсыныстарын білдіріп, деканат оларды емтихандар кестесін құру кезінде ескереді;

  • «Студенттік әлеуметтік қызмет» жұмысын ұйымдастырып, оның аясында студенттердің ұсыныстарын ескере отырып, пәндерден дәріс беру сапасын анықтау мақсатында кемінде семестрде бір рет студенттердің арасында сауалнама жүргізеді.

8.2.2. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, студенттердің денсаулығын қорғау саласында – Кәсіподақ комитеті жыл сайын жарықтандыру жағдайына, оқу аудиторияларының оқу жылына және жылу беру маусымына дайындығына тәуелсіз тексеру жүргізеді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті және денсаулықты қорғау жөнінде ректоратқа өзінің ұсыныстарын енгізеді.

8.3. Студенттерді әлеуметтік қорғау және шәкіртақылық қамтамасыз ету:

8.3.1. Жәрдемақыларға ақшалай үстеме ақылардың мөлшері, материалдық көмек көрсетудің шарты мен мөлшері, білім алушыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар жүйесі шәкіртақылық қамтамасыз ету туралы Ережемен және студенттерді материалдық қолдаудың басқа да нысандарымен анықталады.

8.3.2. Әлеуметтік-қорғалмаған студенттерге оқудың ақысын төлеуге және студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер беріледі.

8.3.3. Студенттердің әлеуметтік-қорғалмаған санатына:


  1. жетім-студенттер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

  2. I және II топтағы мүгедек-студенттер ;

  3. бала кезінен мүгедек-студенттер;

  4. ата-анасының біреуі I және II топтағы мүгедек отбасының студенттері;

  5. ата-анасының біреуінен айрылған студенттер;

  6. орташа айлық табысы аралық минимумнан төмен көп балалы (18 жасқа толмаған) отбасының студенттері;

  7. балалары бар отбасылы студенттер жатады.

      1. Жұмыс беруші:

  • шәкіртақылық қор қаражаттарының басқа мақсаттарға жұмсалуына жол бермейді;

  • студенттерге шәкіртақылық қордың қаражаттарын қайта есептеу жүргізілетін ақпан және наурыз айларынан басқа уақытта әрбір айдың 12-сінен кешіктірмей шәкіртақы төлейді;

  • шәкіртақы қорын үнемдеуді тек материалдық көмек көрсетуге және студенттерге сыйлықақы төлеуге жұмсайды;

  • атаулы шәкіртақы тағайындауды жүргізеді;

  • студенттердің балалары үшін жаңа жылдық сыйлықтар алуға қаражат бөледі;

  • оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін студенттерді ынталандыру мәселелерін шешеді;

  • ЖОО-ғы тамақтанудың орташа ақысынан кемінде 80% өтемақыны есепке ала отырып, жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге тамақтануға қаражат бөледі.

      1. Кәсіподақ комитеті:

- жыл сайын кәсіподақ мүшелеріне ұзаққа созылған ауыр науқастану, табиғи апат, өлім және басқа жағдайларда материалдық көмек көрсетеді.

      1. Туберкулез ауруымен науқас, шәкіртақы алатын студенттерге 12 ай бойы шәкіртақы төленетін 1 жылға академиялық демалыс беріледі.

      2. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті өздеріне студенттермен мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде міндеттеме қабылдайды.

Бұл мақсатта:

- Жұмыс беруші күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына қаражат бөлуге міндетті;

- Кәсіподақ комитеті студенттермен мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын өткізуді ұйымдастырады.

8.4. Студенттерге тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету.

8.4.1. Жұмыс беруші:


  • институттың тұрғын үй-жайларында нормалармен белгіленген жылу режимі мен жарықты қамтамасыз етеді;

  • оқу үдерісіне қажетті жағдай жасау үшін факультеттердің оқу-ғылыми лабораторияларын сумен жабдықтайды;

  • оқу жылының басына студенттер үйінің, оқу корпустары мен спорттық құрылыстардың дайындығын қамтамасыз етеді және оқу жылы бойына олардың жарамдылығына қолдау көрсетеді;

  • кәсіподақ комитетімен келісім бойынша студенттер үйінің (студенттер қалашығы) басшысын тағайындайды;

  • студенттер үйінде тұратындарға, әдеттегідей, олардың оқу мерзімі бойына ішкі тәртіптеме ережелерін қадағалауы шартымен тұрғын үй-жайды бекітеді;

  • студенттер үйінің студкеңестер төрағалары мен қабаттардың старосталарына бөлме таңдау құқығын береді;

  • студенттер үйін жиһазбен және құрал-жабдықтармен толтыру жөнінде жұмыс жүргізіп, сол үшін тапсырысқа сәйкес қаражат бөлуге міндеттеледі;

  • студенттер үйіне, құрал-жабдықтарға уақытында жөндеу жасап, бекітілген аумақ пен жасыл көшеттерді тиісті тәртіпте ұстайды;

  • әлеуметтік-қорғалмаған санат студенттеріне тұру және коммуналдық қызмет ақыларын ай сайын немесе тоқсан сайын төлеу мүмкіндігін береді. Студенттер үйінде тұру тәртібін бұзған жағдайда, жеңілдіктері бар студенттер мұндай жеңілдіктерінен айырылады;

  • студенттер үйінде студенттер үшін қоғамдық тамақтану орнының қызмет жасауына жағдай жасайды;

  • студенттердің кәсіподақ комитетінің өтініші бойынша студенттердің әлеуметтік-қорғалмаған санаттарына студенттер үйінде тұрғаны үшін ақысын төмендетуді қарастырады.

8.4.2. Кәсіподақ комитеті:

  • тұрмысты ұйымдастыру, әлеуметтік және материалдық кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда институт студенттерінің мүдделерін білдіреді және қорғайды;

  • студенттерге құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсетіп, қажетті кеңестер береді;

  • студенттер мен Әкімшіліктің ұсыныстары мен ескертулерін шұғыл түрде қарап, тиісті шараларды қабылдайды;

  • студенттер үйінде студенттік өзін-өзі басқару органдарын (студкеңестерді) ұйымдастырады, қолдайды және үйлестіреді;

  • студенттердің әлеуметтік-қорғалмаған санаттарына жеңілдікпен (тегін) тұруға рұқсат беру туралы өтініш жасайды.

8.5. Студенттер үйіне студенттерді орналастыру және шығару тәртібі. Студенттер үйінің студенттік кеңесінің қызметі:

8.5.1. Студенттердің студенттер үйіне орналасуын бақылауды студенттер үйінің студенттік кеңесі қадағалайды. Студенттерді студенттер үйіне орналастыру 25-тамыздан 01-қазанға дейін жүзеге асырылады (өтініштер беру мерзімі: 01 мамырға дейін - 2-4 курс студенттеріне; 20 тамызға дейін - 1 курсқа қабылданған студенттерге).



      1. Студенттерді орналастыру кезінде студенттер үйінде орын алуға:

  1. жетім-студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

  2. мүгедек-студенттер;

  3. ата-анасының біреуі I және II топтағы мүгедек отбасының студенттері;

  4. көп балалы (18 жасқа толмаған) отбасы студенттері;

  5. толық емес отбасының студенттері;

  6. аз қамтылған отбасының студенттері;

  7. шетелдік студенттер;

  8. облыстың шалғайдағы аудандарында тұратын студенттер басымды құқыққа ие болады.

      1. Қызметкерлерді және өтемақылық негізде орналасатын тұлғаларды студенттер үйіне орналастыру жөніндегі бұйрық студкеңеспен келісіледі.

      2. Орын жетіспеген жағдайда студенттік кеңес тұрғын үйге мұқтаж студенттердің тізімін жасайды.

      3. Студенттер үйінің студкеңесі семестрде бір рет бос орындарды анықтау үшін тұрғын үй қорына тексеру жүргізеді, бос орындар «кезектегі студенттер» арасында бөлінеді.

      4. Студенттерді студенттер үйінен шығару:

        1. Студенттер студенттер үйінен:

  • студент оқуды аяқтағанда;

  • студентті оқудан шығарып тастағанда;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге жағдйларда;

  • студенттер үйінде тұру ережесін бұзғана жағдайда шығарылады.

        1. Студенттер үйінің студенттік кеңесі өз отырысында студенттерді студенттер үйінен шығару туралы мәселені қарайды.

      1. Студенттер үйінің студенттік кеңесінің қызметі студенттер үйінің студенттік кеңесі туралы ереже мен осы Ұжымдық шарт негізінде жүзеге асырылады.


9. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Осы ұжымдық шартты жасай отырып, тараптар бір бірінің алдындағы өзара құқықтары мен міндеттерін мойындайды, оларды қадағалауға және орындауға міндеттеледі.

9.1. Жұмыс берушінің міндеттері:

- Еңбек кодексін және өзге де ҚР нормативтік-құқықтық актілерін, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік әріптестік актілерін қадағалау;

- қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау;

-қызметкерлерге жасалған еңбек шарттарына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз зету;

- қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістік жарақаттың алдын алатын қауіпсіздік техникасының, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын енгізу;

- кәсіподақ комитетінің тегін қолдануына үй-жайларды, байланыс құралдарын және шаралар өткізуге автокөлік беру;

- ҚР заңнамасына сәйкес қызметкерлерді міндетті сақтандыруды жүзеге асыру;

- ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу;

- кәсіподақ комитетімен бірге институтта мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- құрылымдық бірліктердің таратылуы немесе қызметкерлер санының қысқаруы кезінде босатылған қызметкерлерге институтта жұмысқа орналасуға басымды құқық беру;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде көзделген шараларды орындау.

9.2. Кәсіподақ комитетінің міндеттері:

- ҚР ЕК және ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;

- жұмыс беруші мен оның өкілдерінің еңбек заңнамасын және еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді қадағалауына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру; Қоғамдық бақылау Кәсіподақ мамандарының күшімен орындалады. Еңбек заңнамасын орындау жөніндегі тексерулер кәсіподақ мүшелерінің арыздары мен шағымдары бойынша жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жылына бір рет жүзеге асырылады;

- еңбек даулары бойынша келісу комиссиясында еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек құқықтарын білдіру және қорғау;

- қызметкерлерге еңбек демалыстарының және олардың ақысының дұрыс және уақытында берілуіне бақылауды жүзеге асыру;

- қызметкерлер үшін мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- санаторлық-шипажайлық емделуге мұқтаждардың есебін жүргізу;

9.3. Қызметкерлердің міндеттері:

- ұйымның Жарғысын, ішкі тәртіптеме Ережесін қадағалау, адал және дұрыс еңбек ету;

- Жұмыс берушінің тапсырмаларын уақытында және бұлжытпай орындау;

- өзінің жұмыс уақытын өнімді еңбекке қолдану;

- технологиялық тәртіпті қадағалау, жұмыс сапасын қамтамасыз ету;



- қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде Қызметкермен құрылған зияткерлік меншік объектілеріне ұйымдастыру құқығын мойындау және қадағалау;

- құпиялық тәртібінің талаптарын қадағалау. Қызметкерге лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты белгілі болған заңмен сақталатын құпияны (мемлекеттік, коммерциялық, қызметтік және өзге) жарияламау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек дауларын шешу;

- оқу орнына жаңа қабылдау бойынша жұмысқа қатысу;

- факультеттерде, кафедраларда, зертханаларда, бөлімдерде және қызметтерде тәртіп пен тазалықты ұстану жөнінде айына бір рет тазалық күнін және біркүндік рейдтер өткізу;

- өз жұмыс орнын таза және тәртіпте сәйкес ұстау;

- еңбек қызметінің барысында оқу орнына зиян келтіруге жол бермеу, оның дамуына жәрдемдесу, энергияны және басқа да материалдық қорларды үнемдеп жұмсау;

- өзінің жұмысқа деген жеке жүріс-тұрысы және қатынасымен оқу орнының имиджін қолдау және студенттерде патриоттық сезімді тәрбиелеп, өз мамандығы мен жоғары оқу орны үшін мақтанышын оятып, олардың бойларына адалдық пен зиялылық нормаларын дарыту;

- өрт қауіпсіздігінің талаптарын қадағалау және орындау;

- заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі ережелермен және нұсқаулықтармен белгіленген еңбекті қорғау талаптарын қадағалау, соның ішінде:


  • жеке және ұжымдық қорғану құралдарын дұрыс қолдану;

  • жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және өндірісте жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетуге үйрену, еңбекті қорғау жөнінде нұсқамадан, жұмыс орнында тағылымдамадан өту, еңбекті қорғау талаптарын білу;

  • адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдай, әрбір жазатайым оқиға немесе өзінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы, соның ішінде шұғыл кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болуы туралы өзінің тікелей немесе жоғарғы басшысына дереу хабарлау;

  • міндетті алдын ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезінде) медициналық тексерулерден өту, сондай-ақ ҚР ЕК көзделген жағдайларда Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша кезектен тыс медициналық тексерулерден өту;

  • білім алушылардың еңбекті қорғау талаптарын қадағалауын қамтамасыз ету.


10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Осы Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін үш ай ішінде кез-келген тарап жаңа Ұжымдық шарт жасау жөнінде келіссөздер бастау туралы келесі тарапқа жазбаша хабарлама жіберуге құқылы. Егер ешбір тараптан хабарлама түспесе, онда Ұжымдық шарт бір жылға созылған болып есептеледі. Осы Ұжымдық шарт жаңа Ұжымдық шарт жасалғанға дейін қолданыста болады.

10.2. Тараптар осы Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзіміндегі өзгертулер мен толықтырулар мынадай тәртіпте жүргізіледі деп келісті: толықтырулар мен өзгертулер бір ай ішінде жүргізілетін өзара кеңес берулер негізінде Жұмыс берушімен және Кәсіподақ комитетімен талқыланады және қабылданады. Жаңа Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу жөнінде ұжымдық келіссөздер жүргізу кезінде осы Ұжымдық шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

10.3. Жұмыс беруші бюджеттен тыс қаражаттың бөлінуін талап ететін Ұжымдық шарттың тармақтарын орындау мақсатында, жыл сайынғы бюджеттен тыс шығыстарды қаржыландыру сметасына Ғылыми Кеңесте бекітілгеннен кейін қолданыстағы қаражаттар шегінде тиісті тармақтарды енгізуге міндетті.

10.4. Тараптар Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімінде қызметкерлер еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер саласында жаңа талаптар ұсынбайды және Жұмыс берушіге қысым көрсету ретінде жұмысты тоқтатпайды (ереуіл) деп келісті. Бұл міндеттемені бұзған жағдайда, Жұмыс беруші оған қатысушыларға еңбек тәртіптемесін бұзушылар үшін көзделген шараларды қолдануға құқылы. Жұмыс беруші қызметкерлердің осы Ұжымдық шарттың талаптарын қадағалаған жағдайда, бұқаралық жұмыстан шығаруды қолданбауға міндеттеледі.



10.5. Осы Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау екі тараппен жүзеге асырылады. Тараптар жыл сайын Ұжымдық шарттың орындалуы туралы есеп береді.
ШАРТҚА ҚОСЫМШАЛАР:


  1. Ішкі тәртіптеме ережелері;

  2. Қызметкерлердің еңбекке ақыларын төлеу тәртібі;

  3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі келісім;

  4. Арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы кәсіптер мен лауазымдар тізімі;

  5. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру үшін олардың кәсіптері мен лауазымдарының тізімі;

  6. Жұмыс уақытының жинақталған есебі жүргізілетін лауазымдар мен жұмыстар тізімі;

  7. Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалатын қызметкерлердің айналысатын немесе атқаратын лауазымдар мен жұмыстар тізімі;

  8. Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт;

  9. Жұмыс берушінің есебінен алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер міндетті кәсіптер тізімі;

  10. Қызметкерлердің жуу және тазарту құралдары берілетін кәсіптер тізімі;

  11. Еңбек демалысының күнтізбе күндерінің саны.


жүктеу 407,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау