15
сүйемелдеу және консультация беру арқылы міндетке қол жеткізуге
жәрдемдесетін болады;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту міндеттері
шеңберінде ШОБ субъектілерін қолдау бөлігінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау
бөлігінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ресурстары
қатысатын болады;
3) экспортты қолдау міндеті шеңберінде ҚДБ және «KazakhExport»
экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
ҚазақЭкспорт) ресурстары тартылды;
4) отандық машина жасауды қолдау міндеті шеңберінде отандық
автомобильдерді, тікұшақтар мен теміржол вагондарын өңдірушілерді
лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын ҚДБ-ның еншілес ұйымы «ҚДБ-
Лизинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚДБ-Лизинг) ресурстары тартылды.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы
Халықтың тұрғын үйге жоғары мұқтаждығына байланысты «Нұрлы жер»
бағдарламасы әзірленді. Инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды, жекеменшік
құрылысшыларды қаржылық ынталандыруға, тұрғын үй-құрылыс жинақтары
жүйесін тиімді пайдалануға және кредиттік тұрғын үй құрылысын бюджеттен
тыс қаржыландыруға ауыстыру мәселесіне басты назар аударылды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен оның ЕҰ қызметінің бес стратегиялық
бағытының бірі тұрғын үй қолжетімдігін арттыру болып табылады. «Нұрлы
жер» бағдарламасын іске асыруға «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»
акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚТҚЖБ), «Қазақстанның ипотекалық
компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚИК) және
«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – БД), «Кепілденген
тұрғын үй құрылысының қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ТҚКҚ) және
Даму ресурстары мынадай міндеттер бойынша тартылатын болады:
1) ипотекалық кредит беру қолжетімдігін арттыру – 2017 жылдан бастап
республикалық бюджеттен ипотекалық кредит сомасының жылдық 7 % дейін
жыл сайын субсидия бөлінеді, олар ҚИК қаржы агенті арқылы жіберілетін
болады;
2) тұрғын үй құрылысына жекеменшік құрылысшыларды ынталандыру -
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен Даму қаржы агенті арқылы
жіберілетін кредит беру мөлшерлемесінің жылдық 7 % субсидия жыл сайын
бөлінетін болады;
3) БД жергілікті атқарушы органдардан бағалы қағаздарды сатып алу
және шартталған салымдарды кредиттік тұрғын үйлерін салуға бағытталған
қаражат айналымын қамтамасыз ету үшін ЕДБ-ге орналастыру арқылы
тұрғынқұрылысжинақтары жүйесі бойынша кредиттік тұрғын үйлерін салу,
16
2017 жылдан бастап салымшыларға кредит беру мақсатында ҚТҚЖБ 5 жыл
ішінде жыл сайын 120 млрд. теңге қосымша бөлетін болады;
4) халықты жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұрын
қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде
2017 – 2018 жылдары ҚИК арқылы жалға берілетін тұрғын үй салу
жалғасатын болады;
5) ТҚКҚ қатысуымен үлестік салымшыларды қорғау тетігін іске асыру.
1.3.3 Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар –
ИИДМБ, «БЖК – 2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
ИИДМБ негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру және өңделген
тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің
бәсекеге қабілеттілігін басым ынталандыру болып табылады.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ИИДМБ-ның негізгі операторының бірі болып
табылады және бағдарламаның негізгі міндеттерінің барлығын іске асыруға
қатысады:
1) тиімді базалық индустрияны құру міндеттері шеңберінде ҚДБ, ҚДБ-
Лизинг және Даму жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту
жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
2) индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру міндеттері шеңберінде
ҚДБ ірі жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
3) тиімділігі жоғары индустриялық кәсіпкерліктің пайда болуы үшін
жағдайды қамтамасыз ету міндеттеріне қол жеткізу үшін «Бәйтерек» ҰБХ»
АҚ, ҚДБ, ҚДБ-Лизинг, Даму мен ҚазақЭкспорт өңдеу өнеркәсібі
кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға қолдау көрсетеді;
4) инновациялық белсенді бизнестің көптеп пайда болуы үшін
алғышарттар жасау бойынша басты міндеттің негізгі орындаушысы
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акциаонерлік қоғамы болып
табылады (бұдан әрі – ТДҰА).
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
Даму «БЖК – 2020» бағдарламасының қаржы операторы болып табылады
және кредит бойынша сыйлықақы мөлшерлемелерін субисидиялау және ЕДБ
кредиттеріне кепілдік беру арқылы үш бағыт шеңберінде ШОБ субъектілеріне
қолдау көрсетеді:
17
1) моноқалалар,
шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер
кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2) экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын
кәсіпкерлерді салалық қолдау;
3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету.
1.3.4 Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді
жоспары
«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысына сәйкес Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған
кешенді жоспары бекітілді. Осы қаулы шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның
үш ЕҰ үлесін және «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – ҚИҚ) сегіз жобасын бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр, атап
айтқанда:
1) ҚТҚЖБ, ҚазақЭкспорт пен ТДҰА
10:
функцияның сәйкес саласында
кәсіби дағдылары бар стратегиялық және білікті инвесторға іске асыру
жоспарланды;
2) ҚИҚ: 2018 жыл мерзіміне дейін 8
11
жобаға қатысты қатысу үлесінің
толық көлемін іске асыру қарастырылуда.
10 ТДҰА 7 еншілес ұйымының үлесін жекешендіруді қоса алғанда: ««Алгоритм «Технопаркі» ЖШС,
«Технопарк Сары-Арқа» ЖШС, «Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС, «Алтай» Шығыс
Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС, «Тау-металлургия жабдығының конструкторлық бюросы» ЖШС, Көлік
машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС, «Мұнайгаз жабдығының конструкторлық бюросы» ЖШС.
11 ҚИҚ жекешелендірілетін жобаларының тізімі: «Орал металл конструкциялары мен мырыш жалату зауыты»
АҚ, «Досжан темір жолы» АҚ, «White Fish of Kazakhstan» АҚ, «МырзАбеК — АЛТЫН ТАС групп» АҚ,
«Раннила Қазақстан» АҚ, «Ертіс Химиялық-Металлургия зауыты» АҚ, «Pams Pipe» АҚ, «А-КБК» ЖШС.
Достарыңызбен бөлісу: |