2017 жылғы «1» маусымдағы №331 қаулысына



жүктеу 2,98 Mb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата14.11.2018
өлшемі2,98 Mb.
#20007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

12 

белгіледі.  Нәтижесінде  бір  күндік  РЕПО

9

  бойынша  мөлшерлеме  мөлшері     



2014 жылғы 5,5 %-дан 2016 жылдың соңына 12 %-ға дейін артты. 

                                       _______________________________    

   

 

 



10-сурет. «РЕПО» операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі 

мөлшерлемелерінің серпіні, пайызбен. 



Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайты  

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  базалық  мөлшерлемені 



арттыруы  теңгемен  өтімділіктің  және  экономиканы  коммерциялық  банктердің 

(бұдан  әрі  –  ЕДБ)  кредиттеу  көлемінің  қысқаруына  ықпал  етті.  Нәтижесінде, 

экономиканың  шикізаттық  емес  салаларын  қаржыландыру  негізінен 

мемлекеттік  даму  институттары  жүзеге  асырылды  және  2016  жылдың 

соңындағы  жағдай  бойынша  экономиканың  шикізаттық  емес  секторында 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  ұзақ  мерзімді  кредиттік  портфелінің  арақатынасы  81  % 

құрады. 

 

 



1.3 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары 

 

 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  өз  қызметінде  мемлекеттік  саясаттың 

индустриялық-инновациялық  даму,  ұлттық  өнім  экспортын  ілгерілету,  шағын 

және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту,  тұрғын-құрылыс  секторындағы  міндеттерді 

іске  асыру,  халықтың  әл-ауқаты  деңгейін  арттыру  саласындағы  негізгі 

бағыттарын,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметі 

қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады. 

Мемлекет  дамуының  негізгі  бағытын  айқындау  мақсатында  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  2014  жылғы  17  қаңтардағы  «Қазақстан 

жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында,  сондай-ақ  әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  кіру 

                                           

 



РЕПО мәмілесі – алдын ала белгіленген баға бойынша белгіленген мерзім  өткеннен кейін міндетті айналма 



сатылыммен бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі

 



13 

тұжырымдамасында  іске  асыру  Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған  елдері 

қатарына кіруіне ықпал ететін бес стратегиялық бағытты белгіледі: 

1)  адами  капиталды  дамыту  –  инновациялардың  басты  қозғалтқышын 

дамыту; 

2)  бизнес  пен  кәсіпкерлік  бастамалардың  дамуы  үшін  жағымды 

жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру; 

3)  ұзақ  мерзімді  перспективада  ғылымды  қажетсінетін  экономикаға 

ауысу  үшін  қажетті  салалық  база  қалыптастыруға  негізделген  кезеңді  тәсілді 

қабылдау жолмен экономика салаларын дамыту; 

4)  ұлттық  инновациялық  жүйе  құру,  инфрақұрылымды  жаңғырту  және 

энерготиімділікті  арттыру  арқылы  ғылымды  қажет  ететін  экономиканың 

инфрақұрылымын жеделдетіп қалыптастыру; 

5)  әлемдік және өңірлік экономикаға интеграциялауды терңедету. 

Әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына кіру  тұжырымдамасында 

ғылымды  қажетсінетін  экономиканың  басты  элементтері  –  инновациялар, 

инвестициялар мен кәсіпкерлік анықталған. 

Экономикалық  өсу  негізі  еңбек  өнімділігінің  ұзақ  мерзімді  өсуі, 

инновацияларды  дамыту,  өндіріс  пен  экспортты  әртараптандыру,  сондай-ақ 

сыртқы ресурстарды тарту және  ішкі ресурстарды белсенді пайдалану есебінен 

елдің бизнес-секторларын дамыту болуы тиіс. 

Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  жолы  –  2050»  Қазақстан  Халқына 

жолдау  және  Әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттері  қатарына  кіру 

тұжырымдамасы  негізінде  алдыға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізуге 

бағытталған  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар  жасалды.      Стратегия 

бекітілген  мезеттен  бастап  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар 

айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.                 2015 жылғы 6 сәуірде «Нұрлы 

Жол» бағдарламасы (2016 жылдың                      11 мамырында өзектендірілді) 

және  «Нұрлы  жер»  бағдарламасы  жасалды.    ИИДМБ  2016  жылдың  6 

қыркүйегінде  өзектендірілді  және  макроэкономикалық  жағдайдың  өзгеруіне 

байланысты жаңартылды. «БЖК – 2020» бағдарламасын іске асырудың бірінші 

кезеңінің  аяқталуына  байланысты  2015  жылғы                                          31  наурызда 

жаңартылды.  «БЖК  –  2020»  бағдарламасын  іске  асырудың  бірінші  кезеңінің 

аяқталуына  байланысты  2015  жылдың  31  наурызында  жаңартылды. 

Мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалардағы  аталмыш  өзгерістер 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ның  осы  бағдарламаларды  2017  жылдың  бірінші 

тоқсанында іске асыру бойынша міндеттерді өзектендіру барысында ескерілді. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2017  жылғы  31  қаңтардағы 

жолдауына  сәйкес  мемлекеттік  даму  бағдарламаларын  іске  асыру  бойынша 

оператор  болуы  тиіс  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  қайта  құру  керек.  Бұл  ретте  

жекеменшік атқара алатын функцияларды бизнеске беру бөлімінде «Бәйтерек» 

ҰБХ»  АҚ  функцияларын  өзектендіру  қажет.  Сондай-ақ  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  

бағдарламаларды  іске  асыру  үшін  мемлекеттік  емес  көздерден    алыс-беріс 

жасау керек.  




14 

1.3.1  Ұлт  жоспары – 100 нақты қадамды бекіту 

 

2015  жылғы  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Ұлт  



жоспарын жариялады. 

Ұлт  жоспарына  сәйкес  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  (Бәсекеге  қабылеттілік 

көшбасшылары  –  ұлттық  чемпиондар»  бастамасы  (бұдан  әрі  –  бастама)  

бойынша  экономиканың  шикізаттық  емес  салаларындағы  орта  бизнес 

көшбасшыларын  қолдауға  бағдарлана  отырып,    62-қадамды  орындауға 

қатысады. 

Бастама Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ өңірлік және 

халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттілік көшбасшысы бола алатын, өсу 

перспективасы  бар  отандық  бизнестің  табысты  кәсіпорындарын  айқындауға 

бағытталған. 

Қолдау  шаралары  үш  негізгі  бағыттан  тұрады:  қаржылық  қолдау, 

консалтингтік  қолдау  және  институционалдық  қолдау  (мемлекеттік 

органдармен өзара әрекет бойынша жұмысты үйлестіру). 

Қаржылық  қолдау  шеңберінде  бастама  қатысушыларына  «Бәйтерек» 

ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарының ішкі құжаттарына сәйкес олардың қаржы 

құралдарына қолжетімдік беріледі. 

Консалтингтік  қолдау  шеңберінде  консалтингтік  кәсіпорындарды  тарта 

отырып,  қызмет  тиімділігін  басқару  және  арттыру  саласында  озық 

тәжірибелерге қолжетімдікті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетіледі. 

Институционалдық  қолдау  жалпы  салалық  кедергілерді  жою  үшін 

бастамаға  қатысушы  кәсіпорындар  мен  мемлекеттік  органдар  арасындағы 

тиімді диалогқа бастама жасауға бағытталған. 

 

 

1.3.2  Жаңа  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар  –  «Нұрлы 



жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары 

 

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы 



жол» мемлекеттік бағдарламасы 

 

«Нұрлы  жол»  бағдарламасының  басым  бағыттарының  бірі  өңдеу 



өнеркәсібі  саласында  шағын  және  орта  бизнес  (бұдан  әрі  –  ШОБ)  пен  ірі 

кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  қаржыландыру  қолжетімдігін  арттыру  болып 

табылады.    

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  мен  оның  еншілес  ұйымдары  (бұдан  әрі  –  ЕҰ) 

«Нұрлы  жол»  бағдарламасы  шеңберінде  негізгі  міндеттерді  іске  асыру  үшін 

тартылуы мүмкін: 

1) тиімді  көлік-логистикалық  инфрақұрылым  құру  міндеті  шеңберінде 

«Kazakhstan  Project  Preparation  Fund»  ЖШС  (бұдан  әрі    –  KPPF)  жобалық 

құжаттаманы  дайындау,  мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  жобаларын 



жүктеу 2,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау