Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы «1» маусымдағы
№ 331 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы
1
Кіріспе
2
1
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Сыртқы
ортаны талдау
4
1.1
Бәсекеге қабілеттілік индексі мен негізгі субиндекстер серпіні
4
1.2
2016 жылы және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылған сәтіне үш жылдық
кезеңдегі макроэкономикалық факторлардың серпіні
10
1.3
Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
12
1.3.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды бекіту
14
1.3.2
Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – «Нұрлы жол» және
«Нұрлы жер» бағдарламалары
14
1.3.3
Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК
– 2020» бағдарламасы
16
1.3.4
Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары 17
2.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ағымдағы жағдайын талдау: Ішкі ортаны
талдау
18
2.1
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы
18
2.2
ҚТК және SWOT атқарылуын талдау
20
3.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның миссиясы мен пайымы
27
4.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның стратегиялық даму бағыттары
28
4.1 1-стратегиялық қызмет бағыты. Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті
қолдау
28
4.2 2-стратегиялық қызмет бағыты. Шағын және орта бизнес сегментінде
кәсіпкерлікті қолдау
32
4.3 3-стратегиялық қызмет бағыты. Тұрғын үйдің қаржылық
қолжетімділігімен қамтамасыз ету
37
4.4 4-стратегиялық қызмет бағыты. Экспорттық әлеуетті ұлғайту
41
4.5 5-стратегиялық қызмет бағыты. Трансферт және инновацияларды
енгізу
43
4.6
Дамудың бес бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттер 46
4.6.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлестерін ұлғайту
46
4.6.2
ЕҰ қызметтерінің портфелін қайта қарау (өлшемшарттар)
52
4.6.3
Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан Директорлар кеңестері
мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру
53
4.6.4
Жаңа құзыреттерді және жұмыстың ұйымдастырылу әдістерін құру 59
5.
2023 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның ҚТК және көрсеткіштерді
есептеу әдіснамасы
65
Қосымша
80
2
Кіріспе
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) «Даму институттарын
1
, қаржы ұйымдарын басқару
жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
22 мамырдағы № 571 Жарлығына және «Даму институттарын, қаржы
ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту
жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына сәйкес құрылды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының
Үкіметі болып табылады.
Іске асырылуына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысатын мемлекеттік
бағдарламаларда 2015 – 2016 жылдары болған бірқатар өзгерістерге, сондай-ақ
бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты 2017 жылы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674
қаулысымен бекітілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға
арналған даму стратегиясын» (бұдан әрі – Стратегия) өзектендіру жүргізілді:
1) экономикалық өсімнің баяулауы: қолданыстағы Даму стратегиясына
сәйкес 2016 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің нақты өсімі 5,8 %
деңгейінде болжанды; ал нақты 1,0 % болды;
2) жоғары
шикізат бағалары циклінің аяқталуы 10-15 жыл
перспективада төменгі деңгейдің сақталуы күтіледі;
3) Мемлекет басшысының Жолдауларын, мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларды іске асыруға қатысу:
1 Даму институттары дамушы елдердегі жеке сектордың дамуын қолдау үшін құрылған мамандандырылған
даму банктерін білдіреді. Бұл институттар, әдетте, үкіметке тиесілі және ұлттық немесе халықаралық даму
қорларынан немесе олардың кредитке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік кепілдіктерді
пайдалану арқылы қаржыландырылады және капиталдың халықаралық нарықтарында үлкен сомадағы ақшаны
өте тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік береді. Даму банктері мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін
пайдалана отырып, экономиканың өсуін, инновациялық процестерді және инфрақұрылымның дамуын
ынталандыратын мемлекеттік саясат құралдарының бірі болып табылады. Даму институттарының негізгі
мақсаты – тұрақты экономикалық өсу мен экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін нарықтық
тетіктермен оңтайлы іске асырыла алмайтын міндеттерді шешу үшін «нарықтың құлдырауын» болдырмау.
Даму институттары экономиканың басым секторлары мен салаларындағы жеке инвестициялар катализаторы
ретінде, экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажетті қаржылық және
ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жағдайлар
жасайды. (Дереккөз: ОБСЕ)