6
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Соңғы жылы
индекстің
өзгеру
2
пайызбен
Мемлекеттік борыш
ЖІӨ-ден %-бен
6
6
13
11
7
12
14
14
11
12
17
-5
Елдің кредиттік
рейтингі
-
-
-
-
73
69
57
53
48
54
62
-8
3-сурет. «Макроэкономикалық орта» факторы бойынша Қазақстан Республикасы
экономикасының бәсекеге қабілеттілік индикаторларының 2006 – 2016
3
жылдар кезеңіндегі
серпіні.
Дереккөз: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы ДЭФ есебі
1) Бюджеттік теңгерім ЖІӨ-ден %-бен
4-сурет. Қазақстанның 2005 – 2016
4
жылдар кезеңіндегі бюджеттік теңгерімі, ЖІӨ-нің %-мен
Дереккөз: «Әлем экономикасының даму перспективасы» ДЭФ деректер базасы
Бұл индикатор бойынша жағдайдың нашарлауы негізінен шикізат
ресурстарына бағаның елеулі төмендеуі салдарында 2014 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы Ұлттық қорға түсімнің 53 % қысқаруы себебінен
3
Белгілң бір жыл үшін бәсекеге қабілеттілік индикаторлары бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштер бойынша
нақты деректерге негізделген. Айталық, 2016 жылғы «ЖІӨ-ден % бюджеттік теңгерім» индикаторын есептеу
үшін 2016 жылғы сәуірде «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» ХВҚ деректер базасында
жарияланған 2015 жылғы бюджеттік теңгерім бойынша нақты деректер пайдаланылған.
4
2016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда «Әлемдік экономиканың даму перспективалары»
ХВҚ деректер базасынан алынған.
7
болды. Шикізат ресурстарына бағаның төмен болуы заңды тұлғалардан – мұнай
секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша салық
түсімдерінің 54 %-ға, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы қазбаларды
өндіру салығы бойынша 52 %-ға, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін
экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатының ренталық салығы бойынша 69
%-ға және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін Өнімді бөлу туралы бекітілген
келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің 27 %-ға қысқаруына
әкеліп соқты. Сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін
қосылған құн салығы 21 %-ға және халықаралық сауда мен сыртқы
операциялар салығы 17 %-ға қысқарды. Ең аз дәрежедегі бюджет тапшылығы
мемлекеттік шығыстарды, оның ішінде әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға,
көлікке, коммуникация және борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстарды
арттыруға байланысты.
Осы тренд жалғасқан жағдайда (мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі
мен Ұлттық қор қаражатының қысқаруы) мемлекеттік шығыстарды, оның
ішінде мемлекеттік бағдарламаларды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес
ұйымдары (бұдан әрі – ЕҰ) арқылы қорландыруды елеулі қысқарту қажет
болады. Егер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен оның ЕҰ қызметті мемлекеттік
қорландыру көзін ішкі және сыртқы капитал нарығынан қорландырудың
балама
көздерімен
алмастыра
алмаса,
онда
өңдеу
өнеркәсібін,
экспорттаушыларды және тұрғын үйге қолжетімділікті қолдау көлемінің
қысқартылуы мүмкін, бұл экономика өсімінің баяулауына әкеп соғады.
2011 – 2016 жылдары экономиканың шикізаттық емес секторларының негізгі
капиталына инвестициялар көлемі ЖІӨ шаққанда орта есеппен 11 – 12 %
құрады, оның жартысына жуығы мемлекеттік және квазимемлекеттік
қаржыландыру көздеріне жатады. Мемлекеттік қолдау төмендеген жағдайда,
экономикаға инвестициялар айтарлықтай қысқарады, бұл өз кезегінде, елдің
ЖІӨ қысқаруына әкеліп соғады.
2) Жалпы ішкі жинақ ЖІӨ-ден %-бен
8
5-сурет. 2005-2016
5
жылдар кезеңіндегі жалпы жинақ ЖІӨ-ден %-бен
Дереккөз: «Әлем экономикасының даму перспективасы» ДЭФ деректер базасы
Осы көрсеткіш 2014 – 2015 жылдар кезеңінде экономиканың мұнай
секторынан түсетін табыстың қысқаруына байланысты азайды. Ішкі жинақтар
әрі қарай қысқарған жағдайда, экономиканың өсімі сыртқы немесе мемлекеттік
салымдар болмағанына байланысты қосымша шектелетін болады.
3) Инфляция, өзгерістер, %-бен
6-a-сурет. 2005-2016
6
жылдар кезеңіндегі инфляция деңгейінің өзгеруі, пайызбен
Дереккөз: «Әлем экономикасының даму перспективасы» ДЭФ деректер базасы
Ұлттық валютаның девальвациясына қарамастан, елде мемлекет тауарлар
мен тұтынушы қоржынының көрсетілетін қызметтеріне бағаның өсуін белсенді
ұстап тұруына байланысты орташа жылдық инфляция 2014 – 2015 жылдар
кезеңінде айтарлықтай өзгерген жоқ.
Жоғары инфляция, жергілікті мемлекеттік және жеке қаржыландыру
болмаған жағдайда Қазақстан экономикасының даму қарқынын бәсеңдете
отырып, үлестік және борышқорлық шетелдік қаржыландыруды тартуға кедергі
жасайды. 2016 жылғы инфляция деңгейі (ДЭФ сәйкес болжамды мән – 13,1 %)
Қазақстан экономикасына шетелдік қаржыландыруды тартуды айтарлықтай
шектеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі –
ҚР ҰЭМ) деректеріне сәйкес елдегі инфляцияның біраз айырмашылығы болды,
оның шырқау шегі 2015 жылы болды және 2016 жылы нысаналы 6-8 % мәнінен
айтарлықтай ауытқулар болған жоқ.
5 2016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда «Әлемдік экономиканың даму перспективалары»
ХВҚ деректер базасынан алынған
6 2016 жыл үшін болжамды деректер 2016 жылғы қазанда «Әлемдік экономиканың даму перспективалары»
ХВҚ деректер базасынан алынған.