60
еңбек өнімділігін жоғарылату, шикізат емес экспорттың көлемін ұлғайту,
тұрғын үй қолжетімділігін ұлғайту).
Дамудың өзекті мәселелері бойынша шешімдерді қабылдаудың қарқынды
процесі оң тәжірибені зерделеуде және жалпыламалауда негізделген жүйелік
білімдерді талап етеді. Талдау орталығы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және оның
ЕҰ-ның қызметіне сараптамалық қолдаумен қатар, ақпараттық және
консультациялық қолдауын көрсету мүмкін.
Талдау орталығының негізгі міндеттері мыналар болуы мүмкін:
1) дамудың мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сондай-ақ
макроэкономикалық және салалық деректердің кеңейтілген талдау негізінде
экономиканың дамуын қолдауында басымдылықтарды айқындау;
2) ЕҰ жобаларының «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басымдылықтарына
сәйкестігінің верификациясы және олардың макроэкономика деңгейінде
негіздеу;
3) клиенттер деректерінің бірыңғай базасының негізінде клиенттерді
кешенді қолдау арқылы синергияны айқындау (CRM);
4) дамудың салыстыру институттарымен салыстырма талдауды қоса
алғанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және оның ЕҰ қызметінің нәтижелілігін
талдау.
Талдау орталығының жұмысы нәтижелерінің мысалдары тиісінше
мынадай болу мүмкін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканы дамытудың
мемлекеттік бағдарламалары бойынша ұсыныстар;
2) қолдаудың
перспективалық
бағыттары
бойынша
әлеуетті
инвесторлармен коммуникация;
3) әртүрлі ЕҰ құралдарының кросс-сатуымен клиенттердің кешенді
қолдауын құрылымдау нұсқалары;
4) ЕҰ нақты жобаларының «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басымдылықтарына
сәйкес келуін растау және Қазақстан Республикасы экономикасының
мәнмәтінде олардың орындылығын бағалау;
5) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және ЕҰ-ның ҚТК бойынша және олардың
оңтайлы нысаналы мәндері бойынша ұсынымдар.
«Бір терезе» қағидаты бойынша клиенттерді кешендік қолдау
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ клиентке бағдарланған тәсілді дамыту шеңберінде
қадамдардың бірі ретінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымы және кешендік
шешімдерді ұсыну арқылы клиенттермен жұмыс деңгейін ұлғайту мақсатында
«бір терезе» (one-stop-shop) қағидатын енгізуді жоспарлайды.
«Бір терезе» қағидаты талдау орталығы негізінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
деңгейінде кешендік қолдауды қалыптастыруын көздейді. Бұл ретте тікелей
іске асыру және кешенді қолдау құралдарын ұсыну қосымша адам ресурстарын
жұмылдырусыз процесті әкімшілендіру шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
тарапынан шектеулі жұмылдырумен ЕҰ деңгейінде жүргізілетін болады.
61
Кәсіпкерлікті кешенді қолдауды іске асыру
Төменде келтірілген мысал кешенді қолдау үлгісі болу мүмкін:
1) жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаны құрылымдау – KPPF;
2) қарыздық
және жобалау қаржыландыру, лизинг – ҚДБ;
3) үлестік қаржыландыру – ККМ;
4) экспорттық келісімшарттарды сақтандыру – ҚазақЭкспорт.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға жұмыстың осы қағидатын іске асыру мақсатында
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ деңгейінде ЕҰ келіп түсетін барлық клиенттік
өтінімдерді қадағалауға және клиенттердің сұраныстарына ықпал етуге
мүмкіндік беретін тиімді CRM-жүйе талап етіледі. Осы жүйені 2017 жылдың
соңына дейін енгізу жоспарлануда.
Жобалық кеңсе форматында көлденең, икемді ұйымдастыру
Икемді ұйымдастыру құрылымы – бұл көптеген ұйымдарда
қолданылатын бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы әдісі. «Икемді
ұйымдастыру» термині (ағылш. Agile) «әзірлеудің икемді әдіснамасы»
бағдарламалық қамтуды құру бойынша ақпараттық технологиялар терминінен
туындаған. Бұл командалық өзара іс-қимыл жасау, жылдамдық, тапсырыс
берушілермен формализмнің жоқтығы және іс-қимылдардың бастапқы
жоспарын өзгерту икемділігі қағидаттарында құрылатын тәсілдер жиыны.
Белгіленген мерзімдерде алынған жұмысқа қабілетті өнім нәтижеліктің басты
өлшемшарты болып табылады. Бұл құрылымды құрудың негізгі қағидаттары:
Көлденең, икемді ұйымдастыру құрылымы: көлденең икемді
ұйымдастыру құрылымы тік құрылымға қарағанда иерархия деңгейлерінің аз
санын болжайды. Осы тәсіл ұйым қызметінің қарқындылығын арттырады,
шығындарды төмендетеді, тиімділікті арттырады және шешімдерді қабылдау
уақытын үнемдейді. Қандай да бір міндетті орындау үшін барлық қажетті
дағдыларына, құралдарына ие кросс-функционалдық команда негізгі жұмыс
бірлігіне айналады. Ұйымның функционалдық басшылары бір мезгілде бірнеше
пәрмендердің нәтижелеріне жауап беру мүмкін.
Міндетті шешуге бағытталған қысқа мерзімді тапсырмалар: Жұмыс
процесі 2-3 аптадан аспайтын қысқа айналымдарға бөлінеді. Әр айналым
аяқталған соң аралық қорытындылар шығарылады. Командалар сол қарқында
одан әрі жұмысқа уәжделенеді. Жұмыс процесі тұрақты кері байланысқа
негізделеді. Жұмыстың осы әдісі команда шешімді дайындаған, бірақ оны
дайындаудың ұзақ кезеңі нәтижесінде өз өзектілігін жоғалту жағдайының
алдын алады.
Бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастыру
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобын қажетті біліктіліктері мен талап етілетін
уәждемесі бар қажетті адам ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастыру және енгізу