2017 жылғы «1» маусымдағы №331 қаулысына



жүктеу 2,98 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата14.11.2018
өлшемі2,98 Mb.
#20007
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

53 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  қызметінің  бес  бағытында  (ірі  бизнес  сегментінде 

кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау, 

тұрғын  үй  қолжетімділігін  ұлғайту)  тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  ЕҰ  қызметі 

портфелін оңтайландыру және олардың  2023 жылға дейін болашақта одан әрі 

дамуын  айқындау  бағытында  жұмыс  істейтін  болады.  Бұл  ретте,  «Бәйтерек» 

ҰБХ»  АҚ  қызметтерінің  нысаналы  портфелін  қалыптастыру  кезінде  мынадай 

өлшемшарттарға бағдарланатын болады: 



Қызметтердің қайталануының болмауы 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  ішіндегі  қызметтердің,  сондай-ақ  басқа 

ұйымдардың  қызметтерімен  қайталануы  тиісті  ұйымдар  арасындағы  қызмет 

нәтижелері  үшін  жауапкершіліктің  бөлуіне  қатысты  түсініссіздікке  әкеледі. 

Функциялары  қайталанатын  жағдайларда  –  функцияны  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ 

ЕҰ-ның  бір  ғана  құзыреті  ретінде  орталықтандыратын  немесе  басқа 

мемлекеттік  органдарда  функцияларды  орталықтандыру  шеңберінде  оны 

орташа мерзімді не ұзақ мерзімді перспективада қысқартатын болады. 



Даму институты рөлінің сәйкестігі 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалардың 

қаржы    операторы  болып  табылады,  бұл  ретте  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  ЕҰ-ның 

функциялары оның рөліне және миссиясына сәйкес келуі тиіс. 



«YellowPages» қағидаттарына сәйкес келуі 

Мемлекеттің  экономикадағы  қатысу  үлесін  қысқарту  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  үшін  басым  міндеттерінің  бірі  болып  табылады. 

Аталған  міндетке  сәйкес  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ның  ЕҰ  жеке  секторда 

жеткілікті  көлемде  және  деңгейде  іске  асырылатын  функцияларды  жүзеге 

асырмауы тиіс. 

 

 

4.6.3  Басқару 

функцияларын 

корпоративтік 

орталықтан 

Директорлар  кеңестеріне мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру 

 

Әлемдік  тәжірибеде  корпоративтік  орталығы  жұмысының  негізгі  төрт 



моделі бар: 

Холдингтік 

құрамы: 

корпоративтік 

орталықтың 

тарапынан 

жұмылдырудың  ең  аз  деңгейімен  бизнестің  әртүрлі  үлгілерімен  портфельдік 

басқаруы, көбінесе қаржы көрсеткіштерінің мониторингінде жұмылдырылған; 



Стратегиялық  сәулетші:  қызметінің  ұқсас  бағыттарымен  бизнестер 

үшін  басқару  құрылымы.  Корпоративтік  орталық  бірыңғай  стандарттарды 

белгілейді  және  ЕҰ  арасындағы  байланысты  қамтамасыз  етеді,  бірақ,  ЕҰ 

басшылығына операциялық бақылауды ұсынады; 



Стратегиялық  бақылаушы:  ұқсас  операциялық  модельдермен 

бизнестер үшін басқару құрылымы. Бизнес процестерді кейін бақылай отырып,  

ЕҰ  арасындағы  бизнес  процестерді  стандарттау  мақсатында  корпоративтік 

орталықты тарту; 




54 

Оператор: 

ұқсас 


бизнес 

модельдерімен 

басқару 

құрылымы. 

Корпоративтік орталық бизнестерді басқаруға белсенді тартылады. 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ның  қолданыстағы  құрылымының  бірегейлігін 

ескере отырып, қызметтің бес стратегиялық бағытында корпоративтік орталық 

жұмысының  бірыңғай  моделін  айқындау  оңтайлы  шешім  болып  табылмайды, 

себебі  корпоративтік  орталық    бес  бағыттың  әрқайсысында  тартудың  алуан 

түрлі деңгейлерін іске асырады.   

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ-ның  қолданыстағы  құрылымы  корпоративтік 

орталықпен 

басқару 

функцияларының 

тек 

шектеулі 



жиынтығында 

құндылықтардың құруын көздейді, оған мыналар кіреді: 



Қазынашылық/қорландыру:  осы  функцияның  орталықтандырылуы 

қазір жүзеге асырылуда және екі мақсатты көздейді – бар өтімділікті пайдалану 

тиімділігін  арттыру  және  қарыздық  қаражаттарын  жұмылдыру  құнын 

оңтайландыру.  

Ағымдағы  өтімділікті  пайдалану  тиімділігін  арттыру  шеңберінде, 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қажет болғанда, уақытша бос ресурстарды ЕҰ арасында 

қайта бөлуге тиіс. 

Қарыздық  қаражаттарды  жұмылдыру  құнын  оңтайландыру  шеңберінде 

«Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ  қолда  бар  кредиттік  рейтингке,  оның  ішінде  кредиттік 

рейтингі  жоқ,  бірақ  қарыздық  жүктемесінің  ұлғаюына  әлеуеті  бар  ЕҰ  үшін 

неғұрлым арзан қорландыруды жұмылдыра алады деп болжануда.  

Портфель деңгейінде тәуекелдерді басқару: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ осы 

функцияны  жүзеге  асырады  және  портфель    деңгейінде  шоғырланған 

тәуекелдерді басқару кезінде құндылықты, атап айтқанда, валюталық, кредиттік 

және  пайыздық  тәуекелдерге  қатысты    құрайды.  «Бәйтерек»  ҰБХ»  АҚ 

деңгейінде шоғырланған тәуекелдерді басқару кредиттік тәуекелдердің әртүрлі 

ЕҰ-да 


қандай 

да 


бір 

контрагенттерді 

(немесе 

салаларды) 

қаржыландыру/инвестициялау  кезінде  бүкіл  портфель  деңгейінде  кредиттік 

тәуекелдің  шоғырлануын  болдырмауға  мүмкіндік  береді.  Бұдан  басқа, 

шоғырланған көзқарас «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның  активтері 

мен  пассивтерінің  арасында  валюталық  және  пайыздық  теңгерімсіздікті 

неғұрлым нақты айқындауға, тиісті тәуекелдерді уақтылы басқаруға мүмкіндік 

береді. 


Мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-қимыл  жасау:  «Бәйтерек»  ҰБХ» 

АҚ  қазір  осы  функцияны  ішінара  іске  асыруда  және  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі  атынан жалғыз акционермен  өзара іс-қимыл жасау 

функцияларына  қосымша  ретінде  мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-қимыл 

жасау бойынша бір терезе рөлін атқару есебінен одан да көп құндылықты құра 

алады. Орталықтандыру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның барлық ЕҰ бойынша келіп 

түсетін сұрау салуларды үйлестірілген түрде өңдеуге мүмкіндік береді. 

Басқарудың  қалған  функциялары  едәуір  дәрежеде  корпоративтік 

басқарудың күшейтілген жүйесі арқылы  ЕҰ-да іске асырылады, бұл ретте: 



жүктеу 2,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау