Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Аналитикалық химия пәнінен есеп шығару әдістемесі» «5В0011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



жүктеу 1,01 Mb.
бет1/4
Дата01.01.2018
өлшемі1,01 Mb.
#6483
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«Аналитикалық химия пәнінен есеп шығару әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Аналитикалық химия пәнінен есеп шығару әдістемесі»


«5В0011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013
Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

26

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


  1. Глоссарий





  1. Аналитикалық реакция – талдау жасау үшін реакциялар жүргізілген кезде өзгерістердің болуы.

  2. Аналитикалық реакцияның сезгіштігі – берілген реактив көмегімен анықталатын заттың (ионның) ең аз мөлшерінің белгілі жағы.

  3. Анықталған минимум – белгілі жағдайда белгілі реагенттің көмегімен анықтауға болатын заттың (ионның) ең аз мөлшері.

  4. Активтілік – химиялық реакция кезінде ионның әсер ету шамасының шартты концентрациясы.

  5. Активтілік коэффицент – ертінді болатын барлық өзгерістерді,

  6. Аниондар – теріс зарядты иондар.

  7. Алкалиметрия- қышқылды анықтау әдісі.

  8. Ацидиметрия- негізді анықтау әдісі.

  9. Ауксохромдар- зат (бряу) интенсивтілігін арттыратын топтар.

  10. Адсорбциялық индикаторлар- эквивалент нүктесіне жеткенде,тұнба бетіне түс бере адсорбцияланатын индикаторлар.

  11. Бөлшектеп талдау – кез – келген ретпен зерттелетін ертіндінің жеке бөлігінен спецификалық реакцияның көмегімен ионды анықтау.

  12. Бүркеу – анықталатын ионға бөгет жасайтын иондарды мықты комплекстерге айналдыру арқылы әсерін басу.

  13. Буфер ертіндісі – қышқылды не сілтіні белгілі шамада қосқанда, не сұйылтқанда сутегі ионының концентрациясының тұрақтануы немесе өте аз шамаға өзгеретін ертінді.

  14. Бюкс- аналитикалық таразыда анықталатың затты өлшейтін шыны ыдыс.

  15. Бастапқы (стандартты) заттар- титрі дайындалған ерітінді алу үшін қолданылатын заттар.

  16. Бастапқы ерітінді- жұмыс ерітіндісінің титрін және нормальдылығын анықтайтын ерітінді.

  17. Гидрозоль – аз шамаға өзгеретін ертінді ортасы су болатын коллоидты жүйе.

  18. Гидролиз – зат суда ерігенде сумен алмасу реакциясына түсіп рН өзгерте ыдырауы.

  19. Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалар саны мен ертіндідегі жалпы молекулалар санының ара қатынасы.

  20. Гидролиз константасы – гидролиз процесінің жүру тереңдігін көрсететін шама.

  21. Гравиметриялық талдау- салмықтық немесе таразылық талдау, қоспаның немесе қосылыстың қурамына кіретін компонент мөлшерін анықтауға негізделген.

  22. Гигроскопиялық ылғал – зерттелетін зат болшелектерінің сіңірген ауа құрамындағы су буы.

  23. Грамм- эквивалент- берілген реакциядағы заттың 0,5 моль немесе 1г-ион сутегіне сәйкес келетін эквивалент мөлшері.

  24. Индикаторлы электрод- потенциалы бойынша анықталатын ионның концентрациясын білетін электрод.

  25. Дисперсті орта – заттың ұсақ бөлшектері таралған орта.

  26. Дисперсті жүйе – бір заттың өте ұсақ бөлшектерінің басқа затта біркелкі таралуынан түзілетін жүйе.

  27. Дайындалған титрлі ерітінді немесе (стандартты ерітінді)- затты дәл өлшен алып, көлемі белгілі колбада еріту арқылы дайындалған ерітінді.

  28. Ерітінді – бірнеше компоненттерден тұратын жүйе.

  29. Ерігіштік – заттың суда немесе басқа бір ерігіште еруі.

  30. Ерігіштік көбейтінді – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ертіндісіндегі иондардың ертіндісіндегі иондардың концентрациясының көбейтіндісі.

  31. Ертіндінің иондық күші – ертіндіге барлық ионның сарасындағы электростатистикалық әрекеттесу мәні болатын шама.

  32. Жеке реакция - әр түрлі реактивтердің белгілі бір ионмен ғана қосылыс түзуі.

  33. Жүйелі талдау – топтарға бөлу арқылы жіктеп анықтау.

  34. Жүзгіндер – қатты бөлшектерінің үлкендігі 100 нм болатын дисперсті жүйелер.

  35. Жүйе – сыртқы ортадан бөлінген, реакцияға түсе алатын заттары бар бөлік.

  36. Жұмыс ерітіндісі- титрметриялық анықтаулар жүзгізетін, ерітіндідегі анықталатын заттың ммөлшерін анықтауға қолданылатын ерітінді

  37. Коагуляция – ертіндідегі бөлшектердің бір – бірімен бірігіп үлкен бөлшекке айналып тұнбаға түсуі.

  38. Катиондар – оң зарядты иондар.

  39. Кірне – коллоидты ертінділер.

  40. Комплексондар- аминополикарбон қышқылдырының туындылары, органикалық қосылыстар.

  41. Қосарлана тұнбалану- басқа кір қоспасының тұнбамен бірге тұнбаға түсуі.

  42. Құрғақ талдау – қатты заттармен жүргізіледі

  43. Лиофильді – коллоидты бөлшектер дисперсті ортамен мықты әрекеттесіп тұрақты коллоидты түзетін ертінді.

  44. Лиофобты – дисперсті ортамен әрекеттеспейтін ұнтақ кристалдар тәрізді өнім түзетін коллоидты ертінді.

  45. Лиганды – комплекс түзуші элементтің айналасындағы теріс зарядталған аниондар мен электронейтралды молекулалар.

  46. Макроәдіс – зерттелетін ертіндінің 10 – 100 мл, құрғақ заттың 1 – 10 г мөлшерімен жүргізілетін талдау әдісі.

  47. Микроәдіс – ертіндінің 0,1 мл құрғақ заттың 1 мг мөлшеріммен жүргізілетін талдау әдісі.

  48. Мицелла – диффузиялық қабаттағы қарсы ионымен бірігіп түзілетін коллоидты бөлшек.

  49. Микрокристалоскопиялық әдіс – реакция нәтижесінде түзілген кристалдардың пішіні, түсі, жарық сындырғыштық қасиетін микроскоп арқылы анықтау.

  50. Минимальды көлем – анықталатын ионның ашылатын минимумы болатын ертінді көлемі.

  51. Маскировка – анықталатын ионға бөгет болатын иондарды тұрақты комплекстік қосылыстарға айналдырып әсер етуін жасыру.

  52. Нормальдылық- 1л ерітіндідегі еріген заттың грамм-эквиваленті.

  53. Окклюзия- басқа қоспалардың анықтайтын тұнбамен ішіндік бірге тұнбалануы.

  54. Өлшеу формасы- талдаудың дәл анық нәтижесін алу үшін соңғы өлшелейтін қосылыс.

  55. Пирохимиялық талдау – зерттелетін затты оттың жалынында қыздыру.

  56. Пептизация – тұнбаны жуған кезде бөлініп коллоидты күйге түсуі.

  57. Реагент – зерттелетін затқа химиялық өзгеріс тудыратын зат (реактив)

  58. Редокс-индикатор- редокс потенциалының белгілі бір мәнінде түсін өзгертетін индикаторлар.

  59. Сутектік қате- ерітіндіде сутегі ионының артық мөлшерінің болды.

  60. Сапалық талдау – анықталатын заттың құрамына кіретін жеке элементтерді немесе иондарды анықтау.

  61. Сандық талдау – анықталатын заттың құрамына кіретін компоненттердің мөлшерін концентрациялық массасын анықтау.

  62. Селективті реагент – бірнеше элементтермен, ионмен ұқсас реакциялар беретін реактивтер.

  63. Спецификалық реагент – басқа иондардың, элементтердің қатысында тек анықталатын ионмен реакция беретін реактив.

  64. Стандартты потенциал – 1н өз тұзының ертіндісіне матырылған метал потенциалы.

  65. Талдау – бөлшектеу, ыдырату, бөлу.

  66. Топтық реагент – күрделі қоспадағы бір топ иондарына әсер ететін реактив.

  67. Титр- 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм мөлшері.

  68. Титрлеу-концентрациясы белгілі ерітіндіні концентрациясы белгісіз ерітіндіге ( немесе керісінше) қосу.

  69. Тұнбалану (тұндыру) формасы- анықталатын компоненттің еріндіден аз еритін қоспаға түскен тұнбасы.

  70. Тұндыргыш- анықтайтын затты тұнбаға түсіретін реагент.

  71. Тұнбаның пісіп жетілуі- тұнбаны біраз уақыт қойғанда ұсақ кристаллдардын еріп, ірі кристалдарға айналуы.

  72. Тигель-затты, жоғарғы температурада қыздыруға, күйдіруге арналған фарфор ыдыс.

  73. Титрленген жұмыс ерітіндісі (титрант)- концентрациясы нақты белгілі ерітінділер.

  74. Титрі тағайындалған ерітінді- титрі белгілі ерітіндімен титрлеу арқылы анықталған ерітінді.

  75. Титрлеу көрсеткіші - берілген индикатормен, титрлеу аяқталғандағы рН мәні.

  76. Титрлеудің индикаторлық қатесі-* қолданылған индикатордың титрлеу корсеткішінің, эквивалент нүктесінде рН мәнімен сәйкес келмеуі.

  77. Титрлеудің негіздік қатесі- титрлеуді аяқтағаннан кейін ерітіндіде әлсіз негіздің нейтраль молекуларының болуы.

  78. Титрлеудің қышқылдық қатесі- ерітіндіде әлсіз қышқылдың нейтраль молекуларының болуы.

  79. Титрлеу қисығы- қышқыл мен негіздің нейтральдану мөлшері бойынша ерітіндінің рН-ының өзгеруін карсететін сызба.

  80. Тұздану эффект – аз еритін тұздардың ертіндісіне, басқа күшті электролит қосқан уақытта ерігіштігінің артуы.

  81. Флуорисценттік әдіс – талдайтын затқа ультракүлгін сәулесін түсіргенде кейбір қосылыстарды өзіне тән жарқырауы арқылы анықтау.

  82. Фаза – физиялық құрамымен қасиеті бір, жүйенің басқа бөлшкетерінен

  83. Фильтрат – тұнбадан бөлінген сұйық.

  84. Фиксанал (стандар-титр) - химиялық таза қатты заттардан массасы дәл өлшеп алынған зат немесе 1 л (көбінесе) 0,1 н ерітінді дайындау үшін ерітінділерінен дәл өлшеп алынған ерітінді қөлемі.

  85. Хромофорлар - органикалық қосылыстардын түс өзгерісі тікелей байланысты болатын молекуларындағы ерекше атом топтары.

  86. Центрифуга – ерітіндіден тұнбаны бөлетін құрал.

  87. Центрифугат – тұнбадан бөлінген ертінді.

  88. Шекті концентрация – анықталатын ион массасының сондай бірлікпен алынған ең көп еріткіш массасына қатысты.

  89. Шекті сұйылты – анықталатын ионның 1г сулы ертіндінің қанша мөлшерінде екені көрсетіледі.

  90. Эквивалент жүктесі- тирлеу барысында тирленетін ерітіндінің түсінің өзгеруіне (немесе басқа да өзгерістерге) байланысты реакцияның аяқталу моменті.


2. Дәріс

№1,2,3 дәрістер



Сапалық талдау пәні және әдістері.

Мақсаты: Пәннің міндеттерімен, әдістерімен таныстыру.

Сапалық талдаудың әдістерімен реакцияның сезімталдығы, оның көрсеткіштері оны есептеу жолдарымен, ертіндідегі ионды анықтаудың шарттарымен таныстыру. Талдаудың сульфидті, қышқылдық – негіздік жүйесімен, аммиакты- фосфатты жіктелу жолымен таныстыру.

Басты сұрақтары:


  1. Аналитикалық химия пәні.

  2. Сапалық талдаудың әдістері.

  3. Реакцияның сезімталдығы, оның көрсеткіштері.

  4. Жеке және жалпы аналитикалық реакциялар, топтық реагенттер.

  5. Катиондардың аналитикалық топтары.

  6. Қышқылды – негіздік жүйе бойынша талдау.

Аналитикалық химия пәні заттың құрамын сапалық және сандық

түрде анықтау әдістерін оқытатын пән. Сондықтан бұл пән сапалық талдау және сандық талдау болып екіге бөлінеді.

Заттың құрамын анықтау – заттың қандай элементтер, иондар, молекулалардан тұратынын білу. Ол сапалық талдау бөлімінің міндеті болса, заттың құрамына кіретін компоненттердің мөлшерін анықтау сандық талдаудың үлесіне тиеді

Талдау барысындаі: заттың құрамын зерттеу кезінде бірінші сапалық талдау, кейін сандық талдау жүргізіледі.

Сапалық талдау әдісі:



  1. химиялық әдіс;

  2. физикалық әдіс;

  3. физико – химиялық әдіс; балып бөлінеді

Химиялық талдау әдісі – зерттелетін затты өзіне тән қасиеті бар

қосылысқа айналдырып, сол қасиет бойынша элементтің құрамын анықтауға негізделген.

Физикалық талдау – анықталатын заттың физикалық қасиеттерін (оптикалық, магниттік, электрлік т.б.) зерттеулерге негізделген.

Физико – химиялық талдау – химиялық реакция кезінде болатын физикалық құбылыстарды (ертінді түсінің концентрацияға байланыстылығы, адсорбцияға қабілеттілігі, электр өткізгіштік мәнін білу, т.б.) зерттеулерге негізделген.

Сапалық аналитикалық реакциялар орындалу тәсіліне байланысты «сулы», «құрғақ», болып екігге бөлінеді. Сапалық талдауда реакцияны көбінесе «сулы» ортада жүргізеді, себебі реакция кезіндегі өзгерістер ертінді түсінің өзгеруі, тұнбаның түсуі, еруі, газдың бөлінуі жақсы көрінеді.

Заттың мөлшеріне, көлеміне және орындалу техникасына байланысты сапалық талдаудың химиялық әдісі макро-, микро-, полумикро-, ультрамикро-, талдаулар болып бөлінеді.




Ескі атаулары

Жаңа атаулары

Зерттелетін зат мөлшері

г

мл

Микроталдау

Грамм - метод

1 – 10

10 – 100

Жартылай микроталдау

Сантиграмм – метод

0,05 – 0,5

1 – 10

Микроталдау

Миллиграмм – метод

0,001 – 10-6

0,1- 10 –4



Ультрамикро талдау

Микрограмм – метод

10-6- 10-9

10-4 – 10-6

Субмикро талдау

Нанограмм – метод

10-9- 10-12

10-7- 10-10


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау