12-бөлім. Кендір жіп өндірісі
244. Жіп бұйымдарын әзірлеуші
Параграф 1. Жіп бұйымдарын әзірлеуші, 2- разряд
1034. Жұмыс сипаттамасы:
жабдықтардың көмегімен және қолмен жіптерді және шпагатты әзірлеу;
жіптерді бұрымға және бұрымдарды арқанға ширатып орау;
үзілулерін жою;
қоректенуші орауларын алмастыру, кіргізулерін жою;
қызмет көрсетілетін құрал-жабдыққа күтім жасау және сүйкелетін беттерін майлау.
1035. Білуге тиіс:
жіп бұйымдарының ассортиментін, оларға техникалық шарттарды;
дайын өнімнің ақауларын жою тәсілдерін және сапасына қойылатын талаптарды;
қолданылатын жабдықтарды реттеу ережесін;
сүйкелетін беттерін майлау және тазарту тәсілдерін және кезеңділігін.
245. Иірілген жіпті ораушы
Параграф 1. Иірілген жіпті ораушы, 2- разряд
1036. Жұмыс сипаттамасы:
сіңдіруден кейін иірілген жіпті орау;
иірілген жіп шумақтарын шпулярникқа орнату;
иірілген жіптің ұштатын тұлымдарға қосу және оларды катушкаға тиеу;
иірілген жіпті сіңірілетін құрам арқылы ванна арқылы өткізу;
иірілген жіптің созылуы мен сіңірілуін, сіңдіру құрамының температурасын бақылау;
оралған иірілген жібімен катушкаларды тасымалдау және жинау;
орау машинасын тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1037. Білуге тиіс:
иірілген жіптің сызықтық тығыздығын;
сіңдірілген құрамды қыздыру температурасын және рецептурасын;
иірілген жіпті ораудың және сіңдірудің сапасына қойылатын талаптарды;
орау машинасын тазарту және майлау тәсілін және кезеңділігін.
246. Арқан машинасының операторы
Параграф 1. Арқан машинасының операторы, 3- разряд
1038. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары білікті арқан машинасының операторының басқаруымен қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес арқан машинасында тұлымдарды, арқандарды табиғи және химиялық талшықтардан басқа есілген бұйымдарды құндақтау процесін жүргізу;
арқан машинасының шпулярнигінде иірілген жіппен, каболкамен катушкаларды ауыстыру;
шпулярниктің бөліп тұратын жұқа тақтайшаларына кішкене тесіктерге жіптерді өткізу;
тесік жерлердің алдын алу және иірілген жіптердің, каболканың үзілулерін болдырмау;
тұлымдардағы ілмектерді бітеу, оларды керуге арналған жабдыққа салу;
тұлымдарды ілмектерге кигізу және оларды лафетке тарту;
арқандарды және басқа ширатылған бұйымдарды құндақтауды қадағалау;
құндақтаудан кейін тұлымдардың ұштарындағы жіптерді алып тастау;
арқандарды және басқа бұралынған бұйымдарды машинаның ілмектерінен түсіру;
арқанның орамдарын басқа бұралынған бұйымдарды айлаққа жинау және салу;
айлақты байластыру, оны құрастырылатын станоктан түсіру және орау жеріне тасу;
қолданылатын құрал-жабдықты тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1039. Білуге тиіс:
арқан машинасының құрылысын және оның тораптарының өзара әрекеттестігін;
талшықтардың түрлерін, иірілген жіптің, каболканың сызықтық тығыздығын;
арқандардың және басқа бұралынған бұйымдардың құрылымын, түрлері мен мөлшерлерін, олардың сапасына қойылатын талаптарды, жинау станогын реттеу;
арқандарды және басқа бұралынған бұйымдарды жинау;
оларды айлаққа салу ережесін;
қолданылатын құрал- жабдықты тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
Параграф 2. Арқан машинасының операторы, 4- разряд
1040. Жұмыс сипаттамасы:
арқан машинасында тұлымдарды, арқандарды табиғи және химиялық талшықтардан басқа есілген бұйымдарды құндақтау процесін жүргізу;
регистрлерді, калибрлік тығындарды, чекмарьларды ауыстыру, шестерняларын таңдап алу;
регистрдің центрлес шеңберлері бойынша жіптің, каболканың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету;
тартатын- құндақтайтын машинаны, механикалық құндақтайтын арбаны басқару;
жіптер арқан машинасын қосу және үзіліп кеткен кезде тоқтату туралы сигналдарды беру;
иірілген жіптерді керу және тұлымдарды жете есу;
құндақтау алдында иірілген жіптерді тартатын-құндақтайтын машинаға кигізу;
иірілген жіптің, каболканың, бұрымдардың, арқандардың және басқа бұралынған бұйымдардың сапасын бақылау;
қолданылатын құрал-жабдықты тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1041. Білуге тиіс:
арқан машинасының құрылысын және оның тораптарының өзара әрекеттестігін;
талшықтардың түрлерін;
иірілген жіптің, каболканың сызықтық тығыздығын, арқандардың және басқа бұралынған бұйымдардың құрылымын, түрлері мен мөлшерлерін, олардың сапасына қойылатын талаптарды, жинау станогын реттеу;
арқандарды және басқа бұралынған бұйымдарды жинау, оларды айлаққа салу ережесін;
қолданылатын құрал-жабдықты тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
247. Арқан есетін және жіп машинасының операторы
Параграф 1. Арқан есетін және жіп машинасының операторы, 4- разряд
1042. Жұмыс сипаттамасы:
мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес екінші рет есетін стационарлық арқан есетін, арқан тоқитын және жіп машиналарында табиғи және химиялық талшықтардан арқандарды, жіптерді және басқа есілетін заттарды құндақтау процесін жүргізу;
электротельфердің көмегімен және қолмен қоректенущі орауларды ауыстыру;
тұлымдарды қызмет көрсетілетін машинаның, арқанның, жіптің және басқа есілген бұйымдардың тізіміне ауырлық доңғалағына және машинаның қабылдайтын катушкасына реттеу;
калибрларды, төлкелерді, тізімдерді орнату және жасалынатын арқандардың, жіптердің және басқа бұралынған бұйымдардың мөлшерлеріне сәйкес алмалы- салмалы шестерняларды таңдау;
тұлымдардың, арқанның, жіптің үзілулерін болдырмау;
арқанды, жіпті және айлаққа басқа бұралынған бұйымдарды керуді және дұрыс құруын бақылау;
істелген бухтаны электротельфермен және қолмен түсіру;
бухтада ярлыкты байлау және бекіту;
қалдықтарды жинау және тапсыру;
қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1043. Білуге тиіс:
екінші рет есетін арқан есетін;
арқан тоқитын және жіп машиналарының құрылысын, олардың жұмыс істеу қағидасын және механизмдерінің өзара әрекеттестігін;
жасалынатын есілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды, электротельферді пайдалану және есілген бұйымдарды айлақтарға салу ережесін;
есілген бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қалдықтардың түрлері мен нормаларын;
қызмет көрсетілетін машиналарды тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
248. Жұмарлау-түту машинасының операторы
Параграф 1. Жұмарлау-түту машинасының операторы, 3- разряд
1044. Жұмыс сипаттамасы:
жұмарлау, жұмарлау-түту машиналарында кендір жіпті, кенафтың ұзын талшығын илеу, түту және эмульсиялау процесін жүргізу;
талшықты араластыру және оны машинаның қоректендірілетін төсеміне біркелкі төсеу, талшықты машина арқылы өткізу;
түрі мен сапасына байланысты талшыққа жағылатын эмульсия беруді реттеу;
қызмет көрсетілетін машинаның тарақ алаңы арқылы талшықтың дұрыс өтуін және лентаны орау аппаратымен ораудың дұрыстығын бақылау;
орамдарды қабылдау және оларды жатқызу үшін қаттап салу;
қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс органдарында орауларды болдырмау;
қызмет көрсетілетін машиналарды жөндеуден алуға қатысу, сүйкелетін беттерін тазарту және майлау.
1045. Білуге тиіс:
жұмарлау, жұмарлау-түту машиналарының құрылысын;
жұмыс істеу қағидасын және олардың механизмдерінің өзара әрекеттестігін;
талшықтардың түрлерін және қоспалардың құрамын, талшықтың әрбір түрінің төсеміне қойылатын талаптарды;
технологиялық эмульсиялау режимін;
эмульсияның шығын нормаларын, қызмет көрсетілетін машиналарды тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
249. Тоқитын құрал-жабдықтың операторы
Параграф 1. Тоқитын құрал-жабдықтың операторы, 3- разряд
1046. Жұмыс сипаттамасы:
тоқитын машиналарда толтырмаларды, бауларды дайындау процесін жүргізу;
иірілген жіппен катушкаларды дайындау және оларды технологиялық режимге сәйкес тоқитын машиналарға салу;
толтырмалар немесе баулардың дұрыс құруын қадағалау, жіберулердің алдын алу;
ваннаны толтырмаларды, бауларды сіңдіруге арналған құраммен толтыру;
толтырмалардың, баулардың бетінен ұштарын және ақаулы ілмектерді алып тастау;
дайын өнімді айлақтарға орау, айлақтарды түсіру;
тоқитын машиналарды тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1047. Білуге тиіс:
тоқитын машиналардың құрылысын;
жұмыс істеу қағидасын және олардың механизмдерінің өзара әрекеттестігін;
жасалынатын толтырмалардың, баулардың ассортиментін, жіптерді тоқыма машиналарға салу ережесін;
жіптің үзілушілігінің себептерін және олардың алдын алу мен жою бойынша шараларды, толтырмалардың, баулардың сапасына қойылатын талаптарды;
сіңдіру құрамының рецептурасын және сіңдірудің температуралық режимін;
тоқитын машиналарды тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін
250. Сіңдіру құрал-жабдығының операторы
Параграф 1. Сіңдіру құрал-жабдығының операторы, 2- разряд
1048. Жұмыс сипаттамасы:
сіңірілетін аппараттың бітіруші кішкене біліктерінен жіптердің, вицтердің шіруге қарсы және тотыққа қарсы құрамымен қабылдау процесін жүргізу;
сорылатын аппаратқа арба құру;
вицті, тұлымдарды орау;
вицті, тұлымдарды өлшеу және олардың сіңуін бақылау;
сіңірілетін аппараттың сорылатын механизмінің жұмысын қадағалау;
соратын білікшелерде орауларды болдырмау, вицтерде, тұлымдарда созуды бақылау;
вицтерді, тұлымдарды орау машиналарына тасу;
сіңдіру аппаратын тазарту.
1049. Білуге тиіс:
сіңдіру аппаратының құрылысын, жіптің сызықтық тығыздығын, вицтерді, тұлымдарды жинауға қойылатын талаптарды, вицтердің, тұлымдардың сапасын анықтау тәсілдерін;
сіңдіру аппаратын тазарту тәсілдері мен кезеңділігін.
Параграф 2. Сіңдіру құрал-жабдығының операторы, 3- разряд
1050. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары білікті сіңдіру құрал-жабдығының операторының басқаруымен әр түрлі жүйелердің сіңдіру аппараттарында шіруге қарсы және тотыққа қарсы құрамымен вицтерді, өзекшелерді және арқандарды сіңдіру процесін жүргізу;
қазандықтарды сіңдіру құрамына толтыру;
жіптердің үзілулері мен оралуларын болдырмау;
сіңдірудің дұрыстығы мен біркелкілігін, қазандықтарда сіңдіру құрамының деңгейін бақылау;
сіңдірілетін бұйымдардың мөлшеріне байланысты сіңдіру процесін реттеу;
сіңдірілетін құрал-жабдықты тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1051. Білуге тиіс:
сіңдірілетін құрал-жабдықтың құрылысын және механизмдерінің өзара әрекеттесуін, сіңдірудің технологиялық режимін;
сіңдіру құрамдарының рецептурасын, сіңдірілетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды;
сіңдіру құрал-жабдығын тазарту тәсілдері мен кезеңділігін.
Параграф 3. Сіңдіру құрал-жабдығының операторы, 4-разряд
1052. Жұмыс сипаттамасы:
әр түрлі жүйелердің сіңдіру аппараттарында шіруге қарсы және тотыққа қарсы құрамымен вицтерді, өзекшелерді және арқандарды сіңдіру процесін жүргізу;
сіңдірілетін бұйымдарды соратын барабандарға толтыру;
сіңдіру құрамын беруді, температуралық режимді, сіңдірудің қысу және жылдамдығын реттеу арқылы сіңдірілетін бұйымдарды сапалық сіңдіруді қамтамасыз ету;
іңірілетін құрамдардың рецептурасын және ылғалды бұйымдардың салмағын бақылау;
технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету;
сіңдіруге арналған бұйымдармен айлақтарды сіңдіретін аппаратқа орнату;
сіңдіру аппаратының жұмысын қадағалау;
сіңірілген бұйымдарды айлақтарын дұрыс орауды бақылау, орауларды және үзілулерді жою;
сіңірілген бұйымдардың айлақтарын алу, оларды байлау және маркалау.
сіңірілген құрал-жабдықты тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1053. Білуге тиіс:
сіңдіру аппаратының құрылысын;
вицтерді, өзекшелерді және арқандарды сіңдірудің технологиялық режимін;
сіңдіру құрамдарын дайындау рецептурасын, сіңдірілген вицтердің, өзекшелердің және арқандардың сапасына қойылатын талаптарды;
сіңірілген мемлекеттік бұйымдарға мемлекеттік стандарттарды.
251. Жіп иіретін машинаның операторы
Параграф 1. Жіп иіретін машинаның операторы, 3- разряд
1054. Жұмыс сипаттамасы:
қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес әр түрлі жүйелердің стационарлық жіп иіретін машиналарында табиғи және химиялық талшықтардан арқандарды, жіптерді және басқа есілген өнімдерді дайындау үшін жіптерді есу (құндақтау) процесін жүргізу;
иірілген жіпті, каболканы жіп иіретін машинаны тізімдеріне реттеу;
тұлымдардың мөлшерлеріне сәйкес калибрларды орнату;
мөлшерлемелердің дұрыс жіберілуін сақтаумен қоректендіретін орауларды ауыстыру;
иірілген жіптің, каболканың, тұлымның үзілулерін болдырмау;
жасалынатын тұлымдардың сапасын бақылау;
оралулардың, жуандатылған жерлердің алдын алу және жою;
иірілген жіпті керуду, тұлымдардың каболкасын және тұлымдардың орауыш тығыздықтарын реттеу;
істелген катушкаларды алу және бостарын орнату;
қалдықтарды жинау және тапсыру;
жіп иіретін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1055. Білуге тиіс:
жіп иіретін машиналардың құрылысын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;
иірілген жіптің, каболканың сызықтық тығыздығын, иірілген жіптердің құрылымын және оларға техникалық шарттарды;
жіп иіретін машиналарға май құю ережесін;
қалдықтардың түрлері мен нормаларын;
жіп иіретін машиналарды тазалау мен сүйкелетін беттерін майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
252. Шайқалту машинасының операторы
Параграф 1. Шайқалту машинасының операторы, 2- разряд
1056. Жұмыс сипаттамасы:
шайқалту машинасында қысқа талшықты тазарту, қопсыту және араластыру процесін жүргізу;
қысқа талшықты машинаның қоректендіргіш транспортеріне немесе автоқоректендіргішке біркелкі тиеу;
талшықтың тарақты алаң арқылы дұрыс өтуін, эмульсиялайтын аппараттың дұрыс жұмыс істеуін және эмульсяны талшыққа дұрыс дағуды қадағалау;
транспортердің білікшелерінен талшықтың орауларын алу;
шайқалту машинасынан қалдықтарды алып тастау;
қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1057. Білуге тиіс:
шайқалту машинасының құрылысын, қысқа талшықтың түрлерін;
қоректендіргіш транспортеріне немесе автоқоректендіргішке талшықты араластыру және төсеу ережесін;
талшықты өңдеудің технологиялық режимін.
253. Қалдықтарды престеуші
Параграф 1. Қалдықтарды престеуші, 2- разряд
1058. Жұмыс сипаттамасы:
орау пресінде байламдарға қалдықтарды нығыздау;
қалдықтарды және орау материалдарды дайындау;
қалдықтарды және орау материалдарын өлшеу;
байламдарды нығыздау;
қалдықтардың әр түрлі түрлері мен сорттарын араластырудың алдын алу;
байламдарды бекіту, байламдарды таңбалау және анықталған орынға тасымалдау;
орау пресін тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.
1059. Білуге тиіс:
орау пресінің құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;
қалдықтардың түрлері мен сорттарын, бумалардың мөлшері мен салмағын;
ораудың сапасына қойылатын талаптарды;
орау материалдарының шығын нормаларын;
экспортқа жіберілетін жүктерді орау ережесін;
байламдарды маркалау тәртібін.
254. Талшықтарды дайындаушы
Параграф 1. Талшықтарды дайындаушы, 2- разряд
1060. Жұмыс сипаттамасы:
байлам сұйылтатын, жұмарлайтын, жұмарлау- түту, көлденең-түту, кендір жіп түту және түту машиналарда талшықтың барлық түрлерін қолмен дайындау;
талшықты жұмысшы орынға тасымалдау;
жинау арналған талшықты стеллаждарға салу, оны жылыту үшін жапқыштармен жабу.
1061. Білуге тиіс:
талшықтардың түрлерін, бір уыстың анықталған салмағын;
талшықты стеллаждарға салу ережесін және оны жабу тәсілдерін.
255. Сіңдіру құрамын дайындаушы
Параграф 1. Сіңдіру құрамын дайындаушы, 3- разряд
1062. Жұмыс сипаттамасы:
рецептураға сәйкес арқан жіпті, тұлымдарды, өзекшелерді және арқандарды сіңдіруге арналған шіруге қарсы және коррозияға қарсы құрамдар дайындау;
компоненттерді сорғымен ыдыстарға беру;
сіңірілетін құрамдарды пісіру;
бу температурасын және қысымды реттеу;
бактардан құрамдарды сіңдіру аппараттарының ванналарына беру және оның деңгейін бақылау;
химиялық талдауларға арналған сіңірілетін құрамдарды сұрыптау;
сорғылардың, бактардың және иіртүтіктердің ақаусыздығын тексеру;
құрам компоненттерімен ыдыстарды тасымалдау, тығынын алу және босаған ыдысты белгіленген жерге тасу;
резервуарлардың алаңдарын, бактарды, иіртүтіктерді тазарту және сорғыларды майлау.
1063. Білуі тиіс:
резервуарлардың, бактардың, иіртүтіктердің құрылысын, оларды пайдалану және күтім жасау ережесін;
ыдыстарды шіруге қарсы және коррозияға қарсы құрамдармен толтыру ережесін;
сіңдіру құрамдарының рецептурасын және дәнекерлеу технологиялық режимін.
13-бөлім. Мақта өндірісі
256. Мамық пен қалдықты сыпырушы
Параграф 1. Мамық пен қалдықты сыпырушы, 2- разряд
1064. Жұмыс сипаттамасы:
түткіш машиналардың астарындағы мамық пен қалдықтарды пневматикалы жүйемен немесе қолдан мерзімді сыпыру;
мамық пен қалдықтың жойылуын қадағалау;
мамық пен қалдықтарды түрлеріне байланысты қаптарға салу және белгіленген орынға тасымалдау.
1065. Білуге тиіс:
түтетін машиналардың астарындағы мамық пен қалдықтарды түтетін орындарды;
түтетін машиналардың айналып шығу маршрутын.
257. Мақтаны тиеуші
Параграф 1. Мақтаны тиеуші, 3- разряд
1066. Жұмыс сипаттамасы:
шикі мақтаны тиеу және оны тасымалдағышқа кейінгі өндеуге жіберу сонымен қоса ағартылмаған мақтаны қолдан немесе гидромонитордың көмегімен ақаулығын анықтау;
сыртқы түріне қарап мақтаны ағартудың сапасын анықтау;
толықтай ағартылмаған мақтаны арнайы чандарға қайтадан өндеуге тиеу;
транспортерге қызмет көрсету, чандарды тазарту.
1067. Білуге тиіс:
мақтаны тиеудің және ақаулығын анықтаудың ережесі;
ағартылған мақтаның сапасына қойылатын талаптар, ағартудың сапасын сыртқы түріне қарап анықтау тәсілі;
мақтаға қойылатын техникалы талаптар және мемлекеттік стандарттар;
транспортерді және гидромониторды эксплуатациялау ережесі және оларға күтім жасау.
258. Мақталарды кесуші
Параграф 1. Мақталарды кесуші, 2- разряд
1068. Жұмыс сипаттамасы:
мақтаның шеттерін қолдан немесе кесетін машинада кесу;
мақталарды техникалы талаптарға сәйкес бірнеше бөліктерге бөлу;
мақталарды стеллажға қою;
кесетін машинаның пышақтарын қайрау.
1069. Білуге тиіс:
кесетін машиналардың құрылымын, оларды эксплуатациялау және күтім жасау, мақтаның шеттерін кесу және қию ережелері;
мақталарды әзірлеуге техникалы талаптар;
өңделіп жатқан бөлшектердің ассортименті, мақталарды кесуде бөліктерді сызу.
259. Жуу-сығу агрегатының операторы
Параграф 1. Жуу-сығу агрегатының операторы, 3- разряд
1070. Жұмыс сипаттамасы:
мақтаны жуу-сығу агрегатында, кептіретін агрегатпен сагрегирлы агрегатта жуу, сығу, түту және кептіру процесін жүргізу;
ваннаға су толтыру және мақтаны салу;
суды мерзімді ауыстыру;
судың бегітілген деңгейін сақтау;
жуатын-сығатын агрегатқа мақтаны біркелкі жіберу және қолданылмаған мақтаны белгіленген орынға жеткізу;
мақтанының дұрыс сығылуын қамтамасыз ету;
автосіңдіргішке мақтаны біркелкі жіберілуін қамтамасыз ету;
жуылмаған мақтаны алып тастау.
1071. Білуге тиіс:
жуу-сығу агрегатының құрылымын, эксплуатациялау ережесін және оларға күтім жасау;
мақтаны жуудың, сығудың және кептірудің технологиялы режимі;
агрегатта мақтаны сығу тәсілдерін және автосіңдіргіштің жұмыс бөлшектерінің жылдамдығын реттеу;
мақтаны жууда қолданылатын материалдардың құрамы.
260. Қопсыту-түту агрегатының операторы
Параграф 1. Қопсыту-түту агрегатының операторы, 4- разряд
1072. Жұмыс сипаттамасы:
ағымдағы желіге кіретін қопсыту-түту агрегатында мақтаны және басқа компоненттердің қоспаларын алғашқы түту және тазарту процесін жүргізу;
сіңдіру-қосплардың сіңдіретін торына мақтаны және басқа компоненттердің қоспаларын жаю;
біркелкі араласуды және мөлшерлеменің келісуін қамтамасыз ету;
агрегаттың қопсыту машиналарының және кенепсіз түту машиналарының толассыз қуат алуын;
машиналы агрегатта қоспаның қопсу және түтілу процесін және пневмотранспорттың жұмысын қадағалау;
машинаның астындағы қалдықтарды пневможүйенің көмегімен және қолдан мерзімді тазарту;
белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға күтім жасау.
1073. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы;
эксплуатациялау ережені және оларға күтім жасау;
өңделуге түскен шикізаттың атауы, сорттау құрамы, қалдықтың шығу нормасы;
өңделіп жатқан шикізаттың сапасына қойылатын талаптар.
261. Түту-қатырмалау агрегатының операторы
Параграф 1. Түту-қатырмалау агрегатының операторы, 3- разряд
1074. Жұмыс сипаттамсы.
түту-қатырмалау агрегатында фильтрларды өндеу кезінде түту және түтулерді және селдір матаны қатырмалау процесін жүргізу;
агрегаттарды жұмысқа дайындау: кенеппен түтетін машинаны толтыру, арнайы құрылғыға сүзбе тордың рулонын орнату және шеттерін тігу, тігетін машиналарды тиеу;
түтудің, мақтаны қалыптастыруға төсеудің, кесудің және фильтрлардың шеттерін таңбалаудың сапасын тексеру;
тігетін машинада пышақтың жұмыс істеуін тексеру;
түтілген және қатырмаланған мақтаның үзілуін ликвидациялау;
фильтрдың шеттерін түзету;
матадағы былғанған орындарды ликвидациялау;
өңделген фильтр рулондарын түсіру, үстелге қою, тауар реттеуішінің қысқышына тауар білекшесін орнату;
фильтрлардың жаңа рулонын салу;
матаның қиықтарын жинау және оларды қайта өндеуге тапсыру.
1075. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан агрегаттың құрылымы, эксплуатациялау ережесі және оларға күтім жасау;
фильтрларды өндеу бойынша тиеудің негізгі параметрлері;
кенептің, тігетін жіптің сызықты қалыңдығын және түрі;
фильтрларға қойылатын мемлекеттік стандарттар және олардың сапасына қойылатын талаптар.
262. Ватилинді жапсырушы
Параграф 1. Ватилинді жапсырушы, 2- разряд
1076. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті ватилинді жапсырушының басшылығымен кептіретін-жапсыратын машинада астыңғы жағымен жапсыру және кептіру процесіне жүргізу;
бакқа желімді эмульсияны жапсыру, көбікті көпірту үшін механизмді қосу;
ватилинді қозғалмалы кілемінің барлық ауданына эмульсияны біркелкі жаю;
ватилиннің іліктерін және үзілулерін ликвидациялау;
ватилиннің жапсырмасының сапасын қадағалау;
қызмет көрсетіліп жатқан машинаны тазарту.
1077. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, оларды эксплуатациялау және күтім жасау ережесі;
желімді эмульсияны жағудың нормасы;
дайын ватилиннің сапасына қойылатын талаптар;
ватилиннің іліктерін және үзіктерін ликвидациялау тәсілдері.
Параграф 2. Ватилинді жапсырушы, 3- разряд
1078. Жұмыс сипаттамасы:
кептіру-желімдеу машинасында ватилиннің үстіңгі жағын жапсыру және желімдеу процесіне кіріспе;
машинаны жұмысқа дайындау: компоненттерді чанға желімді эмульсияны қайнату үшін тиеу, буды жіберу және эмульсияны қайнату, әзірленген эмульсияны машинаға тасымалдау, машинаның кептіретін бөлігін жылыту;
кептіретін-желімді машинаның қозғалмалы сіңдіретін торына кенепті төсеу, оны аралыққа салу;
ватилинді қозғалмалы кілемінің барлық ауданына эмульсияны біркелкі жапсыру;
машинаның кептіретін бөлігіне түсетін жапсырылған кілемнің және дайын ватилиннің сапасын бақылау;
ватилиннің іліктерін және үзілулерін ликвидациялау;
кептіетін бөлмедегі температураны реттеу; дайын өнімнің рулонын түсіру;
қуат беретін цилиндрді тазарту.
1079. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, оларды эксплуатациялау және күтім жасау ережесі;
ватилиннің сапасына қойылатын талаптар, қозғалмалы кілемшеге желімді эмульсияны жағу нормасы;
желімді эмульсияны дайындау тәсілдері және рецептурасы;
кенептерді аралыққа тиеу тәсілдері, ватилиннің іліктерін және үзіктерін ликвидациялау;
дайын ватилинді түсіру, кептіру-желімдеу машинасы арқылы ватилиннің өту жылдамдығын реттеу ережесі;
ватилинді кептіру технологиялы режимі.
263. Мақтаны ораушы
Параграф 1. Мақтаны ораушы, 2- разряд
1080. Жұмыс сипаттамасы:
белгіленген салмақ бойынша мақтаны қолдан орау;
мақтаның қабатын жұмыс орнына әкелу, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оларды жаю және ұсақ гірлерге бөлу;
мақтаны өлшеу және рулондайтын машинаның немесе жартылай автоматтың сіңдіретін үстеліне беру;
мақтаның ұсақ гірлерін кішкене науаларға тиеу және қол машинасының немесе жартылай автоматтың білікшесінің астына жеткізу;
мақтаның қораптары қалыптасуының процесін қадағалау;
таразының дұрыс жұмыс істеуін тексеру.
1081. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, оларды эксплуатациялау және күтім жасау ережесі;
өңделіп жатқан мақтаның ассортименті, мақтаны орауға қойылатын мемлекеттік стандарттар;
техникалы талаптар және шарттар;
таразылармен пайдалану ережесі.
264. Мақтаны стерильдеуші
Параграф 1. Мақтаны стерильдеуші, 2- разряд
1082. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі жоғары мақта стирильдеушінің басшылығымен қазандарда мақта өнімдерін стирильдеу процесін жүргізу;
қазандарды және арбаларды жұмысқа дайындау;
арматураны, өнімнің арбаға тиелгенің тексеру;
арбаларды жақындату және оларды қазандарға орнату;
қазандарды түсіру;
стерильденген мақта өнімін монорельс бойынша қатарларға ақаулығын табу үшін және бос арбаларды тиеуге жіберу;
қазандарды тазарту.
1083. Білуге тиіс:
қазандарды, бу қабылдағыштарды және оларға орнатылған арматураларды эксплуатациялау ережесі;
оларға күтім жасау ережелері;
мақтаны және мақта өнімдерін стирильдеу технологиялы режимі;
өңделіп жатқан өнімнің ассортименті және олардың мөлшері;
қазанға салынып жатқандардын да, стирильденген мақтаның орамының сапасына қойылатын талаптар;
қазандардағы будың қысым нормасы.
Параграф 2. Мақтаны стерильдеуші, 3- разряд
1084. Жұмыс сипаттамасы:
мақта өнімдерін қазанда стирильдеу процессін жүргізу;
қазандар мен арматураның дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
қазандарды тиеу және үрлеу;
қазандарға бу жіберу;
ұзақ стирильдеудің, қазандардағы қызымның және температураның бекітілген технологиялы режимін қадағалау;
стирильдеу процесі аяқталғаннан кейін бу жіберу, қазандарды салқындату;
стирильдеу процессінің және стирильденген өнімнің мөлшеріне есеп жүргізу;
қазандарды тазарту.
1085. Білуге тиіс:
мақта өнімдерінің ассортименті, оның белгіленуі және бір уақытта қазанға тиелетін өнімнің мөлшері;
мақта өнімдерін стирильдеу технологиялы режимі;
қазандармен, бу қабылдауыштармен, арматурамен, құралдармен жұмыс істеу ережелері;
стирильденген мақтаның сапасына қойылатын талаптар.
265. Мақта фильтрлерін мөрлеуші
Параграф 1. Мақта фильтрлерін мөрлеуші, 4- разряд
1086. Жұмыс сипаттамасы:
мөрлейтін престерде мақта фильтрларын дайындау;
мақта төсемді білу;
мөрлейтін преске пышақты қолдан орнату, мақта фильтрлерін кесу;
кесілген мақта фильтрлерінің қорабын ақаулығын табу үшін үстелге беру;
мөрлейтін престің жұмысын, кесілген фильтрлердің сапасын қадағалау, престі икемдеу, реттеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары;
қызмет көрсетіліп жатқан преске профилактикалы тексеру жасау, оны жөндеуге жіберуге және жөндеуден қабылдауға қатысу;
мақта қалдықтарын жинау және тапсыру;
қызмет көрсетіліп жатқан престі тазарту және сызылып жатқан беттерін майлау.
1087. Білуге тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, оларды эксплуатациялау және күтім жасау ережесі;
мақта фильтрлерін дайындау технологиялы процессі, мақта фильтрлерін әзірлеу;
өңделіп жатқан шикізаттың түрлері, мақта фильтрларына мемлекеттік стандарттар;
қызмет көрсетіліп жатқан престің ақаулықтарының алдын алу және жою тәсілдері;
престі жөндеу жұмыстарына тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |