2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2010 жылғы негізгі қорытындылары



жүктеу 4,98 Mb.
бет10/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаудың 2010 жылғы негізгі қорытындылары

2010 жылы бақылау тиімділігін арттыру және объектілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында қаржылық бақылау тексерулерін жоспарлау тәсілдері өзгертілді. Атап айтқанда, бақылау объектілерін іріктеу кезінде Тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленді және енгізілді. Мұндай дәлме-дәл тәсілдің есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді тексерулердің жалпы саны азайған кезде айқындалған бюджет заңнамасын бұзушылықтар сомасы 6 есеге ұлғайған және 94,6 млрд.теңгені (2009ж. – 15,8 млрд.теңге) құрады.



Сондай-ақ 2010 жылы бұзушылықтар бюджетке қалпына келтірілген және орны толтырылған сомасын айтарлықтай ұлғайтуға қол жеткіздік. Осылайша, 2010 жылы бюджетке 2,9 млрд.теңге қалпына келтірілген және орны толтырылған, бұл алдыңғы жылдың осындай көрсеткішіне (2009 жылы – 2,0 млрд.теңге) қарағанда 1,4 есе көп.

2010 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша да осылай заңнаманы бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің саны 25 %-ға азайған (2009ж. - 2 086, 2010ж. - 1 564).

Бақылау объектілерінің бақылау қорытындылары бойынша жіберілген нұсқамалар мен ұсынымдарды орындауының өсуіне қол жеткізілді. Мәселен, егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 93 %-ды құраған болса, онда 2010 жылы - 95 %-ды құрады.

Құқық қорғау органдарына 18,8 млрд.теңге сомаға 192 бақылау материалы берілді. 36 лауазымды тұлғаға 4,2 млн.теңге сомаға әкімшілік жаза салынды (оның ішінде бірінші басшыларға – 5, бірінші басшылар орынбасарларына – 2, бас бухгалтерлерге – 17), оның бюджетке 76,2% түсті.

Тәртіптік жауапкершілікке 494 лауазымды тұлға тартылды, олардың ішінде бірінші басшылары – 14, бірінші басшылардың орынбасарлары – 24, бас бухгалтерлер – 84.


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген ұсынымдары

Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес Есеп комитеті 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады, онда бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөнінде 17 ұсыным берді.

1. Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын, атап айтқанда: әлем нарықтарының конъюнктурасын, Кеден одағының мүмкіндіктерін, экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамуын және басқаларды ескере отырып, нақты макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану;

2. Бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау; бюджеттің негізгі көрсеткіштерін «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ғана түзету;

3. Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға ұлттық холдингілер, компаниялар және мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар тартатын сыртқы қарыздардың тартылуы мен пайдаланылуын мониторингілеу мен бақылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бағалы қағаздардың отандық рыногын дамытудың есебінен ішкі қарыздарды тартуды жандандыру;

4. Салық төлеушілерді есепке қою, салықтық тексерудің нәтижелеріне шағымдану рәсімі және салықтарды бюджетке мәжбүрлеп өндіріп алу мәселелері бойынша салықтық әкімшілік ету тетігін оңайлату; заңды тұлғалардың банкротқа ұшырауына байланысты, салықтарды есептен шығару сомасын қысқарту мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылған рентабельді емес ұйымдарды сауықтырудың тиімді тетіктерін әзірлеу; оларды оңалту жүйесін жетілдіру;

5. Отандық бизнесті және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қолдаудың және дамытудың, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне дайындықтың пәрменді тетіктерін әзірлеу үшін Кеден одағының аясында экономикалық шарттарға терең талдау жүргізу;
ҚҚС қайтару рәсімін кеңінен пайдаланудың негізінде Кеден одағының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

6. Декларацияланған тауарлар құнының төмендеуін, олардың тауарлық кодтарының бұрмалануын және бюджет кірісіне түсетін түсімдердің азаюына ықпалын тигізетін басқа да бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін транзиттік жүктердің орын ауыстыруын бақылау тетігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінде статистикалық алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;

7. Қаражат алушыларға есепті жылдың аяғында республикалық бюджеттен қаражат бөлудің және республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есептілікте оларды игерілген ретінде көрсетудің қалыптасқан тәжірибесін жою;

8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттен трансферттер бөлудің орындылығын қарау; сондай-ақ нысаналы трансферттерді пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және жергілікті атқарушы органдардың жауаптылық дәрежелерін айқындаудың міндетті нормаларын әзірлеу;

9. Кредит берудің қол жетімді жүйесін қалыптастыру, кредиттердің түпкілікті қарыз алушыға уақтылы жетуі жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; бюджеттік кредиттерді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған кредиттерді бөлу шарттарын жұмсарту;

10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына инвестициялық жобаларға (экономикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа) салалық сараптама жүргізуді бірыңғай кешенді мемлекеттік сараптамаға біріктіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау;

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер енгізу тәжірибесін жою;

12. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мониторингілеу мен бақылаудың айқын жүйесін енгізу мақсатында бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған қаражатты жоспарлаудың және пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс бөлінетін бюджеттік бағдарламаны жауапты мемлекеттік органдарда қарау;

13. Мемлекеттік мүлік тізілімінде және қаржылық есептілік депозитарийінде мемлекет активтері мен мүліктерінің толыққанды есебін және мониторингін қамтамасыз ету;

14. Холдингілердің және квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қызметтерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін олардың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жүргіз және көп сатылылық пен функцияларының қосарланушылығын жою;

Индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өзара іс-қимылдарының тетігін жетілдіру;

15. Өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларының ерекшеліктерін, олардың ауыл шаруашылық бағыттарын және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның кредит ресурстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына лизинг беру әлеуетін ескере отырып, сервистік-дайындау орталықтарын дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу жөнінде шаралар қолдану;



16. «Электрондық үкімет» аясында әзірленген және әзірленіп жатқан барлық ақпараттық жүйелерге кешенді түгендеу жүргізу және соның нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізе отырып, «электрондық үкімет» құрудың тұжырымдамалық негіздерін пысықтау;

17. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлініп жатқан бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуын болдырмау үшін оларды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу, филиалдарының үлгі құрылымдарын, көрсететін қызметтерінің көлемін негізге ала отырып тиісті нормативтерін бекіту ұсынылады.
жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау