2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Тұрғын үй құрылысын дамыту



жүктеу 4,98 Mb.
бет7/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тұрғын үй құрылысын дамыту

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы


20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталды.

Бағдарлама шеңберінде 19,6 млн. шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың ішінде 2010 жылы 6,4 млн. шаршы м.



Республиканың алты өңірінде барлық қаржыландыру көздері бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 2010 жылы 2009 жылдың деңгейіне жеткен жоқ. Сонымен бірге бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында


1,3 есеге өсті.

Республикада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Астана (21,6 %) және Алматы (16,5 %) қалалары мен Алматы облысы (9,7 %) алады.

Мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдары тұрғын үй салуға 2010 жылы 69 354,4 млн.теңге инвестиция игерді, 1 085,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік сектор республикадағы тұрғын үйдің жалпы көлемінің небары 16,9 %-ын алады.

Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық есепті кезеңде жалпы алаңы 5 090,5 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Олардың ішінде халықтың қаражаты есебінен 2 976,2 мың шаршы метр немесе республикада берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 46,4 %.

Жалға берілетін тұрғын үй салуға 2010 жылы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 10 766,9 млн.теңге сомада нысаналы трансферттер бөлінді. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
10 707,4 млн.теңге игерілді (99 %).

2010 жылы жалға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңының 189,6 мың шаршы метрі, алаңы 150,0 мың шаршы метр пәтер, 2 478 пәтер пайдалануға берілді.

2010 жылға пайдалануға беру тапсырмасы жалға берілетін тұрғын үй пәтерлерінің жалпы алаңы 181,1 мың шаршы метр болған кезде жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 83 %-ды құрайды.

Жалға берілетін тұрғын үй бойынша 2008 – 2010 жылға арналған жоспар 78 %-ға орындалды. Жалға берілетін тұрғын үйді берудің төмен пайызы Шығыс Қазақстан (85 %), Маңғыстау (46 %), Павлодар (87 %), Солтүстік Қазақстан (29 %), Оңтүстік Қазақстан (74 %) облыстарында және Алматы қаласында (80 %) байқалады. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етілген жоқ, сонымен бірге астананың құрылысы аяқталмаған объектілерінде тұрғын үй сатып алу есебінен жалға берілетін тұрғын үйәге мұқтаж азаматтар қамтамасыз етілді.

Кредиттік қаражат есебінен тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 2010 жылы жергілікті атқарушы органдарға 17,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Астана қаласына бюджет саласының қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 9,3 млрд.теңге, олардың ішінде 4,4 млрд.теңге (48 %) игерілді;

- барлық өңірлерге (Астана қаласынан басқа) салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 8,2 млрд.теңге, олардың ішінде 7,8 млрд.теңге (96 %) игерілді.

Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй салу 2010 жылы тұрғын үйлердің жалпы алаңының 131,1 мың шаршы метрін, пәтерлердің жалпы алаңының 99,4 мың шаршы метрі (2 293 пәтер) немесе жылдың жоспардың 87 %-ын құрады. Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін кредитті тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспары 23 %-ға орындалды. 2010 жылы салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйлердің жалпы алаңының 218,1 мың шаршы метрі, пәтерлер алаңының 169,3 мың шаршы метрі, 2 547 пәтер пайдалануға берілді.

2010 жылға салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін кредиттік тұрғын үй пәтерлерінің жалпы алаңы 118,3 мың шаршы метрін пайдалануға беру тапсырылған кезде кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 143 %-ды құрайды.

Салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін кредиттік тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 101 %-ға орындалды.

Тұтастай алғанда салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін және Астаа қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін 2008 – 2010 жылдары бөлінген кредиттік қаражаты есебінен кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі үші жылдық жоспар 60 %-ға орындалды.

Пайдалануға берудің төмен пайызы Ақмола (70 %), Жамбыл (77 %) облыстарында және Астана (23 %) және Алматы (66 %) қалаларында байқалады.

Бұдан басқа, 2010 жылы қайталап пайдаланылатын қаражат есебінен тұрғын үйлердің жалпы алаңының 118,1 мың шаршы метрі, пәтерлер алаңының 87,1 мың шаршы метрі, 1 292 пәтер пайдалануға берілді.

Кредит қаражатын қайталап пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 92 %-ға орындалды.

Пайдалануға берудің төмен пайызы Алматы (82 %), Атырау (57 %), Батыс Қазақстан (76 %), Оңтүстік Қазақстан (88 %) облыстарында және Астана қаласында (56 %) байқалады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері берген деректер бойынша 2010 жылы 2008 – 2010 жылға арналған мемлекетік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап азаматтардан кредит қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуға 85 262 өтініш түсті. Екінші деңгейдегі банктерден төмен қабілеті туралы растаманы 36 578 әлуетті сатып алушы берді.

2008 – 2010 жылдары салынған 15 385 кредиттік пәтердің ішінде
(2005 – 2007 жылдардағы мемлекетік бағдарламасы бойынша Астананы қоспағанда) қазірдің өзінде халыққа 12 243 пәтер сатылды (80 %). Халықтан жергілікті атқарушы органдардың есебіне 53,7 млрд.теңге түсті.

2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған кредиттік тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату жалғасуда.

2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап пайдалануға берілген 26 609 пәтердің ішінен халыққа 26 502 пәтер кредитті тұрғын үй сатылды (99,6 %).

Республикада тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

2010 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің басынан бастап 167 мыңнан астам қатысушы жалпы жинақтау сомасы 39 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасты. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы жасалған шарттардың ең көп үлесі Алматы (14 %), Астана (14 %) қалаларына келеді. Ақтөбе (8,4 %), Шығыс Қазақстан (9,9 %), Қарағанды (6,4 %) облыстары Тұрғынүйқұрыысжинақбанкінің қызметтерін белсенді пайдалана бастаы.

2008 – 2009 жылдары барлығы 13 672 қарыз алушыға жалпы сомасы


43 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, оның ішінде 2005 – 2007 және 2008 – 2010 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 773 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 42 %) жалпы сомасы 20 056,2 млн.теңгеден астам.

2010 жылы 9 736 қарыз алушыға жалпы сомасы 28 767 миллионнан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, олардың ішінде 2008 – 2010 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде –


6 279 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 64 %) жалпы сомасы 20 775 миллионнан астам теңгеге.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы кезеңді саясаттың неізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Республиканың барлық өңірлерінде негізінен энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газ беру, сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу, сондай-ақ тұрғын үй салу аудандарында кіреберіс жолдарды салу аяқталды. 2010 жылы іс жүзінде 1 264,8 км электрмен жабдықтаудың, 54 км жылумен жабдықтаудың, 391,1 км сумен жабдықтаудың, 126,2 км кәріздің инженерлік желілері, 184,6 км газ құбыры және 118,8 км жол төселді.

2008 – 2010 жылдары 94 530 жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде 80 147 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 13 906 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен. Олардың ішінде 2010 жылы 28 102 жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде


24 608 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 3 131 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен.

Қазақстан Республикасы Статистика агентітгінің ақпараты бойынша


2010 жылы пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Алматы (14,7 %), Маңғыстау (11,4 %), Атырау (16 %), Ақтөбе (8,5 %) облыстары мен Алматы қаласы (7,7 %) алады.
жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау