2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Білім беру мен ғылымды дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру



жүктеу 4,98 Mb.
бет4/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Білім беру мен ғылымды дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы


№ 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде
2010 жылы желі 1 878 бірлікке арттырылған. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 446,4 мың бала баратын 6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Балаларды қамту 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 41,6 %-ын құрайды, оның ішінде 47,5 – қалаларда және 20,1 – ауылдарда,


2009 жылмен салыстырғанда өсім – 4,6 %.

Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен ең көп қамту Қостанай облысына келеді – 90,8 %, Ақтөбе облысы – 85,3 %, Қарағанды облысы – 81,1 %.

Есепті кезеңде мектепке дейінгі қамту 88,9 %-ды құрады (2009 жылы – 83 %). 6 515 жалпы білім беретін мектепте және 1 383 мектепке дейінгі ұйымда 293,7 мың баланы мектеп алдында дайындау ұйымдастырылған.

2010 жылы іске қосу жоспарланған, құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған 30 балабақшадан 19 балабақша пайдалануға берілді.

Республикада 7 755 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде,
2 525 514 оқушы білім алуда.

Зияткерлік әлуетті дамыту мақсатында мектептердің жаңа типтері құрылуда. Дарынды балаларға арналған әр түрлі бағыттар бойынша 115 білім беру ұйымы, дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша 8 өңірлік ғылыми-практикалық орталық жұмыс істейді.

«Тұңғыш Президенттің 20 зияткерлік мектебі» жобасы шеңберінде
3 681 баланы қамтыған 6 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді:

- Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған қалаларында физика-математика бағытында;

- Астана, Өскемен қалаларында химия-биология бағытында.

Тұтастай алғанда, мектептердің жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен орташа қамтамасыз етілуі 2010 – 2011 оқу жылында мыналарды құрады: негізгі және орта мектептердің жалпы санының физика – 46,7 %, химия – 18,6 %, биология – 27,8 %.

3 571 мектепте интерактивті жабдық бар. Олардың ішінде 1 721 мектепте бес кабинеттен (2 әмбебап, 1-физика, 1-химия, 1-биология) белгіленген.

2010 жылы 27 жоспарланған және қаржыландырылған жалы білім беретін мектептердің 18 мектеп пайдалануға берілді, 5 объект 2011 жылға көшіріледі,


4 объекті бойынша пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы орын алып отыр:
1 объект Ақтөбе облысында – құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесінен артта қалудан, 1 объект Қызылорда облысында – ЖБ-дан бірлесіп қаржыландыру қаражатын бөлмегендіктен, 2 объект Астана қаласында - электр энергиясының болмауынан және ЖСҚ-ны түзетуге байланысты.

77 % мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды, олардағы балалардың 80 % аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

«Мектепке жол» және «Қамқорлық» атты акциялардың барысында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге жуық сомаға (2009 жылы – 1 439 мыңға жуық балаға 6 млрд. тг. сомаға) көмек көрсетілді.

Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балалардың 76 %
(28 мыңнан астам) апарып-алып келумен қамтамасыз етілген, жоспардан 19 %-ға көп.

Атырау қаласында 700 оқушы орнына арналған Мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықты салу аяқталуда (беру мерзімі 2011 жыл).

Астана қаласында 800 оқушы орнына арналған, Оңтүстік қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орнына арналған кәсіптік лицейді, Екібастұз қаласында Отын-энергетика саласы үшін техникалық еңбек қызметін көрсетуші кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықты салу жүргізілуде.

Өскемен қаласында Машина жасау саласы үшін техникалық еңбек қызметін көрсетуші кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнінде өңіраралық орталық салу басталды.

2009 – 2010 оқу жылында 125 мамандық бойынша 105,5 мың адам біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалаудан (БТБ) өтті (2008 – 2009 оқу жылында – 70 мамандық бойынша 65,2 мың адам). БТБ тапсыру сапасының көрсеткіші 65,1 %-дан 77,7 %-ға дейін ұлғайды.

Жоғары дайындық деңгейін Батыс Қазақстан облысының –
93,4 %, Шығыс Қазақстан облысының – 91,3 %, Қарағанды облысының – 90,2 % түлектері көрсетті.

2010 жылы 1 ЖОО (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ – 431-орын) Times Higher Education (Ұлыбритания) халықаралық жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша әлемнің үздік 500 университеті тобының қатарына кірді.

60 ЖОО «Русский Регистр» АҚ, IQNet Қазақстандық сапа орталығы, Bureau Veritas Certification, «Moody International Sertification» халықаралық компаниясы, «Сараптама мен сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ және басқалары сияқты әр түрлі агенттіктерде сапа менеджменті жүйелерінің сертификатталған аудитінен өтті.

2 ЖОО (әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аттестаттаудан өтті.

24 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.

135 ЖОО-да оқу кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады.


38 ЖОО шетелдік университеттермен әріптестікте екі дипломдық білім бағдарламасын іске асыруда. 16 ЖОО-да докторлық бағдарламалар енгізілуде.

Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 2010 – 2011 оқу жылында 35 425 грантты құрады, оның ішінде 1 000 грант педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқу. 2009 – 2010 оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 1 085 бірлікке ұлғайды.

Магистратураға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2 739 орынды құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 100 орынға жоғары (2009 – 2010 оқу жылында – 2 639 орын).

Доктурантураның білім беру бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу Қазақстанның 13 ЖОО-да жүргізілуде. 2010 – 2011 оқу жылына докторантурада кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 200 орынды құрады.

Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау жалғасуда. Есепті кезеңде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 933 стипендия тағайындалды.

Дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларды білім берумен қамту 2009 жылмен салыстырғанда арнайы топтар мен сыныптар ашу есебінен
1,2 %-ға өсіп, 42,6 %-ды құрады.

Арнайы түзету ұйымдарының желісі 101 бірлікті құрайды.

Мектептердің жанындағы арнайы сыныптардың саны 57 бірлікке ұлғайды (2009 жылы – 1 098, 2010 жылы – 1 155).

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 62 бірлікке көбейді.


57 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 17 оңалту орталығы, 124 психологиялық-медагогикалық түзету кабинеті, 402 логопед пункті жұмыс істейді. Арнайы жабдықпен қамтамасыз етілу 42 %-ды құрайды.

Инклюзивті білім беру дамуда.

98 (4,3 %) мектепке дейінгі мекемелерде және 1 286 мектепте (17,1 %) инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, онда 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала өздерінің қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бір ортаға біріктірілген, оның ішінде 1 429 бала (3,9 %) – мектепке дейінгі жастағылар және 15 721 (14,1 %) мектеп жасындағылар.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі мектепте оқитын балалардың жалпы санының 21,6 % жеке, әлеуметтік, дене және шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.



Республикада 84 570 оқушы баратын балаларға арналған 328 музыка және көркемсурет мектебі; 163 оқушылар шығармашылығы орталықтарының сарайы – 179 854 бала; 54 техниктер, туристер мен натуралистер станциясы 3 316 баланың ғылыми-техникалық шығармашылықпен айналысуын қамтамасыз етеді.

737 аула клубы 101 244 оқушының демалысын қамтамасыз етеді.

Балаларды дамыту және шығармашылық қабілетін бағалау үшін
2 857 адам қатысатын 36 республикалық шығармашылық конкурс, фестиваль өткізілді, олардың ішінде – 600 әр түрлі атаулар бойынша жеңімпаздар.

1 млн. 953 мың 351 оқушы жазғы демалыс кезінде демалыстың, сауықтыру мен жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен қамтамасыз етілген, бұл оқушылардың жалпы санының 83 %-ын құрайды. 219 балалар сауықтыру ұйымдарының қызметі ұйымдастырылды, оның ішінде 7 жыл бойы жұмыс істейді, 886 222 оқушыны сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету үшін 5 900 мектеп жанындағы лагерь (38 %).

Өткен оқу жылымен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісі 12 бірлікке артты: 26 оқу орны ашылды, оның ішінде 2 мемлекеттік кәсіптік лицей (Астана қаласындағы № 7 кәсіптік лицей, Қостанай қаласындағы № 18 кәсіптік лицей), Павлодар қаласында 1 жеке кәсіптік лицей және 23 жеке колледж (Алматы облысы – 3, Ақтөбе – 1, Атырау – 1, ШҚО – 3, Жамбыл – 4, Қостанай – 2, Қызылорда – 2, Астана қаласы – 4, Алматы қаласы – 3).

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2010 жылы республикалық бюджеттен 1 781 орынды құрады, олардың ішінде техникалық мамандықтар бойынша, оның ішінде жоғары технологияларға байланысты кәсіптер бойынша – 1 005 орын.

Жол картасы шеңберінде 2010 жылы шетелдік жұмысшы кадрларды алмастыру үшін еңбек нарығында қажет етілген мамандықтар бойынша


2 700 адам қайта даярланды, іс жүзінде 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 712 адам оқытылды.

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы жоспарланған 14 іс-шараның 10 іс-шарасы іске асырылды.



6 іргелі бағдарлама және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеу жүргізілуде, оларды іске асыру қорытындысында іргелі зерттеулер бойынша 577 ғылыми-техникалық, қолданбалы зерттеулер бойынша 129 есеп қабылданды.

Қазақстанның және шет елдердің кәсіпорындарында 30-дан астам әзірленім енгізілді.



Мемлекет басшысының мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы қабылданды.

2010 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 90 460 орынға арналған 1 878 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 344 балабақша мен 1 534 шағын орталық іске қосылды.

Желі 35 балабақша салу, 1 534 мектепке дейінгі шағын орталық құру есебінен ұлғайтылды.

Тұтастай алғанда, білім беру органдарының деректері бойынша


2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі шағын орталықтардың және олардағы балалардың саны 1,5 есе артып, 115 645 адам баратын 4 185 бірлікті құрады.

Бұдан басқа, бұрын жекешелендірген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, коммуналдық меншіктің жалға берілген жеке тұрған ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар мен


үй-жайларды беру есебінен 172 балабақша ашылды.

Жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсу серпіні байқалады.


2011 жылдың басында 31 291 бала баратын 347 жеке балабақша жұмыс істейді. 2009 жылмен салыстырғанда жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісі
137 бірлікке өсті.

Заңды және жеке тұлғаларды жеке мектепке дейінгі ұйымдар ашуға тарту проблемасы Алматы (23 бірлік), Оңтүстік Қазақстан (23 бірлік), Қызылорда


(21 бірлік) облыстарында және Астана (10 бірлік), Алматы (10 бірлік) қалаларында тиесілі деңгейде шешілуде.

Балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында 1 347 шағын орталық пен 144 жеке мектепке дейінгі ұйым мен білім беру бөлімі басшыларының арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға шарттар жасалды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен республикалық бюджеттен 90,8 мың орын іске қосылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың басында
6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 261 балабақша және 4 185 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтардың қызметтері 446,4 мың балаға көрсетіледі.

Тұтастай алғанда, 2010 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту


2009 жылғы 36 %-ға қарағанда 55 %-ды құрады.

Бұл ретте қамтудың ең жоғары көрсеткіштері Қостанай (90,8 %), Ақтөбе (85,3 %) Қарағанды (81,1 %), төмен көрсеткіштер – Алматы (25,1 %), Оңтүстік Қазақстан (17,7 %) облыстарында.

5 – 6 жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен қамту есепті кезеңде 88,9 %-ды құрады.

Топтардың толуының орташа көрсеткіші 26 адамды құрайды.




«Балапан» бағдарламасының 2010 жылы іске асырылуы

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны ұлғайтылды

Бала бақшаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға

Шағын орталықтар

Орта жалпы білімнің қол жетімділігі деңгейін анықтау, сондай-ақ ата-анаға практикалық көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық», «Мектепке жол» акцияларына бастамашылық жасалды. Осы акциялардың шеңберінде әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге жуық сомаға (2009 жылы - 439 мыңға жуық бала 1,6 млрд.теңге сомаға) көмек көрсетілді. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге «Жаппай оқыту қорларына» аударымдар сомасы 5,5 млрд.теңгені құрады немесе мектептерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 % (2009 жылы –
4,6 млрд.теңге немесе 1,6%).

Есепті кезең ішінде балаларды тасу және тамақтандыру сапасын жақсарту жөніндегі қажетті шаралар қабылданды, олар жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысын едәуір жандандырды.

Тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған шығыстар өсті:

- ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған мектептердің саны 231 бірлікке артты (2010 жылы – 5 777 (77 %), 2009 жылы – 5 546 (74 %) мектеп);

- 2009 жылмен салыстырғанда оқушыларды тамақпен қамту 3 %-ға өсті (2009 жылы – 1 658 416 (67 %), 2010 жылы – 1 741 822 (70 %) оқушы);

- 2009 жылмен салыстырғанда тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасылар балаларының саны 3 %-ға өсті (2009 жылы –
172 269 немесе 77 %), 2010 жылы – 204 875 немесе 80 %).

Тегін ыстық тамақ Астана, Алматы қалаларындағы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, айрықша білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық және медициналық алып жүру мәселелерін шешу мақсатында Семей қаласында «мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығының филиалы құрылды, ол мектепке дейінгі жастағы дамуында ерекшелік бар балаларды білім беру ортасына қосу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етті.

Балалар демалысын қызық және денсаулығына пайдамен өткізу үшін Сәтпаев қаласында 8 аулы клубтарын қамтитын «Мәдени-сауықтыру және спорт орталығы» КМҚК, бұл көптеген оқушылар үшін қосымша білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етті. Аулаларда жасанды көгалы бар
8 алаң пайдалануға берілді.

Ақсу қаласында 300-ден астам ауыл баласын қамтитын 5 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды, аула клубтары жұмыс істейді, мемлекеттік тілде оқытатын 175 орынға арналған сәбилерге арналған балабақша ашылды, балаларға арналған жаңа қалалық емхана, 75 орынға арналған мектепке дейінгі шағын орталығы бар 1200 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді.



Оқу жылы ішінде жаппай оқу қорынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының балаларына көмек көрсетіледі. 2010 жылы жаппай оқу қорынан қаржыландыру 179 164 мың теңгені құрады (2009 жылмен салыстырғанда 1,05 %-ға өсу).

2010 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша мектеп жасындағы 23 578 бала 147 922 мың теңге сомаға материалдық көмек алды, оның ішінде: тегін тамақтандыру – 9 128 адам, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету – 9 403 адам, сауықтыруға – 4719 адам, ақшалай көмек – 195 адам, мәдени бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу үшін 133 адам.

жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау