«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 298,09 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі298,09 Kb.
#4354

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТАРЫНА

АРНАЛҒАН ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕР КУРСЫ

___________________________________________________

Әдістемелік құрал


АСТАНА

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТАРЫНА

АРНАЛҒАН ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕР КУРСЫ

___________________________________________________

Әдістемелік құрал

АСТАНА


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының докторы А. Е. Жұмабаева

педагогика ғылымдарының кандидаты А. Ж. Салиева

Астана қ. Гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі Халықова А.М.




Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы:. әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б.

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы әдістемелік құралы мектепке дейінгі білім беру деңгейінде үш тілде оқытуды енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Әдістемелік құрал мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагог қауымға, педагогикалық ЖОО-ның және колледждердің студенттеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру деңгейінде тілдерді дамыту және алдағы қолданудың әдістемелік қорын жетілдіруге бағытталған шамалар кешенін өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету мен қолдану саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша практикалық шаралар кешенін іске асыруды, көптілділікті сақтауды болжайды.

Көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастау керек, өйткені дамудың осы кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуының негізі қаланады.

Мектепке дейінгілердің тілдік сауаттылығының өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жалпыға ортақ әлемдік ықпалдастыққа беталыста анықталады. Қазіргі еңбек нарығы маманнан әлеуметтік – саяси, көпмәдениетті, коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктерді меңгеруді талап етеді.

Көптілділік құзыреттілігі жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени және кәсіби салалардағы сәтті іске асуына себепші болады, өркениетті диалог негізінде адамдық және іскерлік қатынасты құруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдығымен анықталған. Оны меңгеру, мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттітілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті болуы керек.

Құралды әзірлеудің мақсаты: үштұғырлы тілдерді дамыту бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына, ЖОО және колледж студенттеріне практикалық көмек көрсету.

Міндеттері:


  • үштұғырлы тілдерді дамыту тақырыбының өзектілігін көрсету;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған ұштұғырлы тілдерді дамыту бойынша жағдайлар жасау;

  • курстың көмегімен педагогтарға өзінің кәсіби қызметін және құзыреттілігін жақсартуға мүмкіндік беру.


XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Үштұғырлы тілді оқыту оқу үдерісі барысында жүзеге асады және мектепке дейінгі білім берудің негізгі компонентінің бірі болып табылады.

Осы жағдайларды ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдарға үштұғырлы тілді оқытуды ерте кірістіру орынды болып табылады. Дәл осы мектепке дейінгі жаста жеке тұлғаның базалық сапалары қалыптасады, дене, эмоциялық, ақыл-ойын дамыту негіздері қаланады. Бұл көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулермен (Ш.А. Амонашвили, Н.А. Бонк, Л.А. Венгер, И.Н. Верещагин, Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Н.А. Горлова, Э.П. Комарова, А.А. Леонтьев, Е.И. Негневицкая, Г.В. Рогова, Е.Н. Трегубова, А.М. Шахнарович және т.б.) делелденген. Мектепке дейінгі ұйымдарда ережедегідей тәрбиелік – танымдық үдеріс ойын әрекеті (оқу элементтері) арқылы субъект – объекттік қатынас жүйесіндегі берілген бағдарламаның аясында, тәрбиеші бағыттаушы және дамытушы түйін субъектісі, ал объект немесе дамушы түйін мектепке дейінгі болып табылады.

Үштұғырлы тілге оқыту қазіргі қоғамның мектепке дейінгі ерте жастан бастап тілдерді оқыту қажеттігін анықтайтын әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Әлеуметтік тапсырыстың мәнінің жоғарылауына байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың көпшілігі оны іске асыруға қосылды. Үштұғырлы тілдерді ерте оқыту бүгін мектепке дейінгі ұйымдарда, дамыту орталықтарында, мектепалды даярлықтың сыныптарында іске асырылуда.

Дара, жауапты және әлеуметтік мобильді қоғамда сәтті әлеуметтене алатын және еңбек нарығында белсенді бейімделетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті, үнемі жеке басы өсетін, жеке өз өмірін белгілейтін және өзін дамытуға қабілетті педагогтарды дайындау қажеттігін анықтайды. Ғалымдардың белгілеуінше, педагогтың болашақта өзін дамыту анықтамасында үш мүмкіндігі немесе үш жолы бар: бейімделу жолы, өзін дамыту жолы және тоқырау жолы (қызметінің құлауы, жеке тұлғаның құлдырауы) бар.

Кәсіби-тұлғалық өсу және педагогикалық әрекеттің барлық кезеңдерінде өзін-өзі жетілдіру – жемісті педагог қызметінің міндетті жағдайы.

ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕР БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КУРСТЫ ҚҰРУ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

Үштұғырлы тілдер бойынша педагогтарға арналған курстың мазмұнына әдістемелік ұсынымдар:
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту сипаттамасы

- 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту

- Байланыстырып сөйлеуді дамыту

- Тілдің грамматикалық дұрыстығы

- Тілдің лексикалық жағы
5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы

- Байланыстырып сөйлеуді дамыту

- Сөздік қорын дамыту

- Тілдің грамматикалық дұрыстығы

- Дыбыстық мәдени тіл

- Монологтік тіл

- Тілдердің үштұғырлығын дамытуға арналған лексикалақ материал

- Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру

Курстың мазмұнында педагогтарға мектепке дейінгі балалармен жұмысқа қажетті білімдер беріледі.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту сипаттамасы

Мектепке дейінгі жаста үштұғырлы тілді оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) осы жастағы балалардың психофизиологиялық дамуына негізделген өзінің ерекшеліктері болады. Психологтардың сендіруінше мектепке дейінгілердің қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз сипатта болады. Балалар өзінің қабылдауын басқара алмайды, сол немесе басқа затты өзбетінше талдай алмайды. Балалардың есте сақтауы фотоға түсіргендей сипатта болады, бірақ сонымен бірге мектепке дейінгі өзінің қабылдағанын есте сақтауға тырыспайды.


Сөздік қорды дамытумен жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- белсенді және пассивті сөздікті байыту;

- сөздікті бекіту және нақтылау;

- сөздікті белсендіру;

- әдеби емес сөздерді шеттету;
Сөздікпен жұмыс мазмұнын күрделілендіру келесі бағыттарда жүргізіледі:

1) заттар және құбылыстар бейнесін тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру;

2) сөздіктің өсуі сапаны, қасиетті, заттар мен құбылыстардың бөлігі, олардың қатынасын білдіретін сөздерді түсіну есебімен. Бұл үдеріс қабылдауға қабілеттілікті талап етеді, талдау және салыстыру ретінде ой операцияларын меңгеру;

3) лексикаға элементарлық түсініктерді білдіретін сөздерді кірістіру. Маңызды белгілері бойынша заттар мен құбылыстарды жалпылай білу.


4-5 жастағы балалардың тілін дамыту

4-5 жастағы мектепке дейінгі оны қоршаған табиғатқа жануарларға, өсімдіктерге, ауа райы құбылыстарына белсенді қызығушылық көрсетеді. Осы жаста, ересектермен қарым-қатынаста «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан?» сұрақтарын меңгереді.


Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Балалар диалогтік және көплогикалық тілді меңгереді: айналасындағылармен тілдік қатынасқа шын көңілмен араласады. Қатынаста сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, жолдастарының жауабын тыңдайды, ұжымдық тілдесуге қатысады, жалпы кеңесуді қолдайды, кезекпен айтады, ауызекі қатынаста әңгімелесушіні бөлмей қойылған сұрақтың сипатына байланысты сөйлемнің әртүрлі түрлерін қолданады (тәрбиешінің көмегімен).


Сөздің грамматикалық дұрыстығы

Балалар жай сөйлемдерді еркін қолдану қабілеттілігін меңгереді. Мезгілдік, кеңістік, себеп-салдарлық байланыстарды беру үшін сабақтас құрмалас сөйлемдерді пайдаланады.


Тілдің лексикалық жағы

Белсенді сөздік мазмұнына ұйымдастырылған оқу әрекеті кезінде бірмезгілде 4-5 тен кем емес жаңа сөздер енгізіледі. Жаңа сөздердің ішінде, өзара ассоцияциялық байланыста тұрақты байланысқан: жоғары-төмен, үлкен-кіші сөздерін сыңарымен қолдану керек.




5-6 жастағы балалардың тілін дамыту сипаттамасы

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін жетерліктей еркін меңгереді. Белсенді сөздің сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңмен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілетінің дамуымен: көптүрлі байланысты белгілей білуіне, бар білімдерін жеңіл пайдалану, жалпылау және қорытынды жасаумен байланысты. Қатынас адамның эмоциялық жағдайы мен көңіл-күйін белгілеу әдісімен, өзінің меншікті ішкі әлемін тану әдісімен мінез-құлық ережесін меңгеруге бағытталған.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудың басты бағыттары:

- тілдің мазмұндылығы мен байланысы (диалог пен манолог);

- тілдік шығармашылықты дамыту, сөз мәнерлігі;

- тілдік қызметтің зияткерлік қабілеттілігін дамыту;


Байланыстырып сөйлеуді дамыту

Балалар өзара қатынас мәселелерін талқылай білуді, адамдар әрекетінің адамгершілік жақтарын, дәлелді бағалар беруді үйренеді. Балалар диалогтік және көплогикалық сөйлеуді меңгеруді үйренеді, қоршағандармен жақсы тілдік қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесуге қатыса алады, тілдік қатынастың қабылданған сыпайы ережелерін пайдаланады, әңгімелесушіні ынтасымен тыңдайды, сұрақтарды дұрыс қояды, сұраққа жауап береді, балалардың жауабын тыңдайды, ортақ әңгімені қолдайды, әңгімелесушіні бөлмей, кезекпен сөйлеседі.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты мақсаты диалогтік және көплогикалық сөйлеуді жетілдіру болып табылады.
Сөздікті дамыту

Балалар тұрмыстық сөздікті белсенді меңгеруі керек; тұрмыстық және табиғи заттардың атауын білдіретін, олардың қасиеті мен сапасын, құрылысын, материалын және оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дәл және дұрыс қолдануы керек. Обьектінің басқа қасиеттерін және өлшемін, формасын сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.

Балалар таныс заттардың қасиеттері мен сапасын анықтау үшін өз еріктерімен тексеріп, қажетінше іс-әрекетте қолданады және оларды атайды (сипайды, үрлейді, иіскейді, қолдарына өлшейді және т.б.)

Ересек топтарда сөздік жұмысының басты мазмұны балалармен игерілетін сөздерді саналы қолдану болып табылады.

Бұл жаста балалар ойша заттарды салыстыра алады, маңызды белгілерін табады, топтарындағы заттарға қарап оларды құрастырады. Заттарды сипатты белгілеріне қарай құрастыру қабілеттіліктерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ-киім, көкөністер, жемістер, көліктер және т.б.

5-6 жастағы балалардың сөздік қорын байыту олардың әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға және оларға деген қызығушылықтарының артуына, оның ішкі әлеміндегі адамдарға және сыртқы мінез-құлқына байланысты. Балалар адамдардың әртүрлі мамандықтарымен танысу барысында олардың сөздік қоры жаңа заттардың, еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек қызметінің және олардың орындалу сапасының атауларымен толығады.


Сөздің грамматикалық дұрыстығы

Мектепке дейінгі ересек жаста балалар сөздің барлық негізгі грамматикалық формаларын қолдану керек. Балалар өздерінің құрбыларының сөздеріндегі грамматикалық қателіктерді тауып оларды түзетуді үйренеді және өзбетінше грамматикалық нысандарды қолдана алады.



Сөздің дыбыстық мәдениеті

Мектепке дейінгі ересек жаста балалар дыбыстардың дұрыс айтылуын және сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйренеді. Олар өз ана тілінің дыбыстарын таза және дұрыс айту керек. Күнделікті сөздік қатынас барысында олар дұрыс дыбыстауға жаттығады.

Өлең оқығанда, әдеби әңгімелерді айтқанда балалар ырғақтың мәнерлілігін түрлі құралдар арқылы қолдану керек: екпінмен, сөздің ырғағымен, логикалық екпінмен. Бұл құралдармен балалар тілімізге енген үштұғырлы өлеңдерді оқығанда, әдеби әңгімелерді оқығанда (қазақ тілінде, орыс тілінде жіне ағылшын тілінде) қолдануға болады.
Монологты сөз

Балалар алдын-ала дайындықсыз коммуникативтік жағдаяттармен ұсынылатын тілдің материалдық бағдарламасы, білім беру және тұрмыстық қызмет аясы бойынша сөйлей алулары керек.

Сөйлеу аумағы – тілдік қатынаста дұрыс рәсімделген 3 сөйлемнен кем емес. Жұмыстың негізгі бағыты үш тілділікке балаларды төрт жастан дамыту, ынтасын тәрбиелеу және үлкендермен, құрбыларымен сөздік қарым қатынастағы дербестігі, монологты формаларды үйренуі болып табылады

Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар кіреді. Сонымен қатар мектептегі білім беру жағдайларын шағылыстыратын тілдік құралдар да қосылады. Тілдік материалдар көлемі 70 түрлі сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың ішінен 50-і айтуға арналған.


Тілдің үштұғырлылығын дамытуға арналған лексикалық материалдар

4-5 жастағы балалар өзге тілдермен танысу кезеңінде үш тілде оқудың ерекшеліктерін үйренеді.

Екінші кезеңде лексикалық аумағын арттыру және грамматикалық құрылымын кеңейту жаңа лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымының (шамамен 4 жасар баланы оқыту кезеңімен салыстырғанда 40% - ға артады) қиындауы негізінде біртіндеп жүзеге асады. ІІ кезеңнің соңына қарай 5-6 жастағы балалармен 150-180 лексикалық бірлік меңгерілу керек.

Әрбір тақырыпты өткеннен соң бақылау жүргізіледі. Ол үшін қайталауға және бекітуге, сондай-ақ қайта өңдеуді қажет ететін сөздерді анықтауға және құрастыруға қосымша уақыт бөлінеді.

4-5 жастағы балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін аптасына 1 рет, ал 5-6 жастағы балалармен аптасына екі реттен 20-25 минут ұзақтығымен өткізу ұсынылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін таңғы уақытта өткізу тиімді (сағат 10-нан 12 ге дейін). Негізігі материалды балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгеру керек.
Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Балалармен тілдің грамматикалық жағын меңгеру сөйлеудің үлгісі негізінде жүзеге асады, функционалды қолдану, сөйлеушінің коммуникативті ойын білдіреді. Балалар зат есімнің жекеше және көпше түрлерін, етістіктің осы шақ, келер шақ, өткен шақ формаларын (Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense), 3-ші жақтағы етістіктің жекеше түрін жіктеу формаларын меңгереді. Сөйлеу үлгісін дұрыс қолдану негізінде сөйлемнің құрылымын меңгереді, балаларға берілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдердің сөздік ретін түсінуге көмектеседі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен жұмыс келесідей жұмыс түрлерімен қолданылады:
1. Айтылуы бойынша жұмыс:

а) ертегілер;

б) жаңылпаштар;

в) ұйқастыру.



2.Ойыншықтармен жұмыс:

а) ойыншықпен диалог;

б) ойыншықты бейнелеу.
3. Суретпен жұмыс:

а) суретпен баяндау;

б) «Не жоғалды» ойыны;

в) «Суретті тап» ойыны.


4. Өлеңдерді жаттау және мәнерлеп айту:

а) өлеңдер сайысы;

б) сөзін сөйлеуде мәнерлеп айтуы, көңіл-күй өзгеруінің декламациясы (оптимистік, қайғылы, ашулы және т.б.).
5. Әндерді жаттау:

а) әнді тыңдату.

6. қысқаша әңгімелер мен көріністерді сахналау.

7. қимыл-қозғалыс ойындары.

8. жай ойындар.

9. Шығармашылық ойындары.

10. Ситуациялық диалогтарды орындау.

11. Сурете қарап әңгіме құрастыру.

12. Әріптерді жаттау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде айтарлықтай дәрежеде мазмұнға сәйкес қолданылатын дидактикалық материалдарға, топтасуына байланысты топта жұмыстар ұйымдастырылады.


ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГТАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ


  1. Білім беруді және жұмыс тәртібін ұйымдастыру нысаны

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізу формасы топтармен жұмыс болып табылады. Топтағы балалар саны 8-12 адамнан аспауы керек. Тілдердің үштұғырлылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 4-5 жастағы балалар үшін аптасына бір рет өткізіледі, ұзақтығы 20-25 минутты құрайды, ал 5-6 жастағы балалар үшін аптасына екі рет, ұзақтығы 25-30 минут. Тілдердің үштұғырлылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс– әрекетінде алған білімдері күнделікті өмірдің барлық режимдік сәттерінде бекітіледі: сәлемдескенде, киінгенде және шешінгенде, тамақтанғанда, ұйқыға дайындалғанда, ойын және серуен кезінде.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жалпы дайындық талаптары: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жалпы дамытушы лексикалық формаларды жүргізуге арналады: (дене шынықтыру минуты, санамақтар, дидактикалық ойындар, фонетикалық жаттығулар, тақпақтардың үлгілері, ұйқастыру).




  1. Балаларға үштұғырлы тілді оқыту әдістемесі

Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің балалардың жасына сай әзірленуін ескеру керек.

Ойын әдістемесі балаларды да, тәрбиешілерді де қызықтырады, балалардың жасына және жүргізілетін іс-әрекет түрлеріне тиімді әсер етеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын элементтері қолданылады.

Зайцев методикасы үш жасар балаларға арналған. Әдістеме алғашында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға әзірленген. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. «Зайцев текшелеріне» ағылшын тіліндегі әріптер қолданыла бастады.

Глен Домен әдістемесі нәрестелерге арналған. Баланың көру есіне әсер етеді, болашақта білім беру үрдісінде оқуға көмектеседі және сөздерді есте сақтауға әсер етеді. Әдістеме қарапайым, өздігінше карточка ретінде әзірлеуге болады. Карточкалармен тек сәбилер ғана емес, сонымен қатар ересек жастағы балалар да, мектепке дейінгі жастағы балалар да қолдана алады.

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Педагог сабақтардың бөлімдеріне қарай, балаларды қызықтыратындай тақырыптар таңдайды. Балалар өзбеттерінше жасайтын тапсырмалар алады (немесе ата-аналарына көмектеседі). Қорытынды сабақтарда жобалау тақырыбында балалар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Өз беттерінше орындалатын шығармашылық жұмыстар

Тілдік кеңістіктерге арналған заттық–дамытушы орта өзімен бірге:

- кассеталардағы музыкалық аудиоматериал, дискілер немесе өзге де тасымалдаушылар;

- ситуациялық, рөлдік, лексикалық мазмұны бар театрландырылған ойын;

- ертеңгіліктер, балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын мерекелер.

Негізгі амалдар

а) балаларға таныс емес тілдегі үлкендердің сөздеріне еліктеу;

б) көру, есту және пластикалық бейнелерді қалыптастыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың вербальді емес құралдарын меңгеру (сурет, заттардың графикалық келбетін және сөйлемдердің құрылымы, музыка);

в) дидактикалық-оқу ойындарын қолдану;

г) жұмбақтар;

д) балалардың өзін-өзі бағалауына арналған драмаланған ертегілер және кішігірім әдеби қойылымдар;


Жұмыстың қағидалары

1. Вербальді және материалды мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану.

2. Сөйлеу қабілеттерін арттыратын педагогтармен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру.

3. Лексиканы жүйелі жүргізу: лексикалық тапсырмаларды бекітетін сөздерді қолдану. Соңынан жинақталған сөздік қорын күнделікті өмірде белсенді пайдалану.

5. Балалардың қысқа мерзімді есте сақтауын ескере отырып, өткен тақырыптарды қайталап отыру керек.

6. Айту дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымды оқыту.

7. Сыңарлық және топтық оқытуға ерекше көңіл бөлу. Бұл топта жағымды психологиялық ахуалды белгілеуге көмектеседі және тілдік тосқауылды алып тастайды.

8. Педагогтың сұрақтары мен нұсқаулығына реакция жылдамдығын дамытады.




  1. Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің үлгілік жоспары

1. Сәлемдесу.

2. Фонетикалық жаттығу.

3. Өтілген лексикалық материалды қайталау.

4. Қимылды ойындарды қолданып жаттығу.

5. Өтілген және кірістірілген жаңа лексикалық материалды белсендіру.

6. Ұйқастыру мен тақпақтарды жаттау.

7. Ағылшын мультфильмдерін көру.


Үштұғырлы тілдерді дамыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспардың үлгісі




Ұйымдастырылған оқу әрекетінің тақырыбы

Мерзімі

1

Үштұғырлы тілді иемденушілердің елдерімен танысу

Қыркүйкек

2

Сәлемдесу. Тәуліктің түрлі мезгілінде адамдармен қалай

сәлемдесу керек?



3

Менің балабақшам

4

Біздің топта не бар?

5

Менің ойыншықтарым

6

Ойыншықтар дүкені

Қазан

7

Сөмкеңде не бар?

8

Алфавит

9

Санау. Өзіңнің айналаңдағы заттарды сана

10

Бізді қоршаған заттар

Қараша

11

Менің туыстарым

12

Менің үйім. Тұрмыстық заттар

13

Біздің пәтер

14

Біздің пәтердің жиһазы

15

Біз не жейміз?

Желтоқсан

16

Азық-түлік

17

Ыдыстар

18

Көкөністер

Қаңтар

19

Жеміс жидектер

20

Жемістердің көптүрлілігі және олар қайда өседі?

21

Ағаштар мен өсімдіктер әлемі

Ақпан

22

Гүлдер мен өсімдіктер. Гүлдердің көптүрлігі

23

Ауа-райы. Жыл мезгілдері

24

Бізді қоршаған түстер

25

Апта күндері

Наурыз

26

Жылдың айлары

27

Ұлттық және мемлекеттік мерекелер

28

Киімдер және оның түрлері

29

Үй жануарлары

Сәуір

30

Жабайы аңдар

31

Мен және менің тәнім

32

Денсаулық


33

Құстар

Мамыр

34

Мамандықтар. Құралдар

35

Көлік. Көліктің түрлері

36

Қорытынды сабақ




  1. Белсенді және пассивті сөздікті дамыту жағдайлары

Балалармен ұйымдастырылған оқу әрекеті мынадай негізде жүргізіледі:

- жеке-әрекеттік теориялық материалды практикалық әрекетке жатқызуға мүмкіндік беретін тәсіл;

- сәйкестендіру қағидасы, яғни жаңаны қалыптастыру негізінде бекіту мақсатында алда өтілген материалға қайта оралу;

- мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті есебіндегі ойындар;

Әдістемелік құрал шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі және ұлтаралық қатынас тілдерін меңгерудегі қазіргі талаптар негізінде құрастырылған:

- қатынастық бағыттылық;

- тілді меңгеру үдерісінде қатынас құралы ретінде балалардың тілдік ойлау әрекетін белсендіру;

- оқу уәждемесін арттыру;

- балаларға жеке тәсілмен;

- оқу үдерісін техникалық жабдықтау.


Оқытылатын тілдер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді және пассивті сөздігін дамытуға қажетті үштұғырлы тілдер бойынша міндеттерді іске асыру:

Ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде үштұғырлы құрамына кіретін тілдерді оқыту технологиялары мен әдістемелерін үнемі жетілдіру;

- ұйымдастырылған оқу әрекеті үдерісінде «Қатынас» білім беру саласы бойынша үнемі ойындарды, ауызша халық шығармашылығы шығармаларын, үш тілдегі жұмбақтар, жаттығулар, рифмовкаларды қолдану

- күн тәртібі барысында (жуыну, тағамды қабылдау, ұйықтатуға жатқызу, серуендеу, таңғы қабылдау және т.б.) балалармен үш тілде қатынас жасауды қамтамасыз ету;

- күннің екінші жартысындағы дербес әрекеттер, сабақтар, үйірмелер, студиялар ұйымдастыру арқылы балаларды шетел тілдеріне жүйелі үйрету;

- тілдік кеңістікті кеңейту үшін заттық-дамытушылық ортаны жасау.




  1. Тілді үйретуде балалар мүмкіншілігін анықтау

Жұмыстың нәтижесі балалармен тілдік қатынас дағдыларын меңгеру Европа Кеңесі талаптары бойынша шетел тілдерін меңгеру деңгейінде ұсынылады:

Түсіну – «Мен жеке таныс сөздерді және асықпай дәл айтылған қарапайым тіркестерді күнделікті өмірдегі мен, менің жанұям, жақын қоршағандар туралы айтылғандарды түсінемін».

Тыңдау – «Мен таныс аттарды, сөздерді сонымен бірге хабарламадағы, плакаттағы, каталогтағы жай сөйлемдерді түсінемін».

Айту – «Мен егер әңгімелесушім менің өтінішім бойынша өзінің айтқандарын қайталаса немесе менің айтатынымды қалыпқа түсіріп отырса диалогқа қатыса аламын».

Диалог – «Мен қарапайым сұрақтар қоя аламын және мені қызықтыратын және белгілі тақырыптар аясында оларға жауап бере аламын».

Монолог – «Мен қарапайым тіркестер мен сөйлемдерді қолданып мекен-жайым туралы және өзім білетін адамдар туралы айтып бере аламын».

Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқуы мен жазуына деңгей қойылмайды.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың меңгеру деңгейіне қатысты тілдік дағдылары үш деңгейде айқындалады.



  1. 5-6 жастағы балалардың тілді игеру деңгейі

Төмен. Балаға байланысты белгілеу қиындық келтіреді, сондықтан қайталап айтуда, дербес әңгімелеуде, мазмұндық және мағыналық қателер жіберіледі, айтып беруде ересектің көмегіне жүгінеді. Хабарлы айтудың құрылымдық бөлігін тастап кетеді. Шығармашылықпен әңгімелеуде дербестік көрсетпейді (құрбыларының әңгімелерін қайталайды). Сөздік қоры кедей. Балаға дәлелді пайымдау қйындық келтіреді, сөздік - дәлелдемені қолданбайды. Дыбыстың айтылуында қателер және жеке грамматикалық қателер жібереді. Сөзі жетерліктей мәнерлі емес. Екпінді анықтауда қиналады.

Орташа. Мәтіннің кейбір жерлерін бала тастап кетеді, логикалық қателер жібереді, бірақ ересектердің және құрбыларының көмегімен өздері оларды жөндейді. Тілдік қатынасқа қызығушылық танытады, бірақ онда жетерліктей белсенді емес. Сөйлемдердің құрылымында қиналмайды, грамматикалық қателер бірен-саран. Пайымдауларын дәлелдейді және сөздік-дәлелдеменің нысанын ересектің көмегімен пайдаланады. Сөзі таза, дұрыс; бала жекелеген дыбыстарды айтуда қиналуы мүмкін. Дауыстың күшін реттейді, бірақ сөз мәнерлігі жеткіліксіз.

Жоғары. Бала тілдік икемділікті игерген. Ертегі, мәтіндерді ойлап табуда жігерлілік пен дербестік көрсетеді, басқалардың әңгімелерін қайталамайды, мәнерліліктің түрлі құралдарын қолданады. Дәлелдеулер мен дәлелдемелерге қызығушылық танытады, және оларды кеңінен қолданады. Сөздік қоры бай. Жалпылаушы сөздермен және түсініктерді қатесіз қолданады. Сөзі таза, грамматикалық дұрыс, мәнерлі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Балалардың тілдік дайындығы стандарттың барлық «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары мазмұндары арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда үштұғырлы тілді дамытуды іске асыратын осы салалардың бірі «Қатынас». Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын іске асыру барысында үштұғырлы тілдерді оқыту бойынша арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде, мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетелдік үздік тәжірибе жұмыстарына негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізілуде.

Қазақстан Республикасында болып жатқан соңғы онжылдықтағы әлеуметтік өзгерістер мәдениаралық қатынас құралы ретінде шетел тілдерін меңгеру қажеттігі қайта-қайта өсуі салдарынан халықаралық қатынастарды айтарлықтай кеңейтуге әкелді.



Шетел тілі балаға өзінің құндылықтарымен: табиғатымен, коршаған ортамен, ұлттық дәстүрлерімен, балалар халықтық ертегілерімен, фольклормен, музыкамен, өлеңдермен, әндерімен жаңа әлемді тануға болашақтарды ашады. Бұлардың барлығы мектепке дейінгілерде әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға, басқаларға қатысты төзімділікті тәрбиелеуге, өмірлік маңызды қатынас құралы ретінде шетел тілін тануға қызығушылық дағдыландыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгілердің көптілді жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл педагогтарға түседі. Балалармен жұмыс балалардың тілдік құзыреттілігіне, балалар әрекеттері түрлеріне (ұйымдастырылған оқу әрекеті, дербес шығармашылық әрекет, ойын, заттық әрекет, қарапайым еңбек әрекеті) бағытталуы керек.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - Астана, 2011.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» білім стандарты - Астана, 2012.

3. Бабинская П. К. Практический курс методики преподавания иностранного языка: английский, немецкий, французский. - Минск: 2003.

4. Биболетова М. 3. Английский для маленьких, - М., 1994.

5. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М.,1998

6.Гез Н. И. Методика обучения иностранным языкам в начальной школе. М-: 1982.

7. Коростелев В. С. Обучение иноязычному общению на начальном этапе. Иностранные языки в школе. – 1992, №1.

8. Королевство трех языков. В пяти книгах. ТОО «Шикула и К». Шымкент, 2011.

9. Леонтьева А. Л. Возрастные и индивидуальные особенности школьников в процессе обучения иностранному языку // Иностранные языки в школе. – 1976, №1.

10. Леонтьев А. А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам // Иностранные языки в школе – 1985, №3.

11. Леонтьев А. А. Психологические предпосылки раннего овладения иностранным языкам // Иностранные языки в школе. - 1985, №5.

12. Маслыко Е.А. Настольная книга преподавателя иностранного языка. – Минск, 1999.

13. Рогова Г. В. Методика обучения иностранному языку в средней школе.

- М., 1991.



14. Рогова Г. В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в средней школе. - М., 1988.

15. Хенина Н.В. Игры на уроках английского языка. – Барнаул, 2006.

МАЗМҰНЫ


Түсіндірме жазба ...................................................................................

3

XХІ ғасыр педагогы қандай болуы керек? .........................................

4

Үштұғырлы тілдер бойынша педагогтарға арналған курсты құру педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттырудың басты факторлары ....



5

Үштұғырлы тілдерді дамыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарымен жүргізілетін жұмыс түрлері .................

11

Қорытынды ...............................................................................................

17

Әдебиеттер ................................................................................................

18

Мазмұны ....................................................................................................

19




жүктеу 298,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау