2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау



жүктеу 4,98 Mb.
бет3/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары іске асырылды.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерін
9 %-ға, 25 %-ға арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы мөлшері ұлғайды, сондай-ақ зейнетақыларды есептеу үшін қабылданатын кіріске шектеу 28 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 32 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыруды ескере отырып


(2010 жылы – 5 981 теңге), 2010 жылы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 325 теңгені құрады, орташа – 27 481 теңге, ең жоғары – 39 893 теңге.

Зейнетақы алушылардың іс жүзіндегі орташа жылдық саны 2010 жылы жоспарда 1 677 614 адам болған кезде 1 677 165 адамды құрады.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 14 952 теңге сомасында белгіленді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша іс жүзінде қалыптасып отырған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өткен жылы халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен 13 487 теңгені құрады.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 9 %-ға артты. Оларды алушылардың іс жүзіндегі саны 658 431 адамды құрады. Сондай-ақ, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 9 %-ға артты. Сонымен бірге, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң іске асырылуда, оған сәйкес 2010 жылы арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды:



    • Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің игерелеріне 8,7 есеге 15 АЕК-ден 130-ға дейін (183 690 теңге);

    • Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасындағы Социалистік Еңбек Ерлеріне 4,7 есеге 15 АЕК-ден 70-ке дейін (98 910 теңге);

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға 130 АЕК (183 690 теңге) мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу белгіленді.

Атаулы күн – Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу шеңберінде соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен өкірлік бюджеттерге сомасы 4,2 млрд.теңгеден астам сомада ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде 4,1 млрд.теңге – 295,8 мың соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне бір жолғы материалдық көмек төлеуге.

2010 жылы сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ана мен баланы әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасы іске асырылды.

2010 жылдан бастап:



    • төртінші және одан көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ден 50-ге дейін ұлғайтылды (70 650 теңге);

    • бала бір жасқа толғанға дейін оның күту бойынша ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды, оның ішінде:

бірінші балаға – 5,0 АЕК-ден 5,5-ке дейін (7 772 теңге);

екінші балаға – 5,5 АЕК-ден 6,5-ке дейін (9 185 теңге);

үшінші балаға – 6,0 АЕК-ден 7,5-ке дейін (10 598 теңге);

төртінші және одан да көп балаға – 6,5 АЕК-ден 8,5-ке дейін


(12 011 теңге);

    • мүгедек бала тәрбиелеп жатқан адамдарға ең төменгі бір жалақы мөлшерінде жаңа жәрдемақы енгізілді.

Заңнамаға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес «Алтын алқа» белгісімен енді жеті және одан да көп (бұрын – он және одан да көп) баласы бар аналар; ал «Күміс алқа» белгісімен алты (бұрын – сегіз және тоғыз) баласы бар аналар наградталады.

Бір мезгілде осы белгілермен наградталған көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 3,9 АЕК-ден 6-ға дейін ұлғайды.

2010 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттен 1,12 млрд.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер жіберілді. Аталған көмекті алушылардың саны осы трансферттердің есебінен 92,6 мың адамды құрады.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 2,97 млрд.теңге сомасында трансферттер бөлінген болатын, оларды игеру нәтижесінде 271,3 мың балаға жәрдемақы төленді.

2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде бес пилотық жоба іске асырылды (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Асар шағын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Бәйтерек ауылы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы, Маңғыстау облысының Құрық және Батыр ауылдары, Ақтөбе облысының Көктау ауылы).

Жалпы қаржыландыру көлемі 26,3 млрд.теңгені құрады, олар


97,7 %-ға игерілді немесе 25,7 млрд.теңге.

Бұл қаражат 1 418 тұрғын үй және барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар пәтер, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектісі мен жылыжай салуға жіберілді.

Бағдарламаның 2010 жылдың пилоттық жобаларына қатысуға барлығы 1 077 отбасы өтініш берді, олардың ішінде 913 – тұрғын үй комиссиясынан өтті, 242 – жергілікті атқарушы органдармен шарт жасасты. 312 үйге оралмандар қоныстанды.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы


13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) аяқталды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк принциптерiне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамытуға негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру. Мемлекеттік бағдарламаның барлық 149 іс-шарасы іске асырылды, оның ішінде 2010 жылы 38 іс-шараны іске асыру аяқталды.

Мемлекеттік бағдарламаның жалпы құны 2005 – 2010 жылдары


389 694,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 286 564,5 млн.теңге,

- жергілікті бюджеттерден – 103 130,1 млн.теңге.

Мемлекеттік бағдарламаның міндеттерінің бірі саланы ресурстық толтыру болып табылды. Мәселен, денсаулық сақтауды қаржыландыру


2010 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге ұлғайды және
555 млрд.теңгені құрады, бұл денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 537 денсаулық сақтау объектісі салынды,
5 029 медициналық ұйымға жалпы сомасы 414,9 млрд.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, республикалық бюджет қаражаты есебінен 100,8 млрд.теңге сомаға медициналық жабдық сатып алынды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін 24,5 млрд.теңге сомаға, жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдар үшін 76,3 млрд.теңге сомаға.

Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасының деңгейі жақсарды. Мәселен, ана өлімінің көрсеткіші 1,6 есе азайып, 2010 жылы 100 мың тірі туылған балаға 2009 жылғы 36,8-ге қарағанда 22,7-ні құрады; сәби өлімінің көрсеткіші 8,2 %-ға азайып, 1 000 тірі туылған балаға 2009 жылғы 18,2-ге қарағанда 16,7-ні құрады.2010 жылы балалардың 96,2 % профилактикалық қараумен қамтылды, 26,8 % балада ауытқу анықталды, олардың ішінде науқастардың 68,3 % сауықты.

Әйелдерді жатыр мойнының ісігін анықтауға скринингтік қараудан әйелдердің жоспарланған мөлшерінің 98,8 % өтті, 7,3 % науқас анықталды, олардың ішінде 67,6 % сауықты; сүт безінің ісігін анықтауға 98,5 % әйел қаралды, 12,2 % науқас анықталды, олардың ішінде 64,2 % сауықты.

Негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды: жүрек-қан тамыры ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТБ-ны диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілді

Бүгінгі таңда елімізде тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет (8 мамандандырылған орталық, 25 кардиохирургиялық және 47 кардиологиялық бөлімшелер) құрылды.

2010 жылы қан айналымы жүйесінің аруларын (бұдан әрі – ҚЖА) анықтауға 1 610 014 адам (100 %), олардың ішінде 10 % астам ауру анықталды. Жіті миокард инфарктын алған және халықаралық стандарттарға сәйкес жүрегіне операция жасалған жүрек-қан тамыры ақауымен ауыратындарға уақтылы сауықтыруды ұйымдастыру және көрсету жөніндегі жұмыс жалғасуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде ҚЖА-дан өлім 100 мың тұрғынға 2005 жылы 535,5-тен 2010 жылы 406,4-ке дейін жетті.

Онкопатологиялардан өлімді азайту үшін халықаралық талаптарға сәйкес келетін диагностика мен емдеу хаттамасы енгізілді, сәулелі аппараттар паркі жаңартылды, науқастарды химиялық препараттармен тегін қамтамасыз ету жүргізілуде.

Қатерлі ісікпен ауру 10 %-ға (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 194,2; 2010 ж. – 174,2), онкопатологиялық өлім – 18 %-ға (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 120,5; 2010 ж. – 98,4) төмендеді.

Туберкулезбен ауруды азайту үшін республикада мыналар қабылданды:

- 40-тан астам туберкулезге қарсы жаңа мекеме салынды;

- БМСК желісінде туберкулезді ерте анықтау мәселелері, аурудың алдын ау және қазіргі заманғы диагностикалау мәселелері күшейтілді;

- нозокомиальды туберкулездің таралуының алдын алу мақсатында туберкулезге қарсы мекемелерді қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралар жалғасты;

- туберкулезді және көптеген дәрі-дәрмекке төзімді туберкулезді (бұдан әрі – КДТ ТБ) жедел диагностикалауды жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілді;

- КДТ ТБ емдеу үшін мамандандырылған бөлімшелердің қуаты кеңейтілді, олар республикада 2100 орынға арналған кереует қуатымен
31 бірлік, бұл дәрі-дәрмекке төзімділіктің дамуы мен таралуы деңгейін азайтуға мүмкіндік береді;

- өкпесі деструктивті өзгерген туберкулезбен ауыратындар, әсіресе, КДТ ТБ және суперрезистентті нысандарымен ауыратындар ішінде емдеудегі хирургиялық белсенділік артты;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына емдеудің қолдау сатысында әлеуметтік көмек көрсету көлемі ұлғайтылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде туберкулезбен ауру 1,6 есе (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 154,3; 2010 ж. – 95,5), туберкулезден өлу 2 есе


(2004 ж. – 20,6; 2010 ж. – 10,3) азайды.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аттас салалық бағдарламаның шеңберінде ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде 2010 жылы АИТБ-инфекциясын жұқтырудың жаңа түрлеру 2010 жылға қарағанда 4,5 %-ға аз тіркелді. АИТБ-инфекциясының таралу деңгейі 0,5 % болжанған кезде 0,18 %-ды құрайды.

Қан қызметін жетілдірместен Адамның қорғаныш тапшылығының вирусы инфекциясының таралуын ұстау мүмкін емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 7 облыстық қан орталығы (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында) және Астана қаласында қан орталығы салынды.

«100 аурухана» жобасы шеңберінде 2008-2010 жылдары


50 денсаулық сақтау объектісі, оның 33 объектісі 2010 жылы аяқталды.


жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау