2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп


Индустриялық-инновациялық даму



жүктеу 4,98 Mb.
бет5/10
Дата21.11.2018
өлшемі4,98 Mb.
#23449
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Индустриялық-инновациялық даму

Әлеуметтік шығыстармен бір қатарда бюджет шығындарының жоғары деңгейі сол сияқты отандық кәсіпорындардың өніміне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық және индустриялдық жобаларға, ауыл шаруашылығын дамытуға келеді.

Осылай Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шараларын іске асыру үшін экономиканы жедел әртараптандыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 921,5 млрд. теңге бағытталды, оның 912,2 млрд. теңгесі игерілді.

Бағдарлама шеңберінде 2010 жылы елімізді индустриялдық-инновациялық дамытуға мультипликативтік әсері бар ірі инфрақұрылымдық және стратегиялық маңызды жобаларды (Балхаш ЖЭС, «Шар-Өскемен», «Қорғас-Жетіген» және «Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолдары, «Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбырын салу басталды) іске асыру жалғастырылды.



Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына сәйкес елімізді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша алтын, қорғасын, қалайы, көмір, мұнай және газ қорларының өсімі алынды.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты белгіленген тұтыну нормативтеріне сәйкес іс жүзінде азық-түліктің барлық түрлері бойынша ішкі нарықтың мұқтаждығын толық жабуға қол жеткізілді.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2010 жылы 1 441 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 2 есе артық, тиісінше ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылған қызметкерге еңбек өнімділігі шашамен 4 284 АҚШ долларын құрады, бұл 1,7 есе артық.

Мал шаруашылығында да дамудың тұрақты қарқыны сақталған. Малдың барлық түрлерінің саны орташа 2-3%-ға өсті, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу саласында өндіріс қарқыны 13%-дық өсімге жетті.

2010 жылы Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталды. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, ал онда жасайтын халықтың үлес салмағы 22-ден 52%-ға ұлғайды. 2010 жылы бағдарлама іс-шараларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 99,0 млрд.теңге бағытталды.

2002 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды, 13 288 км су өткізу желілері құрылды. Тасып әкелінетін судан пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін қысқарды. Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 150,6 млрд.теңге бағытталды.

2010 жылы 22 гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау аяқталды және олардың нормада жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі төмендеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһанды бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша «Ауыл шаруашылығы саясатына арналған шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2010-2011 жылдары өз позициясын 2008–2009 жылдардың (93-орын) есебімен салыстырғанда 31 тармаққа жақсартып, 62-орынға ие болды.


жүктеу 4,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау