2. ядролық физика негіздері



жүктеу 1,3 Mb.
бет14/62
Дата09.05.2020
өлшемі1,3 Mb.
#30265
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
2. ядролы физика негіздері

2.2. Радиоактивтік
2.2.1. Қысқаша теориялық кіріспе

Радиоактивтік. Радиоактивтік ыдыраудың негізгі заңы

Радиоактивтік – бұл атомдық ядролардың бір немесе бірнеше бөлшек шығарып өздігінен ыдырау (басқа ядроларға түрлену) құ­бы­лысы (А. Беккерель, 1896 ж.). Осындай ыдырауға тек орнықсыз ядролар ұшырайды және ыдырауға ұшырайтын ядролар және бұларға сәйкес нуклидтер радиоактивті деп аталады. Радиоактивті ядро аналық ядро деп, ал ыдырау нәтижесінде пайда болған ядролар туынды ядролар деп аталады.

Радиоактивтік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Біріншіге табиғатта кездесетін табиғи-радиоактивті ядролар, екіншіге зерт­ха­налық жағдайларда ядролық реакциялар арқылы алынған ядро­лар жатады. Негізінде бұлардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Екі жағдайда да радиоактивті түрлену бірдей заңдылықтарға ба­ғынады.

Радиоактивтік – ядро ішкі үдеріс. Бұл радиоактивтікке радиоак­тивті заттың химиялық қосылыс түрі, агрегаттық күйі, үлкен қы­сымдар, өте жоғары температуралар, электр және магнит өрістері, яғни атомның электрондық қабықшасы күйінің өзгерісін тудыра алатын сыртқы әсерлер ықпал ете алмайтындығын көрсетеді.

Радиоактивті ыдырауда энергияның сақталу заңы орындалады:
, (2.2.1)
Мұндағы,Ма және МТ – аналық және туынды ядролардың массалары, mi – ыдырау кезінде шығарылатын бөлшектердің массалары, Ек–ыдырау өнімдерінің кинетикалық энергиясы. (2.2.1) өрнек аналық ядро тыныштықта тұр деп ұйғарылып алынған.

Радиоактивті ыдырауда энергияның сақталу заңымен қатар, импульстің, импульс моментінің сақталу заңдары орындалуы тиіс.

Ыдырау өздігінен болуы үшін Ек>0 болуы қажет. Бұл ыдырайтын ядро мен ыдырау өнімдері массалары


шартын қанағаттандыруы тиіс екендігін білдіреді.

Демек, радиоактивті ыдырау болудың қажетті шарты: бастапқы ядро массасы ыдырау нәтижесінде пайда болған өнімдер масса­ларының қосындысынан үлкен болуы тиіс. Сондықтан әрбір радиоактивті ыдырау энергия бөлінуімен өтеді.

Радиоактивті ыдырауда физикалық табиғаты әртүрлі радиоактивті сәулелер: α-, β- және γ- сәулелер шығарылатындығы тағайын­далған (Резерфорд, П. Кюри, М. Складовская – Кюри). Бұдан кейінгі зерттеулерде α-сәулелері – гелий иондарының ағыны, β- сәу­лелері – электрондар ағыны, ал γ – сәулелері – өте қысқа толқынды (~10-11-10-13 м) электромагниттік кванттар ағыны екен­дігі анықталды.

Радиоактивті ыдырау заңы. Ядроның ыдырауы – кездейсоқ оқиға, демек, Радиоактивтіктің уақытқа байланысты өзгерісі статис­тикалық заңдылыққа бағынуы тиіс. Сондықтан да радиоактивті ыдырау заңдарынан шығатын қорытындылар ықтималдық сипатта болады. Мысалы, берілген ядроның дәл қашан ыдырайтынын алдынала болжап айтуға болмайды, оның қарастырылып отырған уақыт аралығында қандай ықтималдылықпен ыдырайтынын ғана көруге болады.

Радиоактивті заттың негізгі сипаттамаларының бірі – радиоактивті ыдырау тұрақтысы λ. Бұл әрбір жеке атомдық ядроның ыдырау ықтималдығын анықтайтын шама. Егер берілген уақыт мезетінде N радиоактивті ядролар болса, онда бұлардың dt уақыт аралығында санының кемуін мына қатынас анықтайды:
(2.2.3)
t=0 болғанда радиоактивті ядролардың бастапқы саны N = N0 деп алып, (2.2.3)-ті интегралдағанда мына өрнек алынады:
, (2.2.4)
яғни радиоактивті изотоптың ыдырамаған ядролар саны уақыт өткенде экспоненттік заң бойынша кемиді.

(2.2.4) өрнегі радиоактивті ыдыраудың негізгі заңы деп аталады.

Радиоактивті заттың активтігі А деп бірлік уақыт ішінде осы затта болатын ыдырау санын айтады. Егер dt уақыт аралығында радиоактивті заттың dN ядролары ыдырайтын болса, онда активтік|dN/dt| -ға тең. (2.2.3)-ке сәйкес

, яғни радиоактивті заттың активтігі



A=λN (2.2.5)
яғни λ ыдырау тұрақтысы мен радиоактивті заттағы әлі ыдырамаған N ядролар санының көбейтіндісіне тең. Радиоактивті заттың бірлік массасының активтігі меншікті активтік деп аталады.

Активтіктің СИ жүйесіндегі бірлігі беккерель (Бк), ол бір секундтағы бір ыдырауға тең. Жүйеден тыс бірлік кюри (Ки) де қолданылады. 1Ки=3,7·1010Бк.

λ тұрақты және А активтікпен қатар ыдырау процесі тағы екі шамамен: Т1/2 жартылай ыдырау периоды және ядроның τ орташа өмір сүру уақытымен сипатталады.

Жартылай ыдырау периоды Т1/2 деп осы уақыт ішінде бастап­қы радиоактивті ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты айтады. Осы анықтама бойынша
.
Осы теңдіктен Т1/2 анықталады:
. (2.2.6)
Радиоактивті ядроның τ орташа өмір сүру уақыты. N0 барлық ядролар ішінен|dN|=λNdt ядролар(t, t+dt)уақыт аралығында ыды­райды. Демек, осы ядролардың әрқайсысының өмір сүру уақыты t-ға тең деп санауға болады. сонда анықтама бойынша, ядроның орташа өмір сүру уақыты:

. (2.2.7)
Сонымен, радиоактивті ядроның орташа өмір сүру уақыты τ=1/λ. λ және τ мәндері сыртқы жағдайлардан тәуелсіз, тек атом ядросының қасиеттерімен анықталады.

жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау