2.1-сурет 2.2-сурет
Туынды ядроның негізгі және бірінші қозған күйлерінде түзілуімен байланысты α-бөлшектердің топтары α0 және α1 (2.2-сурет) ең интенсивті болады. Туынды ядроның қозған деңгейлері арқылы өтетін ыдыраулар γ–кванттардың шығарылуымен қабаттаса өтеді.
Атом қойнауында фотонның дайын күйде болмайтындығына және ол сәуле шығарылу мезетінде ғана пайда болатындығына ұқсас, α-бөлшек те ядроның радиоактивті ыдырау мезетінде ғана пайда болады. Ядродан ұшып шығарда α-бөлшекке биіктігі оның энергиясынан артық потенциалдық тосқауылды еңсеруіне тура келеді (2.3-сурет). Тосқауылдың ішкі жағын ядролық күштер, ал сыртқы жағын– α-бөлшек пен туынды ядроның кулондық тебіліс күштері қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |