241
пайдаланатын көрінеді. Міне, басқа елдерде мемлекеттік тілді қорғаудың
үлгісі осындай. Бұдан 220 жыл бұрын Қараман қаласының әкімі Мехмед
Қараман-оғлы түрік тілін араб, парсы тілінің ықпалынан құтқару үшін
үйде де, жиында да, сыртта да, еларалық келісімдерде де тек қана түрікше
сөйлесін деп Жарлық шығарыпты. Сөйтіп, түрік тілін сақтап қалыпты.
Мұнан шығатын қорытынды мемлекеттік тілдің екі рет Конституцияға
еніп, екі рет Тіл туралы заңның қабылданғанына қарамастан өкіметіміз
пәрменді жүмыс істей алмай отырғандығы. Өйткені осы күнге дейін
заң болғанмен соны орындаудың механизмі болған жоқ. Тек енді ғана
серпіліс байқалуда, соны жойып алмайық. ағайын. Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім министрліпнің бастамасын қолдайық. Сөзден іске
көшіп, бағдарламаны басшылыққа алайық!
«Қазақ әдебиеті», 12-19 наурыз 1999ж.
«Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...»
Бұл Ғабеңнің - Ғабит Мүсіреповтің дуалы аузынан шыққан сөз еді.
Апыр-ай басқаны емес, өзін-өзі айыптаған, ажал оғындай жайратып
тастайтын осы бір қатал тұжырымды қалай айтты екен абзал аға?! «Өз
халқын жек көргендіктен емес, сүйгендіктен, сүйе тұра оның бойындағы
дертіне, басындағы қасіретіне күйгендіктен айтқан ұлы суреткердің
осынау сөздерінің астарында өзекті өртер шындық жоқ па екен?» деп
ойландық па, пайымдадық па халайық?!
Әй, қайдам, ондай парасаттылық қазақ қауымына әлі келе қойған жоқ
сияқты. Әйтпесе, қоғамдық санамызда, тіршілік-болмысымызда, өзара
қарым-қатынасымызда сәл де болса, бір жаңа үрдістің нышаны, өркениет
әлеміне бетбұрыстың белгісі байқалатын уақыт болған жоқ па? Өкінішке
қарай, «баяғы жартас – сол жартас...». Баяғы жершілдік, рушылдық,
жікшілдік, баяғы көре алмаушылық, күншілдік, бақталастық, бақастық.
Бұлардың бәрі сонау кәрі тарих қойнауынан басталып, Абай-Құнанбай
дәуірінде бел алған ру тартысы, жер дауы, жесір дауы, құн дауы,
барымта-сырымта, мансап таласы болып келсе, олар кеңес дәуірінде
де қазақ қауымында өзіндік жалғасын тапқан сияқты. Жері қаншама
кең болса да, тар көретін қазақты айыптап, сол Ғабеңнің өзі: «Сыймай
жүргеміз жоқ, сыйыса алмай жүрміз», - деген болатын. Шынында да
кең дүниені тарылтып жүрген басқа біреу емес, өзіміз ғой. «Жүзден
– жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, арамыздан шыққан біртума
дара тұлғалардың аяғынан шалатын да өзіміз; маңдайымызға біткен
дарынды ұлдарымыздың артынан шырақ алып түсетін де өзіміз; ерен
242
ісімен елдігімізді танытар ер-азаматтарды күндеп, етегінен тартатын да
өзіміз. Тіпті, түндігінен түзу шыққан түтінді де, еңбегімен ел мерейіне
ілінген жанның игілікті ісін де, біреудің қуанышын да, күлкісін де
күндейтін өзіміз емес пе? Осы айтқандарымызға нақтылы мысал
келтіріп, дәлелдеп жатудың қажеті бар ма? Басқаны былай қойғанда,
халқымыздың көк аспанында жарқырап шыққан Үркердей бір топ
жампоздарымыз – Ахаң мен Жақаңның, Мағжан мен Шәкәрімнің, Сәкен
мен Ілиястың, Мұқаң мен Ғабеңнің, т.б. жүздеген азаматтардың өміріне
бір сәт үңіліп қараңыздаршы... Нені көреміз? «Жаңбыр бір жауса, терек
екі жауады» дегендей, замана ағымынан көрген теперішіне қосымша
бұл жандардың өз «бауырларынан» көрген құқайы мен тартқан азабы
аз болды ма? Ахаңның «...Жаман екен өз ауылыңның иттерінің қапқа-
ны!..» - дегені кімді айыптап тұр, халайық!
Тіпті, қазағымыз о дүниеде де күншілдігін қоймапты деген сөз
бар. «Жәннәт пен тозақтың қақпасын бағып, тіршіліктегі жақсы-жаман
ісіне қарай сұрыптап, «өлген» адамдарды реттеп кіргізіп тұратындар
қазақ әулетінен біреу келгенде «Е, бұларға бақылаушының қажеті жоқ,
өйткені олардың өздері-ақ бірін-бірі оңайлықпен жәннәтке жібермейді»
деп кетіп
қалады-мыс» деген анекдотты да естігеніміз бар. Бұл да бір
шындықтың елесі сияқты.
Демек, «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...» деген бір-ақ ауыз
сөзінің қауызына сыйғызып айта білген Ғабеңнің өмір «пәлсапасы»,
міне, өміріміздің осындай көлеңкелі көрінісін көз алдымызға елестетеді.
Абзал ағаның уәлі аузынан шыққан осы бір аталы сөзін жаңғыртып,
арқа сүйеп, ретіне қарай, өміріміздегі әлі де етек жайып келе жатқан
кейбір сұрықсыз сәттерге күйіне отырып, оған көбінесе өзіміз айыпты
екенімізді көпшілікке аңғартқым келеді. Және бұл тәрізді құбылысты
өмірдің әр саласынан іздемей-ақ, әңгімені қасиетті ана тіліміздің
төңірегінен өрбіткіміз келеді. Өйткені, Ғабең тұспалдап отырған
қазақтың «қазақтық» қасиеті ана тілімізге байланысты да талай көрінген.
Оның көрінетін себебі – ана тіліміздің тағдыры үшін айбынды күрестер
аз болған жоқ. Ол күрес-тартыстар қазақ тілінің кейінгі 70 жыл беделінде
2 рет Заң арқылы мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты өрбіген
болатын. 1923 жылы қазақ тіліне орыс тілімен қатар мемлекеттік мәртебе
берілуінен бұрын да, одан кейін де дау айтушы қазақтар аз болған жоқ.
Ахаң мен Жақаң сынды ағаларымыз «Оян, қазақ!» деп қанша зарласа
да, ана тіліміздің беделін көтеріп, бұрынғы арнасына түсіруге ынта-
шынтымен кіріскен қазақ зиялылары кезінде аз болды. Сондықтан да ол
243
тұтанбай жатып сөнді. Міржақып ағамыздың 1925 жылы жазған «Қазақ
тілінің мұңы» атты мақаласын оқып көрсеңіздер, қазақ тілін қолдап
қуаттаған қазақтардан автор тек Ахмет Байтұрсынұлын ғана атайды.
Қазақ тілінің өзі сөйлеп, жұртқа мұңын былай деп шағады: «Өліде ұшбақы
болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен
жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана
естідім» (Міржақып Дулатов. Шығармалары, Алматы, 1991, 332-333 б-б.)
Бір ғажабы, «тарихтың да қайталанатын сәттері болады» деген рас
екен. Қазақ тілі 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде өз тарихында екінші
рет (мұнда да занды түрде) мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бірақ бұл
жолы – жалғыз өзі. Бұл жолы да оған қарсы шығушылар аз болған жоқ,
тіпті «қазақ тілінің бізге қажеті жоқ» деуші қазақтар да табылды. «Өткен
іске – салауат!» Бүгінгі мәселе, тіпті, онда да емес. Алақан жайып, тізе
бүгіп сұрап алсақ та, көптеп-көмектеп ана тілімізді армандай болған
өзінің биік мәртебелі тұғырына қондырдық. Ол енді бүгінде басқа дербес
мемлекеттермен терезесі тең, етек-жеңі кең, егеменді ел болып отырған
Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік тілі болып саналады. Бұл
оқиға ана тіліміздің тек қара басына ғана қойылатын биік талап емес, біле
білсек, ең алдымен сол тілдің жаратушысы да, тұтынушысы да атадан
балаға, ұрпақтан ұрпаққа аман сақтап, аманат ретінде табыс етушісі –
қазақ халқының өзіне үлкен жауапкершілік артып отыр. Орындалмаған, іс
жүзіне аспаған Tiл туралы заң да, жай құжат та бірдей.
Сондықтан бүгінгі таңда «елім» деп еңіреп жүрген ердің де, өз
жұртым деп өзегі жарылып жүрген азаматтың да шынайы азаматтық
парызы, перзенттік борышы ең алдымен қасиетті ана тілінің алдында
айқындалып, оған қылған риясыз адал қызметімен ғана, оның ақ ниет
ризашылығымен ғана өлшенуге тиіс. Жеке бастың бедел-абыройы,
табиғаттан дарыған талант, ізгі қасиет, тіршіліктен алған атақ-дәреже, қол
жеткен мәнсап, лауазым – бұлардың бәрі де ана тіліміздің алдында тақ
тұратын, бас иетін болмашы ғана пендеуи дүние. Бұл пікірім үшін мені
«Қожанәсір» деп айыптай көрмеңіздер. Менің сенімім де, шыным да осы.
Сондықтан да болар қарбаласы мол, сағат сайын қауырт өзгерістер жүз
беріп отырған бүгінгі бір қиын кезеңде күйкі тірліктің күйбеңінен биіктеп
барып, қоғамдық өмірдің төрінен көрінген ана тілінің шынайы жаршысы
болып шарықтай жанып, шырылдап жүрген жандарды жанымдай сүйемін,
ризашылығымды айтып жеткізе алмаймын.
Бірақ ондай жандар әзірше аздау болып тұр. Тіл туралы заңды
қуаттау үшін кезінде республикалық «Қазақ тілі» қоғамын құрдық.
Достарыңызбен бөлісу: |