229
мәселе жөніндегі пікірі біздің көңілімізге күдік ұялатады. Бүгінгі үлкен
саясаттың негізі – республиканың өз ішіндегі халықтардың ынтымағы.
Оны сақтау керек. Бірақ тіл саясатының өзі – бейбіт саясат. Осы мәселені
бейбіт жолмен шешуге болатын сияқты. Менің өзімнің түсінігім бойынша,
қарапайым халықтың барлығы да мемлекеттік тілдің қазақ тілі болғанын
қолдайды, басқа тілдердің онымен қатар тұруға қақы жоқ екенін түсінеді.
Тек ат төбеліндей біздің саясаткерлер ғана осы мәселені көңірсітіп, күн
тәртібіне қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Қай уақытта болмасын
осыны бейбіт жолмен шешуіміз керек. Олай етпеген жағдайда, тайталас,
текетіреске салғанда, мұның нәтижесін, қос тілділік мәселесінің,
нәтижесін біз жақсы білеміз. Қарапайым сөзбен айтқанда, «Жапалақты
таспен ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ
өледі». Біз әу бастан-ақ алдымызға қойған міндеттерді шешудің лайықты
әдісін таңдағанбыз. Бізде қазір не көп – қозғалыстар көп, партиялар
көп. Олардың кейбірі бізді «Қазақ тілі» қоғамы көшеге шықпайды,
саясаткер емессіңдер, аштық жарияламайсыңдар деп кінәлайды. Біз
көптеген мақсатымызға бейбіт жолмен, үгіт-насихат арқылы жетеміз.
Бұл жолымыздан танбаймыз, бүгінгі үлкен мәжілісімізді де қызбалыққа
салынбай өткіземіз деп ойлаймын.
«Қазақ тілі» қоғамы өзінің үш жылдық тарихын атап өткелі отыр.
Бұл да біз үшін тарих. Үш жылдың ішінде – үш ғасырға парапар оқиғалар
болды. Бүгінгі құрылтайда мен қоғамымыздың құрылуына байланысты
төрт-бес шындықты атағым келеді. Осы қоғамның президенті ретінде
оларға тоқталмасам, әділетсіздік болар еді.
Бірінші шындық: Мемлекеттік тілге бірден қолымыз жеткен жоқ.
Үлкен дау-дамаймен, қоғамдағы қызу пікірталаспен жеттік. Үш жыл
бұрын болған оқиғаға, мемлекеттік тілді қабылдауға табандылық
білдіріп, үлкен қамқорлық жасаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
болатын. «Қазақ тілі» қоғамының өзіне тән үні болуы керек, халқының
санасын ояту үшін, тіл тағылымын уағыздау үшін бізге үн керек деген
мәселе қойдық. Осы мәселені шешкенде де Орталық комитет бюросында
пәтиқасын беріп, қолын қойған Нұрсұлтан Әбішұлы болатын.
Екінші шындық: Кеше Колбиннің тұсында біз мемлекеттік
қостілділік деген қағиданы қабылдап, осыған қатты кіріскен
болатынбыз. Сонда партия-кеңес қызметкерлерінің көбі таразының осы
жағында болды да, екінші басында халықтың бетке ұстар зиялы қауымы
тұрды. Осы пікірді Колбинге жеткізген, сол бір айырыққа келгенде,
тығырыққа тірелгенде бір себебін тигізген құжат бар. Бүкіл халықтан,
230
жүздеген, мыңдаған адамнан келіп түскен хаттардың бәрін қорытып,
халықтың талабын жеткізген ол құжаттың көлемі көп те емес, екі-
ақ бет. Содан кейін барып қана Колбиннің беті бері қарай бастады.
Ол құжатқа қол қойған сол кездегі Орталық комитеттің идеология
бөлімінің меңгерушісі Жолдасбеков Мырзатай мырза.
Үшінші шындық: Біз «Қазақ тілі» қоғамын бірден құра
қойғанымыз жоқ. Сол кездің өзінде, тоталитарлық заманда «Қазақ
тілі» қоғамын қолдап қуаттаған адамдар болды. Оның бірінші
құрылтайын шақырып, қоғамды құруға белсене қатысқан бір адамды
атағым келеді. Ол – Жәнібеков Өзбекәлі мырза.
Төртінші: Қоғам құрғаннан кейін біздің басымызды сұғатын
жер болмады. Ашпаған есігіміз қалмады. Содан бір мекемеге барып
жәрдем алдық. Агроөнеркәсіп ғимаратынан бізге босатып бірнеше
бөлме берді. Сол бір қиыншылық уақытта бізге қол ұшын берген әлгі
«Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» дейді ғой, ол –
Тұрсынбаев Балташ деген мырза.
Бесінші: «Қазақ тілі» қоғамының Мәскеуде, Петерборда
ұйымдары құрылып жатыр. Мәскеудегі «Қазақ тілі» ұйымының
мүшесі, қазақ халқының мақтанышы – ғарышкер ініміз Тоқтар
Әубәкіров анау аспан әлеміне ұшып, бірінші рет қазақтың тілінде
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесті. Қазақ тілін бірінші
рет ғарыштан естірткен сол ініме рахмет!
Осы бес шындықты айтуды өзімнің парызым деп едім. Бұл
әңгімелер аталған адамдардың кешегі лауазымы мен бүгінгі
лауазымдарына байланысты емес. Осыны жақсы түсінсеңіздер.
Қазақта мақал бар: «Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір басқа,
жігітте де жігіт бар азаматы бір басқа» дейді.
Ал енді мынау мақтап кетті деп жүрмеңіздер, мен құрметті
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа бір базына айтқым келеді.
Үш ғасырға пара-пар оқиғалар болды, біздің елімізді бүкіл жер
жүзі танып жатыр. Осыған жар қулағы жастыққа тимей жұмыс
істеп жүргенін жақсы білеміз. Қазақ тіліне сыртта қамқорлық жасап
жүргенін де жақсы білеміз. Дей тұрғанмен кейбір партияларды
қабылдап, кейбір қозғалыстар өкілдерімен бес-он минут уақыт тауып
сөйлесіп жүргенін де естіп-біліп жүрміз. Осы күнге дейін біз әлі,
Нұреке, «Қазақ тілі» қоғамы, қалың қалай?» деп айтар деп күтіп
жүр едік. Бірақ бүгін, міне, Өзіңіз келіп отырсыз. Өзіңіздің, үкімет
басшыларының келіп, мән беруі тек құрылтайдың мәртебесін емес,
231
тек «Қазақ тілі» қоғамының мәртебесін емес, бүкіл ана тіліміздің
мерейін көтеретініне кәміл сенімдімін...
«Қазақ елі», 2009. 18 қыркүйек. 3 б.
Біз сиам егіздері сияқты орыстармен басымызбен
жабысып қалдық. Бір адым ілгері жүріс бар
– «Қазақ ұлтты депутаттар қазақ тілінен емтихан тапсырсын»
деген бір топ тіл жанашырларының ұсынысы өтпей қалды. Сіз осы
жаңалықты қалай қабылдадыңыз? Жалпы, билік қазақ тіліне қашан
түбегейлі бет бұрады деп ойласыз?
– Бұл ұсыныс дәл қазір қабылданбайды. Бұдан 6-7 жыл бұрын
Астанаға барып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынан емтихан алғанбыз.
Сол кезде де ел басқаратын азаматтардың бәрінен емтихан алу керектігі
жөнінде әңгіме көтерілді. Бұл ұсыныс сол кезде қабылданбады.
Сондықтан дәл қазір қабылдануы мүмкін емес. Себебі, тіл біздің
халқымыздың бойына бұрыннан жабысқан көне дерт. «Мұсылман болу
әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» деп айтады. Бойымызға сіңіп кеткен
дерт қазір төрт буынға тарады. Ең үлкені менен бастап, менен кейінгі
жастардың бойына дейін тарады. «Дерт батпандап кіріп, мысқалдап
шығады» дейді қазақ. Қанша айғайласақ та, қанша комитет құрып
қозғалыс жасасақ та, тіл бірден жөнге келе қоймайды. Мұхтар Шаханов,
Амангелді Айталы бастаған депутаттардың бастамалары дұрыс. Тіл
үшін күресті бір сәт бәсеңсітпеу керек. Егер бәсеңдетіп алсақ, ол тағы
да шегініп кетеді. Қазір бір адым ілгері жүріс бар.
– Мемлекеттік тілдің басы-қасында жүрген адамсыз. Тәуелсіздік
алмай тұрғанда жағдай қалай еді? Басшылар тарапынан тілге деген
жылы қабақ байқалып па еді?
– Үкімет басына келген Колбин келе сала тіл мәселесін көтергені
есімде. Ол қазақ жеріндегі көп проблеманың бірі – тіл екенін бірден сезді. 16-
17 желтоқсан күндері оқиға неге байланысты, қалай шықты деген мәселені
анықтамақ болып, Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ эмиссарлар
келді. 20 желтоқсанда ең бірінші жиналысын академияда Колбиннің өзі
өткізді. Жиналыста көзбен көріп, құлақпен естіген жайтты айтқым келіп
отыр.
«Мен, – деді Колбин, – алаңда айқайлап жатқан жастардың бір
тобын шақырып алдырдым. Қазақтың бес-алты жігіті, арасында бір қыз
бала алдыма келді. Бастықтарың кім? Менімен кім сөйлеседі дегенде,
арасынан бір жігіт шығып: «Мен сөйлесем» – деп айтты. Өзін Тимурмын
Достарыңызбен бөлісу: |